Сұхбат: сопылық тәриқат исламның жаны, иманның тірегі (2) (2025.02.08 / Хижра 1446-жыл 09-Шағбан)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8070
Сұхбат: сопылық тәриқат исламның жаны, иманның тірегі (2) (2025.02.08 / Хижра 1446-жыл 09-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(United Kingdom, Manchester, Manchester Central Mosque-да айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, біз шәриғаттың жүрегі болған сопылық тәриқаттамыз, бұл кәдімгі денеңіздегі жағдай сияқты, ол соған ұқсайды, біз «шәриғат ұқсамайды, тәриқат (сопылық) ұқсамайды» дей алмаймыз, жоқ, сопылық тәриқат - жүрек. Пайғамбарымыз ﷺ айтып кеткендей, «ислам және иман» деген нәрсе бар, иман сол сопылық тәриқатты білдіреді, иман соған қатысты, демек сопылық тәриқат болмаса, иман да болмайды, себебі сопылық тәриқат ең әуелі адам болуды, сосын мұсылман болуды үйретеді, ол алдымен адам болуы керек, сонан соң ол мұсылман бола алады. Олар бірінші болып, Алла Әззә Уә-Жәлләның пайғамбарымыз ﷺ ды мадақтап айтқан «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ» (және расында, сенде ең ұлы ақылақ бар) (құран 68:04) деген сөзін үйретеді, демек жақсы әдепті үйретеді, мүлтіксіз кемел адам, мүлтіксіз жан пайғамбарымыз ﷺ, ал ең бірінші істеуге тиісті іс не? жақсы мінезге ие болу, оны біз «әдеп» деп атаймыз, демек әдеп аса маңызды. Әдеп мұсылмандар үшін өте маңызды, осы әдепті сопылық тәриқат қана үйретуде, ал басқа жолдарда, «онда әдеп бар» деп, ойлайтын шығарсыз, бірақ бірдеңе бола қалса, оларда жақсы әдеп, жақсы иба ұшып кетеді, жоқ болады, орнына жаман үлгілер келеді, міне бұл сопылық тәриқаттың құлшынып, түземек болып жүрген нәрсені, ол адамдарды әрдайым әдептілік үстінде өмір сүруге тәрбиелейді, мұсылмандар үшін ең маңызды іс әдеп-иба, ал осы әдепті үйрететін мәлім адам керек.
Сопылық тәриқатқа еріп жүргендер үшін әлхамдулилла болсын, ал кейде әдепті болып, кейде әдеп сақтамай жүретін адамдар бар, бірақ бұндай жағдайда бұл адамдар ел-жұртты сопылық тәриқаттан алыстатқысы келетін адамдардың қармағына оңай түседі, егер оларға еріп, сопылық тәриқаттан алыстап кетсеңіз, иманыңыз әлсірейді де, шәриғаттан да алыстап кететін боласыз, ал иман болмаса, пайғамбарымыз ﷺ ның жолына еру қиын болмақ. Иә, мұсылман боларсыз, бірақ манағы адамдарда пайғамбарымыз ﷺ ның шапағатына сенбеу деген ең сұмдық бір іс бар, олар «бізге ол керек емес, біз намаз оқып жүрміз ғой, біз ...» дейді, олардың көбі құранды жүрегімен жаттап алған, олар хадистерді біледі, бірақ олардың жүректерінде иман жоқ. Ал біздің істемекші болған ісіміз, адамдарды пайғамбарымыз ﷺ ның шапағатына сендіру және оның Алла Әззә Уә-Жәллә құзіретіндегі қадір-қасиетін білдіру еді, әлхамдулилла, араптардан аз ғана бар, әлхамдулилла, тынымсыз еңбек ететін мүритіміз бар еді, ол интернетте сабақ және сұхбаттар беретін, соның нәтижесінде шапағатқа, пайғамбарымыз ﷺ ға өте қарсы келетін 500 кісі өзгеріп, керісінше оның ең жақсы қорғаушыларына айналды, әлхамдулилла. Себебі адам бір нәрсені ден қойып, хикіметпен, даналықпен естісе, ол ақиқатты қабыл ететін болады, демек пайғамбарымыз ﷺ ның шапағатын жоққа шығаруға ешқандай жол жоқ, ол мүмкін емес.
Әрдайым, мен бұл адамдардың пайғамбарымыз ﷺ ның қадірін білмей тұрып және оның шапағатын қабыл етпей тұрып, қалайша «біз - мұсылманбыз» деп, жүргенін түсіне алмаймын, бұл шапағат болмаса, сіз жәннәтқа қайтып кірмекшісіз? бұлар болмаса, 100 жыл емес, милион жыл құлшылық етсеңіз де, Алла Әззә Уә-Жәлләның илаһи құзіретінде оның еш қадірі, құны болмайды, Алла Әззә Уә-Жәллә оның бұл құлшылығын алып, олардың бетіне лақтырып жбіеретін болады, «күт» делінер. Бір хадис я сөз бар емеспе, онда былай делінер, егер сіздің тәніңіздегі кезкелген бөлімді я орган-мүшені алса және сіз оның құнын төлетіп алмақ үшін 100 жыл күндіз-түні тынбай құлшылық етсеңіз де, оны қайтарып ала алмайсыз, мәселен, егер бір көзіңізді алып кетсе, ол оның құнын төлей алмайды, ал істеген құлшылығыңызды, Алла ﷻ дың сізге бергеніне салыстырып көріңіз. Бірақ біз пайғамбарымыз ﷺ мен бір болсақ, барлығы оңайласады, осылай етіп, шапағат сұраңыз, сонда Алла ﷻ қабыл етеді, істеген істеріміз ештеңе емес, бұрынғылар бізден жақсы істеп кеткен, бұл кезде менен және барлығымыздан бастап, құлшылығымыздың сәні қалмай қалған, құны түскен, мәселен, біз құптан оқимыз, құнытты оқимыз, бірақ оны ұмытып кетіп, сәжде-саху жасаймыз, біздің құлшылығымыздың түрі осы, ол ештеңе емес, бірақ осы құлшылық-ғибадатымызбен біз қалайша мақтанып, тәкәппарланбақпыз! қайтып, «біз міне осындай керемет» демекпіз! жоқ, олай емес.
