You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АЗ ӘСКЕРМЕН КӨП ӘСКЕРДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7762
АЗ ӘСКЕРМЕН КӨП ӘСКЕРДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

нағыз мүминнен құралған 14000 әскер бүкіл дүниені жаулап алуға жетіп асады, оларға технология, оқ, зеңбірек, тәнкі, бомба, миллион әскер бөгет бола алмайды. Адамдар иманның күшін әлі түсінбейді, дүниедегі ең күшті нәрсе иман, оған тау-тас, жел-су, қиындық бұйым болмас, нәпсісін түгел жеңіп, иманы асқандарға жердің тартылыс күші де, от та, вакюм да әсер етпес, сондықтан пайғамбарлармен әулиелер жеті көкті руханият күшімен аралай береді, олар жерден биік әлемді көргендіктен дүниеге еш қызықпас, олар үшін дүние қоқсыққа ұқсайды. Егер иман қуаты физикалық түрде көрінсе бүкіл әлем дірілдеп, күннің өзі иман нұрына күйіп кетеді, иман дәмін татқандар осы дүниеде бола тұра тағы бір әлемде өмір сүре береді, оларда қорқыныш я қайғы болмас, мына дүниеде не болып жатқаны оларға еш қызық емес. Пайғамбарымыздың сахабалары кедей болды, аз болды, балшық үйлерде, лашықтарда тұрды, аш құрсақ жүрді, бірақ олар 20000 әскермен миллиондаған әскері бар, дүниедегі ең күшті рум (византия) империясымен сасанид империясын аударып тастады. Ол кездегі рум қазіргі әмерика болса, сасанит қазіргі совет одағы еді, бірақ оларды аш-жалаңаш жүрген 20000 мүмин әскер жер жүзінен жойып жіберді, қазір сол кездегі руммен парыс жерлері мұсылман болып кетті, міне бұл иман күшінен еді. Саны аз болса да, иманы күштілер біріксе, оларға Алла жәрдем беріп, оларға ештеңе шақ келмес, ал Мәхди хазірет те осындай әскерлермен келетін болады.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

از اسكەرمەن كوپ اسكەردى قالاي جەڭۋگە بولادى؟

ناعىز مۇميننەن قۇرالعان 14000 اسكەر بۇكىل دۇنيەنى جاۋلاپ الۋعا جەتىپ اسادى، ولارعا تەحنولوگيا، وق، زەڭبىرەك، تانكى، بومبا، ميلليون اسكەر بوگەت بولا المايدى. ادامدار يماننىڭ كۇشىن ءالى تۇسىنبەيدى، دۇنيەدەگى ەڭ كۇشتى نارسە يمان، وعان تاۋ-تاس، جەل-سۋ، قيىندىق بۇيىم بولماس، ءناپسىسىن تۇگەل جەڭىپ، يمانى اسقاندارعا جەردىڭ تارتىلىس كۇشى دە، وت تا، ۆاكيۋم دا اسەر ەتپەس، سوندىقتان پايعامبارلارمەن اۋليەلەر جەتى كوكتى رۋحانيات كۇشىمەن ارالاي بەرەدى، ولار جەردەن بيىك الەمدى كورگەندىكتەن دۇنيەگە ەش قىزىقپاس، ولار ءۇشىن دۇنيە قوقسىققا ۇقسايدى. ەگەر يمان قۋاتى فيزيكالىق تۇردە كورىنسە بۇكىل الەم دىرىلدەپ، كۇننىڭ ءوزى يمان نۇرىنا كۇيىپ كەتەدى، يمان ءدامىن تاتقاندار وسى دۇنيەدە بولا تۇرا تاعى ءبىر الەمدە ءومىر سۇرە بەرەدى، ولاردا قورقىنىش يا قايعى بولماس، مىنا دۇنيەدە نە بولىپ جاتقانى ولارعا ەش قىزىق ەمەس. پايعامبارىمىزدىڭ ساحابالارى كەدەي بولدى، از بولدى، بالشىق ۇيلەردە، لاشىقتاردا تۇردى، اش قۇرساق ءجۇردى، ءبىراق ولار 20000 اسكەرمەن ميلليونداعان اسكەرى بار، دۇنيەدەگى ەڭ كۇشتى رۋم (ۆيزانتيا) يمپەرياسىمەن ساسانيد يمپەرياسىن اۋدارىپ تاستادى. ول كەزدەگى رۋم قازىرگى امەريكا بولسا، ساسانيت قازىرگى سوۆەت وداعى ەدى، ءبىراق ولاردى اش-جالاڭاش جۇرگەن 20000 ءمۇمين اسكەر جەر جۇزىنەن جويىپ جىبەردى، ءقازىر سول كەزدەگى رۋممەن پارىس جەرلەرى مۇسىلمان بولىپ كەتتى، مىنە بۇل يمان كۇشىنەن ەدى. سانى از بولسا دا، يمانى كۇشتىلەر بىرىكسە، ولارعا اللا جاردەم بەرىپ، ولارعا ەشتەڭە شاق كەلمەس، ال ءماحدي حازىرەت تە وسىنداي اسكەرلەرمەن كەلەتىن بولادى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7762