You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: нағыз әулие пірге еру Алладан берілген зор нығымет (2025.05.07 / Хижра 1446-жыл 09-Зұл Қада)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8212
Сұхбат: нағыз әулие пірге еру Алладан берілген зор нығымет (2025.05.07 / Хижра 1446-жыл 09-Зұл Қада)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Cyprus, Lefka-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, біз тағы да Алла ﷻ үшін жиналдық, біз Алла ﷻ дың сүйікті құлының сол жолын жалғастыру үшін жиналдық, біз ұдайы біргеміз, ал бүгін біз аулия-Аллаһ Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің қайтыс болған жылдық нәзірі үшін жиналып отырмыз, ол қайтыс болды, бірақ шүкір-Алла, ол бізді тастап кетпеді, сыртқа тастап қойған жоқ, ол барлық мүриттеріне медетін береді, ол күш, яғни рухани қуат береді. Кейде мүриттер қалай рабита жасауды, рабитада қалай дауыс естуді сұрап жатады, ал рабита дегеніміз сіздің пайғамбарымыз ﷺ ға және әулие-машайыққа деген махаббатыңыз, оларды сүйуіміз біздің рабитамыз болмақ, рабита, «мен былай істеймін бе? оны істемеймін бе?» деген сияқты нәрселер емес, ол да болады, бірақ рабита үшін, «о балам, о қызым, былай істе, алай істе» деп, нұсқаулар жасау қажетсіз. Ал кім осылай істемекші болса, бұл оның қағида, жол-жосын, әдептерді білмейтіндігін білдіреді, сіз сопылық тәриқатқа кіргенде бой ұсына бағынасыз, демек сіз пір әулие мүршитіңізге бағынасыз, егер сіз расында нағыз әулие пір шайық таба алған болсаңыз, сіз Алла ﷻ ға мың рет емес, милион рет шүкірлік айтыңыз, ал сіз оған бойұсынып бағынғанда, құтылысқа жетесіз.

Алайда, Алла ﷻ бізді панасына алғай, егер сіз басқа мәлім мақсаттар үшін өздерін пір-мүршит атаған біреулерге еріп, соларға байланып қалсаңыз, Алла ﷻ сізге жәрдем еткей, себебі олар нәпсісіне ереді, олардың жолы нәпсі үшін болғандықтан, одан ешбір пайда болмас, бірақ сіз әулие мүршиттің жолына ерсеңіз, шүкір-Алла делік, онсызда өмір суша ағып кетіп жатыр емеспе, сонда өміріңіз босқа кетпейтін болады, ол сауапқа, берекеге және әдемілікке толы болмақ. Ал егер сіз алай-бұлай айналып, «бүгін не істесек болады? бүгін қалай ойнап-күлсек болады? қалай ақша жасайық? қалай мас болсақ болады? өзгелерді өзімізге қалай тартып, өзімізді қалай жақсы көргіземіз?» деп жүрсеңіз, босқа шаршайсыз, бұл бір бос шаруа, түріктерде, «бос іс» деген жақсы сөз бар, иә, оныңыз сондай бос іс болмақ. Демек дүние үшін, жеке пайда үшін, нәпсіңіз үшін өмір сүру бір бос іс, бос тірлік, ал егер сіз өміріңізді толтырғыңыз келсе, онда Алла Әззә Уә-Жәлләның жолында болыңыз, әулие-машайықтардың жолында болыңыз және бой ұсынып бағыныңыз, оны «бос нәрсе» деп ешқашан ойламаңыз, Алла ﷻ рұхсатында ол әдемілікке толып тұр. Алла ﷻ бізді панасына алғай, айтып өткеніміздей, «қанша дүние табамыз?» деп, дүниенің артынан шауып жүргендер бекер кетер, олардың өмірі әрі бекер әрі мәнсіз өтер, Алла ﷻ бізді панасында еткей, бос кеткенін былай қоя тұралық, олардың өмірі кесір-кесапатқа толы, күнәға толы, Алла ﷻ бізді сақтағай.

