Сұхбат: пайғамбарымыз, «үмбетімде әрдайым 40 абзал бар» дейді (2025.10.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8560
Сұхбат: пайғамбарымыз, «үмбетімде әрдайым 40 абзал бар» дейді (2025.10.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) ... Біз құптада пайғамбарымыз ﷺның бір хадисін оқыдық, онда, «لا يزال أربعون رجلا من أمتي قلوبهم على قلب إبراهيم يدفع الله بهم عن أهل الأرض ، يقال لهم الأبدال» яғни (менің үмбетімде әрдайым жүрегі Ибырахимның жүрегі сияқты 40 кісі болады, Алла солар арқылы жердегі адамдардан бале-қаланы кетіріп отырады, олар, «әл-абзал» деп аталар) делінген. Демек 40 кісі, яғни өте ықыласты 40 кісі бар болып, олардың жүрегі Алла Әззә уә-Жәлләға бұрылған, олардың жүрегі Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламға ұқсайды, ал Ибырахим әлейхиссалам аса ұлық пайғамбарлардың бірі, бұнда «ұли ғазим» яғни ұлық ағзам аталынған 7 ұлкен пайғамбар бар. Ибырахи әлейхиссаламға көптеген істер туылды, оның жас кезінен бастап, басынан көп іс өтті, және Алла ﷻ оған көптеген нәрселер көрсетті, Алла ﷻ оны ұстазсыз хидаятқа бастап, пайғамбарлыққа әкелді, ол Нимурт патшаның жерінде өсті, ал Нимурт асқан залым еді, ол осы өңірді яғни жер-орта теңізімен орта шығыс сияқты өте үлкен аумақты билеп төстейтін, басқаратын еді. Ол осы жерлерді басқарып, ондағы ел-жұртты өзіне құлшылық еттіретін, оларға өзінің бұт-мүсінін жасаттыратын еді. Сондықтан бұт я мүсін сияқты бірдеңелердің болуы жақсы нәрсе емес, онда біреу бар болатын, жоқ, Ибырахим әлейхиссаламның өгей әкесі Азарда бұт бар болатын, ол Нимурттың бұт-мүсіндерін жасап, пайда табатын.
Ал Ибырахим әлейхиссалам бала кезінде адамдардың неге бұлай етіп жатқанын көріп, көп ойланушы еді, кейін ол адамдардың оған құлшылық етіп жатқанын, және одан еш пайда алмағанын байқайды. Ал балалықтан өткенде, ол, «мына адамдар оған құлшылық етіп жатыр екен, бірақ ол менің құдайым емес, оның құдай болуы мүмкін емес, олар одан еш пайда таппады, бірақ тек кейбір адамдар оның мүсінін сатып, ақша тауып жатыр» деп ойлайды. Содан соң Алла ﷻ оған Тәңірін іздеуге илхам яғни шабыт салады, ол құранда айтылған. Ол түнде жұлдызды көріп, оны «құдайым» деп қуанады, ол, «менің құдайым осы, ол өте биікте, өте жарық, жақсы екен, ол құдай болуы керек» дейді. Бұл жұлдыз бір плената немесе басқа нәрсе болуы мүмкін, алайда бұл жұлдыз күндіз жоғалып кетеді. Сонда ол, «мен құдайдың былай жоғалып кетуін қаламаймын, ол бірде келіп, бірде келмейді екен» деп, онан соң айды көреді де, «бұл ай, бұл нәрсе, жұлдыздан да жарық екен, құдай сол болуы керек» дейді. Ал біраз өткен соң ай да батып, көрінбей кетеді, сонда ол, «ох, бұл да құдай емес екен, мен оны жақсы көрмей қалдым, мен адасып кеткен сияқтымын, басқа бірдеңені қарауым керек» дейді.
