Сұхбат: ел хақысын жеу, ел алдау - нағыз ақымақтық (2) (2024.11.20 / Хижра 1446-жыл 18-Жұмада Әл-Ауал)
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7918
Сұхбат: ел хақысын жеу, ел алдау - нағыз ақымақтық (2) (2024.11.20 / Хижра 1446-жыл 18-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Cyprus, Famagusta-да айтылған сұхбат) Біздің сопылық тәриқатымыз сұхбатқа негізделген, сонда жақсы жамағат қалыптасады, оның мақсаты міне осы, ал мақсат Алла ﷻ ризалығы үшін, иншалла, жиналысымыз Алла ﷻ дың сүйікті жиналыстарынан, иншалла, ол әрине солай, себебі біз барлығымыз бұнда Алла ﷻ ризалығы үшін келіп отырмыз, және сіздер бұнда осы махаббатпен келдіңіздер, ол мәңгі баянды болғай, иншалла. Онсыз да сіздер аптасына бір рет жиналасыздар, бұл жиналысты еш қалдырып қоймауға көңіл бөліңіз, бір апта бара алмасаңыз, екінші аптасы барыңыз, сонда да бара алмасаңыз, үшінші аптасы барыңыз, оның сауабынан игіліктеніңіз, онда асылдар бар, онда өмірде ие болуға тиісті өте бағалы нәрселер бар, демек қазіргі осы жиналысымыз да сондай бағалы, оны ештеңеге салыстыруға келмейді. Сондықтан әр аптада бір рет зікірге қатысып тұрыңыз, ертең бейсенбі болып, қатмул қоуажан зікірі жасалады. Айтып өткеніміздей, бір апта қатыса алмасаңыз, екі аптада бір қатысыңыз, кемінде үш аптада бір рет қатысып тұрса да, оның пайдасы көп, егер оны сақтай алмаса, үш аптадан соң да келе алмаса, ол ендігәрі келмейтін болады, келгісі келмейтін болады, сондықтан сіз нәпсіңізді бұзу үшін осындай сұхбаттармен зікірлерге қатысып тұрыңыздар.
Шүкір-Алла, бұл жер мұсылман мемлекеті, әр жерінде мұсылмандар өріп жүр, бұл жер өткен ата-бабаларымыздың жері, христандардың жері емес, Кипір Османлылардың жері, онда солтүстік-өңтүстік деген нәрсе жоқ, барлығы ұқсас, екеуі де исламның топырағы, сондықтан біз осыған көңіл бөлелік, біз ата-бабаларымыздың мұра-мирастарына қатты сақ болуымыз керек, ол мұраларды ақымақ ысырапшылдар сияқты тастап кетпелік, ысырапшылдар дегеніміз әкесінен мұра еткен нәрселерді ысырап етіп, бес күнде жоқ қылып жіберетін адамдар, себебі олар еш қиыншылық көрмеді, қиындықтарға дөп келмеді.
Ата-бабаларымыз осы жерлерді алғанда қандарын төкті, аш жүрді, шөлдеді, барша қиындық атаулыны бастан кешірді, олар бұл жерлерді Алла ﷻ ризалығы үшін жаулап алды, бұл араға киелі адамдар келді, дерга, мешіт, мақам және басқа әртүрлі нәрселер салды. Олар уақф салды, уақфтың түрі көп, сенім хатта айтылған іс-амалдар атқарылуы керек, мәселен, осы берекелі жер бір уақф, «бұл менің жерім, мен оны Алла ﷻ ризалығы үшін мешіт, дерга, тамақхана, медіресе және адамдарға көмектесетін жер ретінде істетуге бердім» деп жазылады, онда «осындай шамадағы жер, бәлен аула, түгілен метір жер беріледі» деп, барлығы жазылады. Ертедегі адамдар ықыласты, ыждағатты болған, қазіргілерге ұқсамаған, олар «біз осы жерді Алла ﷻ ризалығы үшін қияметке дейін уақф еттік» деп айтып кеткен, және онда олар олардың осындай қалауына қарсы келген адамдарға Алла ﷻ дың қарғысы болуын шарт еткен, көптеген уақфтарға осындай нәрсе айтылады, бірақ тағы басқа түрдегі уақфтар бар болып, оларды ниеттеріне қарай сатуға немесе басқа нәрселерге айырбастауға болады, осындай ұқсамайтын түрлеі бар. Бірақ Ыстанбулдағы Аясофия сияқты жерлер аманат сеніммен жазылып кеткен уақфқа жатады, оның уақфын Сәйдина Сұлтан Фатих өзі жазды және оны төледі, ал оны көп жылдар бойы мүзейге айналдырып жібергендер, расында қарғысталғандар.
