БІР ХАРАМНАН САҚТАНУДА МЫҢ ЖЫЛ НАМАЗДАН ДА АРТЫҚ САУАП БАР

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8213
БІР ХАРАМНАН САҚТАНУДА МЫҢ ЖЫЛ НАМАЗДАН ДА АРТЫҚ САУАП БАР
Алла парыз еткен құлшылықтар оңай, оларды істеуіміз керек, әйтпесе, ақиретте жаза бар, мәселен, парыз намаз оқымасаңыз, ақиретте тозақ үстіндегі от алаңында дүниедегі әр ракат намаз үшін 80 жыл намаз оқисыз, ол өте қиын. Ал харамнан сақтанудың сауабы тіпті зор, егер сіз мәлім харамнан сақтансаңыз, оған бүкіл мұсылмандар өмір бойы оқыған намаздың сауабын береді. Мәселен, бір адам қасиетті айларда Меккеде 6 ай құлшылық қылып, орасан зор сауапқа жетті делік, бірақ ол үйіне қайтатын ұшаққа отырғанда ұшақтағы әдемі күтуші әйелге қарай берді. Міне осылай бір харам іс істеп, меккеде сонша ай жиған таудай сауабынан әпсәтте айырылып қалды. Егер ол осы харамнан сақтанса, сауабы қалар еді, харамның залалы сондай күшті, ол құлшылықты лезде жуып жібереді. Ол меккеде харамға орай аз болғандықтан харамнан сақтана алды, бірақ сыртқа барғанда ол өзін харамға оңай аша салды, бұл шынайы имандылық емес, ол Аллаға шын құрмет жоқтықтан болады. Егер біреу меккеге бармаса да, бірақ өз жерінде көзімен қолын харамнан тиса, оған бүкіл мұсылманның оқыған құлшылығының сауабы беріледі. Алла сондықтан, 'харамға қарама, харам істеме' дейді, ал харамнан аулақ болу Алланы құрметтеуге, сыйлауға жатады, ол Алладан қорқудың, Алладан ұялудың белгісі болмақ, нағыз арлы, нағыз иманды адамның сипаты осындай болады. Харамға қараған кезде шайтан улы жебесін жүрегіне атып қадайды, саған үстемдік жүргізе бастайды, сондықтан харамнан, харам қараудан, харам табыстан, харам істен сақтан, олар иманды ұрлайды, құлшылықты босқа кетіреді, ұрпақты бұзады.
ءبىر حارامنان ساقتانۋدا مىڭ جىل نامازدان دا ارتىق ساۋاپ بار
اللا پارىز ەتكەن قۇلشىلىقتار وڭاي، ولاردى ىستەۋىمىز كەرەك، ايتپەسە، اقيرەتتە جازا بار، ماسەلەن، پارىز ناماز وقىماساڭىز، اقيرەتتە توزاق ۇستىندەگى وت الاڭىندا دۇنيەدەگى ءار راكات ناماز ءۇشىن 80 جىل ناماز وقيسىز، ول وتە قيىن. ال حارامنان ساقتانۋدىڭ ساۋابى ءتىپتى زور، ەگەر ءسىز ءمالىم حارامنان ساقتانساڭىز، وعان بۇكىل مۇسىلماندار ءومىر بويى وقىعان نامازدىڭ ساۋابىن بەرەدى. ماسەلەن، ءبىر ادام قاسيەتتى ايلاردا مەككەدە 6 اي قۇلشىلىق قىلىپ، وراسان زور ساۋاپقا جەتتى دەلىك، ءبىراق ول ۇيىنە قايتاتىن ۇشاققا وتىرعاندا ۇشاقتاعى ادەمى كۇتۋشى ايەلگە قاراي بەردى. مىنە وسىلاي ءبىر حارام ءىس ىستەپ، مەككەدە سونشا اي جيعان تاۋداي ساۋابىنان اپساتتە ايىرىلىپ قالدى. ەگەر ول وسى حارامنان ساقتانسا، ساۋابى قالار ەدى، حارامنىڭ زالالى سونداي كۇشتى، ول قۇلشىلىقتى لەزدە جۋىپ جىبەرەدى. ول مەككەدە حارامعا وراي از بولعاندىقتان حارامنان ساقتانا الدى، ءبىراق سىرتقا بارعاندا ول ءوزىن حارامعا وڭاي اشا سالدى، بۇل شىنايى يماندىلىق ەمەس، ول اللاعا شىن قۇرمەت جوقتىقتان بولادى. ەگەر بىرەۋ مەككەگە بارماسا دا، ءبىراق ءوز جەرىندە كوزىمەن قولىن حارامنان تيسا، وعان بۇكىل مۇسىلماننىڭ وقىعان قۇلشىلىعىنىڭ ساۋابى بەرىلەدى. اللا سوندىقتان، 'حارامعا قاراما، حارام ىستەمە' دەيدى، ال حارامنان اۋلاق بولۋ اللانى قۇرمەتتەۋگە، سىيلاۋعا جاتادى، ول اللادان قورقۋدىڭ، اللادان ۇيالۋدىڭ بەلگىسى بولماق، ناعىز ارلى، ناعىز يماندى ادامنىڭ سيپاتى وسىنداي بولادى. حارامعا قاراعان كەزدە شايتان ۋلى جەبەسىن جۇرەگىنە اتىپ قادايدى، ساعان ۇستەمدىك جۇرگىزە باستايدى، سوندىقتان حارامنان، حارام قاراۋدان، حارام تابىستان، حارام ىستەن ساقتان، ولار يماندى ۇرلايدى، قۇلشىلىقتى بوسقا كەتىرەدى، ۇرپاقتى بۇزادى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8213