Онан соң күндіз келеді, ол күннің жарқырап тұрғанын, және өте үлкен екендігін көреді де, «мынау үлкендеу екен, құдай осы болуы керек» дейді, бірақ күн де батуы керек қой, сол кезде ол, «бұл да құдай емес екен» дейді. Ол, «мен бұны қабыл ете алмаймын, мен Аллаға серік қосатындардан емеспін, менде тек бір ғана Тәңір бар» дейді. Содан соң Алла ﷻ оның жүрегін ашып, ол адамдарға, «сендер не істеп жатсыңдар, істегендерің жақсы емес, бұлай істемеңдер» дейді, сол кезде оған адамдардың кейбірі риза болса, кейбірі риза болмады, міне осылай кейбір наразылықтар болды. Ол кезде мәлім той-мерекесі болғанға дейін онда ештеңе болмады, демек сол бір күні адамдардың барлығы қаладан шығып, бұтханаға кіреді және ондағы бұт-мүсіндерге құлшылық етеді. Сол кезде Ибырахим әлейхиссалам қолына бір балта алып, ол бұт-мүсіндердің барлығын қиратып тастайды, және ең үлкен бұттың қолына балтаны қойып, оған балта ұстатып қояды. Ал адамдар бұтханаға келген соң, бұтханадағы бұт-мүсіндерге туылған істі көріп, аң-таң болады, бұл іс жәйлы патша Нимурт та естиді, және ол бұны кім істегендігін сұрастырады.
Ал жұрт, «естуімізше бұны бір жігіт істеп жүр, ол адамдарға, "сендердің істегендерің дұрыс емес, одан пайда жоқ" дейді екен, мүмкін бұны сол істеді, оны істеген дәл соның өзі» дейді. Сонымен адамдар Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламды ұстап әкеледі, және одан, «бұны кім істеді» деп сұрайды, ол манағы қолында балта қойылған үлкен бұтты нұсқап, «көрдіңдерме, ананың қолында балта бар, бұны сол істеген» дейді. Сонда Нимурт, «сен құтырдыңба, ол бұны қалай істер, ол ештеңе істей алмас, ол сонда құр тұрады, ол тас қой, тастан жасалынған» дейді. Ал осы кезде бұл бұттың ешқандай құдай емес, тек тас екенін оның өзі дәлелдеген еді, басқа ештеңе емес, және адамдардың барлығы бұған келісіп, оны мойындайды. Содан бастап ел-жұрт Нимурттың бұт-мүсіндеріне құлшылық етуді қояды, ал бұған Нимурт қатты ашуланып, Ибырахим хазіретті ұстатады, және үлкен от жасайды. Ол мүмкін 40 күн немесе, бәлен ай ағаштан отын жинатып, оларды таудай қылып үйеді, ол оны өртетіп, аса үлкен өрт жасайды, бірақ адамдардың өздері оған жақындай алмайды, ол от бір шақырым жердегіні түгел күйдіретін еді. Сонымен олар отқа қалай жақындауды ойласады, міне осылай, олар үлкен тас атқыш жасайды.
Ертеде адамдар осындай атқыштармен тастарды алысқа лақтыратын болған, сонымен олар Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламды атқышқа отырғызып, оны отқа лақтырып жібереді. Бірақ Алла Әззә уә-Жәллә, «бүкіл барлығы Алла Әззә уә-Жәлләның қолында» дейді емеспе, сол кезде Алла Әззә уә-Жәллә отқа, «يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ» яғни (о от, Ибырахимға салқын және есендік бол) дейді, (құран 21інші аят 69інші сүре). Демек отқа, «Ибырахим әлейхиссаламға салқын бол, жасыл бақша бол, оған су бол» делінеді, ал өрт өте күшті болғандықтан адамдар Сәйдина Ибырахим хазіретке ештеңе қыла алмайды. Алла Әззә уә-Жәллә міне осы мұғжизасы арқылы адамдарды Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламға еретін етіп қояды, сонда да Нимурттың тәкаппарлығы бұнымен бітпейді, ол болған істі қабыл етпей қояды. Ол Ибырахим әлейхиссаламға еруді қабыл етпейді де, өте үлкен әскермен армия жасақтап, Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламға қарсы соғысқа шығады.
