You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Нәтйжесі - үлкен апат (2021.08.12)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=85

Нәтйжесі - үлкен апат (2021.08.12)

Қазір біз қасиетті күндерде (мұхаррам) тұрмыз, пайғамбарлармен әулиелер осы күндерде аманаттарын алады, ашура күні - мұхаррам айының 10-күні, бұлар қасиетті-берекелі күндерден. Олар рамазан айы уахи болудан бұрын осы айда ауыз бекітетін еді, кейін рамазан айы парыз, ал бұл ай сүннет болды. Бұндағы ең маңыздысы, осы айлардың берекесі үзіліссіз төгіліп тұрады, иншалла, бұл айлар қазіргі қиындықтарды шешуге ашылған бір жол, себебі алла тағала осы күндерде руханй және мәтериялдық жақтан берекетін төгеді. Бұнда алла тағаланың даналықтары бар, алла тағала әрдайым адамдарға жақсылықты қалайды, ал жамандықты адамдар өздеріне өздері істейді.

Телевизорды ашып қалсаң, жаңалық хабарлардың барлығы күллі дүниенің өртеніп жатқанын айтуда, не үшін өртенуде? ол қалай туылды? бұның бәрі адамдардың өздеріне жамандықты бастарына тілеп алуынан болған. Алла тағала адамдарға естерін жиып, өз-өзіне келуіне уақыт береді, бірақ адамдар жабайлығын қояр емес. Мәселен, неше жыл бұрын адамдар енді ешкі бағуға болмайды, оны қолда ұстамасын деген заң шығарды, бұндай тиымдарды шығарған кімдер? Европа яғни батыс шығарды, олар - батып бара жатқан мәдениет, бұндай тиымды оларда өз елдеріне іске асырды. Біз Испанияда болдық, ондағылар бұл арада ешкіні қолда ұстап бағудың шектелгенін айтты, себебі ешкілер орманды жеп түгетіп қойуы мүмкін екен! Осындай тиымды шығарғандар орманды жойылудан құтқарғандай болып, қуанып отыр! Ал орман өрттері ешкілер мың жыл жейтін шөпті бірнеше күнде-ақ жоқ етті, осылайша, олар көптеген күйі төмен кісілерді жұмыссыз қалып, жануарлардан оларға түк қалдырмай жойды, олар өрітті өшірмекке ұшақтармен тік-ұшақтарды істетіп те көрді. Әсілінде, осы өртеніп кеткен шөптер жарлы-жақпайлардың мал-түліктері жейтін азық еді, олар осы малдарынан нәпақа тауып, пайдаланып жүрген болатын. Бұнда мың, он-мың, жүз-мыңдаған адамдардың риздығы жатқан еді, ал олар осыған тиым салды. 

Алла тағаланың ісіне қарсы келсең, ОЛ өзі теңшеп қоятын болады, адамдар өздерін өздері зиянға ұшыратып жүр. Бұндағы ақымақ жұртта «Европа не айтса, біз соны істеуіміз керек, олар ненің дұрыс екенін біледі, біз надан, ал олар зерек, ешкі жақсы емес, оны бақпаңдар.» дейді! Ешкі тегінде берекетті жануар еді, оны пайғамбарымыз жақсы көретін, бұрын Османлымен Селжұқ мұсылман әскерлерінің негізгі өмір сүру қайнары осы ешкі малы еді, ешкінің осындай маңызды ролдары бар болатын. Олар ешкіні құртқанда, одан келетін беркетті де бірге ала кетті, ал қазір осы істердің нәтижесі үлкен апаттарға мұрындық болды. Алла тағаланың ісіне араласпау керек, олар «біз осындай істесек, бұнымыз соңында нендей нәтиже, қандай "жеміс" береді?» деп ойлануы қажет, нәтижесі - ұлкен апат.