Сондықтан, әулие-машайықтардан химма және медет сұрау пайда берер, олармен бірге жолда болу сіз үшін зор қорған, ол сіздің өміріңізге сән, нәр және мән кіргізеді, оны құнды етеді, өміріңіз пайдалы өмірге өзгереді, ал кейбіреулер осындай адамды, «ол шөп сияқты өмір сүреді, ол үйінен жұмысына барады, одан жұмысынан үйіне келеді, ол қарыз ақша алмайды, билікке ренжімейді, оған я бұған ашуланбайды» деп жақтырмай өсектейді, жоқ, ол шөп сияқты өмір сүрген жоқ. Ал шөп сияқты, улы шөп сияқты өмір сүріп жүргендер сол басқалар еді, олар өздерін тәп-тәуір біреу санап, кім көрінгенге ашуланады, әркімнен пайда тапқысы келеді, ал кім нәпсілерін қанағаттандыру үшін түрлі лас-харамдарды істесе, ол босқа өмір сүруде. Біз шөп сияқты өмір сүре берелік-ақ, шөп жақсы, шөптің залалды және залалсызы бар, әркім шөптің мағынасын түсінеді, ал біздікі, иншалла, нұр, иман-дүр, біз Алла ﷻ дың сүйген құлдарынан болайық, олар жейтін шөп сияқты емес, бірақ пайдалы шөп болыңыз, иншалла. Алла ﷻ бізді панасына алғай, шайтан қазір бүкіл дүниені қолына алды, ол ешкімді жәй қалдырғысы келмейді, ал құтылатындар осы жолдың арқанына мықтап жармасып алғандар болмақ, демек кімдер Алла ﷻ ға жармасса, олар құтылады, ал басқалары «құтылдық немесе жеңдік» деп ойлар, бірақ ондай нәрсе жоқ, сондықтан әулие-машайықтармен бірге болып, оларға ере білу адамның тапқан ең ұлы табысы-дүр, ал олардың жолында бола алмау аса зор қауіпте қалдырады.

Алла ﷻ бізді панасына алғай, шайтан әр секонд, әр сәтте аяғыңызды тайдырып, сізді өзінің тұзағына түсіруі мүмкін, Алла ﷻ өзі сақтағай, әулие шайық піріміздің химмасы бізбен бірге болғай, шүкір-Алла, айтып өткеніміздей, шайығымыздың өткеніне 11 жыл болды, бірақ біз әр минут сайын оның назарындамыз, оның хииммасындамыз, кім оның химма-медетін сұраса, ол көмекке келеді, ол оны тастамайды. Кейбір адамдармен топтар бар, олар әулиеге, кереметке және мұғжизаға сенбейді, және олар, «біз мұсылманбыз» деп, жар салады, бірақ мұсылманның бір шарты пайғамбарымыз ﷺ ның мұғжизаларына сену еді, ал әулиелердің кереметіне сену де мұсылман ақидасының негіздерінің бірінен, сол үшін шүкір-Алла, сіздер осында отырсыздар. Бұнда келгендерге Алла ﷻ риза болғай, келе алмаған кісілер өте көп, ал олардың жүректері бізбен бірге, Алла ﷻ рұхсатына Мәуләнә Шайық Назым хазірет оларға жете алады, оларға барады, Алла ﷻ сіздерге риза болғай. Алла ﷻ мына дүниенің хәлін өзгерткей және Сахиб Мәхди хазіретті жібергей, Мәуләнә айтқандай, Мәхди әлейхис-салам шығады, иншалла, қазір қайда қарасақта, дүние шайтанның қолында, 100 пайыз шайтанның қолында, ал одан құтылу тек Мәхди әлейхис-салам арқылы ғана іске асар, мейлі қалай болсын, оның басқаша жолмен болуы мүмкін емес.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ناعىز اۋليە پىرگە ەرۋ اللادان بەرىلگەن زور نىعىمەت (2025.05.07 / حيجرا 1446-جىل 09-زۇل قادا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Cyprus، Lefka-دا ايتىلعان سۇحبات) شۇكىر-اللا، ءبىز تاعى دا اللا ﷻ ءۇشىن جينالدىق، ءبىز اللا ﷻ دىڭ سۇيىكتى قۇلىنىڭ سول جولىن جالعاستىرۋ ءۇشىن جينالدىق، ءبىز ۇدايى بىرگەمىز، ال بۇگىن ءبىز اۋليا-اللاھ ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ قايتىس بولعان جىلدىق ءنازىرى ءۇشىن جينالىپ وتىرمىز، ول قايتىس بولدى، ءبىراق شۇكىر-اللا، ول ءبىزدى تاستاپ كەتپەدى، سىرتقا تاستاپ قويعان جوق، ول بارلىق مۇريتتەرىنە مەدەتىن بەرەدى، ول كۇش، ياعني رۋحاني قۋات بەرەدى. كەيدە مۇريتتەر قالاي رابيتا جاساۋدى، رابيتادا قالاي داۋىس ەستۋدى سۇراپ جاتادى، ال رابيتا دەگەنىمىز ءسىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ عا جانە اۋليە-ماشايىققا دەگەن ماحابباتىڭىز، ولاردى ءسۇيۋىمىز ءبىزدىڭ رابيتامىز بولماق، رابيتا، «مەن بىلاي ىستەيمىن بە؟ ونى ىستەمەيمىن بە؟» دەگەن سياقتى نارسەلەر ەمەس، ول دا بولادى، ءبىراق رابيتا ءۇشىن، «و بالام، و قىزىم، بىلاي ىستە، الاي ىستە» دەپ، نۇسقاۋلار جاساۋ قاجەتسىز. ال كىم وسىلاي ىستەمەكشى بولسا، بۇل ونىڭ قاعيدا، جول-جوسىن، ادەپتەردى بىلمەيتىندىگىن بىلدىرەدى، ءسىز سوپىلىق ءتاريقاتقا كىرگەندە بوي ۇسىنا باعىناسىز، دەمەك ءسىز ءپىر اۋليە مۇرشيتىڭىزگە باعىناسىز، ەگەر ءسىز راسىندا ناعىز اۋليە ءپىر شايىق تابا العان بولساڭىز، ءسىز اللا ﷻ عا مىڭ رەت ەمەس، ميليون رەت شۇكىرلىك ايتىڭىز، ال ءسىز وعان بويۇسىنىپ باعىنعاندا، قۇتىلىسقا جەتەسىز.