Бірақ біз қуанулымыз, бақыттымыз, әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз ﷺ ды сүйеміз, ол «اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ» (адам сүйгенімен бірге болады) дейді, міне бұл жақсы шүйіншілер, барша адамдар үшін өте жақсы шүйінші, уәсуәсуа етпеңіздер, себебі көптеген адамдар «мен қалай тақуа боламын?» деп сұрайды, мен білмедім, мүмкін сіз халуа (тәтті) етерсіз, әлхамдулилла, тақуа болуыңыз үшін пайғамбарымыз ﷺ ды сүйсеңіз болды, осы сізге жетеді, және оның үйреткендерін істеңіз, осы жетеді, басқа нәрселерге қарамаңыз. Ғибадатыңызда сіздің салған ең күшті нәрсеңіз осы пайғамбарымыз ﷺ ның махаббаты болмақ, ол ешқашан кері қайтарылмайды, біз үшін ең маңызды іс міне осы, әлхамдулилла, Алла ﷻ бізді осы жолда етті, біз тәлейліміз, себебі Алла Әззә Уә-Жәллә бізді осындай хәлде етіп жаратты, хаша минәл хұдір, әйтпесе, Ол бізді басқа жаратылыс етіп те жарата берер еді, Ол бізді басқа жаратылыс етсе де, лажыңыз жоқ, бірақ Ол бізді кәпір, мүшірік және пайғамбарымыз ﷺ ды сүймейтіндерден етпеді, одан сақтағай, біздің осындай болу мүмкіншілік те бар болған. Әлхамдулилла, сондықтан біз осы жолымыз үшін Алла ﷻ ға алғыс айтамыз, шүкір етеміз, Ол бізді осы орынға қойды, біз бұнда пайғамбарымыз ﷺ ның махаббаты үшін, Алла ﷻ дың махаббаты үшін, әулиелердің махаббаты үшін, әхлул бәйіттердің махаббаты үшін, сахабалардың махаббаты үшін келдік, осылар үшін жиналдық, бұндағы өте маңызды нәрсе мынау, демек біз Алла ﷻ дың сүйгендерімен пайғамбарымыз ﷺ ның сүйгендерін сүюіміз керек. Пайғамбарымыз ﷺ әхлул бәйіттері хақында, «мен сендерге соңымнан екі нәрсе қалдырдым, олар құран және әхлул бәйіт» дейді, сондықтан біз әхлул бәйіттерді сүюіміз керек, олардан соң сахабаларды сүюіміз керек, пайғамбарымыз ﷺ бұл жәйлы, «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم» (менің сахабаларым жұлдыздарға ұқсайды, олардың қайсысына ілессеңдер де, хидаятқа жетесіңдер) дейді, ол сахабаларын да осылай мадақтаған, ол оларды сүйеді, ол тағы, «кім менің сахабамды жек көрсе, мен де оны жек көремін, Алла ﷻ да оны жақсы көрмейді, оны қарғайды» дейді, бұл жәйлы хадистер көп кездеседі.
Сондықтан, әлхамдулилла, біз және барлық сопылық тәриқат осылай болған, олар пайғамбарымыз ﷺ ға ереді, біз ол сүйгенді сүйеміз, ол сүймегенді сүймейміз, біздің жолымыз міне осы, кім осы жолға ілессе алданбайды, себебі шайтан біресе ана жақтан, біресе мына жақтан келіп, мұсылмандар арасына бүлік салып, оларды әхлул бәйіттермен сахабаларға қарсы еткісі келеді, бірақ бұл біздің жол емес, біз бұндайды қаламаймыз. Себебі пайғамбарымыз ﷺ бұл жәйлы айтып кеткен, ол «бүлік-фитна болады, ол келеді және кетеді, біз ол күндерден алыс тұрмыз» деген еді, біз тек өзімізді бақылап, жақсы адам, салих жан болуға тырысалық, мұсылмандар ара бүлік жасамалық, ал мұсылмандар тура жолды әулиелермен және сопылық тәриқатпен сақтап келген. 41 сопылық тәриқат түгелдей пайғамбарымыз ﷺ ға әулие-машайықтар арқылы, сахабалар арқылы, әхлул бәйіттер арқылы, құлафа рәшидиндер арқылы жалғанып келген, барлық сопылық тәриқат күшті, анық, жеңілдетілген жол, қазір пайғамбарымыз ﷺ ның «ақырзаманда мұсылмандар ара бөлініп, жіктелу көп болады» деп, айтып кеткені дәл туылуда, олар 73 бөлекке бөлінеді, бірақ олардың тек біреуі ғана есендікте болады, қалған 72 бөлігі тозақтық, тек бір бөлігі жәннәттық болмақ. Адамдар болса, «олар кімдер?» деп сұрайды, ал пайғамбарымыз ﷺ, «олар әхлул сүннә уәл жамаға атанған ең үлкен топ және әсіресе тәриқаттағылар» дейді, демек тәриқаттағылар (сопылық жолдағылар) жолдан яғни пайғамбарымыз ﷺ ның жолынан шықпайды.
