You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: қазіргі адамдар ферғауынды жолда қалдырады (2024.06.14 / Хижра 1445-жыл 08-зұл хижа)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7675
Сұхбат: қазіргі адамдар ферғауынды жолда қалдырады (2024.06.14 / Хижра 1445-жыл 08-зұл хижа)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Қазір біз сондай берекелі күндерде тұрмыз, Алла ﷻ оны «яумут таруиях» дер, тарбиях емес, бірақ таруиях, арафа күнінің алдындағы бір күнді осылай атар, бұлар қасиетті күндер, шүкір-Алла, Алла Әззә уә-Жәллә оны уммати мухамматке зор сауаптар табуы үшін берген, оларға тіпті де жақсы мәміле жасау үшін Алла Әззә уә-Жәллә осыбір күндерді сыйлаған, бұл күндер біз қадірлеуге тиісті күндер, ал ертең яуму арафах (арафа күні), әрине қажылар бүгін арафа тауына барып жатыр, ертең ондағылар қажылықтың міндеттерін алып баратын болады, демек Алла Әззә уә-Жәллә жағынан парыз етілген міндеттерін атқарады, бұлар оны атқара алғандар үшін міндет болмақ, әрине көптеген адамдар оны атқара алмас, өтей алмайтындар үшін бұл жүк алынып тасталады, себебі парыз өте үлкен міндет, ол адамдар үшін аса ауыр жүк, оны атқара алатындар тезден атқарсын, кешіктірмеу керек, себебі оны атқаруға мүмкіндігі бола тұра, өздерінің қателігі себепті оның құт-берекесінен құр қалу бір қиын іс болмақ.

Сондықтан кімнің бұл парызды орындауға мүмкіндігі болса, оны еш кешіктірмей тезден орындап жіберсін, әрине бұл күнде оны оңайлықпен істеуге келмейді, дүниенің барлық жеріне бара аласыз, бірақ қажылық ісі Алла ﷻ хикіметінде бөлекше бір іс болып отыр, демек онда мәлім кедергілер бар, ертеде аралық алыс, жер шалғай болатын, жол торуылдайтын қарақшылар бар болатын, олар тоналатын, араларында ауру тарайтын еді, демек барлығы да Алла ﷻ хикіметімен, қажылықта ұдайы осындай қиындықтар болып тұратын, кім бара алса, осыбір қиндықтарды жеңе алса, ол міндетті түрде баруы керек, оны тастап қоймасын, «мен келер жылы барамын» демесін, біз келер жылы түгілі, келер секундтта не боларын белгілей алмаймыз, сондықтан біз ниет жасалық, Алла ﷻ ниетіңізге қарай беретін болады, адамдар қажылыққа келер жылы баруға ниет етсе, оны істей алатын болса, олар оны атқарып кетеді, ал атқара алмаса, олардың ниеті үшін сауаптар беріледі, Алла Әззә уә-Жәллә аса рахымды, аса мейірімді, сондықтан ниет ету ісі де маңызды, онда бара алмайтындар арафа күнінде құлшылықпен әбігер болса, оларға аса зор сауаптар беріледі, олардың сауабы Алла ﷻ құзіретінде 10, 70, 700 тіпті 7000 еселеніп берілетін болады, оның қанша боларын Алла ﷻ өзі біледі, ал адамдар шамалары келгенінше сол күні құлшылық етсін, ең кемінде олар ораза ұстасын, қаза еткен намазы болса, соны толықтасын, салауат айтсын, кешке дейін 1000 ықлас сүресін оқысын, оның барлық сауаптары Алла ﷻ дың құзіретінде сақталынып тұрады.