Сондықтан адамдар ұдайы «бізге бале-қалалар қайдан келді?» деп сұрайды, ал бәле-қалалар қарғыстан келеді, қарғысталған адам ең сорақы адам, қарғыс жамандық әкеледі, одан құтылудың жолы сол, қазіргі істеп жатқан жаман нәрселеріңізді тастау, ал егер оны істемек болдыңыз, бірақ оны тастай алмадыңыз? егер оны қоя алмасаңыз, сіз қарғысқа ұшырайтын боласыз, басқалар да қарғысқа ұшырайды, Алла ﷻ бізді сақтағай. Бұл маңызды нәрсе, бірақ адамдар оған көп көңіл бөлмейді, олар «ол уақф, оның пайдасын көрелік, ол неге кедейлерге берілуі керек? олардан көрі біз жесек жақсырақ, оларға ауыз тигізбелік, олар жемесін, өлсін, біз өзіміз желік» дер, алайда біз Алла ﷻ ға шүкірлік етеміз, олардың тапқаны өздеріне жетеді, барлығына жетеді, ол расында мол. Әдетте кедейлердің ештеңесі болмайды, ал манағылар олардың хақысын алып кетті, сондықтан олар іш жағынан бастап толған ауру, олар айналасындағыларға да залал әкеледі, қарғыс түскен кезде, шашырай тарайды, кәдімгі рахым келгендей келеді, ол айналадағы барлық адамды, достарды, таныстарды шарпиды, демек бұл қарғыстар барлығына тиеді.
Біз тұрған мына жер сол киелі адамдардың берген қайырымдылығының оннан біріне де жетпейді, олар барлығын істеп кеткен, қыңыр адамдар олардың қабырларын ашып, кәпірлер де істемейтін істерді істеді, оларды лақтырып жіберді. Осыдан 40-50 жыл бұрын олар олардың бас қаңқа сүйектерін доп қылып ойнады, осындай нәрселерге олар маңыздылық танытпағандықтан, бұл жерлерде береке қалмады, бірақ Алла ﷻ ға шүкірліктер болсын, бұл жер мұсылман жерлер, маңыздысы міне осы. Алла ﷻ рұхсатында, олардың кеткен хақылары болашақта төленетін болады, Мәхди әлейхис салам келгенде, ол хақылары кеткендердің ұқықтарын әділдікпен алып береді, барлық қате болған істер түзетілетін болады. Шүкір-Алла, ол уақыт жақын, бұл дүние зұлымдықтың шыңына жетті, ал дүние шыңына жеткенде, ол бітетін болады, ол да ақырына жетеді, сонымен оның шаруасы бітеді, ол бітуге тым таяу, иншалла, көп болмай зұлымдық мына дүниеден кететін болады, Алла ﷻ дың діні айқындалады, әділдік, жақсылық және сұлулық әр жерге тарайтын болады, иншалла, Алла ﷻ бізді сол күндерге жеткізгей, Алла ﷻ мешіттермен мүминдердің санын арттыра бергей.
Алла ﷻ адамдарға ақыл және хидаят бергей, кісі хақысын алғандар нағыз топас адамдар, зұлымдық қылғандар нағыз надандар, себебі олар оны төлейтін болады, егер сіз оған бола тартатын жазаны көрсеңіз, олардың істегенін істемес едіңіз, зұлымдық жасап, ел хақысын алмас едіңіз, ешкімді қинамас едіңіз, демек сіз еш жамандық істемейсіз және ешкімге жамандық қылмайсыз. Кім жамандық істесе, ол ақымақ-дүр, Алла ﷻ бізге ақыл және түсінік бегей, иншалла, Алла ﷻ біздің ақылымызды алжастырмағай, кейде адамдар алжасып, мәлім істер туылады және олар адам алдайды, ал ең үлкен алдамшы шайтан, ол адамдарды алдайды, құртады, сосын кетіп қалады. Алла ﷻ бізді оның жамандығынан сақтағай, біліп я білмей өзгелердің хақысын алғаннан сақтағай, иншалла, Алла ﷻ баршамызды кешіргей.
Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ەل حاقىسىن جەۋ، ەل الداۋ - ناعىز اقىماقتىق (2) (2024.11.20 / حيجرا 1446-جىل 18-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Cyprus، Famagusta-دا ايتىلعان سۇحبات) ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقاتىمىز سۇحباتقا نەگىزدەلگەن، سوندا جاقسى جاماعات قالىپتاسادى، ونىڭ ماقساتى مىنە وسى، ال ماقسات اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن، ينشاللا، جينالىسىمىز اللا ﷻ دىڭ سۇيىكتى جينالىستارىنان، ينشاللا، ول ارينە سولاي، سەبەبى ءبىز بارلىعىمىز بۇندا اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن كەلىپ وتىرمىز، جانە سىزدەر بۇندا وسى ماحابباتپەن كەلدىڭىزدەر، ول ماڭگى باياندى بولعاي، ينشاللا. ونسىز دا سىزدەر اپتاسىنا ءبىر رەت جينالاسىزدار، بۇل جينالىستى ەش قالدىرىپ قويماۋعا كوڭىل ءبولىڭىز، ءبىر اپتا بارا الماساڭىز، ەكىنشى اپتاسى بارىڭىز، سوندا دا بارا الماساڭىز، ءۇشىنشى اپتاسى بارىڭىز، ونىڭ ساۋابىنان يگىلىكتەنىڭىز، وندا اسىلدار بار، وندا ومىردە يە بولۋعا ءتيىستى وتە باعالى نارسەلەر بار، دەمەك قازىرگى وسى جينالىسىمىز دا سونداي باعالى، ونى ەشتەڭەگە سالىستىرۋعا كەلمەيدى. سوندىقتان ءار اپتادا ءبىر رەت زىكىرگە قاتىسىپ تۇرىڭىز، ەرتەڭ بەيسەنبى بولىپ، قاتمۋل قوۋاجان زىكىرى جاسالادى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىر اپتا قاتىسا الماساڭىز، ەكى اپتادا ءبىر قاتىسىڭىز، كەمىندە ءۇش اپتادا ءبىر رەت قاتىسىپ تۇرسا دا، ونىڭ پايداسى كوپ، ەگەر ونى ساقتاي الماسا، ءۇش اپتادان سوڭ دا كەلە الماسا، ول ەندىگارى كەلمەيتىن بولادى، كەلگىسى كەلمەيتىن بولادى، سوندىقتان ءسىز ءناپسىڭىزدى بۇزۋ ءۇشىن وسىنداي سۇحباتتارمەن زىكىرلەرگە قاتىسىپ تۇرىڭىزدار.
شۇكىر-اللا، بۇل جەر مۇسىلمان مەملەكەتى، ءار جەرىندە مۇسىلماندار ءورىپ ءجۇر، بۇل جەر وتكەن اتا-بابالارىمىزدىڭ جەرى، حريستانداردىڭ جەرى ەمەس، كيپىر وسمانلىلاردىڭ جەرى، وندا سولتۇستىك-وڭتۇستىك دەگەن نارسە جوق، بارلىعى ۇقساس، ەكەۋى دە يسلامنىڭ توپىراعى، سوندىقتان ءبىز وسىعان كوڭىل بولەلىك، ءبىز اتا-بابالارىمىزدىڭ مۇرا-ميراستارىنا قاتتى ساق بولۋىمىز كەرەك، ول مۇرالاردى اقىماق ىسىراپشىلدار سياقتى تاستاپ كەتپەلىك، ىسىراپشىلدار دەگەنىمىز اكەسىنەن مۇرا ەتكەن نارسەلەردى ىسىراپ ەتىپ، بەس كۇندە جوق قىلىپ جىبەرەتىن ادامدار، سەبەبى ولار ەش قيىنشىلىق كورمەدى، قيىندىقتارعا ءدوپ كەلمەدى.