الايدا، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ەگەر ءسىز باسقا ءمالىم ماقساتتار ءۇشىن وزدەرىن ءپىر-ءمۇرشيت اتاعان بىرەۋلەرگە ەرىپ، سولارعا بايلانىپ قالساڭىز، اللا ﷻ سىزگە جاردەم ەتكەي، سەبەبى ولار ناپسىسىنە ەرەدى، ولاردىڭ جولى ءناپسى ءۇشىن بولعاندىقتان، ودان ەشبىر پايدا بولماس، ءبىراق ءسىز اۋليە ءمۇرشيتتىڭ جولىنا ەرسەڭىز، شۇكىر-اللا دەلىك، ونسىزدا ءومىر سۋشا اعىپ كەتىپ جاتىر ەمەسپە، سوندا ءومىرىڭىز بوسقا كەتپەيتىن بولادى، ول ساۋاپقا، بەرەكەگە جانە ادەمىلىككە تولى بولماق. ال ەگەر ءسىز الاي-بۇلاي اينالىپ، «بۇگىن نە ىستەسەك بولادى؟ بۇگىن قالاي ويناپ-كۇلسەك بولادى؟ قالاي اقشا جاسايىق؟ قالاي ماس بولساق بولادى؟ وزگەلەردى وزىمىزگە قالاي تارتىپ، ءوزىمىزدى قالاي جاقسى كورگىزەمىز؟» دەپ جۇرسەڭىز، بوسقا شارشايسىز، بۇل ءبىر بوس شارۋا، تۇرىكتەردە، «بوس ءىس» دەگەن جاقسى ءسوز بار، ءيا، ونىڭىز سونداي بوس ءىس بولماق. دەمەك دۇنيە ءۇشىن، جەكە پايدا ءۇشىن، ءناپسىڭىز ءۇشىن ءومىر ءسۇرۋ ءبىر بوس ءىس، بوس تىرلىك، ال ەگەر ءسىز ءومىرىڭىزدى تولتىرعىڭىز كەلسە، وندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولىڭىز، اۋليە-ماشايىقتاردىڭ جولىندا بولىڭىز جانە بوي ۇسىنىپ باعىنىڭىز، ونى «بوس نارسە» دەپ ەشقاشان ويلاماڭىز، اللا ﷻ رۇحساتىندا ول ادەمىلىككە تولىپ تۇر. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، «قانشا دۇنيە تابامىز؟» دەپ، دۇنيەنىڭ ارتىنان شاۋىپ جۇرگەندەر بەكەر كەتەر، ولاردىڭ ءومىرى ءارى بەكەر ءارى ءمانسىز وتەر، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىندا ەتكەي، بوس كەتكەنىن بىلاي قويا تۇرالىق، ولاردىڭ ءومىرى كەسىر-كەساپاتقا تولى، كۇناعا تولى، اللا ﷻ ءبىزدى ساقتاعاي.