Бұл тәриқатта жәннәтқа жеткенге дейін нұр бар, иншалла, және ол кесілген жоқ, ол үзілмеді, әлхамдулилла, бірінен соң бірі келіп жатты, өз уақыты келгенде, Алла ﷻ ерекше адамдарды қойып, пайғамбарымыз ﷺ ның жол жалғастыртып келді, сондықтан әулие-машайықтар қайтыс болса, көптеген адамдар «енді қайттік? енді не болмақ?» деп, шатасып жатады, бірақ ... інім шайық Бахауди бірде қатты ауырып жатқан Мәуләнә Шайық Назым хазіреттен көңілсіздене, «(сіз кетсеңіз) не болады?» деп сұрайды, ал Мәуләнә оған, «алаң болма, мен осы жерге дейін тағайындалдым, жол осы жерден ары қарай тағы да жалғаса береді, ол үзілмейді» деп, жауап берді. Ол қияметке дейін бірінен соң бірі осылай жалғасады, иншалла, ол жалғаса береді, еш қорқыныш, еш көңілсіздік болмасын, біз мүмин болғандықтан, біреу қайтыс болса я өзіміз қайтыс болсақ, оған бола көңілсіз болмаймыз, біз олардың Алла Әззә Уә-Жәлләның илаһи құзіретіне бара жатқанын және оларды онда үлкен әулие-машайықтардың күтіп отырғанын білеміз. Онда еш қорқыныш жоқ, ал адамдар Алла Әззә Уә-Жәллә жолына ілесуі керек, бұл өте маңызды, әлхамдулилла, біз сіздерге ризамыз, машалла, барлығыңыз мақтайсыздар ... мен бұнда болғаныма ұялып тұрмын, мен бұл жұмыстағы осы орында болуды еш қаламадым, бірақ бізге осында болу міндет болып қалды, иншалла, Алла ﷻ сіздері берекелегей, тіпті де көп нұр, тіпті де күшті иман бергей, Алла ﷻ мен пайғамбарымыз ﷺ ның махаббатын тіпті де көптеп бергей, біздің тілегіміз міне осы, біз жақсылық тілейміз.
Сопылық тәриқаттағыларда іштарлық болмайды, оларда хасад жоқ, ешкімге дұшпандық жоқ, біз барша жаратылыстарды көрдік, барлық адамдар Алла ﷻ дың жаратылысы, иншалла, біз олар үшін, барша жаратылыс үшін хидаят және игілік сұраймыз, адам баласы үшін ең жақсы тілек сол, өзіміз айтып жүрген иман болмақ, ең жақсы, ең үлкен асыл осы иман, иман байлығынан асқан байлық жоқ. Алла Әззә Уә-Жәллә адамдардың қиямет күнінде осы бүкіл дүниені иман үшін ауыстырғысы келетіндігін айтуда, олар аман қалу үшін мәнчестір, лондон я англия ғана емес, бүкіл жер-әлемді қас-қағымда ойланбастан бере салғысы келеді, бірақ ол кезде шипа біткен кез еді, олар олай ете алмайды. Сондықтан біз «иман Алла ﷻ ның бізге берген ең асыл нәрсесі» деп айтамыз, біз өзгелердің де иманы бар болуын тілейміз, себебі біз жүрегімізде Алла ﷻ ның өте жомарт және Оның жәннәты қазіргіден жүзмың есе көп адам болса да, оған сятынын, адам қанша көп болса да, оның жетіп асатынын, өте көп орынның бар екендігін білеміз. Мүмкін пайғамбарымыз ﷺ ның шапағатына сенбейтіндер, «жәннәтқа адамдар көп кіріп кетсе, бізге орын қалмай қалады» деп, ойлайтын шығар, жоқ, жәннәт ондай емес, жәннәт ұқсамайды.
Біз әр жолы жер туралы айтсақ, адамдар «ол жер бос жатыр, жер емес, ашық дала еді, бірақ қазір қарасақ, ол жерлер үйге толып кеткен, ашық жатқан жер жоқ, ештеңе жоқ, бос жер қалмаған, адамдар келіп, өзенді құртты, орманды отады, ағаштарды жоқ қылды, олар олардың барлығын жоқ етпек, бізге еш жер қалмады» деп жатады, адамдар бұған әрдайым риза емес, бірақ жәннәтта бұндай іс болмас, Алла ﷻ жәннәтті өте үлкен етті, сіз оның қандай үлкен екендігін ойлап жете алмайсыз, сондықтан біз хасад, көре алмастық етпейміз, ештеңеден алаңдамаймыз. Адамдар «егер мына бүкіл дүние мұсылман болып кетсе, саған орын қалмай қалады» дейме, жоқ, олай емес, айтып өткеніміздей, мына дүниеден милион есе үлкен дүние келсе де, ондағы орын жетіп асады, Алла Әззә Уә-Жәлләның құдіреті соншалық, оны ойлауға ешкімнің ақылы жетпейді, оған ешбір салыстыру жүрмейді, бірақ біз бір хадис айтып көрелік, көбіміздің есімізде емес шығар, кейбір хадисты айтсақ, оны көп есімізге сақтай бермейміз, алайда кейбір адамдар бар, олар арнайы хадис үйренеді. Мәселен, «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ» (амалдар ниетке қарай) деген хадис бар, ал адамдар болса, «ол мынадан анаған, одан я бұдан келген ...» деп, санай бастайды, бұл хадис мұснад, демек ол пайғамбарымыз ﷺ ға жетеді, онда оны кімдер таратқаны жәйлы шежіре айтылған, ал манағы хадис үйренетіндер оның шежіресін кімнен және қалай келгенін жіліктеп, пайғамбарымыз ﷺ ға дейін таратып, айта алады, бұл бір ғана хадис. Ал кейбір ғұламалар бар, олар бір ғана хадистің емес, мыңдаған, 2 мың, 5 мың я 6 мың хадистің шежіресін осылай таратып айта алады, олар осындай күрделі нәрселерді біледі, таратушы адамдардың есімдерін атап, пайғамбарымыз ﷺ ға дейін тарата біледі.
