You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АДАМ БАЙЫҒАН САЙЫН САРАҢ БОЛАДЫ, ЗЕКЕТ БЕРГІСІ КЕЛМЕЙДІ біздің ашкөздігіміз байлығымызға қарай арта береді. Сонау Мұса пайғамбардың заманында Кора есімді өте бай өткен еді. Оның бай болғаны соншалық, ол қазынасы салынған үйлермен сандықтарының кілтт



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8559
АДАМ БАЙЫҒАН САЙЫН САРАҢ БОЛАДЫ, ЗЕКЕТ БЕРГІСІ КЕЛМЕЙДІ

біздің ашкөздігіміз байлығымызға қарай арта береді. Сонау Мұса пайғамбардың заманында Кора есімді өте бай өткен еді. Оның бай болғаны соншалық, ол қазынасы салынған үйлермен сандықтарының кілттерін 60 қашырға артып алып жүретін еді. Бірақ бұл адам соншама байлығынан зекетке титтей үлес шығара алмаушы еді. Ал зекеттің мұхтаждарға берілетіні белгілі. Әдетте әр адам үшін, егер оның өзімен отбасын асырауға тиісті байлығынан тыс артық байлығы я ақшасы я мал-мүлкі болса, ол осы байлығының қырықтан бір бөлегін зекетке беруі керек. Ал манағы зекет бермеудей сараңдық адамның нәпсісінен келеді, сонымен бірге адамның байлығы артқан сайын оның сараңдығымен ашкөздігі арта түседі. Мәселен, егер біреуде бір сом болса, оның жартысы елу тиынды өзге біреуге бере алады. Бірақ оның он сомы болса, ол оның он тинын ғана өзгеге береді. Ал егер оның мың сомы болса, ол өзгелерге ештеңе бермей қояды. Адамдардың барлық мәселелері сол баяғы осындай нәпсілік жаман қасиеттерінен келеді. Сонымен бірге мәлім біреу өзіне бұйырған үлесіне риза болмаған кезде, ол басқа біреулерден бірдеңе алғысы келіп тұрады, өзгелердің дүниесіне көз салады.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ادام بايىعان سايىن ساراڭ بولادى، زەكەت بەرگىسى كەلمەيدى

ءبىزدىڭ اشكوزدىگىمىز بايلىعىمىزعا قاراي ارتا بەرەدى. سوناۋ مۇسا پايعامباردىڭ زامانىندا كورا ەسىمدى وتە باي وتكەن ەدى. ونىڭ باي بولعانى سونشالىق، ول قازىناسى سالىنعان ۇيلەرمەن ساندىقتارىنىڭ كىلتتەرىن 60 قاشىرعا ارتىپ الىپ جۇرەتىن ەدى. ءبىراق بۇل ادام سونشاما بايلىعىنان زەكەتكە تيتتەي ۇلەس شىعارا الماۋشى ەدى. ال زەكەتتىڭ مۇحتاجدارعا بەرىلەتىنى بەلگىلى. ادەتتە ءار ادام ءۇشىن، ەگەر ونىڭ وزىمەن وتباسىن اسىراۋعا ءتيىستى بايلىعىنان تىس ارتىق بايلىعى يا اقشاسى يا مال-مۇلكى بولسا، ول وسى بايلىعىنىڭ قىرىقتان ءبىر بولەگىن زەكەتكە بەرۋى كەرەك. ال ماناعى زەكەت بەرمەۋدەي ساراڭدىق ادامنىڭ ناپسىسىنەن كەلەدى، سونىمەن بىرگە ادامنىڭ بايلىعى ارتقان سايىن ونىڭ ساراڭدىعىمەن اشكوزدىگى ارتا تۇسەدى. ماسەلەن، ەگەر بىرەۋدە ءبىر سوم بولسا، ونىڭ جارتىسى ەلۋ تيىندى وزگە بىرەۋگە بەرە الادى. ءبىراق ونىڭ ون سومى بولسا، ول ونىڭ ون تينىن عانا وزگەگە بەرەدى. ال ەگەر ونىڭ مىڭ سومى بولسا، ول وزگەلەرگە ەشتەڭە بەرمەي قويادى. ادامداردىڭ بارلىق ماسەلەلەرى سول باياعى وسىنداي ناپسىلىك جامان قاسيەتتەرىنەن كەلەدى. سونىمەن بىرگە ءمالىم بىرەۋ وزىنە بۇيىرعان ۇلەسىنە ريزا بولماعان كەزدە، ول باسقا بىرەۋلەردەن بىردەڭە العىسى كەلىپ تۇرادى، وزگەلەردىڭ دۇنيەسىنە كوز سالادى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8559