Одан соң Алла ﷻ тағы да өте кішкене, өте әлсіз бір жәндікпен мұғжиза болдырады, яғни оған масаларды жібереді, олар аспанда бұлыт сияқты үйіріледі, Нимурт армиясы темір сауыт киеді. Ал осы масалар сауытқа кіреді, себебі Алла ﷻ бұл масаларға қазіргі масалардан бөлек қуат берген еді, масалар әскерлерге шабуылдап, еттерін жеп, қу сүйектерін ғана қалдырады. Олар барлығын жей беретін, әскерлердің кейбірі қашады, Нимурт та қашып, қамалына кіреді, онда бұғынып алады. Бірақ Алла ﷻ оған манағы масалардың ішіндегі ең әлсізін жібереді, ол кемтар маса еді. Осы маса Нимуррты қуып, оның мұрнына кіреді, одан оның миына жетіп, оның миын жей бастайды, ал әр жолы маса оның миын жегенде, оның басы қатты ауырғаны соншалық, ауруын тоқтату үшін басын ұратын, сол кезде ауруы аздап тоқтайтын, маса ақырындап қалатын. Бұл да Алла Әззә уә-Жәлләның бір мұғжизасынан еді, ал маса үлкейе береді, сондықтан адамдар Нимурттың бастын тіпті де қатты ұруы керек болады. Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның Нимуртқа ақиреттен бұрын жіберген осы дүниедегі азап-қорлығы еді, қабыл ететінді қабыл етпегені үшін еді, міне, адамдардың қасиеті осылай болар.
Мәселен, кейбір адамдар дұрыс нәрсені қабыл етпей қояды, адам баласының ең жаман қасиеті - тәкаппарлық, олар адамдарды өздерінен төмен санайды, сондықтан ондай адам елдің барлығын өзінен төмен көреді, сол үшін ол ештеңені қабыл етпейді. Адамдар бұны сонау ұзақ уақыттан бері істеп келеді, ал манағы тәкаппар Нимурт ақырында басы қатты ауырғандықтан қатты айғайлайды, жұрт оны естіп, оның басын қатты ұрады, содан оның басы жарылып өледі. Ол басы жарылып, ашылып кеткендіктен өлді, ал оның басындағы маса тірі екен, ол үлкейіп, торғайдай болып кетіпті, ол сондай үлкейген. Әрине, Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламға қатысты көптеген мұғжизалар бар, ол пайғамбарлардың атасы, көптеген пайғамбарлардың атасы еді, ол мүмкін неше жүздеген пайғамбарлардың атасы. Оның ұрпақтарының шежіресі екіге бөлінеді, оның бірі Сәйдина Исхақ хазірет болса, енді бір Сәйдина Исмайыл хазірет еді. Бұнда Сәйдина Мұса, және басқа барша Бәни Исырайылдар Сәйдина Исхақ хазіреттен тараған, олардың барлығы оның ұрпағынан келген. Ал біздің пайғамбарымыз ﷺ болса, Сәйдина Исмайыл әлейхиссаламнан тараған, демек Сәйдина Ибырахи әлейхиссалам оның арғы ұлы атасы болып келеді.
Сондықтан пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде оның жүрегі иманға толы екендігін айтады, сол үшін біз әр жолғы намазда, «уә әла әли сәйдина ибырахим» деп, Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламның есімін атаймыз, ол әр намазда бар. Әрине, Сәйдина Ибырахим әлейхиссалам да көптеген істерді істеп кетті, олардың бірі, бір егейі, ислам тіректерінің бірі болған, біз істеуге тиісті болған қажылық еді. Яғни ол Қағбаны жасады, ол және Сәйдина Исмайыл хазірет екеуі Кағбаны салды, әрине ол үлкен, ол мүмкін 10-12 метір ұзын, олар келіп, оны жасады, ал осында да оның қазіргі күнге дейін жалғасып келген мұғжизасы тұр. Ол оның Кағбаны қалай жасағандығын көрсететін мұғжиза еді, демек Кағбаның алдында мақам-Ибырахим бар, кейбір адамдар Кағбаны талай рет қиратты, бірақ осы Ибырахим мақамын қирата алмай қойды. Себебі ол Кағбаны салуға істетілген еді, Ибырахим хазірет сол тастың үстінде тұрып, Кағбаны салды, ол тас өздігінен жоғары шығып, төмен түсіп тұратын, ол сондай болған. Мәселен, ол бірдеңені жоғары қоймақшы болса, ол тас ұшып көтерілетін, онда тек онымен оның баласы Исмайыл әлейхиссалам ғана болды, оларға көмектесетін ешкім болмады.