Олар осындай қабілетті, міне осы адамдардың қабілетін ойлап жете алмайсыз, ал сонда Алла Әззә Уә-Жәлләны мына бүкіл дүниедегі қандай нәрселерге салыстырмақшысыз, мейлі әлемнен тыс болсын, бұнда я ақиретте болсын, әр жерде болсын, салыстыруға қайдан келсін! Сондықтан, біз Алла Әззә Уә-Жәлләның жолында болғандығымыз үшін қуанамыз. Біз құтырған адамдарға ұқсамаймыз, біз олар сияқты бұтқа я ағашқа құлшылық етпейміз, білмедім, олардың тағы не нәрселерге құлшылық етіп жатқанын, бірақ сүйте тұра, олар өздерін ақылды санайды, олардың сондай бірдеңелерді Жаратушы, Раб етіп алуы ақылға сыймайтын нәрсе, хаша! Алла ﷻ оларға да хидаят бергей, иншалла, Алла ﷻ жүректерімізді Алла махаббатына, пайғамбарымыз ﷺ ның махаббатына және Алла ﷻ дан келген хикіметке толтырғай, иншалла, біз сіздерге алғыс айтамыз, осында келдік, иншалла, міне бұл Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің берекесімен әулие-машайықтарымыздың құтынан еді. Кішкене күнімізде Дамашықтағы бір медіресеге бардық, ал біз ондағы өте ірі ғұлама, әулиелерден білім алдық, біздің Мәуләнә Шайық «олар Дамашықтағы өте тақуа адамдар, өте тақуа ғұламалар» деп, айтып отыратын, расында, олар нағыз тақуа ғұламалар еді, олар ешбір ақша алмайтын, ал қазір әр жерде мектепке барсаңыз, ақша алады, ол кезде, олар ақша алмайтын, тіпті бізге ай сайын, айлық беріп отыратын, бірақ олар «біз сендерден осы білімдерді таратудан басқа ештеңе сұрарымыз жоқ, бұл сендерге аманат, оны ел-жұртқа таратыңдар» деп, айтқан еді, әлхамдулилла, иншалла, біз бұнда азда болса, олардың өсиеттерін айтып өттік, Алла ﷻ оларды берекелегей, иншалла, біз олармен жәннәтта бірге боламыз, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: سوپىلىق ءتاريقات يسلامنىڭ جانى، يماننىڭ تىرەگى (2) (2025.02.08 / حيجرا 1446-جىل 09-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(United Kingdom، Manchester، Manchester Central Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) ءالحامدۋليللا، ءبىز ءشاريعاتتىڭ جۇرەگى بولعان سوپىلىق ءتاريقاتتامىز، بۇل كادىمگى دەنەڭىزدەگى جاعداي سياقتى، ول سوعان ۇقسايدى، ءبىز «ءشاريعات ۇقسامايدى، ءتاريقات (سوپىلىق) ۇقسامايدى» دەي المايمىز، جوق، سوپىلىق ءتاريقات - جۇرەك. پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ كەتكەندەي، «يسلام جانە يمان» دەگەن نارسە بار، يمان سول سوپىلىق ءتاريقاتتى بىلدىرەدى، يمان سوعان قاتىستى، دەمەك سوپىلىق ءتاريقات بولماسا، يمان دا بولمايدى، سەبەبى سوپىلىق ءتاريقات ەڭ اۋەلى ادام بولۋدى، سوسىن مۇسىلمان بولۋدى ۇيرەتەدى، ول الدىمەن ادام بولۋى كەرەك، سونان سوڭ ول مۇسىلمان بولا الادى. ولار ءبىرىنشى بولىپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ پايعامبارىمىز ﷺ دى ماداقتاپ ايتقان «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ» (جانە راسىندا، سەندە ەڭ ۇلى اقىلاق بار) (قۇران 68:04) دەگەن ءسوزىن ۇيرەتەدى، دەمەك جاقسى ادەپتى ۇيرەتەدى، مۇلتىكسىز كەمەل ادام، مۇلتىكسىز جان پايعامبارىمىز ﷺ، ال ەڭ ءبىرىنشى ىستەۋگە ءتيىستى ءىس نە؟ جاقسى مىنەزگە يە بولۋ، ونى ءبىز «ادەپ» دەپ اتايمىز، دەمەك ادەپ اسا ماڭىزدى. ادەپ مۇسىلماندار ءۇشىن وتە ماڭىزدى، وسى ادەپتى سوپىلىق ءتاريقات قانا ۇيرەتۋدە، ال باسقا جولداردا، «وندا ادەپ بار» دەپ، ويلايتىن شىعارسىز، ءبىراق بىردەڭە بولا قالسا، ولاردا جاقسى ادەپ، جاقسى يبا ۇشىپ كەتەدى، جوق بولادى، ورنىنا جامان ۇلگىلەر كەلەدى، مىنە بۇل سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ قۇلشىنىپ، تۇزەمەك بولىپ جۇرگەن نارسەنى، ول ادامداردى ءاردايىم ادەپتىلىك ۇستىندە ءومىر سۇرۋگە تاربيەلەيدى، مۇسىلماندار ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى ءىس ادەپ-يبا، ال وسى ادەپتى ۇيرەتەتىن ءمالىم ادام كەرەك.
سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرىپ جۇرگەندەر ءۇشىن ءالحامدۋليللا بولسىن، ال كەيدە ادەپتى بولىپ، كەيدە ادەپ ساقتاماي جۇرەتىن ادامدار بار، ءبىراق بۇنداي جاعدايدا بۇل ادامدار ەل-جۇرتتى سوپىلىق ءتاريقاتتان الىستاتقىسى كەلەتىن ادامداردىڭ قارماعىنا وڭاي تۇسەدى، ەگەر ولارعا ەرىپ، سوپىلىق ءتاريقاتتان الىستاپ كەتسەڭىز، يمانىڭىز السىرەيدى دە، ءشاريعاتتان دا الىستاپ كەتەتىن بولاسىز، ال يمان بولماسا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىنا ەرۋ قيىن بولماق. ءيا، مۇسىلمان بولارسىز، ءبىراق ماناعى ادامداردا پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شاپاعاتىنا سەنبەۋ دەگەن ەڭ سۇمدىق ءبىر ءىس بار، ولار «بىزگە ول كەرەك ەمەس، ءبىز ناماز وقىپ ءجۇرمىز عوي، ءبىز ...» دەيدى، ولاردىڭ كوبى قۇراندى جۇرەگىمەن جاتتاپ العان، ولار حاديستەردى بىلەدى، ءبىراق ولاردىڭ جۇرەكتەرىندە يمان جوق. ال ءبىزدىڭ ىستەمەكشى بولعان ءىسىمىز، ادامداردى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شاپاعاتىنا سەندىرۋ جانە ونىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇزىرەتىندەگى ءقادىر-قاسيەتىن ءبىلدىرۋ ەدى، ءالحامدۋليللا، اراپتاردان از عانا بار، ءالحامدۋليللا، تىنىمسىز ەڭبەك ەتەتىن ءمۇريتىمىز بار ەدى، ول ينتەرنەتتە ساباق جانە سۇحباتتار بەرەتىن، سونىڭ ناتيجەسىندە شاپاعاتقا، پايعامبارىمىز ﷺ عا وتە قارسى كەلەتىن 500 كىسى وزگەرىپ، كەرىسىنشە ونىڭ ەڭ جاقسى قورعاۋشىلارىنا اينالدى، ءالحامدۋليللا. سەبەبى ادام ءبىر نارسەنى دەن قويىپ، حيكىمەتپەن، دانالىقپەن ەستىسە، ول اقيقاتتى قابىل ەتەتىن بولادى، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شاپاعاتىن جوققا شىعارۋعا ەشقانداي جول جوق، ول مۇمكىن ەمەس.
ءاردايىم، مەن بۇل ادامداردىڭ پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ءقادىرىن بىلمەي تۇرىپ جانە ونىڭ شاپاعاتىن قابىل ەتپەي تۇرىپ، قالايشا «ءبىز - مۇسىلمانبىز» دەپ، جۇرگەنىن تۇسىنە المايمىن، بۇل شاپاعات بولماسا، ءسىز ءجانناتقا قايتىپ كىرمەكشىسىز؟ بۇلار بولماسا، 100 جىل ەمەس، ميليون جىل قۇلشىلىق ەتسەڭىز دە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ونىڭ ەش ءقادىرى، قۇنى بولمايدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونىڭ بۇل قۇلشىلىعىن الىپ، ولاردىڭ بەتىنە لاقتىرىپ جبىەرەتىن بولادى، «كۇت» دەلىنەر. ءبىر حاديس يا ءسوز بار ەمەسپە، وندا بىلاي دەلىنەر، ەگەر ءسىزدىڭ تانىڭىزدەگى كەزكەلگەن ءبولىمدى يا ورگان-مۇشەنى السا جانە ءسىز ونىڭ قۇنىن تولەتىپ الماق ءۇشىن 100 جىل كۇندىز-ءتۇنى تىنباي قۇلشىلىق ەتسەڭىز دە، ونى قايتارىپ الا المايسىز، ماسەلەن، ەگەر ءبىر كوزىڭىزدى الىپ كەتسە، ول ونىڭ قۇنىن تولەي المايدى، ال ىستەگەن قۇلشىلىعىڭىزدى، اللا ﷻ دىڭ سىزگە بەرگەنىنە سالىستىرىپ كورىڭىز. ءبىراق ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ مەن ءبىر بولساق، بارلىعى وڭايلاسادى، وسىلاي ەتىپ، شاپاعات سۇراڭىز، سوندا اللا ﷻ قابىل ەتەدى، ىستەگەن ىستەرىمىز ەشتەڭە ەمەس، بۇرىنعىلار بىزدەن جاقسى ىستەپ كەتكەن، بۇل كەزدە مەنەن جانە بارلىعىمىزدان باستاپ، قۇلشىلىعىمىزدىڭ ءسانى قالماي قالعان، قۇنى تۇسكەن، ماسەلەن، ءبىز قۇپتان وقيمىز، قۇنىتتى وقيمىز، ءبىراق ونى ۇمىتىپ كەتىپ، ساجدە-ساحۋ جاسايمىز، ءبىزدىڭ قۇلشىلىعىمىزدىڭ ءتۇرى وسى، ول ەشتەڭە ەمەس، ءبىراق وسى قۇلشىلىق-عيباداتىمىزبەن ءبىز قالايشا ماقتانىپ، تاكاپپارلانباقپىز! قايتىپ، «ءبىز مىنە وسىنداي كەرەمەت» دەمەكپىز! جوق، ولاي ەمەس.