Алла тағала әр нәрсені теңшеп-теңгеріп өлшемімен жаратқан, осы сақталынған тепе-теңдікті бұзып жұрген адамзаттың өзі, басқа жаратылыстармен жануарлардың өзіне тән міндеттері бар, олар соны істеуде. Егер адамдар әуелде түзілген теңдік қалыты бұзбай тыныш жүрсе, күллі әлем тұрақты туындамалы тіршілік ортасы болар еді. Алайда шайтанның адамдары бұл теңдікіті бұзып, оны өздерінше өз қолында ұстап меңгергісі келеді, енді не істерсің? Болар іс болды, жайында тұрғанды енді қалпына келтіру өте қиын, себебі бұнда әуелде бір жарасымды жүйе бар еді, ал қазір сол жүйе бұзылды, енді қалай ғана қалпына келсін? Оны бұзу оңай да, ал қалпына келтіру тым қиын. Алла тағалар елді, жануарларды, адамдармен жаратылыстарды өз қорғауына алғай. Біз кешірім сұрауымыз керек, қателік істедік, енді тәубе етіп, ғапу өтінуіміз керек. Алла тағала бұл қиындықтарды өзі алып кеткей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.08.12, Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


ناتيجەسى - ۇلكەن اپات (2021.08.12)

قازىر ءبىز قاسيەتتى كۇندەردە (مۇحاررام) تۇرمىز، پايعامبارلارمەن اۋليەلەر وسى كۇندەردە اماناتتارىن الادى، اشۋرا كۇنى - مۇحاررام ايىنىڭ 10-كۇنى، بۇلار قاسيەتتى-بەرەكەلى كۇندەردەن. ولار رامازان ايى ۋاحي بولۋدان بۇرىن وسى ايدا اۋىز بەكىتەتىن ەدى، كەيىن رامازان ايى پارىز، ال بۇل اي سۇننەت بولدى. بۇنداعى ەڭ ماڭىزدىسى، وسى ايلاردىڭ بەرەكەسى ءۇزىلىسسىز توگىلىپ تۇرادى، ينشاللا، بۇل ايلار قازىرگى قيىندىقتاردى شەشۋگە اشىلعان ءبىر جول، سەبەبى اللا تاعالا وسى كۇندەردە رۋحاني جانە ماتەريالدىق جاقتان بەرەكەتىن توگەدى. بۇندا اللا تاعالانىڭ دانالىقتارى بار، اللا تاعالا ءاردايىم ادامدارعا جاقسىلىقتى قالايدى، ال جاماندىقتى ادامدار وزدەرىنە وزدەرى ىستەيدى.

تەلەۆيزوردى اشىپ قالساڭ، جاڭالىق حابارلاردىڭ بارلىعى كۇللى دۇنيەنىڭ ورتەنىپ جاتقانىن ايتۋدا، نە ءۇشىن ورتەنۋدە؟ ول قالاي تۋىلدى؟ بۇنىڭ ءبارى ادامداردىڭ وزدەرىنە جاماندىقتى باستارىنا تىلەپ الۋىنان بولعان. اللا تاعالا ادامدارعا ەستەرىن جيىپ، ءوز-وزىنە كەلۋىنە ۋاقىت بەرەدى، بىراق ادامدار جابايلىعىن قويار ەمەس. ماسەلەن، نەشە جىل بۇرىن ادامدار ەندى ەشكى باعۋعا بولمايدى، ونى قولدا ۇستاماسىن دەگەن زاڭ شىعاردى، بۇنداي تيىمداردى شىعارعان كىمدەر؟ ەۆروپا ياعني باتىس شىعاردى، ولار - باتىپ بارا جاتقان مادەنيەت، بۇنداي تيىمدى ولاردا ءوز ەلدەرىنە ىسكە اسىردى. ءبىز يسپانيادا بولدىق، ونداعىلار بۇل ارادا ەشكىنى قولدا ۇستاپ باعۋدىڭ شەكتەلگەنىن ايتتى، سەبەبى ەشكىلەر ورماندى جەپ تۇگەتىپ قويۋى مۇمكىن ەكەن! وسىنداي تيىمدى شىعارعاندار ورماندى جويىلۋدان قۇتقارعانداي بولىپ، قۋانىپ وتىر! ال ورمان ورتتەرى ەشكىلەر مىڭ جىل جەيتىن ءشوپتى بىرنەشە كۇندە-اق جوق ەتتى، وسىلايشا، ولار كوپتەگەن كۇيى تومەن كىسىلەردى جۇمىسسىز قالىپ، جانۋارلاردان ولارعا تۇك قالدىرماي جويدى، ولار ءورىتتى وشىرمەككە ۇشاقتارمەن تىك-ۇشاقتاردى ىستەتىپ تە كوردى. اسىلىندە، وسى ورتەنىپ كەتكەن شوپتەر جارلى-جاقپايلاردىڭ مال-تۇلىكتەرى جەيتىن ازىق ەدى، ولار وسى مالدارىنان ناپاقا تاۋىپ، پايدالانىپ جۇرگەن بولاتىن. بۇندا مىڭ، ون-مىڭ، ءجۇز-مىڭداعان ادامداردىڭ ريزدىعى جاتقان ەدى، ال ولار وسىعان تيىم سالدى.