اتا-بابالارىمىز وسى جەرلەردى العاندا قاندارىن توكتى، اش ءجۇردى، شولدەدى، بارشا قيىندىق اتاۋلىنى باستان كەشىردى، ولار بۇل جەرلەردى اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن جاۋلاپ الدى، بۇل اراعا كيەلى ادامدار كەلدى، دەرگا، مەشىت، ماقام جانە باسقا ءارتۇرلى نارسەلەر سالدى. ولار ۋاقف سالدى، ۋاقفتىڭ ءتۇرى كوپ، سەنىم حاتتا ايتىلعان ءىس-امالدار اتقارىلۋى كەرەك، ماسەلەن، وسى بەرەكەلى جەر ءبىر ۋاقف، «بۇل مەنىڭ جەرىم، مەن ونى اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن مەشىت، دەرگا، تاماقحانا، مەدىرەسە جانە ادامدارعا كومەكتەسەتىن جەر رەتىندە ىستەتۋگە بەردىم» دەپ جازىلادى، وندا «وسىنداي شاماداعى جەر، بالەن اۋلا، تۇگىلەن مەتىر جەر بەرىلەدى» دەپ، بارلىعى جازىلادى. ەرتەدەگى ادامدار ىقىلاستى، ىجداعاتتى بولعان، قازىرگىلەرگە ۇقساماعان، ولار «ءبىز وسى جەردى اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن قيامەتكە دەيىن ۋاقف ەتتىك» دەپ ايتىپ كەتكەن، جانە وندا ولار ولاردىڭ وسىنداي قالاۋىنا قارسى كەلگەن ادامدارعا اللا ﷻ دىڭ قارعىسى بولۋىن شارت ەتكەن، كوپتەگەن ۋاقفتارعا وسىنداي نارسە ايتىلادى، ءبىراق تاعى باسقا تۇردەگى ۋاقفتار بار بولىپ، ولاردى نيەتتەرىنە قاراي ساتۋعا نەمەسە باسقا نارسەلەرگە ايىرباستاۋعا بولادى، وسىنداي ۇقسامايتىن تۇرلەى بار. ءبىراق ىستانبۋلداعى اياسوفيا سياقتى جەرلەر امانات سەنىممەن جازىلىپ كەتكەن ۋاقفقا جاتادى، ونىڭ ۋاقفىن ءسايدينا سۇلتان فاتيح ءوزى جازدى جانە ونى تولەدى، ال ونى كوپ جىلدار بويى مۇزەيگە اينالدىرىپ جىبەرگەندەر، راسىندا قارعىستالعاندار.
سوندىقتان ادامدار ۇدايى «بىزگە بالە-قالالار قايدان كەلدى؟» دەپ سۇرايدى، ال بالە-قالالار قارعىستان كەلەدى، قارعىستالعان ادام ەڭ سوراقى ادام، قارعىس جاماندىق اكەلەدى، ودان قۇتىلۋدىڭ جولى سول، قازىرگى ىستەپ جاتقان جامان نارسەلەرىڭىزدى تاستاۋ، ال ەگەر ونى ىستەمەك بولدىڭىز، ءبىراق ونى تاستاي المادىڭىز؟ ەگەر ونى قويا الماساڭىز، ءسىز قارعىسقا ۇشىرايتىن بولاسىز، باسقالار دا قارعىسقا ۇشىرايدى، اللا ﷻ ءبىزدى ساقتاعاي. بۇل ماڭىزدى نارسە، ءبىراق ادامدار وعان كوپ كوڭىل بولمەيدى، ولار «ول ۋاقف، ونىڭ پايداسىن كورەلىك، ول نەگە كەدەيلەرگە بەرىلۋى كەرەك؟ ولاردان كورى ءبىز جەسەك جاقسىراق، ولارعا اۋىز تيگىزبەلىك، ولار جەمەسىن، ءولسىن، ءبىز ءوزىمىز جەلىك» دەر، الايدا ءبىز اللا ﷻ عا شۇكىرلىك ەتەمىز، ولاردىڭ تاپقانى وزدەرىنە جەتەدى، بارلىعىنا جەتەدى، ول راسىندا مول. ادەتتە كەدەيلەردىڭ ەشتەڭەسى بولمايدى، ال ماناعىلار ولاردىڭ حاقىسىن الىپ كەتتى، سوندىقتان ولار ءىش جاعىنان باستاپ تولعان اۋرۋ، ولار اينالاسىنداعىلارعا دا زالال اكەلەدى، قارعىس تۇسكەن كەزدە، شاشىراي تارايدى، كادىمگى راحىم كەلگەندەي كەلەدى، ول اينالاداعى بارلىق ادامدى، دوستاردى، تانىستاردى شارپيدى، دەمەك بۇل قارعىستار بارلىعىنا تيەدى.