ءبىراق ءبىز قۋانۋلىمىز، باقىتتىمىز، ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ دى سۇيەمىز، ول «ءاَلْمَرُْ مَعَ مَنْ أَحَبَّ» (ادام سۇيگەنىمەن بىرگە بولادى) دەيدى، مىنە بۇل جاقسى شۇيىنشىلەر، بارشا ادامدار ءۇشىن وتە جاقسى ءشۇيىنشى، ءۋاسۋاسۋا ەتپەڭىزدەر، سەبەبى كوپتەگەن ادامدار «مەن قالاي تاقۋا بولامىن؟» دەپ سۇرايدى، مەن بىلمەدىم، مۇمكىن ءسىز حالۋا (ءتاتتى) ەتەرسىز، ءالحامدۋليللا، تاقۋا بولۋىڭىز ءۇشىن پايعامبارىمىز ﷺ دى سۇيسەڭىز بولدى، وسى سىزگە جەتەدى، جانە ونىڭ ۇيرەتكەندەرىن ىستەڭىز، وسى جەتەدى، باسقا نارسەلەرگە قاراماڭىز. عيباداتىڭىزدا ءسىزدىڭ سالعان ەڭ كۇشتى نارسەڭىز وسى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ماحابباتى بولماق، ول ەشقاشان كەرى قايتارىلمايدى، ءبىز ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى ءىس مىنە وسى، ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ ءبىزدى وسى جولدا ەتتى، ءبىز تالەيلىمىز، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبىزدى وسىنداي حالدە ەتىپ جاراتتى، حاشا ءمينال ءحۇدىر، ايتپەسە، ول ءبىزدى باسقا جاراتىلىس ەتىپ تە جاراتا بەرەر ەدى، ول ءبىزدى باسقا جاراتىلىس ەتسە دە، لاجىڭىز جوق، ءبىراق ول ءبىزدى كاپىر، مۇشىرىك جانە پايعامبارىمىز ﷺ دى سۇيمەيتىندەردەن ەتپەدى، ودان ساقتاعاي، ءبىزدىڭ وسىنداي بولۋ مۇمكىنشىلىك تە بار بولعان. ءالحامدۋليللا، سوندىقتان ءبىز وسى جولىمىز ءۇشىن اللا ﷻ عا العىس ايتامىز، شۇكىر ەتەمىز، ول ءبىزدى وسى ورىنعا قويدى، ءبىز بۇندا پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ماحابباتى ءۇشىن، اللا ﷻ دىڭ ماحابباتى ءۇشىن، اۋليەلەردىڭ ماحابباتى ءۇشىن، ءاحلۋل بايىتتەردىڭ ماحابباتى ءۇشىن، ساحابالاردىڭ ماحابباتى ءۇشىن كەلدىك، وسىلار ءۇشىن جينالدىق، بۇنداعى وتە ماڭىزدى نارسە مىناۋ، دەمەك ءبىز اللا ﷻ دىڭ سۇيگەندەرىمەن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ سۇيگەندەرىن ءسۇيۋىمىز كەرەك. پايعامبارىمىز ﷺ ءاحلۋل بايىتتەرى حاقىندا، «مەن سەندەرگە سوڭىمنان ەكى نارسە قالدىردىم، ولار قۇران جانە ءاحلۋل ءبايىت» دەيدى، سوندىقتان ءبىز ءاحلۋل بايىتتەردى ءسۇيۋىمىز كەرەك، ولاردان سوڭ ساحابالاردى ءسۇيۋىمىز كەرەك، پايعامبارىمىز ﷺ بۇل ءجايلى، «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم» (مەنىڭ ساحابالارىم جۇلدىزدارعا ۇقسايدى، ولاردىڭ قايسىسىنا ىلەسسەڭدەر دە، حيداياتقا جەتەسىڭدەر) دەيدى، ول ساحابالارىن دا وسىلاي ماداقتاعان، ول ولاردى سۇيەدى، ول تاعى، «كىم مەنىڭ ساحابامدى جەك كورسە، مەن دە ونى جەك كورەمىن، اللا ﷻ دا ونى جاقسى كورمەيدى، ونى قارعايدى» دەيدى، بۇل ءجايلى حاديستەر كوپ كەزدەسەدى.
سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز جانە بارلىق سوپىلىق ءتاريقات وسىلاي بولعان، ولار پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرەدى، ءبىز ول سۇيگەندى سۇيەمىز، ول سۇيمەگەندى سۇيمەيمىز، ءبىزدىڭ جولىمىز مىنە وسى، كىم وسى جولعا ىلەسسە الدانبايدى، سەبەبى شايتان بىرەسە انا جاقتان، بىرەسە مىنا جاقتان كەلىپ، مۇسىلماندار اراسىنا بۇلىك سالىپ، ولاردى ءاحلۋل بايىتتەرمەن ساحابالارعا قارسى ەتكىسى كەلەدى، ءبىراق بۇل ءبىزدىڭ جول ەمەس، ءبىز بۇندايدى قالامايمىز. سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ بۇل ءجايلى ايتىپ كەتكەن، ول «بۇلىك-فيتنا بولادى، ول كەلەدى جانە كەتەدى، ءبىز ول كۇندەردەن الىس تۇرمىز» دەگەن ەدى، ءبىز تەك ءوزىمىزدى باقىلاپ، جاقسى ادام، ساليح جان بولۋعا تىرىسالىق، مۇسىلماندار ارا بۇلىك جاسامالىق، ال مۇسىلماندار تۋرا جولدى اۋليەلەرمەن جانە سوپىلىق تاريقاتپەن ساقتاپ كەلگەن. 41 سوپىلىق ءتاريقات تۇگەلدەي پايعامبارىمىز ﷺ عا اۋليە-ماشايىقتار ارقىلى، ساحابالار ارقىلى، ءاحلۋل بايىتتەر ارقىلى، قۇلافا راشيديندەر ارقىلى جالعانىپ كەلگەن، بارلىق سوپىلىق ءتاريقات كۇشتى، انىق، جەڭىلدەتىلگەن جول، ءقازىر پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ «اقىرزاماندا مۇسىلماندار ارا ءبولىنىپ، جىكتەلۋ كوپ بولادى» دەپ، ايتىپ كەتكەنى ءدال تۋىلۋدا، ولار 73 بولەككە بولىنەدى، ءبىراق ولاردىڭ تەك بىرەۋى عانا ەسەندىكتە بولادى، قالعان 72 بولىگى توزاقتىق، تەك ءبىر بولىگى ءجانناتتىق بولماق. ادامدار بولسا، «ولار كىمدەر؟» دەپ سۇرايدى، ال پايعامبارىمىز ﷺ، «ولار ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا اتانعان ەڭ ۇلكەن توپ جانە اسىرەسە ءتاريقاتتاعىلار» دەيدى، دەمەك ءتاريقاتتاعىلار (سوپىلىق جولداعىلار) جولدان ياعني پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىنان شىقپايدى.