اللا تاعالانىڭ ىسىنە قارسى كەلسەڭ، ول ءوزى تەڭشەپ قوياتىن بولادى، ادامدار وزدەرىن وزدەرى زيانعا ۇشىراتىپ ءجۇر. بۇنداعى اقىماق جۇرتتا «ەۆروپا نە ايتسا، ءبىز سونى ىستەۋىمىز كەرەك، ولار نەنىڭ دۇرىس ەكەنىن بىلەدى، ءبىز نادان، ال ولار زەرەك، ەشكى جاقسى ەمەس، ونى باقپاڭدار.» دەيدى! ەشكى تەگىندە بەرەكەتتى جانۋار ەدى، ونى پايعامبارىمىز جاقسى كورەتىن، بۇرىن وسمانلىمەن سەلجۇق مۇسىلمان اسكەرلەرىنىڭ نەگىزگى ءومىر ءسۇرۋ قاينارى وسى ەشكى مالى ەدى، ەشكىنىڭ وسىنداي ماڭىزدى رولدارى بار بولاتىن. ولار ەشكىنى قۇرتقاندا، ودان كەلەتىن بەركەتتى دە بىرگە الا كەتتى، ال قازىر وسى ىستەردىڭ ناتيجەسى ۇلكەن اپاتتارعا مۇرىندىق بولدى. اللا تاعالانىڭ ىسىنە ارالاسپاۋ كەرەك، ولار «ءبىز وسىنداي ىستەسەك، بۇنىمىز سوڭىندا نەندەي ناتيجە، قانداي "جەمىس" بەرەدى؟» دەپ ويلانۋى قاجەت، ناتيجەسى - ۇلكەن اپات.

اللا تاعالا ءار نارسەنى تەڭشەپ-تەڭگەرىپ ولشەمىمەن جاراتقان، وسى ساقتالىنعان تەپە-تەڭدىكتى بۇزىپ جۇرگەن ادامزاتتىڭ ءوزى، باسقا جاراتىلىستارمەن جانۋارلاردىڭ وزىنە ءتان مىندەتتەرى بار، ولار سونى ىستەۋدە. ەگەر ادامدار اۋەلدە تۇزىلگەن تەڭدىك قالىتى بۇزباي تىنىش جۇرسە، كۇللى الەم تۇراقتى تۋىندامالى تىرشىلىك ورتاسى بولار ەدى. الايدا شايتاننىڭ ادامدارى بۇل تەڭدىكىتى بۇزىپ، ونى وزدەرىنشە ءوز قولىندا ۇستاپ مەڭگەرگىسى كەلەدى، ەندى نە ىستەرسىڭ؟ بولار ءىس بولدى، جايىندا تۇرعاندى ەندى قالپىنا كەلتىرۋ وتە قيىن، سەبەبى بۇندا اۋەلدە ءبىر جاراسىمدى جۇيە بار ەدى، ال قازىر سول جۇيە بۇزىلدى، ەندى قالاي عانا قالپىنا كەلسىن؟ ونى بۇزۋ وڭاي دا، ال قالپىنا كەلتىرۋ تىم قيىن. اللا تاعالار ەلدى، جانۋارلاردى، ادامدارمەن جاراتىلىستاردى ءوز قورعاۋىنا العاي. ءبىز كەشىرىم سۇراۋىمىز كەرەك، قاتەلىك ىستەدىك، ەندى تاۋبە ەتىپ، عاپۋ ءوتىنۋىمىز كەرەك. اللا تاعالا بۇل قيىندىقتاردى ءوزى الىپ كەتكەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.08.12، ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=85