You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

НАМАЗДА БАСЫНА ҚҰС ҚОНАТЫН НАҚЫШБАНД ӘУЛИЕСІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8217
НАМАЗДА БАСЫНА ҚҰС ҚОНАТЫН НАҚЫШБАНД ӘУЛИЕСІ

нақышбанд сопылық тәриқатының әйгілі әулие пірі Ғуджуани хазірет, 'балам, тауға бар, мен келемін' деп, бір шәкіртін тауға жіберді. Шәкірті тауда оны көп күтті, 'пірім не қылар, кетейін, итпен құсқа жем болармын' демеді. Ол онда ғибадатын өтеді, ал түнде зікір салғанда таулар шеңбер болып, оны айналды, аң-құстар оны қоршай отырды, намазға тұрғанда құстар оның иығымен басына қонатын еді. Тек жеті жыл өткен соң, пайғамбарымыз Ғуджуани әулиеге, 'мүритіңе бар, онда еш ой қалмады, таз болды' дейді. Ғуджуани әулие лезде келді және оған, 'о балам, мені неге сонша күттің, жеті жыл болды' дейді. Ол, 'о пірім, егер мен өз ой, өз білімім бойынша іс қылсам, пайғамбарымыз сізді осында мені іздеп келуге жібермес еді, мен сізге жұтылғам, сіз мендесіз, өзім жоқпын' дейді. Сол кезде, 'ХУ, ХУ, ХУ' зікірі шығып, есебі жоқ әулиелер рухани күйде оны айнала орналасты, әулие сұлтандары да келді, біздің пірдің әруағы да келді, нақышбанд әулиелерінің әруақтары барзақтан сонда жиналды. Және бұл мүрит сенімге ие болып, оған нақышбанд сопылық тәриқатының аманаты ұсынылды. Оның нәпсісі мүлдем өшкен еді, оған нәпсі, хауа, шайтан және дүниенің әмірі жүрмейтін, оған илаһи құзіреттегі алты қуат та берілді. Ол тауда шөп, қабық, жапырақ жеп, өмір сүрді, жеті жыл болғанда, ол нәпсісін түгел жеңіп, нағыз адам болды, Алланың жердегі халифасы міне осылар. Ал кім нәпсісін меңгере алмаса, нағыз адам болмас, лас болар, бұндайда ол қанша дәрет я ғұсыл алса да, рухы тазарған кісі бола алмайды.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

نامازدا باسىنا قۇس قوناتىن ناقىشباند اۋليەسى

ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ايگىلى اۋليە ءپىرى عۋدجۋاني حازىرەت، 'بالام، تاۋعا بار، مەن كەلەمىن' دەپ، ءبىر شاكىرتىن تاۋعا جىبەردى. شاكىرتى تاۋدا ونى كوپ كۇتتى، 'ءپىرىم نە قىلار، كەتەيىن، يتپەن قۇسقا جەم بولارمىن' دەمەدى. ول وندا عيباداتىن وتەدى، ال تۇندە زىكىر سالعاندا تاۋلار شەڭبەر بولىپ، ونى اينالدى، اڭ-قۇستار ونى قورشاي وتىردى، نامازعا تۇرعاندا قۇستار ونىڭ يىعىمەن باسىنا قوناتىن ەدى. تەك جەتى جىل وتكەن سوڭ، پايعامبارىمىز عۋدجۋاني اۋليەگە، 'مۇريتىڭە بار، وندا ەش وي قالمادى، تاز بولدى' دەيدى. عۋدجۋاني اۋليە لەزدە كەلدى جانە وعان، 'و بالام، مەنى نەگە سونشا كۇتتىڭ، جەتى جىل بولدى' دەيدى. ول، 'و ءپىرىم، ەگەر مەن ءوز وي، ءوز ءبىلىمىم بويىنشا ءىس قىلسام، پايعامبارىمىز ءسىزدى وسىندا مەنى ىزدەپ كەلۋگە جىبەرمەس ەدى، مەن سىزگە جۇتىلعام، ءسىز مەندەسىز، ءوزىم جوقپىن' دەيدى. سول كەزدە، 'حۋ، حۋ، حۋ' زىكىرى شىعىپ، ەسەبى جوق اۋليەلەر رۋحاني كۇيدە ونى اينالا ورنالاستى، اۋليە سۇلتاندارى دا كەلدى، ءبىزدىڭ ءپىردىڭ ءارۋاعى دا كەلدى، ناقىشباند اۋليەلەرىنىڭ ءارۋاقتارى بارزاقتان سوندا جينالدى. جانە بۇل ءمۇريت سەنىمگە يە بولىپ، وعان ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ اماناتى ۇسىنىلدى. ونىڭ ءناپسىسى مۇلدەم وشكەن ەدى، وعان ءناپسى، حاۋا، شايتان جانە دۇنيەنىڭ ءامىرى جۇرمەيتىن، وعان يلاھي قۇزىرەتتەگى التى قۋات تا بەرىلدى. ول تاۋدا ءشوپ، قابىق، جاپىراق جەپ، ءومىر ءسۇردى، جەتى جىل بولعاندا، ول ءناپسىسىن تۇگەل جەڭىپ، ناعىز ادام بولدى، اللانىڭ جەردەگى حاليفاسى مىنە وسىلار. ال كىم ءناپسىسىن مەڭگەرە الماسا، ناعىز ادام بولماس، لاس بولار، بۇندايدا ول قانشا دارەت يا عۇسىل السا دا، رۋحى تازارعان كىسى بولا المايدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8217