بۇل ءتاريقاتتا ءجانناتقا جەتكەنگە دەيىن نۇر بار، ينشاللا، جانە ول كەسىلگەن جوق، ول ۇزىلمەدى، ءالحامدۋليللا، بىرىنەن سوڭ ءبىرى كەلىپ جاتتى، ءوز ۋاقىتى كەلگەندە، اللا ﷻ ەرەكشە ادامداردى قويىپ، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جول جالعاستىرتىپ كەلدى، سوندىقتان اۋليە-ماشايىقتار قايتىس بولسا، كوپتەگەن ادامدار «ەندى قايتتىك؟ ەندى نە بولماق؟» دەپ، شاتاسىپ جاتادى، ءبىراق ... ءىنىم شايىق باحاۋدي بىردە قاتتى اۋىرىپ جاتقان ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتەن كوڭىلسىزدەنە، «(ءسىز كەتسەڭىز) نە بولادى؟» دەپ سۇرايدى، ال ءماۋلانا وعان، «الاڭ بولما، مەن وسى جەرگە دەيىن تاعايىندالدىم، جول وسى جەردەن ارى قاراي تاعى دا جالعاسا بەرەدى، ول ۇزىلمەيدى» دەپ، جاۋاپ بەردى. ول قيامەتكە دەيىن بىرىنەن سوڭ ءبىرى وسىلاي جالعاسادى، ينشاللا، ول جالعاسا بەرەدى، ەش قورقىنىش، ەش كوڭىلسىزدىك بولماسىن، ءبىز ءمۇمين بولعاندىقتان، بىرەۋ قايتىس بولسا يا ءوزىمىز قايتىس بولساق، وعان بولا كوڭىلسىز بولمايمىز، ءبىز ولاردىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىنە بارا جاتقانىن جانە ولاردى وندا ۇلكەن اۋليە-ماشايىقتاردىڭ كۇتىپ وتىرعانىن بىلەمىز. وندا ەش قورقىنىش جوق، ال ادامدار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جولىنا ىلەسۋى كەرەك، بۇل وتە ماڭىزدى، ءالحامدۋليللا، ءبىز سىزدەرگە ريزامىز، ماشاللا، بارلىعىڭىز ماقتايسىزدار ... مەن بۇندا بولعانىما ۇيالىپ تۇرمىن، مەن بۇل جۇمىستاعى وسى ورىندا بولۋدى ەش قالامادىم، ءبىراق بىزگە وسىندا بولۋ مىندەت بولىپ قالدى، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەلەگەي، ءتىپتى دە كوپ نۇر، ءتىپتى دە كۇشتى يمان بەرگەي، اللا ﷻ مەن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ماحابباتىن ءتىپتى دە كوپتەپ بەرگەي، ءبىزدىڭ تىلەگىمىز مىنە وسى، ءبىز جاقسىلىق تىلەيمىز.
سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردا ءىشتارلىق بولمايدى، ولاردا حاساد جوق، ەشكىمگە دۇشپاندىق جوق، ءبىز بارشا جاراتىلىستاردى كوردىك، بارلىق ادامدار اللا ﷻ دىڭ جاراتىلىسى، ينشاللا، ءبىز ولار ءۇشىن، بارشا جاراتىلىس ءۇشىن حيدايات جانە يگىلىك سۇرايمىز، ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ جاقسى تىلەك سول، ءوزىمىز ايتىپ جۇرگەن يمان بولماق، ەڭ جاقسى، ەڭ ۇلكەن اسىل وسى يمان، يمان بايلىعىنان اسقان بايلىق جوق. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردىڭ قيامەت كۇنىندە وسى بۇكىل دۇنيەنى يمان ءۇشىن اۋىستىرعىسى كەلەتىندىگىن ايتۋدا، ولار امان قالۋ ءۇشىن مانچەستىر، لوندون يا انگليا عانا ەمەس، بۇكىل جەر-الەمدى قاس-قاعىمدا ويلانباستان بەرە سالعىسى كەلەدى، ءبىراق ول كەزدە شيپا بىتكەن كەز ەدى، ولار ولاي ەتە المايدى. سوندىقتان ءبىز «يمان اللا ﷻ نىڭ بىزگە بەرگەن ەڭ اسىل نارسەسى» دەپ ايتامىز، ءبىز وزگەلەردىڭ دە يمانى بار بولۋىن تىلەيمىز، سەبەبى ءبىز جۇرەگىمىزدە اللا ﷻ نىڭ وتە جومارت جانە ونىڭ ءجانناتى قازىرگىدەن ءجۇزمىڭ ەسە كوپ ادام بولسا دا، وعان سياتىنىن، ادام قانشا كوپ بولسا دا، ونىڭ جەتىپ اساتىنىن، وتە كوپ ورىننىڭ بار ەكەندىگىن بىلەمىز. مۇمكىن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شاپاعاتىنا سەنبەيتىندەر، «ءجانناتقا ادامدار كوپ كىرىپ كەتسە، بىزگە ورىن قالماي قالادى» دەپ، ويلايتىن شىعار، جوق، ءجاننات ونداي ەمەس، ءجاننات ۇقسامايدى.