سوندىقتان، اۋليە-ماشايىقتاردان حيمما جانە مەدەت سۇراۋ پايدا بەرەر، ولارمەن بىرگە جولدا بولۋ ءسىز ءۇشىن زور قورعان، ول ءسىزدىڭ ومىرىڭىزگە ءسان، ءنار جانە ءمان كىرگىزەدى، ونى قۇندى ەتەدى، ءومىرىڭىز پايدالى ومىرگە وزگەرەدى، ال كەيبىرەۋلەر وسىنداي ادامدى، «ول ءشوپ سياقتى ءومىر سۇرەدى، ول ۇيىنەن جۇمىسىنا بارادى، ودان جۇمىسىنان ۇيىنە كەلەدى، ول قارىز اقشا المايدى، بيلىككە رەنجىمەيدى، وعان يا بۇعان اشۋلانبايدى» دەپ جاقتىرماي وسەكتەيدى، جوق، ول ءشوپ سياقتى ءومىر سۇرگەن جوق. ال ءشوپ سياقتى، ۋلى ءشوپ سياقتى ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەندەر سول باسقالار ەدى، ولار وزدەرىن ءتاپ-ءتاۋىر بىرەۋ ساناپ، كىم كورىنگەنگە اشۋلانادى، اركىمنەن پايدا تاپقىسى كەلەدى، ال كىم ناپسىلەرىن قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن ءتۇرلى لاس-حارامداردى ىستەسە، ول بوسقا ءومىر سۇرۋدە. ءبىز ءشوپ سياقتى ءومىر سۇرە بەرەلىك-اق، ءشوپ جاقسى، ءشوپتىڭ زالالدى جانە زالالسىزى بار، اركىم ءشوپتىڭ ماعىناسىن تۇسىنەدى، ال بىزدىكى، ينشاللا، نۇر، يمان-ءدۇر، ءبىز اللا ﷻ دىڭ سۇيگەن قۇلدارىنان بولايىق، ولار جەيتىن ءشوپ سياقتى ەمەس، ءبىراق پايدالى ءشوپ بولىڭىز، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، شايتان ءقازىر بۇكىل دۇنيەنى قولىنا الدى، ول ەشكىمدى ءجاي قالدىرعىسى كەلمەيدى، ال قۇتىلاتىندار وسى جولدىڭ ارقانىنا مىقتاپ جارماسىپ العاندار بولماق، دەمەك كىمدەر اللا ﷻ عا جارماسسا، ولار قۇتىلادى، ال باسقالارى «قۇتىلدىق نەمەسە جەڭدىك» دەپ ويلار، ءبىراق ونداي نارسە جوق، سوندىقتان اۋليە-ماشايىقتارمەن بىرگە بولىپ، ولارعا ەرە ءبىلۋ ادامنىڭ تاپقان ەڭ ۇلى تابىسى-ءدۇر، ال ولاردىڭ جولىندا بولا الماۋ اسا زور قاۋىپتە قالدىرادى.

اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، شايتان ءار سەكوند، ءار ساتتە اياعىڭىزدى تايدىرىپ، ءسىزدى ءوزىنىڭ تۇزاعىنا ءتۇسىرۋى مۇمكىن، اللا ﷻ ءوزى ساقتاعاي، اۋليە شايىق ءپىرىمىزدىڭ حيمماسى بىزبەن بىرگە بولعاي، شۇكىر-اللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، شايىعىمىزدىڭ وتكەنىنە 11 جىل بولدى، ءبىراق ءبىز ءار مينۋت سايىن ونىڭ نازارىندامىز، ونىڭ حيمماسىندامىز، كىم ونىڭ حيمما-مەدەتىن سۇراسا، ول كومەككە كەلەدى، ول ونى تاستامايدى. كەيبىر ادامدارمەن توپتار بار، ولار اۋليەگە، كەرەمەتكە جانە مۇعجيزاعا سەنبەيدى، جانە ولار، «ءبىز مۇسىلمانبىز» دەپ، جار سالادى، ءبىراق مۇسىلماننىڭ ءبىر شارتى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ مۇعجيزالارىنا سەنۋ ەدى، ال اۋليەلەردىڭ كەرەمەتىنە سەنۋ دە مۇسىلمان اقيداسىنىڭ نەگىزدەرىنىڭ بىرىنەن، سول ءۇشىن شۇكىر-اللا، سىزدەر وسىندا وتىرسىزدار. بۇندا كەلگەندەرگە اللا ﷻ ريزا بولعاي، كەلە الماعان كىسىلەر وتە كوپ، ال ولاردىڭ جۇرەكتەرى بىزبەن بىرگە، اللا ﷻ رۇحساتىنا ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ولارعا جەتە الادى، ولارعا بارادى، اللا ﷻ سىزدەرگە ريزا بولعاي. اللا ﷻ مىنا دۇنيەنىڭ ءحالىن وزگەرتكەي جانە ساحيب ءماحدي حازىرەتتى جىبەرگەي، ءماۋلانا ايتقانداي، ءماحدي الەيحيس-سالام شىعادى، ينشاللا، ءقازىر قايدا قاراساقتا، دۇنيە شايتاننىڭ قولىندا، 100 پايىز شايتاننىڭ قولىندا، ال ودان قۇتىلۋ تەك ءماحدي الەيحيس-سالام ارقىلى عانا ىسكە اسار، مەيلى قالاي بولسىن، ونىڭ باسقاشا جولمەن بولۋى مۇمكىن ەمەس.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8212