ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ 'АЛЛАҒА ТЕЗ ЖЕТУДІҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ӘУЛИЕГЕ ЕРУ' ДЕЙДІ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8069
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ 'АЛЛАҒА ТЕЗ ЖЕТУДІҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ӘУЛИЕГЕ ЕРУ' ДЕЙДІ
мен әулиелерден медет сұраймын, қолдау сұраймын, әулие қолдаған адамды құртуға келмейді, ал әулиені кім қолдайды? әулиені пайғамбарымыз қолдайды, біліңіз, пайғамбарымыз қолдап, медет берген адам құрымайды, оны құрту мүмкін емес. Олар пайғамбарымызбен және Алламен бірге адамдар, сондықтан кім әулиемен бір бола алса, Аллаға жақын болады, Алламен бірге болады, осы дүниедегі ең қайырлы бір іс және Аллаға жақындаудың ең оңай жолы Алланың досы болған әулиемен бірге болу, себебі Аллаға жақын адамға жақын болсаңыз, сіз де Аллаға жақын боласыз. Пайғамбарымыз сахабасы хазірет Әлиге, 'Аллаға жетудің ең оңай жолы Алла досымен бірге болу' дейді. Себебі барлық саф дін, саф ислам, саф шәриғат-тәриқат, барша білім, әдеп, хикімет, кие, күшті иман барлығы осы Алла достарында яғни әулиелерінде болады, бұларды басқа ешкімнен таба алмайсыз, егер оларға таза ниетпен ерсеңіз, олардың осы шарапатынан сіз де үлес алып, Аллаға жақындай түсетін боласыз. Әрбір әулие - ғұлама, бірақ әрбір ғұлама әулие бола бермейді, ғұламаның білімі өзен болса, әулиенің білімі мұхит, сондықтан көптеген есті ғұламалар, 'әулие - теңіз, мен - бұлақпын' дейді, әулиеге үкім бермейді, өз әлін білетін білімді ғұламалар осындай болады. Алла әулиелерді пайғамбарымыздың үмбетіне 'қолдаушы медеткер болсын' деп жіберген, сондықтан олардың берекесімен мұсылмандарда ислам діні осы күнге дейін жалғасып келеді, ал әулиелері жоқ қауымдар пайғамбары кетісімен көп болмай адасып кеткен. Алайда қазіргі көптеген мұсылмандар шайтанның шәріне ілініп, әулиеге қарсы келетін кеселге кіріптар болды.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ
پايعامبارىمىز 'اللاعا تەز جەتۋدىڭ ەڭ وڭاي جولى اۋليەگە ەرۋ' دەيدى
مەن اۋليەلەردەن مەدەت سۇرايمىن، قولداۋ سۇرايمىن، اۋليە قولداعان ادامدى قۇرتۋعا كەلمەيدى، ال اۋليەنى كىم قولدايدى؟ اۋليەنى پايعامبارىمىز قولدايدى، ءبىلىڭىز، پايعامبارىمىز قولداپ، مەدەت بەرگەن ادام قۇرىمايدى، ونى قۇرتۋ مۇمكىن ەمەس. ولار پايعامبارىمىزبەن جانە اللامەن بىرگە ادامدار، سوندىقتان كىم اۋليەمەن ءبىر بولا السا، اللاعا جاقىن بولادى، اللامەن بىرگە بولادى، وسى دۇنيەدەگى ەڭ قايىرلى ءبىر ءىس جانە اللاعا جاقىنداۋدىڭ ەڭ وڭاي جولى اللانىڭ دوسى بولعان اۋليەمەن بىرگە بولۋ، سەبەبى اللاعا جاقىن ادامعا جاقىن بولساڭىز، ءسىز دە اللاعا جاقىن بولاسىز. پايعامبارىمىز ساحاباسى حازىرەت اليگە، 'اللاعا جەتۋدىڭ ەڭ وڭاي جولى اللا دوسىمەن بىرگە بولۋ' دەيدى. سەبەبى بارلىق ساف ءدىن، ساف يسلام، ساف ءشاريعات-ءتاريقات، بارشا ءبىلىم، ادەپ، حيكىمەت، كيە، كۇشتى يمان بارلىعى وسى اللا دوستارىندا ياعني اۋليەلەرىندە بولادى، بۇلاردى باسقا ەشكىمنەن تابا المايسىز، ەگەر ولارعا تازا نيەتپەن ەرسەڭىز، ولاردىڭ وسى شاراپاتىنان ءسىز دە ۇلەس الىپ، اللاعا جاقىنداي تۇسەتىن بولاسىز. ءاربىر اۋليە - عۇلاما، ءبىراق ءاربىر عۇلاما اۋليە بولا بەرمەيدى، عۇلامانىڭ ءبىلىمى وزەن بولسا، اۋليەنىڭ ءبىلىمى مۇحيت، سوندىقتان كوپتەگەن ەستى عۇلامالار، 'اۋليە - تەڭىز، مەن - بۇلاقپىن' دەيدى، اۋليەگە ۇكىم بەرمەيدى، ءوز ءالىن بىلەتىن ءبىلىمدى عۇلامالار وسىنداي بولادى. اللا اۋليەلەردى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتىنە 'قولداۋشى مەدەتكەر بولسىن' دەپ جىبەرگەن، سوندىقتان ولاردىڭ بەرەكەسىمەن مۇسىلمانداردا يسلام ءدىنى وسى كۇنگە دەيىن جالعاسىپ كەلەدى، ال اۋليەلەرى جوق قاۋىمدار پايعامبارى كەتىسىمەن كوپ بولماي اداسىپ كەتكەن. الايدا قازىرگى كوپتەگەن مۇسىلماندار شايتاننىڭ شارىنە ءىلىنىپ، اۋليەگە قارسى كەلەتىن كەسەلگە كىرىپتار بولدى.
- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8069