You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ОЛАР ОСЫДАН 1200 ЖЫЛ БҰРЫН 'ПІРСІЗ ҚАЛМА' ДЕП АЙТҚАН ЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7766
ОЛАР ОСЫДАН 1200 ЖЫЛ БҰРЫН 'ПІРСІЗ ҚАЛМА' ДЕП АЙТҚАН ЕДІ

осыдан 1100 жыл бұрын өмір сүрген әйгілі әулие Баязид Бастами хазірет 'пірі жоқтың пірі шайтан' десе, оның замандасы сахих мұслим хадистер топтамасын жазып кеткен әйгілі хадисшы ғұлама Имам Мұслим хазірет 'кім бая яғни қол бермей өліп кетсе, ол надандық жәхилиетпен өлген болады' дейді, демек кім имамға я әулиеге бая бермей өлсе, ол надан хәлде өледі. Ал олардан 100 жыл бұрын өмір сүрген ханафи мәзхабының имамы Әбу Ханифа хазірет 'егер өмірімнің соңғы 2 жылында Жафар Садық хазіретті пір тұтпаған болсам, менің шипам біткен болар еді' дейді. Осыдан 750 жыл бұрын өмір сүрген атақты әулие Мәуләнә Руми хазірет пір тұту хақында былай деген екен, о балам, пір таңда, нағыз игіден пірің болсын, пірсіз қалмағын! пірсіз қалсаң, жолдағы сапарың қиындықтарға, қорқыныш-үрейлерге және хауіптерге толы болмақ. Жол көрсетуші серігің болмаса, келе жатқан жолыңнан жаңылып, адасатын боласың, жолды жалғыз сапарлаушы болма. Міне, әулиелер, хадис ғұламалары, мәзхап имамдары пір тұтудың қандай маңызды екендігін осылай айтып кетті, бірақ қазіргі надан мұсылмандар тобыры пір десе, төбе шәштары тік тұрады, тіксініп қорқады, расында олардың шайтан иелері пірден қатты қорқады, егер ертедегі мұсылмандар қазір тіріліп келсе, қазіргі мұсылмандардың Алла жолында екендігінен шүбә келтірер еді, себебі қазіргі көптеген мұсылмандар уахаби-салафи кеселінің көлеңкесінде қалып қойған.

ولار وسىدان 1200 جىل بۇرىن 'ءپىرسىز قالما' دەپ ايتقان ەدى

وسىدان 1100 جىل بۇرىن ءومىر سۇرگەن ايگىلى اۋليە بايازيد باستامي حازىرەت 'ءپىرى جوقتىڭ ءپىرى شايتان' دەسە، ونىڭ زامانداسى ساحيح مۇسليم حاديستەر توپتاماسىن جازىپ كەتكەن ايگىلى حاديسشى عۇلاما يمام مۇسليم حازىرەت 'كىم بايا ياعني قول بەرمەي ءولىپ كەتسە، ول ناداندىق جاحيليەتپەن ولگەن بولادى' دەيدى، دەمەك كىم يمامعا يا اۋليەگە بايا بەرمەي ولسە، ول نادان حالدە ولەدى. ال ولاردان 100 جىل بۇرىن ءومىر سۇرگەن حانافي ءمازحابىنىڭ يمامى ءابۋ حانيفا حازىرەت 'ەگەر ءومىرىمنىڭ سوڭعى 2 جىلىندا جافار سادىق حازىرەتتى ءپىر تۇتپاعان بولسام، مەنىڭ شيپام بىتكەن بولار ەدى' دەيدى. وسىدان 750 جىل بۇرىن ءومىر سۇرگەن اتاقتى اۋليە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت ءپىر تۇتۋ حاقىندا بىلاي دەگەن ەكەن، و بالام، ءپىر تاڭدا، ناعىز يگىدەن ءپىرىڭ بولسىن، ءپىرسىز قالماعىن! ءپىرسىز قالساڭ، جولداعى ساپارىڭ قيىندىقتارعا، قورقىنىش-ۇرەيلەرگە جانە حاۋىپتەرگە تولى بولماق. جول كورسەتۋشى سەرىگىڭ بولماسا، كەلە جاتقان جولىڭنان جاڭىلىپ، اداساتىن بولاسىڭ، جولدى جالعىز ساپارلاۋشى بولما. مىنە، اۋليەلەر، حاديس عۇلامالارى، ءمازحاپ يمامدارى ءپىر تۇتۋدىڭ قانداي ماڭىزدى ەكەندىگىن وسىلاي ايتىپ كەتتى، ءبىراق قازىرگى نادان مۇسىلماندار توبىرى ءپىر دەسە، توبە ءشاشتارى تىك تۇرادى، تىكسىنىپ قورقادى، راسىندا ولاردىڭ شايتان يەلەرى پىردەن قاتتى قورقادى، ەگەر ەرتەدەگى مۇسىلماندار ءقازىر ءتىرىلىپ كەلسە، قازىرگى مۇسىلمانداردىڭ اللا جولىندا ەكەندىگىنەن ءشۇبا كەلتىرەر ەدى، سەبەبى قازىرگى كوپتەگەن مۇسىلماندار ۋاحابي-سالافي كەسەلىنىڭ كولەڭكەسىندە قالىپ قويعان.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7766