ءبىز ءار جولى جەر تۋرالى ايتساق، ادامدار «ول جەر بوس جاتىر، جەر ەمەس، اشىق دالا ەدى، ءبىراق ءقازىر قاراساق، ول جەرلەر ۇيگە تولىپ كەتكەن، اشىق جاتقان جەر جوق، ەشتەڭە جوق، بوس جەر قالماعان، ادامدار كەلىپ، وزەندى قۇرتتى، ورماندى وتادى، اعاشتاردى جوق قىلدى، ولار ولاردىڭ بارلىعىن جوق ەتپەك، بىزگە ەش جەر قالمادى» دەپ جاتادى، ادامدار بۇعان ءاردايىم ريزا ەمەس، ءبىراق ءجانناتتا بۇنداي ءىس بولماس، اللا ﷻ ءجانناتتى وتە ۇلكەن ەتتى، ءسىز ونىڭ قانداي ۇلكەن ەكەندىگىن ويلاپ جەتە المايسىز، سوندىقتان ءبىز حاساد، كورە الماستىق ەتپەيمىز، ەشتەڭەدەن الاڭدامايمىز. ادامدار «ەگەر مىنا بۇكىل دۇنيە مۇسىلمان بولىپ كەتسە، ساعان ورىن قالماي قالادى» دەيمە، جوق، ولاي ەمەس، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مىنا دۇنيەدەن ميليون ەسە ۇلكەن دۇنيە كەلسە دە، ونداعى ورىن جەتىپ اسادى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇدىرەتى سونشالىق، ونى ويلاۋعا ەشكىمنىڭ اقىلى جەتپەيدى، وعان ەشبىر سالىستىرۋ جۇرمەيدى، ءبىراق ءبىز ءبىر حاديس ايتىپ كورەلىك، كوبىمىزدىڭ ەسىمىزدە ەمەس شىعار، كەيبىر حاديستى ايتساق، ونى كوپ ەسىمىزگە ساقتاي بەرمەيمىز، الايدا كەيبىر ادامدار بار، ولار ارنايى حاديس ۇيرەنەدى. ماسەلەن، «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ» (امالدار نيەتكە قاراي) دەگەن حاديس بار، ال ادامدار بولسا، «ول مىنادان اناعان، ودان يا بۇدان كەلگەن ...» دەپ، ساناي باستايدى، بۇل حاديس مۇسناد، دەمەك ول پايعامبارىمىز ﷺ عا جەتەدى، وندا ونى كىمدەر تاراتقانى ءجايلى شەجىرە ايتىلعان، ال ماناعى حاديس ۇيرەنەتىندەر ونىڭ شەجىرەسىن كىمنەن جانە قالاي كەلگەنىن جىلىكتەپ، پايعامبارىمىز ﷺ عا دەيىن تاراتىپ، ايتا الادى، بۇل ءبىر عانا حاديس. ال كەيبىر عۇلامالار بار، ولار ءبىر عانا ءحاديستىڭ ەمەس، مىڭداعان، 2 مىڭ، 5 مىڭ يا 6 مىڭ ءحاديستىڭ شەجىرەسىن وسىلاي تاراتىپ ايتا الادى، ولار وسىنداي كۇردەلى نارسەلەردى بىلەدى، تاراتۋشى ادامداردىڭ ەسىمدەرىن اتاپ، پايعامبارىمىز ﷺ عا دەيىن تاراتا بىلەدى.
ولار وسىنداي قابىلەتتى، مىنە وسى ادامداردىڭ قابىلەتىن ويلاپ جەتە المايسىز، ال سوندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى مىنا بۇكىل دۇنيەدەگى قانداي نارسەلەرگە سالىستىرماقشىسىز، مەيلى الەمنەن تىس بولسىن، بۇندا يا اقيرەتتە بولسىن، ءار جەردە بولسىن، سالىستىرۋعا قايدان كەلسىن! سوندىقتان، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولعاندىعىمىز ءۇشىن قۋانامىز. ءبىز قۇتىرعان ادامدارعا ۇقسامايمىز، ءبىز ولار سياقتى بۇتقا يا اعاشقا قۇلشىلىق ەتپەيمىز، بىلمەدىم، ولاردىڭ تاعى نە نارسەلەرگە قۇلشىلىق ەتىپ جاتقانىن، ءبىراق سۇيتە تۇرا، ولار وزدەرىن اقىلدى سانايدى، ولاردىڭ سونداي بىردەڭەلەردى جاراتۋشى، راب ەتىپ الۋى اقىلعا سىيمايتىن نارسە، حاشا! اللا ﷻ ولارعا دا حيدايات بەرگەي، ينشاللا، اللا ﷻ جۇرەكتەرىمىزدى اللا ماحابباتىنا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ماحابباتىنا جانە اللا ﷻ دان كەلگەن حيكىمەتكە تولتىرعاي، ينشاللا، ءبىز سىزدەرگە العىس ايتامىز، وسىندا كەلدىك، ينشاللا، مىنە بۇل ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ بەرەكەسىمەن اۋليە-ماشايىقتارىمىزدىڭ قۇتىنان ەدى. كىشكەنە كۇنىمىزدە داماشىقتاعى ءبىر مەدىرەسەگە باردىق، ال ءبىز ونداعى وتە ءىرى عۇلاما، اۋليەلەردەن ءبىلىم الدىق، ءبىزدىڭ ءماۋلانا شايىق «ولار داماشىقتاعى وتە تاقۋا ادامدار، وتە تاقۋا عۇلامالار» دەپ، ايتىپ وتىراتىن، راسىندا، ولار ناعىز تاقۋا عۇلامالار ەدى، ولار ەشبىر اقشا المايتىن، ال ءقازىر ءار جەردە مەكتەپكە بارساڭىز، اقشا الادى، ول كەزدە، ولار اقشا المايتىن، ءتىپتى بىزگە اي سايىن، ايلىق بەرىپ وتىراتىن، ءبىراق ولار «ءبىز سەندەردەن وسى بىلىمدەردى تاراتۋدان باسقا ەشتەڭە سۇرارىمىز جوق، بۇل سەندەرگە امانات، ونى ەل-جۇرتقا تاراتىڭدار» دەپ، ايتقان ەدى، ءالحامدۋليللا، ينشاللا، ءبىز بۇندا ازدا بولسا، ولاردىڭ وسيەتتەرىن ايتىپ وتتىك، اللا ﷻ ولاردى بەرەكەلەگەي، ينشاللا، ءبىز ولارمەن ءجانناتتا بىرگە بولامىز، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8070