Иә, онан соң құрбан айт (идул әдха) та келер, ол да құлшылық ететін қасиетті күн, айт намаздан соң құрбандық шалына бастайды, ол айт намаздан бұрын шалынбайды, ханафи мәзхабы бойынша айт намаздан соң құрбандық шалу уәжіп іс, ал басқа мәзхаптарда құрбандық шалу сүннә муаккадаға жатады, демек олар қаласа құрбандық шалуына болады, қаламаса шалмас, бірақ ханафи мәзхабында ақшасы барлар үшін құрбандық шалу уәжіп, олар осымен көп сауап табуына болады, ал құрбандық шалушының қолы қысқалау болса, құрбандық етін түгелдей өзіне алып қалуына да болады, демек олар оны сақтап, өздері жесе бола береді, етті өзгеге беру сөзсіз міндет я серт емес, кейбір адамдар осы істе жұртты алжастырып жүр, олар «бұл еттің елге беретін бөлігін жеуіңе болмайды, бірақ ақиқадан жеуіңе болады» деп алжастырып жіберген, оларда алжасқан білімді ғұламалар бар, ғұлама емес, бірақ фиқ немесе дін жәйлы ештеңе білмейтін молда-қожалар бар, олар жұртқа «ақиқа құрбанды жеуге болмайды» деп айтқан, бірақ бұл сенімсіз нәрсе, дұрыс емес, дұрысы сол, оны жеуге болады, жеуге келмейтін құрбандық арнайы аталынған құрбандық болмақ, ал қалғандарын жеуіңізге болады, айтып өткеніміздей, жағдайы төмен адамдар оның барлығын өзіне сақтауына болады, олар сауап табады әрі бір жылға риздық сақтап алады, немесе олар қалағанын істер, бірақ оны жеуіне болады.

Ертең таңертеңнен бастап тәкбір айтылады, ол үшінші айт күнінің екінті намазына дейін жалғасады, ертең таң намазынан бастап, біз тәкбір айтамыз әрі оны әр намаздан соң айту бізге уәжіп етілген, көптеген адамдар оны істеуді ұмытып кеткен, егер ұмытып қалса, олары оны істеуі керек, оны толықтырып өтеуге келмейді, айттың осы күндерінде өзара құттықтасу, бірге болу, барып келісу үлкен сауаптарға жол ашады, онда адамдар бірге болады, бірге дұға жасап, бірге намаз оқиды, өзара сөйлеседі, міне осылай болса, айт жақсы өткен болады, айт күні балаларды қуанту да бір жақсы іс, ертеде жаңа киімдерді тек айт кезде ғана сатып алатын, балаларды ертіп шығатын, ол кезде айт десе дегендей той сияқты өтуші еді, ал қазіргі адамдар оны істемейтін болды, бірақ олар айт сияқты етіп жанқалталарынан жүздеген мерекелермен демалыс күндерді жасап алды, қияр мерекесі, тауықтар мерекесі дейме, білмедік, сондай сұмдық мерекелері бар, жұрт ақшасын жұмсаттыру үшін олар осындай бос нәрселерді жасап алған, міне бұл шайтанның адамдарға айттың құнын ұмыттырып жібермек болып, жасаттырған нәрселері еді, Алла ﷻ адамдарға хидаят бергей, туралық бергей, себебі адамдар тым жабайы болып кетті.

Жұрт «Ферғауын андай, ферғауын бұндай» дер, бірақ өздері ферғауыннан асып түспесе, кем түспес, бұл заманның адамдарына салыстырсақ, ферғауын жолда қалып барады, ол кішірейген ергежей болып қалды, ол қиындық кездерде ең кемінде Сәидина Мұса әлейхис-саламға «сен жаратушыңа айтшы, егер ол бізді мына қиындықтардан арылтса, біз тәубеге келеміз» деп айтушы еді, демек ол Алла ﷻ дың бар екендігін білетін, ал Мұса әлейхис-салам олардың қиындығын кетіргенде, олар біраз оңалатын, алайда кейін адамдар ферғауынды қайтадан тым әспеттеп, жел беріп, тым семіртіп жіберетін еді, міне осылай ол онан арман ісінген соң, «мен сендердің ең үлкен құдайларыңмын» деп жар салатын, онан соң Сәидина Мұса әлейхис-салам келетін де, оларға Алла ﷻ дан тағы да басқа жазалар жіберілетін, олар алжасып, Мұса әлейхис-саламнан тағы да, «о Мұса, Аллаңа дұға етші, егер осы бәле бізден кететін болса, біз саған тағы да сенетін боламыз» деп сұранатын, оларға көптеген бәле-қалалар жауды, олар оның себебін білетін әрі тәубеге келетін, бірақ олар кейін сөздерін тағы да бұзатын, ферғауын міне осылай еді, ал қазіргі адамдар, Алла ﷻ хақында ештеңе білмейді, Алла ﷻ бізді панасына алғай, бұл заманның барлық адамдары ферғауын болып кетті, тіпті, олар ферғауыннан асып түсті.

