БІРЕУДІҢ НАМАЗЫМЕН ҚҰРАНЫНА ҚАРАМА, АДАМДЫҒЫНА ҚАРА

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8348
БІРЕУДІҢ НАМАЗЫМЕН ҚҰРАНЫНА ҚАРАМА, АДАМДЫҒЫНА ҚАРА
пайғамбарымыз құран оқуда аса мол сауаптың бар екендігін айтады, бірақ ол тағы, егер адам жаттаған құранға амал етпесе, оның кері әсер беретіндігін де айтып кеткен. Мәселен, пайғамбарымыз біздің қазіргі заманды меңзей, сахабаларына, 'ақырзаманда сондай бір мұсылмандар келеді, олар құран оқығанда, сендер ұялып қаласыңдар, олар сендерден жақсы оқиды, бірақ олардың оқыған құраны кеңірдегінен ары аспас' дейді. Ал бұндағы 'оқыған құраны кеңірдегінен ары аспас' дегені, олардың тек қана құран жаттап алған, бірақ оны түсінбейтін және оған амал етпейтін адамдардан болатындығын меңзеген еді. Қазір осындай бұзық мұсылмандар көп, кейбірін тіпті мұсылман деуге де келмейді. Олар құранды жақсы жаттайды, бірақ олардың бойынан құранмен исламды көре алмайсыз. Олар елге исламды тым ұсқынсыз, надандық ретінде көрсетіп, жұртты исламнан жиіркендіріп болды. Демек олар надандығымен исламды қаралаушыларға айналды, олардың әрбірі мың шайтан бірігіп істей алмайтын істі істеуде. Демек құран жаттау бөлек, ислам үйрену бөлек, және оларға амал ету де бөлек. Мүмкін біреу құранмен шәриғатты жақсы білер, бірақ бұл оның оған амал ететіндігін білдіре бермейді. Сондықтан, тағы бір хадисте, 'тозақта құран қарилары лақтырылатын аса сүркейлі бір аңғар бар' делінген. Яғни құран жаттаудағы, ислам үйренудегі ниеті дұрыс болмағандар осы тозаққа түседі. Сахаба омар ибн әл-хаттап хазірет, 'біреудің әдемі жаттаған құранына алданып, ақымақ болма, ол тек сөзбен әуен ғана, оған қарама, бірақ сол құранға амал етіп жүргендерге қара' дейді. Біз исламда үлгі тұтар тірі ұстаз таңдағанда, олардың сыртқы біліміне, жаттаған құран-хадисіне қарамаймыз. Бірақ оның оған амал етеме етпейме, онда хикімет барма, соған қараймыз, әйтпесе жаманнан үлгі алып, нашар біреуге, тіпті мұнафиыққа айналып кетесіз. Айналып келгенде бұл жағдайлар ислам үйренудегі ниеттің дұрыс болмауынан, тек шәриғатпен қалып, сопылық тәриқат ұстанбаудан келіп шығады, нәпсі тәрбиесі болмағандықтан туындайды. Ал адамдарды осы мәселелерден және мұнафиықтықтан құтқару үшін исламда шәриғатқа қоса, сопылық тәриқат руханияты бірге жүретін болған. Ал сопылық тәриқат дегеніміз исламдағы ихсан-иман тасауфтың арнайы жүйеге түсіріліп, жеңілдетіліп, даяр етіліп қойылған түрі. Бұл кәдімгі ислам шәриғатының арнайы жүйеге түсіріліп, жеңілдетіліп, 4 мәзхап етіліп қойылғанына ұқсайды. Демек, арыға барып, ихсан-иман тасауфты жаңа бастан зеріттеп, жаңадан жасамақшы болып әуреленбеңіздер. Ал олай етсеңіздер, арыға барып, шәриғатты жаңа бастан түзбекші болған уахаби-салафиларға ұқсап қаласыздар. Ол сопылық тәриқат ретінде алда даяр тұр, соны дұрыс пайдаланса, сол жетеді. Жинақтай келгенде, нәпсіңізге, шайтанмен дүниеге алданып қалмайын, мұнафиық болмайын десеңіз, шәриғат-мәзхапқа қоса, кәміл пір мүршит әулиеге бая беріп, сопылық тәриқатты да бірге ұстаныңыз.