Әлхамдулилла, ол оны бітіргенде Алла Әззә уә-Жәллә оған, «адамдарды қажылыққа шақыр» дейді, бірақ ол кезде ол өңірде еш адам баласы жоқ еді, ол баласы екеуі ғана болды, бірақ ол ештеңе деместен, азан сияқты нәрсе айтып, адамдарды қажылыққа келуге шақырады. Бірақ ол арада ешкім жоқ болатын, ал пайғамбарымыз ﷺ, «кім осы азанды естісе, ол қажылыққа баратын болады» дейді, сондықтан көптеген ғасырдан соң, неше мыңдаған жылдардан соң милиондаған, милиярттаған адамдар қажылыққа, осы шақыртуға келіп жатыр. Міне бұл Алла ﷻдың Сәйдина Ибырахим әлейхиссалам арқылы жіберген шақыртуы еді, ал Алла ﷻ біздің жүректерімізді пайғамбарымыз ﷺның мына айтқанындай еткей, демек ол, «الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ» яғни «сабырлы, ақиқатшыл, бойұсынғыш болған, Алла үшін жұмсаған, және таңнан бұрын кешірім сұраған» дейді, (құран 3інші сүре, 17інші аят). Міне ол осылай дер, демек кешірім сұрап, түнде және күндіз намаз өтегендерден, Алла ﷻдан ғапу тілегендерден болайық. Алла ﷻ барлығыңызды берекесіне бөлегей, иншалла, және осы жолда Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламның жүрегіндей жүрек бергей, Алла сіздерді берекелесін.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: پايعامبارىمىز، «ۇمبەتىمدە ءاردايىم 40 ابزال بار» دەيدى (2025.10.24 / حيجري 1447-جىل 03-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Argentina، Patagonia، Dergah Mallin Ahogado دەرگاسىندا ايتىلعان سۇحبات) ... ءبىز قۇپتادا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىر ءحاديسىن وقىدىق، وندا، «لا يزال أربعون رجلا من أمتي قلوبهم على قلب إبراهيم يدفع الله بهم عن أهل الأرض ، يقال لهم الأبدال» ياعني (مەنىڭ ۇمبەتىمدە ءاردايىم جۇرەگى يبىراحيمنىڭ جۇرەگى سياقتى 40 كىسى بولادى، اللا سولار ارقىلى جەردەگى ادامداردان بالە-قالانى كەتىرىپ وتىرادى، ولار، «ءال-ابزال» دەپ اتالار) دەلىنگەن. دەمەك 40 كىسى، ياعني وتە ىقىلاستى 40 كىسى بار بولىپ، ولاردىڭ جۇرەگى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بۇرىلعان، ولاردىڭ جۇرەگى ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامعا ۇقسايدى، ال يبىراحيم الەيحيسسالام اسا ۇلىق پايعامبارلاردىڭ ءبىرى، بۇندا «ۇلي عازيم» ياعني ۇلىق اعزام اتالىنعان 7 ۇلكەن پايعامبار بار. يبىراحي الەيحيسسالامعا كوپتەگەن ىستەر تۋىلدى، ونىڭ جاس كەزىنەن باستاپ، باسىنان كوپ ءىس ءوتتى، جانە اللا ﷻ وعان كوپتەگەن نارسەلەر كورسەتتى، اللا ﷻ ونى ۇستازسىز حيداياتقا باستاپ، پايعامبارلىققا اكەلدى، ول نيمۋرت پاتشانىڭ جەرىندە ءوستى، ال نيمۋرت اسقان زالىم ەدى، ول وسى ءوڭىردى ياعني جەر-ورتا تەڭىزىمەن ورتا شىعىس سياقتى وتە ۇلكەن اۋماقتى بيلەپ توستەيتىن، باسقاراتىن ەدى. ول وسى جەرلەردى باسقارىپ، ونداعى ەل-جۇرتتى وزىنە قۇلشىلىق ەتتىرەتىن، ولارعا ءوزىنىڭ بۇت-ءمۇسىنىن جاساتتىراتىن ەدى. سوندىقتان بۇت يا ءمۇسىن سياقتى بىردەڭەلەردىڭ بولۋى جاقسى نارسە ەمەس، وندا بىرەۋ بار بولاتىن، جوق، يبىراحيم الەيحيسسالامنىڭ وگەي اكەسى ازاردا بۇت بار بولاتىن، ول نيمۋرتتىڭ بۇت-مۇسىندەرىن جاساپ، پايدا تاباتىن.
