You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Ең кемел жаратушы (2021.08.11)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=84

Ең кемел жаратушы (2021.08.11)

Ағузубиллахи минаш шайтаннир ражим, биссимиллахир рахманир рахим.
«فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللّٰهِ» (Құран 4:119).
Алла тағала құранда «олар алла тағаланың жаратылыстарын өзгертеді.» дейді. Олар алла тағала жаратып қойған нәрселерді өзгеріткісі келеді, олардың бұл ісінеде біраз уақыттар болды, ал қазір олар бұның шегіне жетті. Бұнда адамдардың адамзатпен алла тағаланың басқа жаратылыстарын өзгерту үшін жасалынған арекеттері айтылып отыр, олар осы өзгерістерді жасау арқылы бұл жаратылыстарды онан арман кемелдендіреміз деп ойлайды, бірақ олар бұны жақсылық жасамақ болған ниетпен емес, керісінше, жамандық істеу мақсатында өзгертуде. Алла тағала рұхсат бермесе, олар ешнәрсені өзгерте алмақ емес. Олар алғашында біраз жеңіске жеттік деп ойлаған еді, бұнда анығы сол, олардың бұл істеп жатқандары жақсылықтардан емес, жамандықтардан-дүр.

Алла тағала «أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ» дейді.
Мағынасы «алла тағала ең кемел жаратушы.», ОЛ ең толық, ең жақсы жаратушы, ОЛ әрнәрсені мінсіз түрде жаратты және ОЛ әрнәрсеге өлшем қойды, егер сендер бұған аралассаңдар, еш жақсылыққа жетпейсіңдер, жақсы нәрселерді істей алмайсыңдар да, тек жамандық істейтін боласыңдар, жамандықтың болғаны соншалықты, оны орнына қайтадан апара алмайтын боласыңдар. Әдетте бір қателік жасап, ісіңнің жамандығын білген соң, оны түземек болсаңда, қайта орнына әкеле алмайсың, осындайды орнына қайта келмейтін қателік дейді. Бұндай қателікті түзей алмайсың да, соңыра бұларың ешқандай жақсылық алып келместен, тек жамандық қана алып келеді. Сондықтан, алла тағаладан рұхсат болмаған кезде, адамдар дәнеңеде істей алмайтын болады.

Олар «біз мынаны жасадық, ананы жасадық.» деп жатады, бұның барлығы алла тағаланың рұхсат-қалауы астында болған істер. Не үшін көптеген жамандықтар туылуда? себебі олар алла тағаланың жаратылыстарын өзгеріткісі келеді, ал бұлар сол ұшін оларға берілген жазалар, алла тағала олардың өзгертуіне мүмкіндікте берер, алайда оның соңы үлкен апатқа апарып соғатын болады.

Қазір болып жатқан уақиғалардың барлығы өздерін жоғары санап, тәккаппарлықпен алла тағалаға қарсы келген адамдардың ісінен туындаған. Әсілі бұл дүние адамдарға жеткілікті еді, әр іс өз жөнімен туылады. Әрқандай іс алла тағаланың қалауымен болады, оны қабыл еткендер жайлы өмір сүреді, ал адамзат үшін деп айғайлап нәпсісімен пайдасы үшін жүргендер - сол қарсы келгендер, олар адамзат үшін жамандықтан басқа ешнәрсе істей алмайтындар. Олар адамзатты өздеріне құл еткісі келеді, кейбір адамдар әлдеқашан құлға айналып та кетті.

Осындай адамдардың дүние үшін өздерін қалай құрбандыққа шалып отырғанын көріп отырмыз, оларда ақирет үшін істелініп жатқан ешнәрсе жоқ. Олар дүние үшін құлшынғанындай ақиреті үшін құлшынған болса, олар сөзсіз жеңіске жетер еді, олардың барлық істегендері тек дүние үшін ғана болғандықтан, олар бұл дүниемен ақиретін бірдей жоғалытты. Алла тағала біздерге жәрдемші болғай, бізді осы заманда өмір сүруді жазған алла тағаланың өзі, әр істе алла тағалаға сүйеніп, ОДАН көмек сұраймыз, иншалла. Алла тағала біздері жамандық істеушілердің жамандығымен кесірінен сақтасын.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.08.11, Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


ەڭ كەمەل جاراتۋشى (2021.08.11)

اعۋزۋبيللاحي ميناش شايتاننير راجيم، بيسسيميللاحير راحمانير راحيم.
«فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللّٰهِ» (قۇران 4:119).
اللا تاعالا قۇراندا «ولار اللا تاعالانىڭ جاراتىلىستارىن وزگەرتەدى.» دەيدى. ولار اللا تاعالا جاراتىپ قويعان نارسەلەردى وزگەرىتكىسى كەلەدى، ولاردىڭ بۇل ىسىنەدە ءبىراز ۋاقىتتار بولدى، ال قازىر ولار بۇنىڭ شەگىنە جەتتى. بۇندا ادامداردىڭ ادامزاتپەن اللا تاعالانىڭ باسقا جاراتىلىستارىن وزگەرتۋ ءۇشىن جاسالىنعان ارەكەتتەرى ايتىلىپ وتىر، ولار وسى وزگەرىستەردى جاساۋ ارقىلى بۇل جاراتىلىستاردى ونان ارمان كەمەلدەندىرەمىز دەپ ويلايدى، بىراق ولار بۇنى جاقسىلىق جاساماق بولعان نيەتپەن ەمەس، كەرىسىنشە، جاماندىق ىستەۋ ماقساتىندا وزگەرتۋدە. اللا تاعالا رۇحسات بەرمەسە، ولار ەشنارسەنى وزگەرتە الماق ەمەس. ولار العاشىندا ءبىراز جەڭىسكە جەتتىك دەپ ويلاعان ەدى، بۇندا انىعى سول، ولاردىڭ بۇل ىستەپ جاتقاندارى جاقسىلىقتاردان ەمەس، جاماندىقتاردان-ءدۇر.