ءبىز تۇرعان مىنا جەر سول كيەلى ادامداردىڭ بەرگەن قايىرىمدىلىعىنىڭ وننان بىرىنە دە جەتپەيدى، ولار بارلىعىن ىستەپ كەتكەن، قىڭىر ادامدار ولاردىڭ قابىرلارىن اشىپ، كاپىرلەر دە ىستەمەيتىن ىستەردى ىستەدى، ولاردى لاقتىرىپ جىبەردى. وسىدان 40-50 جىل بۇرىن ولار ولاردىڭ باس قاڭقا سۇيەكتەرىن دوپ قىلىپ وينادى، وسىنداي نارسەلەرگە ولار ماڭىزدىلىق تانىتپاعاندىقتان، بۇل جەرلەردە بەرەكە قالمادى، ءبىراق اللا ﷻ عا شۇكىرلىكتەر بولسىن، بۇل جەر مۇسىلمان جەرلەر، ماڭىزدىسى مىنە وسى. اللا ﷻ رۇحساتىندا، ولاردىڭ كەتكەن حاقىلارى بولاشاقتا تولەنەتىن بولادى، ءماحدي الەيحيس سالام كەلگەندە، ول حاقىلارى كەتكەندەردىڭ ۇقىقتارىن ادىلدىكپەن الىپ بەرەدى، بارلىق قاتە بولعان ىستەر تۇزەتىلەتىن بولادى. شۇكىر-اللا، ول ۋاقىت جاقىن، بۇل دۇنيە زۇلىمدىقتىڭ شىڭىنا جەتتى، ال دۇنيە شىڭىنا جەتكەندە، ول بىتەتىن بولادى، ول دا اقىرىنا جەتەدى، سونىمەن ونىڭ شارۋاسى بىتەدى، ول بىتۋگە تىم تاياۋ، ينشاللا، كوپ بولماي زۇلىمدىق مىنا دۇنيەدەن كەتەتىن بولادى، اللا ﷻ دىڭ ءدىنى ايقىندالادى، ادىلدىك، جاقسىلىق جانە سۇلۋلىق ءار جەرگە تارايتىن بولادى، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى سول كۇندەرگە جەتكىزگەي، اللا ﷻ مەشىتتەرمەن مۇميندەردىڭ سانىن ارتتىرا بەرگەي.
اللا ﷻ ادامدارعا اقىل جانە حيدايات بەرگەي، كىسى حاقىسىن العاندار ناعىز توپاس ادامدار، زۇلىمدىق قىلعاندار ناعىز ناداندار، سەبەبى ولار ونى تولەيتىن بولادى، ەگەر ءسىز وعان بولا تارتاتىن جازانى كورسەڭىز، ولاردىڭ ىستەگەنىن ىستەمەس ەدىڭىز، زۇلىمدىق جاساپ، ەل حاقىسىن الماس ەدىڭىز، ەشكىمدى قيناماس ەدىڭىز، دەمەك ءسىز ەش جاماندىق ىستەمەيسىز جانە ەشكىمگە جاماندىق قىلمايسىز. كىم جاماندىق ىستەسە، ول اقىماق-ءدۇر، اللا ﷻ بىزگە اقىل جانە تۇسىنىك بەگەي، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدىڭ اقىلىمىزدى الجاستىرماعاي، كەيدە ادامدار الجاسىپ، ءمالىم ىستەر تۋىلادى جانە ولار ادام الدايدى، ال ەڭ ۇلكەن الدامشى شايتان، ول ادامداردى الدايدى، قۇرتادى، سوسىن كەتىپ قالادى. اللا ﷻ ءبىزدى ونىڭ جاماندىعىنان ساقتاعاي، ءبىلىپ يا بىلمەي وزگەلەردىڭ حاقىسىن العاننان ساقتاعاي، ينشاللا، اللا ﷻ بارشامىزدى كەشىرگەي.
ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7918