ЖАУҒАН ҚАРҒА ҚАРАУДА ЗОР РУХАНИ ШИФА ЖӘНЕ МОЛ САУАП БАР
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7919
ЖАУҒАН ҚАРҒА ҚАРАУДА ЗОР РУХАНИ ШИФА ЖӘНЕ МОЛ САУАП БАР
қар жауғанда әр жапырақ қарды бір періште алып түседі әрі бұл періштелер әкелген қары еріп кеткенше, онымен бірге болады, сондықтан қар жауғанда жер-көк осындай періштелерге толып кетеді. Ал бұл періштелер бар жерде ерекше тыныштық орнап, оны жүрегі таза адамдар сезіне алады, олар бір ғажап тыныштық хәліне енеді, көңілі кеңіп, тілсім сезімдерге бөленеді, жаны жәй табады. Бұл ғана емес, қараға қарауда да зор игліктер бар яғни қарға қарау манағы періштелерге қарауға ұқсайды, ол адам бойын теріс энергиядан тазартады, рухани күш сыйлайды. Тіпті қарға қарап сауап табуға да болады, егер сіз қарға қарап, 'сүбіхан-Аллаһ' десеңіз, сіздің көру аяңыздағы қарды алып келген барша періштелердің Аллаға айтқан тәсбих-зікірлері сіздің атыңызға жазылатын болады. Демек сіз қарға таңдана қарап, 'сүбіхан-Аллаһ' деу арқылы осы қарды жаратқан және жаудырған ұлық Аллаға мадақ айтасыз, ал осы үшін Алла сізге манағы үлкен сауаптарды сыйлайды. Періштелердің бұл зікірлері сізге Алланың құт-берекесін ала келеді, маңыздысы ақиретте олар сіздің амал дәптеріңізде болады. Мәлім өңірге қыс болғанда қар өз уақытында жақсы жауса, бұл ол араға Алла рахымының түсіп тұрғанын білдіреді. Ал бір жерге жаңбыр я қар өз уақытында жаумаса немесе мөлшерден тыс жауып, апат әкелсе, олар жаза үшін жіберілген болады. әсіресе осы ақырзаманда осылай, себебі пайғамбарымыз 'ақырзаманда туылған бала қыңыр келер, ал жауған жаңбыр жаза болып тиер' дейді, себебі ақырзаманда адамдар Алла жолында дұрыс жүрмейтіндіктен, жаза ретінде балалары қыңыр болады, ал жауған жауынмен қар да оларға рахым түрінде емес, жаза түрінде келеді.
جاۋعان قارعا قاراۋدا زور رۋحاني شيفا جانە مول ساۋاپ بار
قار جاۋعاندا ءار جاپىراق قاردى ءبىر پەرىشتە الىپ تۇسەدى ءارى بۇل پەرىشتەلەر اكەلگەن قارى ەرىپ كەتكەنشە، ونىمەن بىرگە بولادى، سوندىقتان قار جاۋعاندا جەر-كوك وسىنداي پەرىشتەلەرگە تولىپ كەتەدى. ال بۇل پەرىشتەلەر بار جەردە ەرەكشە تىنىشتىق ورناپ، ونى جۇرەگى تازا ادامدار سەزىنە الادى، ولار ءبىر عاجاپ تىنىشتىق حالىنە ەنەدى، كوڭىلى كەڭىپ، ءتىلسىم سەزىمدەرگە بولەنەدى، جانى ءجاي تابادى. بۇل عانا ەمەس، قاراعا قاراۋدا دا زور يگلىكتەر بار ياعني قارعا قاراۋ ماناعى پەرىشتەلەرگە قاراۋعا ۇقسايدى، ول ادام بويىن تەرىس ەنەرگيادان تازارتادى، رۋحاني كۇش سىيلايدى. ءتىپتى قارعا قاراپ ساۋاپ تابۋعا دا بولادى، ەگەر ءسىز قارعا قاراپ، 'ءسۇبىحان-اللاھ' دەسەڭىز، ءسىزدىڭ كورۋ اياڭىزداعى قاردى الىپ كەلگەن بارشا پەرىشتەلەردىڭ اللاعا ايتقان ءتاسبيح-زىكىرلەرى ءسىزدىڭ اتىڭىزعا جازىلاتىن بولادى. دەمەك ءسىز قارعا تاڭدانا قاراپ، 'ءسۇبىحان-اللاھ' دەۋ ارقىلى وسى قاردى جاراتقان جانە جاۋدىرعان ۇلىق اللاعا ماداق ايتاسىز، ال وسى ءۇشىن اللا سىزگە ماناعى ۇلكەن ساۋاپتاردى سىيلايدى. پەرىشتەلەردىڭ بۇل زىكىرلەرى سىزگە اللانىڭ قۇت-بەرەكەسىن الا كەلەدى، ماڭىزدىسى اقيرەتتە ولار ءسىزدىڭ امال داپتەرىڭىزدە بولادى. ءمالىم وڭىرگە قىس بولعاندا قار ءوز ۋاقىتىندا جاقسى جاۋسا، بۇل ول اراعا اللا راحىمىنىڭ ءتۇسىپ تۇرعانىن بىلدىرەدى. ال ءبىر جەرگە جاڭبىر يا قار ءوز ۋاقىتىندا جاۋماسا نەمەسە مولشەردەن تىس جاۋىپ، اپات اكەلسە، ولار جازا ءۇشىن جىبەرىلگەن بولادى. اسىرەسە وسى اقىرزاماندا وسىلاي، سەبەبى پايعامبارىمىز 'اقىرزاماندا تۋىلعان بالا قىڭىر كەلەر، ال جاۋعان جاڭبىر جازا بولىپ تيەر' دەيدى، سەبەبى اقىرزاماندا ادامدار اللا جولىندا دۇرىس جۇرمەيتىندىكتەن، جازا رەتىندە بالالارى قىڭىر بولادى، ال جاۋعان جاۋىنمەن قار دا ولارعا راحىم تۇرىندە ەمەس، جازا تۇرىندە كەلەدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7919