ال يبىراحيم الەيحيسسالام بالا كەزىندە ادامداردىڭ نەگە بۇلاي ەتىپ جاتقانىن كورىپ، كوپ ويلانۋشى ەدى، كەيىن ول ادامداردىڭ وعان قۇلشىلىق ەتىپ جاتقانىن، جانە ودان ەش پايدا الماعانىن بايقايدى. ال بالالىقتان وتكەندە، ول، «مىنا ادامدار وعان قۇلشىلىق ەتىپ جاتىر ەكەن، ءبىراق ول مەنىڭ قۇدايىم ەمەس، ونىڭ قۇداي بولۋى مۇمكىن ەمەس، ولار ودان ەش پايدا تاپپادى، ءبىراق تەك كەيبىر ادامدار ونىڭ ءمۇسىنىن ساتىپ، اقشا تاۋىپ جاتىر» دەپ ويلايدى. سودان سوڭ اللا ﷻ وعان ءتاڭىرىن ىزدەۋگە يلحام ياعني شابىت سالادى، ول قۇراندا ايتىلعان. ول تۇندە جۇلدىزدى كورىپ، ونى «قۇدايىم» دەپ قۋانادى، ول، «مەنىڭ قۇدايىم وسى، ول وتە بيىكتە، وتە جارىق، جاقسى ەكەن، ول قۇداي بولۋى كەرەك» دەيدى. بۇل جۇلدىز ءبىر پلەناتا نەمەسە باسقا نارسە بولۋى مۇمكىن، الايدا بۇل جۇلدىز كۇندىز جوعالىپ كەتەدى. سوندا ول، «مەن قۇدايدىڭ بىلاي جوعالىپ كەتۋىن قالامايمىن، ول بىردە كەلىپ، بىردە كەلمەيدى ەكەن» دەپ، ونان سوڭ ايدى كورەدى دە، «بۇل اي، بۇل نارسە، جۇلدىزدان دا جارىق ەكەن، قۇداي سول بولۋى كەرەك» دەيدى. ال ءبىراز وتكەن سوڭ اي دا باتىپ، كورىنبەي كەتەدى، سوندا ول، «وح، بۇل دا قۇداي ەمەس ەكەن، مەن ونى جاقسى كورمەي قالدىم، مەن اداسىپ كەتكەن سياقتىمىن، باسقا بىردەڭەنى قاراۋىم كەرەك» دەيدى.
ونان سوڭ كۇندىز كەلەدى، ول كۇننىڭ جارقىراپ تۇرعانىن، جانە وتە ۇلكەن ەكەندىگىن كورەدى دە، «مىناۋ ۇلكەندەۋ ەكەن، قۇداي وسى بولۋى كەرەك» دەيدى، ءبىراق كۇن دە باتۋى كەرەك قوي، سول كەزدە ول، «بۇل دا قۇداي ەمەس ەكەن» دەيدى. ول، «مەن بۇنى قابىل ەتە المايمىن، مەن اللاعا سەرىك قوساتىنداردان ەمەسپىن، مەندە تەك ءبىر عانا ءتاڭىر بار» دەيدى. سودان سوڭ اللا ﷻ ونىڭ جۇرەگىن اشىپ، ول ادامدارعا، «سەندەر نە ىستەپ جاتسىڭدار، ىستەگەندەرىڭ جاقسى ەمەس، بۇلاي ىستەمەڭدەر» دەيدى، سول كەزدە وعان ادامداردىڭ كەيبىرى ريزا بولسا، كەيبىرى ريزا بولمادى، مىنە وسىلاي كەيبىر نارازىلىقتار بولدى. ول كەزدە ءمالىم توي-مەرەكەسى بولعانعا دەيىن وندا ەشتەڭە بولمادى، دەمەك سول ءبىر كۇنى ادامداردىڭ بارلىعى قالادان شىعىپ، بۇتحاناعا كىرەدى جانە ونداعى بۇت-مۇسىندەرگە قۇلشىلىق ەتەدى. سول كەزدە يبىراحيم الەيحيسسالام قولىنا ءبىر بالتا الىپ، ول بۇت-مۇسىندەردىڭ بارلىعىن قيراتىپ تاستايدى، جانە ەڭ ۇلكەن بۇتتىڭ قولىنا بالتانى قويىپ، وعان بالتا ۇستاتىپ قويادى. ال ادامدار بۇتحاناعا كەلگەن سوڭ، بۇتحاناداعى بۇت-مۇسىندەرگە تۋىلعان ءىستى كورىپ، اڭ-تاڭ بولادى، بۇل ءىس ءجايلى پاتشا نيمۋرت تا ەستيدى، جانە ول بۇنى كىم ىستەگەندىگىن سۇراستىرادى.