اللا تاعالا «أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ» دەيدى.
ماعىناسى «اللا تاعالا ەڭ كەمەل جاراتۋشى.»، ول ەڭ تولىق، ەڭ جاقسى جاراتۋشى، ول ارنارسەنى ءمىنسىز تۇردە جاراتتى جانە ول ارنارسەگە ولشەم قويدى، ەگەر سەندەر بۇعان ارالاسساڭدار، ەش جاقسىلىققا جەتپەيسىڭدەر، جاقسى نارسەلەردى ىستەي المايسىڭدار دا، تەك جاماندىق ىستەيتىن بولاسىڭدار، جاماندىقتىڭ بولعانى سونشالىقتى، ونى ورنىنا قايتادان اپارا المايتىن بولاسىڭدار. ادەتتە ءبىر قاتەلىك جاساپ، ءىسىڭنىڭ جاماندىعىن بىلگەن سوڭ، ونى تۇزەمەك بولساڭدا، قايتا ورنىنا اكەلە المايسىڭ، وسىندايدى ورنىنا قايتا كەلمەيتىن قاتەلىك دەيدى. بۇنداي قاتەلىكتى تۇزەي المايسىڭ دا، سوڭىرا بۇلارىڭ ەشقانداي جاقسىلىق الىپ كەلمەستەن، تەك جاماندىق قانا الىپ كەلەدى. سوندىقتان، اللا تاعالادان رۇحسات بولماعان كەزدە، ادامدار دانەڭەدە ىستەي المايتىن بولادى.

ولار «ءبىز مىنانى جاسادىق، انانى جاسادىق.» دەپ جاتادى، بۇنىڭ بارلىعى اللا تاعالانىڭ رۇحسات-قالاۋى استىندا بولعان ىستەر. نە ءۇشىن كوپتەگەن جاماندىقتار تۋىلۋدا؟ سەبەبى ولار اللا تاعالانىڭ جاراتىلىستارىن وزگەرىتكىسى كەلەدى، ال بۇلار سول ءۇشىن ولارعا بەرىلگەن جازالار، اللا تاعالا ولاردىڭ وزگەرتۋىنە مۇمكىندىكتە بەرەر، الايدا ونىڭ سوڭى ۇلكەن اپاتقا اپارىپ سوعاتىن بولادى.

قازىر بولىپ جاتقان ۋاقيعالاردىڭ بارلىعى وزدەرىن جوعارى ساناپ، تاككاپپارلىقپەن اللا تاعالاعا قارسى كەلگەن ادامداردىڭ ىسىنەن تۋىنداعان. ءاسىلى بۇل دۇنيە ادامدارعا جەتكىلىكتى ەدى، ءار ءىس ءوز جونىمەن تۋىلادى. ارقانداي ءىس اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولادى، ونى قابىل ەتكەندەر جايلى ءومىر سۇرەدى، ال ادامزات ءۇشىن دەپ ايعايلاپ ناپسىسىمەن پايداسى ءۇشىن جۇرگەندەر - سول قارسى كەلگەندەر، ولار ادامزات ءۇشىن جاماندىقتان باسقا ەشنارسە ىستەي المايتىندار. ولار ادامزاتتى وزدەرىنە قۇل ەتكىسى كەلەدى، كەيبىر ادامدار الدەقاشان قۇلعا اينالىپ تا كەتتى.

وسىنداي ادامداردىڭ دۇنيە ءۇشىن وزدەرىن قالاي قۇرباندىققا شالىپ وتىرعانىن كورىپ وتىرمىز، ولاردا اقيرەت ءۇشىن ىستەلىنىپ جاتقان ەشنارسە جوق. ولار دۇنيە ءۇشىن قۇلشىنعانىنداي اقيرەتى ءۇشىن قۇلشىنعان بولسا، ولار ءسوزسىز جەڭىسكە جەتەر ەدى، ولاردىڭ بارلىق ىستەگەندەرى تەك دۇنيە ءۇشىن عانا بولعاندىقتان، ولار بۇل دۇنيەمەن اقيرەتىن بىردەي جوعالىتتى. اللا تاعالا بىزدەرگە جاردەمشى بولعاي، ءبىزدى وسى زاماندا ءومىر ءسۇرۋدى جازعان اللا تاعالانىڭ ءوزى، ءار ىستە اللا تاعالاعا سۇيەنىپ، ودان كومەك سۇرايمىز، ينشاللا. اللا تاعالا بىزدەرى جاماندىق ىستەۋشىلەردىڭ جاماندىعىمەن كەسىرىنەن ساقتاسىن.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.08.11، ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=84