You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

НӘПСІСІН ЖЕҢГЕН АДАМҒА МҰҒЖИЗА БІТІП, КИЕ ҚОНАТЫН БОЛАДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7765
НӘПСІСІН ЖЕҢГЕН АДАМҒА МҰҒЖИЗА БІТІП, КИЕ ҚОНАТЫН БОЛАДЫ

құдіретті Алла тағала өз илаһилығымен 'Мен сендердің Тәңіріңмін, кім Маған құл болып, қызмет өтеуді қаласа, өзге барлық адамдарды оған қызмет қылдырып қоятын боламын' дейді. Кім ең әуелі Тәңірі Алла Әззә Уә-Жәлләға қызмет қылуды таңдаса, оның нәпсісі де оған құл болып, ол үшін қызмет өтейтін болады, ал бұндайда бұл адамға мұғжиза яғни керемет бітіп, оның нәпсісі оны батыстан шығысқа көзді ашып жұмғанша жеткізетін болады әрі оған асқан кие бітеді. Егер осы адам тасқа қарап, оның алтынға өзгеруін қаласа, тас әпсәтте алтынға өзгеретін болады, демек әр жаратылысты құраған әрбір ұсақ бөлшектерге дейін нәпісісін жеңіп, кие қонған осындай адам үшін қызмет өтейді. Ракета жер шарының аса үлкен тартылыс күшін жеңіп, жердің тартылыс күш өрісінен шыққан соң, вакиумға жетеді, еркін самғайды, сол сияқты адамды да өрге басқызбай тартып тұратын бір 'тартылыс күш' бар, ол адамдағы нәпсі еді, ал кім нәпсісінің осыбір тартылыс күшін толық жеңе алса, оған әлемді көзді жер-көкті ашып-жұмғанша аралайтын күш бітеді, міне бұл нәпсісін жеңгендерге берілетін тағы бір нығымет. Ал бұндағы басты іс мынау, кім Алла ризалығы үшін нәпсісін жеңсе, бұл адам Алланың ең сүйікті құлына айналады әрі Алла ризалығына жетеді, аты затына сай Алланың жердегі толық қанды халифасы болып, Алла досына айналады, ал құдыси хадисте Алла өз досы жәйлы 'ол жүрсе аяғымын, сілтесе қолымын, қараса көзімін, ал кім оған дұшпандық қылса, оған соғыс ашамын' дейді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءناپسىسىن جەڭگەن ادامعا مۇعجيزا ءبىتىپ، كيە قوناتىن بولادى

قۇدىرەتتى اللا تاعالا ءوز يلاھيلىعىمەن 'مەن سەندەردىڭ ءتاڭىرىڭمىن، كىم ماعان قۇل بولىپ، قىزمەت وتەۋدى قالاسا، وزگە بارلىق ادامداردى وعان قىزمەت قىلدىرىپ قوياتىن بولامىن' دەيدى. كىم ەڭ اۋەلى ءتاڭىرى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قىزمەت قىلۋدى تاڭداسا، ونىڭ ءناپسىسى دە وعان قۇل بولىپ، ول ءۇشىن قىزمەت وتەيتىن بولادى، ال بۇندايدا بۇل ادامعا مۇعجيزا ياعني كەرەمەت ءبىتىپ، ونىڭ ءناپسىسى ونى باتىستان شىعىسقا كوزدى اشىپ جۇمعانشا جەتكىزەتىن بولادى ءارى وعان اسقان كيە بىتەدى. ەگەر وسى ادام تاسقا قاراپ، ونىڭ التىنعا وزگەرۋىن قالاسا، تاس اپساتتە التىنعا وزگەرەتىن بولادى، دەمەك ءار جاراتىلىستى قۇراعان ءاربىر ۇساق بولشەكتەرگە دەيىن ءناپىسىسىن جەڭىپ، كيە قونعان وسىنداي ادام ءۇشىن قىزمەت وتەيدى. راكەتا جەر شارىنىڭ اسا ۇلكەن تارتىلىس كۇشىن جەڭىپ، جەردىڭ تارتىلىس كۇش ورىسىنەن شىققان سوڭ، ۆاكيۋمعا جەتەدى، ەركىن سامعايدى، سول سياقتى ادامدى دا ورگە باسقىزباي تارتىپ تۇراتىن ءبىر 'تارتىلىس كۇش' بار، ول ادامداعى ءناپسى ەدى، ال كىم ءناپسىسىنىڭ ءوسىبىر تارتىلىس كۇشىن تولىق جەڭە السا، وعان الەمدى كوزدى جەر-كوكتى اشىپ-جۇمعانشا ارالايتىن كۇش بىتەدى، مىنە بۇل ءناپسىسىن جەڭگەندەرگە بەرىلەتىن تاعى ءبىر نىعىمەت. ال بۇنداعى باستى ءىس مىناۋ، كىم اللا ريزالىعى ءۇشىن ءناپسىسىن جەڭسە، بۇل ادام اللانىڭ ەڭ سۇيىكتى قۇلىنا اينالادى ءارى اللا ريزالىعىنا جەتەدى، اتى زاتىنا ساي اللانىڭ جەردەگى تولىق قاندى حاليفاسى بولىپ، اللا دوسىنا اينالادى، ال قۇدىسي حاديستە اللا ءوز دوسى ءجايلى 'ول جۇرسە اياعىمىن، سىلتەسە قولىمىن، قاراسا كوزىمىن، ال كىم وعان دۇشپاندىق قىلسا، وعان سوعىس اشامىن' دەيدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7765