ال جۇرت، «ەستۋىمىزشە بۇنى ءبىر جىگىت ىستەپ ءجۇر، ول ادامدارعا، "سەندەردىڭ ىستەگەندەرىڭ دۇرىس ەمەس، ودان پايدا جوق" دەيدى ەكەن، مۇمكىن بۇنى سول ىستەدى، ونى ىستەگەن ءدال سونىڭ ءوزى» دەيدى. سونىمەن ادامدار ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامدى ۇستاپ اكەلەدى، جانە ودان، «بۇنى كىم ىستەدى» دەپ سۇرايدى، ول ماناعى قولىندا بالتا قويىلعان ۇلكەن بۇتتى نۇسقاپ، «كوردىڭدەرمە، انانىڭ قولىندا بالتا بار، بۇنى سول ىستەگەن» دەيدى. سوندا نيمۋرت، «سەن قۇتىردىڭبا، ول بۇنى قالاي ىستەر، ول ەشتەڭە ىستەي الماس، ول سوندا قۇر تۇرادى، ول تاس قوي، تاستان جاسالىنعان» دەيدى. ال وسى كەزدە بۇل بۇتتىڭ ەشقانداي قۇداي ەمەس، تەك تاس ەكەنىن ونىڭ ءوزى دالەلدەگەن ەدى، باسقا ەشتەڭە ەمەس، جانە ادامداردىڭ بارلىعى بۇعان كەلىسىپ، ونى مويىندايدى. سودان باستاپ ەل-جۇرت نيمۋرتتىڭ بۇت-مۇسىندەرىنە قۇلشىلىق ەتۋدى قويادى، ال بۇعان نيمۋرت قاتتى اشۋلانىپ، يبىراحيم حازىرەتتى ۇستاتادى، جانە ۇلكەن وت جاسايدى. ول مۇمكىن 40 كۇن نەمەسە، بالەن اي اعاشتان وتىن جيناتىپ، ولاردى تاۋداي قىلىپ ۇيەدى، ول ونى ورتەتىپ، اسا ۇلكەن ءورت جاسايدى، ءبىراق ادامداردىڭ وزدەرى وعان جاقىنداي المايدى، ول وت ءبىر شاقىرىم جەردەگىنى تۇگەل كۇيدىرەتىن ەدى. سونىمەن ولار وتقا قالاي جاقىنداۋدى ويلاسادى، مىنە وسىلاي، ولار ۇلكەن تاس اتقىش جاسايدى.
ەرتەدە ادامدار وسىنداي اتقىشتارمەن تاستاردى الىسقا لاقتىراتىن بولعان، سونىمەن ولار ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامدى اتقىشقا وتىرعىزىپ، ونى وتقا لاقتىرىپ جىبەرەدى. ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «بۇكىل بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قولىندا» دەيدى ەمەسپە، سول كەزدە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وتقا، «يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ» ياعني (و وت، يبىراحيمعا سالقىن جانە ەسەندىك بول) دەيدى، (قۇران 21ءىنشى ايات 69ءىنشى سۇرە). دەمەك وتقا، «يبىراحيم الەيحيسسالامعا سالقىن بول، جاسىل باقشا بول، وعان سۋ بول» دەلىنەدى، ال ءورت وتە كۇشتى بولعاندىقتان ادامدار ءسايدينا يبىراحيم حازىرەتكە ەشتەڭە قىلا المايدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنە وسى مۇعجيزاسى ارقىلى ادامداردى ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامعا ەرەتىن ەتىپ قويادى، سوندا دا نيمۋرتتىڭ تاكاپپارلىعى بۇنىمەن بىتپەيدى، ول بولعان ءىستى قابىل ەتپەي قويادى. ول يبىراحيم الەيحيسسالامعا ەرۋدى قابىل ەتپەيدى دە، وتە ۇلكەن اسكەرمەن ارميا جاساقتاپ، ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامعا قارسى سوعىسقا شىعادى.