بىرەۋدىڭ نامازىمەن قۇرانىنا قاراما، ادامدىعىنا قارا
پايعامبارىمىز قۇران وقۋدا اسا مول ساۋاپتىڭ بار ەكەندىگىن ايتادى، ءبىراق ول تاعى، ەگەر ادام جاتتاعان قۇرانعا امال ەتپەسە، ونىڭ كەرى اسەر بەرەتىندىگىن دە ايتىپ كەتكەن. ماسەلەن، پايعامبارىمىز ءبىزدىڭ قازىرگى زاماندى مەڭزەي، ساحابالارىنا، 'اقىرزاماندا سونداي ءبىر مۇسىلماندار كەلەدى، ولار قۇران وقىعاندا، سەندەر ۇيالىپ قالاسىڭدار، ولار سەندەردەن جاقسى وقيدى، ءبىراق ولاردىڭ وقىعان قۇرانى كەڭىردەگىنەن ارى اسپاس' دەيدى. ال بۇنداعى 'وقىعان قۇرانى كەڭىردەگىنەن ارى اسپاس' دەگەنى، ولاردىڭ تەك قانا قۇران جاتتاپ العان، ءبىراق ونى تۇسىنبەيتىن جانە وعان امال ەتپەيتىن ادامداردان بولاتىندىعىن مەڭزەگەن ەدى. ءقازىر وسىنداي بۇزىق مۇسىلماندار كوپ، كەيبىرىن ءتىپتى مۇسىلمان دەۋگە دە كەلمەيدى. ولار قۇراندى جاقسى جاتتايدى، ءبىراق ولاردىڭ بويىنان قۇرانمەن يسلامدى كورە المايسىز. ولار ەلگە يسلامدى تىم ۇسقىنسىز، ناداندىق رەتىندە كورسەتىپ، جۇرتتى يسلامنان جيىركەندىرىپ بولدى. دەمەك ولار ناداندىعىمەن يسلامدى قارالاۋشىلارعا اينالدى، ولاردىڭ ءاربىرى مىڭ شايتان بىرىگىپ ىستەي المايتىن ءىستى ىستەۋدە. دەمەك قۇران جاتتاۋ بولەك، يسلام ۇيرەنۋ بولەك، جانە ولارعا امال ەتۋ دە بولەك. مۇمكىن بىرەۋ قۇرانمەن ءشاريعاتتى جاقسى بىلەر، ءبىراق بۇل ونىڭ وعان امال ەتەتىندىگىن بىلدىرە بەرمەيدى. سوندىقتان، تاعى ءبىر حاديستە، 'توزاقتا قۇران قاريلارى لاقتىرىلاتىن اسا سۇركەيلى ءبىر اڭعار بار' دەلىنگەن. ياعني قۇران جاتتاۋداعى، يسلام ۇيرەنۋدەگى نيەتى دۇرىس بولماعاندار وسى توزاققا تۇسەدى. ساحابا ومار يبن ءال-حاتتاپ حازىرەت، 'بىرەۋدىڭ ادەمى جاتتاعان قۇرانىنا الدانىپ، اقىماق بولما، ول تەك سوزبەن اۋەن عانا، وعان قاراما، ءبىراق سول قۇرانعا امال ەتىپ جۇرگەندەرگە قارا' دەيدى. ءبىز يسلامدا ۇلگى تۇتار ءتىرى ۇستاز تاڭداعاندا، ولاردىڭ سىرتقى بىلىمىنە، جاتتاعان قۇران-حاديسىنە قارامايمىز. ءبىراق ونىڭ وعان امال ەتەمە ەتپەيمە، وندا حيكىمەت بارما، سوعان قارايمىز، ايتپەسە جاماننان ۇلگى الىپ، ناشار بىرەۋگە، ءتىپتى مۇنافيىققا اينالىپ كەتەسىز. اينالىپ كەلگەندە بۇل جاعدايلار يسلام ۇيرەنۋدەگى نيەتتىڭ دۇرىس بولماۋىنان، تەك شاريعاتپەن قالىپ، سوپىلىق ءتاريقات ۇستانباۋدان كەلىپ شىعادى، ءناپسى تاربيەسى بولماعاندىقتان تۋىندايدى. ال ادامداردى وسى ماسەلەلەردەن جانە مۇنافيىقتىقتان قۇتقارۋ ءۇشىن يسلامدا ءشاريعاتقا قوسا، سوپىلىق ءتاريقات رۋحانياتى بىرگە جۇرەتىن بولعان. ال سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز يسلامداعى يحسان-يمان تاساۋفتىڭ ارنايى جۇيەگە ءتۇسىرىلىپ، جەڭىلدەتىلىپ، دايار ەتىلىپ قويىلعان ءتۇرى. بۇل كادىمگى يسلام ءشاريعاتىنىڭ ارنايى جۇيەگە ءتۇسىرىلىپ، جەڭىلدەتىلىپ، 4 ءمازحاپ ەتىلىپ قويىلعانىنا ۇقسايدى. دەمەك، ارىعا بارىپ، يحسان-يمان تاساۋفتى جاڭا باستان زەرىتتەپ، جاڭادان جاساماقشى بولىپ اۋرەلەنبەڭىزدەر. ال ولاي ەتسەڭىزدەر، ارىعا بارىپ، ءشاريعاتتى جاڭا باستان تۇزبەكشى بولعان ۋاحابي-سالافيلارعا ۇقساپ قالاسىزدار. ول سوپىلىق ءتاريقات رەتىندە الدا دايار تۇر، سونى دۇرىس پايدالانسا، سول جەتەدى. جيناقتاي كەلگەندە، ناپسىڭىزگە، شايتانمەن دۇنيەگە الدانىپ قالمايىن، مۇنافيىق بولمايىن دەسەڭىز، ءشاريعات-ءمازحاپقا قوسا، كامىل ءپىر ءمۇرشيت اۋليەگە بايا بەرىپ، سوپىلىق ءتاريقاتتى دا بىرگە ۇستانىڭىز.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8348