You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: сопылықта болмағандар көп істе Аллаға қарсы келеді (2025.01.28 / Хижра 1446-жыл 28-Ражаб)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8050
Сұхбат: сопылықта болмағандар көп істе Аллаға қарсы келеді (2025.01.28 / Хижра 1446-жыл 28-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Ағузубиллахи минаш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «ٱللَّهُ خَـٰلِقُ كُلِّ شَىْءٍۢ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍۢ وَكِيلٌۭ» (барлығын жаратушы Алла, және Ол бүкіл нәрселерді сақтап, ұстап тұрушы) (құран 39:62). Сопылық тәриқаттың басты үйрететіні әдеп, демек кім сопылыққа қосылса, әдеп үйренетін болады, ал ең бірінші әдепті біз кімге көрсетуіміз керек? ол Алла Әззә Уә-Жәлләға болуы керек, барлығын жаратушы Алла Әззә Уә-Жәллә, Ол барлығына, әрбірімізге, демек адам, жанды, жансыз, нәсекомдар болсын барлығына өмір сыйлаушы, бүкіл әлем Оның құдіретімен жаралды, барлығы Оған тән. «الملك لله», Алла Әззә Уә-Жәллә Мәлік Әл-Мүлік, мүлдем Ие Болушы, сондықтан сопылық тәриқат әдебі Алла Әззә Уә-Жәлләға арналуы керек, барлығы Алла Әззә Уә-Жәлләдан келетіндігін біліп, Оған қарсы келмеуіміз керек, қарсы келу шайтанның ісі-дүр, оның жолында жүргендер қарсы келгіш келеді, олар барлығына қарсы, жақсы-жаман барлығына қарсы, олар ештеңені ұнатпайды, барлығына қарсы келеді. Олардың кейбірі яғни сопылық тәриқатта еместер Алла Әззә Уә-Жәлләның ісіне араласады, олар «не үшін Алла Әззә Уә-Жәллә зұлымдыққа қарсы келмеді? Оның онымен мәселесі жоқ екен» дейді, бірақ сіз біліңіз, Алла Әззә Уә-Жәлләның мына дүниесі жәннәт емес, бұл дүние сынақтар алаңы.

Бұнда не түрлі істер туыла береді, Алла ﷻ бізді панасына алғай, мүминдер Алла Әззә Уә-Жәлләға жалынып, Оның өздерін қорғауын сұрауы керек, әйтпесе, іс оңды болмас, мүмкін сіз өз қалағаныңызша қарсы келерсіз, бірақ сізге барлығы тек Алла ﷻ дың рахымымен келеді, сіз дұға жасап, Алла ﷻ дың өзіңізді қорғауын сұрауыңыз керек. Ал Алла ﷻ ға қарсы келсек, ештеңе оңалмайды, орнына түспейді, «мынау жақсы істейді, анау жаман істейді» деп, біреуге сеніп қалмаңыз, тек Алла Әззә Уә-Жәлләға сеніңіз, барлығын Алла ﷻ қалауымен және құдіретімен істейді, Алла Әззә Уә-Жәллә барлығынан құдіретті, Ол қиынды оңайлатады, барша бәле-қала, сұмдықтардан қорғаушы, барлығын істеуші Алла Әззә Уә-Жәллә. Міне бұл сопылық тәриқаттың ең негізі, ал сопылық тәриқатта болмағандар, тіпті мұсылман бола тұра, ұдайы ана-мына қарсылықтар қылып, түрлі істерді істейді, бірақ бұл еш пайда әкелмес, сондықтан сіз Алла Әззә Уә-Жәлләның қалауын қабыл етуіңіз керек. Айтып өткеніміздей, Алла Әззә Уә-Жәлләға әдеппен жалбарына, «біз әлсізбіз, бізді сынамаңызшы, бұл дүние сынақ дүниесі, сонда да бізге ихсаныңызбен мәміле жасаңызшы, қиын істерді оңай етіңізші, бізге ешқандай сынақ болмаса екен, иншалла» деп айтыңыз, біздің дұға міне осы, иншалла, Алла ﷻ баршамызға жәрдем еткей.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8050