ودان سوڭ اللا ﷻ تاعى دا وتە كىشكەنە، وتە ءالسىز ءبىر جاندىكپەن مۇعجيزا بولدىرادى، ياعني وعان ماسالاردى جىبەرەدى، ولار اسپاندا بۇلىت سياقتى ۇيىرىلەدى، نيمۋرت ارمياسى تەمىر ساۋىت كيەدى. ال وسى ماسالار ساۋىتقا كىرەدى، سەبەبى اللا ﷻ بۇل ماسالارعا قازىرگى ماسالاردان بولەك قۋات بەرگەن ەدى، ماسالار اسكەرلەرگە شابۋىلداپ، ەتتەرىن جەپ، قۋ سۇيەكتەرىن عانا قالدىرادى. ولار بارلىعىن جەي بەرەتىن، اسكەرلەردىڭ كەيبىرى قاشادى، نيمۋرت تا قاشىپ، قامالىنا كىرەدى، وندا بۇعىنىپ الادى. ءبىراق اللا ﷻ وعان ماناعى ماسالاردىڭ ىشىندەگى ەڭ ءالسىزىن جىبەرەدى، ول كەمتار ماسا ەدى. وسى ماسا نيمۋررتى قۋىپ، ونىڭ مۇرنىنا كىرەدى، ودان ونىڭ ميىنا جەتىپ، ونىڭ ميىن جەي باستايدى، ال ءار جولى ماسا ونىڭ ميىن جەگەندە، ونىڭ باسى قاتتى اۋىرعانى سونشالىق، اۋرۋىن توقتاتۋ ءۇشىن باسىن ۇراتىن، سول كەزدە اۋرۋى ازداپ توقتايتىن، ماسا اقىرىنداپ قالاتىن. بۇل دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءبىر مۇعجيزاسىنان ەدى، ال ماسا ۇلكەيە بەرەدى، سوندىقتان ادامدار نيمۋرتتىڭ باستىن ءتىپتى دە قاتتى ۇرۋى كەرەك بولادى. مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ نيمۋرتقا اقيرەتتەن بۇرىن جىبەرگەن وسى دۇنيەدەگى ازاپ-قورلىعى ەدى، قابىل ەتەتىندى قابىل ەتپەگەنى ءۇشىن ەدى، مىنە، ادامداردىڭ قاسيەتى وسىلاي بولار.
ماسەلەن، كەيبىر ادامدار دۇرىس نارسەنى قابىل ەتپەي قويادى، ادام بالاسىنىڭ ەڭ جامان قاسيەتى - تاكاپپارلىق، ولار ادامداردى وزدەرىنەن تومەن سانايدى، سوندىقتان ونداي ادام ەلدىڭ بارلىعىن وزىنەن تومەن كورەدى، سول ءۇشىن ول ەشتەڭەنى قابىل ەتپەيدى. ادامدار بۇنى سوناۋ ۇزاق ۋاقىتتان بەرى ىستەپ كەلەدى، ال ماناعى تاكاپپار نيمۋرت اقىرىندا باسى قاتتى اۋىرعاندىقتان قاتتى ايعايلايدى، جۇرت ونى ەستىپ، ونىڭ باسىن قاتتى ۇرادى، سودان ونىڭ باسى جارىلىپ ولەدى. ول باسى جارىلىپ، اشىلىپ كەتكەندىكتەن ءولدى، ال ونىڭ باسىنداعى ماسا ءتىرى ەكەن، ول ۇلكەيىپ، تورعايداي بولىپ كەتىپتى، ول سونداي ۇلكەيگەن. ارينە، ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامعا قاتىستى كوپتەگەن مۇعجيزالار بار، ول پايعامبارلاردىڭ اتاسى، كوپتەگەن پايعامبارلاردىڭ اتاسى ەدى، ول مۇمكىن نەشە جۇزدەگەن پايعامبارلاردىڭ اتاسى. ونىڭ ۇرپاقتارىنىڭ شەجىرەسى ەكىگە بولىنەدى، ونىڭ ءبىرى ءسايدينا يسحاق حازىرەت بولسا، ەندى ءبىر ءسايدينا يسمايىل حازىرەت ەدى. بۇندا ءسايدينا مۇسا، جانە باسقا بارشا ءباني يسىرايىلدار ءسايدينا يسحاق حازىرەتتەن تاراعان، ولاردىڭ بارلىعى ونىڭ ۇرپاعىنان كەلگەن. ال ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ بولسا، ءسايدينا يسمايىل الەيحيسسالامنان تاراعان، دەمەك ءسايدينا يبىراحي الەيحيسسالام ونىڭ ارعى ۇلى اتاسى بولىپ كەلەدى.
سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ ءبىر حاديسىندە ونىڭ جۇرەگى يمانعا تولى ەكەندىگىن ايتادى، سول ءۇشىن ءبىز ءار جولعى نامازدا، «ءۋا ءالا ءالي ءسايدينا يبىراحيم» دەپ، ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامنىڭ ەسىمىن اتايمىز، ول ءار نامازدا بار. ارينە، ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالام دا كوپتەگەن ىستەردى ىستەپ كەتتى، ولاردىڭ ءبىرى، ءبىر ەگەيى، يسلام تىرەكتەرىنىڭ ءبىرى بولعان، ءبىز ىستەۋگە ءتيىستى بولعان قاجىلىق ەدى. ياعني ول قاعبانى جاسادى، ول جانە ءسايدينا يسمايىل حازىرەت ەكەۋى كاعبانى سالدى، ارينە ول ۇلكەن، ول مۇمكىن 10-12 مەتىر ۇزىن، ولار كەلىپ، ونى جاسادى، ال وسىندا دا ونىڭ قازىرگى كۇنگە دەيىن جالعاسىپ كەلگەن مۇعجيزاسى تۇر. ول ونىڭ كاعبانى قالاي جاساعاندىعىن كورسەتەتىن مۇعجيزا ەدى، دەمەك كاعبانىڭ الدىندا ماقام-يبىراحيم بار، كەيبىر ادامدار كاعبانى تالاي رەت قيراتتى، ءبىراق وسى يبىراحيم ماقامىن قيراتا الماي قويدى. سەبەبى ول كاعبانى سالۋعا ىستەتىلگەن ەدى، يبىراحيم حازىرەت سول تاستىڭ ۇستىندە تۇرىپ، كاعبانى سالدى، ول تاس وزدىگىنەن جوعارى شىعىپ، تومەن ءتۇسىپ تۇراتىن، ول سونداي بولعان. ماسەلەن، ول بىردەڭەنى جوعارى قويماقشى بولسا، ول تاس ۇشىپ كوتەرىلەتىن، وندا تەك ونىمەن ونىڭ بالاسى يسمايىل الەيحيسسالام عانا بولدى، ولارعا كومەكتەسەتىن ەشكىم بولمادى.
ءالحامدۋليللا، ول ونى بىتىرگەندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وعان، «ادامداردى قاجىلىققا شاقىر» دەيدى، ءبىراق ول كەزدە ول وڭىردە ەش ادام بالاسى جوق ەدى، ول بالاسى ەكەۋى عانا بولدى، ءبىراق ول ەشتەڭە دەمەستەن، ازان سياقتى نارسە ايتىپ، ادامداردى قاجىلىققا كەلۋگە شاقىرادى. ءبىراق ول ارادا ەشكىم جوق بولاتىن، ال پايعامبارىمىز ﷺ، «كىم وسى ازاندى ەستىسە، ول قاجىلىققا باراتىن بولادى» دەيدى، سوندىقتان كوپتەگەن عاسىردان سوڭ، نەشە مىڭداعان جىلداردان سوڭ ميليونداعان، ميليارتتاعان ادامدار قاجىلىققا، وسى شاقىرتۋعا كەلىپ جاتىر. مىنە بۇل اللا ﷻدىڭ ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالام ارقىلى جىبەرگەن شاقىرتۋى ەدى، ال اللا ﷻ ءبىزدىڭ جۇرەكتەرىمىزدى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ مىنا ايتقانىنداي ەتكەي، دەمەك ول، «الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ» ياعني «سابىرلى، اقيقاتشىل، بويۇسىنعىش بولعان، اللا ءۇشىن جۇمساعان، جانە تاڭنان بۇرىن كەشىرىم سۇراعان» دەيدى، (قۇران 3ءىنشى سۇرە، 17ءىنشى ايات). مىنە ول وسىلاي دەر، دەمەك كەشىرىم سۇراپ، تۇندە جانە كۇندىز ناماز وتەگەندەردەن، اللا ﷻدان عاپۋ تىلەگەندەردەن بولايىق. اللا ﷻ بارلىعىڭىزدى بەرەكەسىنە بولەگەي، ينشاللا، جانە وسى جولدا ءسايدينا يبىراحيم الەيحيسسالامنىڭ جۇرەگىندەي جۇرەك بەرگەي، اللا سىزدەردى بەرەكەلەسىن.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8560