СОПЫЛАРДАН ҚАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ СӨЗДЕР

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8046
СОПЫЛАРДАН ҚАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ СӨЗДЕР
- жарнама кімге керек? сіз білесіз бе, құны жоқ адамдар өздерін жарнамалағыш келеді.
- жүрегіңіз Алланы зікірлеумен, ал қолыңыз жұмыспен қарбалас болсын.
- егер біреу бүкіл елді хидаятқа бастаса, бірақ өзін хидаятқа бастай алмаса, оның бұл ісінен оған пайда жоқ.
- Алла алдында адам жақсы амал және ибалы әдебімен артық.
- тек білім құтқара алмайды, оған әдепті қосыңыз, ал әдеп болса, аз біліммен де құтылуға болады.
- ібліс шайтан құранды қамтыған 4 қасиетті кітапты өте жақсы біледі, ол сонда да хидаят таба алмады, себебі ол Адам атамызды пір тұтқысы келмей тәкаппарланды.
- білімділік дегеніміз білімді білу және оған амал ету, тек білім білумен шектелу білімділік емес, ол жәй мәлімет сақтау.
- хат танымау надандық емес, Алланы танымау надандық, ал қазіргі заман хат танитын, бәрін білетін надандарға толған заман.
- ібліс Жебірейіл періште сияқты дәрежеге жетіп, әзезіл атанған еді, ол білімнен кетпеді, бірақ әдептен кетіп, шайтан болды, сондықтан ислам 'білімнен бұрын әдеп келсін' дейді.
- біреу дүниенің қыр-сырын білетін асқан білімді болғанымен, Алланы танымаса, оның шайтаннан еш парқы болмайды.
سوپىلاردان قالعان تاعىلىمدى سوزدەر
- جارناما كىمگە كەرەك؟ ءسىز بىلەسىز بە، قۇنى جوق ادامدار وزدەرىن جارنامالاعىش كەلەدى.
- جۇرەگىڭىز اللانى زىكىرلەۋمەن، ال قولىڭىز جۇمىسپەن قاربالاس بولسىن.
- ەگەر بىرەۋ بۇكىل ەلدى حيداياتقا باستاسا، ءبىراق ءوزىن حيداياتقا باستاي الماسا، ونىڭ بۇل ىسىنەن وعان پايدا جوق.
- اللا الدىندا ادام جاقسى امال جانە يبالى ادەبىمەن ارتىق.
- تەك ءبىلىم قۇتقارا المايدى، وعان ادەپتى قوسىڭىز، ال ادەپ بولسا، از بىلىممەن دە قۇتىلۋعا بولادى.
- ءىبلىس شايتان قۇراندى قامتىعان 4 قاسيەتتى كىتاپتى وتە جاقسى بىلەدى، ول سوندا دا حيدايات تابا المادى، سەبەبى ول ادام اتامىزدى ءپىر تۇتقىسى كەلمەي تاكاپپارلاندى.
- بىلىمدىلىك دەگەنىمىز ءبىلىمدى ءبىلۋ جانە وعان امال ەتۋ، تەك ءبىلىم بىلۋمەن شەكتەلۋ بىلىمدىلىك ەمەس، ول ءجاي مالىمەت ساقتاۋ.
- حات تانىماۋ ناداندىق ەمەس، اللانى تانىماۋ ناداندىق، ال قازىرگى زامان حات تانيتىن، ءبارىن بىلەتىن ناداندارعا تولعان زامان.
- ءىبلىس جەبىرەيىل پەرىشتە سياقتى دارەجەگە جەتىپ، ازەزىل اتانعان ەدى، ول بىلىمنەن كەتپەدى، ءبىراق ادەپتەن كەتىپ، شايتان بولدى، سوندىقتان يسلام 'بىلىمنەن بۇرىن ادەپ كەلسىن' دەيدى.
- بىرەۋ دۇنيەنىڭ قىر-سىرىن بىلەتىن اسقان ءبىلىمدى بولعانىمەن، اللانى تانىماسا، ونىڭ شايتاننان ەش پارقى بولمايدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8046