Бұл не үшін біз адамзаттың қазіргіндей келеңсіз хәлге түсіп қалғандығымыздың себебі еді, қазір дүние қатты ыстықты бастан кешіруде, бұл ыстық тозақтың ыстығынан, жұрт бұндай ыстық ауарайын «рееху жәханнәм» дер, күн бұндай ыстық болмаған, қане шыдап көріңіздер, сіздер мұсылмандарды жақсы көрмейсіздер, Алла ﷻ ды танымайсыздар, пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтемейсіздер, қанеқи қазір оны суытып көріңіздер, «біз озон қабатын тесіп тастаптық, біз оны кесеміз, бұны үйтеміз» дейді адамдар, барша ластық түгел сіздердің нәпсілеріңізден келген әрі олар сыртқа шықып, сыртты «соқты», бүкіл жер жүзін былғап болдыңыздар, сондықтан, Алла ﷻ бізді панасына алғай, бізді осыбір адамдардың кесір-кесапаттарынан қорғағай, біз олардан емеспіз, олардың істеп жатқан істерін қабыл етпейміз, айтқан ешбір сөздерін қабыл қылмаймыз, Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы айтқан сөздерімен істеген істерін қабылдамаймыз, біз оларды қарғап сілемейміз, бірақ біз Алла ﷻ дан оларды түзеуін сұраймыз, әйтпесе, олардың қылып жатқан істерінің кесапаты әр адамды және мына бүкіл дүниені бүлдіруге жетіп асады, Алла ﷻ бізді панасына алғай, біздің иманымызды қорғағай, қазір мына дүниеде аса үлкен зұлымдықтар жүріліп жатыр, тола жамандықтар туылуда, ал бұның барлығы манағы айтылған нәрселердің себебінен туындаған, бүгін темпыратура 50 градус ыстық, жемістермен көгеністердің барлығы күйіп кетті, ал адамдардың өзі бір бөлек мәселе, екі тиынды қолына ұстағандар «біз мына дүниені билеп отырмыз» деп ойлайды, «мен күннің көзі жауып тастаймын, мен бүйтемін, мен сүйтемін» дейді, істей алсаң, қанеки қазір істеп көр, о кәпірлер, имансыздар, о залымдар, Алла ﷻ бізді олардың зұлымдықтарынан қорғағай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: قازىرگى ادامدار فەرعاۋىندى جولدا قالدىرادى (2024.06.14 / حيجرا 1445-جىل 08-زۇل حيجا)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءقازىر ءبىز سونداي بەرەكەلى كۇندەردە تۇرمىز، اللا ﷻ ونى «ياۋمۋت تارۋياح» دەر، تاربياح ەمەس، ءبىراق تارۋياح، ارافا كۇنىنىڭ الدىنداعى ءبىر كۇندى وسىلاي اتار، بۇلار قاسيەتتى كۇندەر، شۇكىر-اللا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى ۋمماتي مۋحامماتكە زور ساۋاپتار تابۋى ءۇشىن بەرگەن، ولارعا ءتىپتى دە جاقسى مامىلە جاساۋ ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوسىبىر كۇندەردى سىيلاعان، بۇل كۇندەر ءبىز قادىرلەۋگە ءتيىستى كۇندەر، ال ەرتەڭ ياۋمۋ ارافاح (ارافا كۇنى)، ارينە قاجىلار بۇگىن ارافا تاۋىنا بارىپ جاتىر، ەرتەڭ ونداعىلار قاجىلىقتىڭ مىندەتتەرىن الىپ باراتىن بولادى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان پارىز ەتىلگەن مىندەتتەرىن اتقارادى، بۇلار ونى اتقارا العاندار ءۇشىن مىندەت بولماق، ارينە كوپتەگەن ادامدار ونى اتقارا الماس، وتەي المايتىندار ءۇشىن بۇل جۇك الىنىپ تاستالادى، سەبەبى پارىز وتە ۇلكەن مىندەت، ول ادامدار ءۇشىن اسا اۋىر جۇك، ونى اتقارا الاتىندار تەزدەن اتقارسىن، كەشىكتىرمەۋ كەرەك، سەبەبى ونى اتقارۋعا مۇمكىندىگى بولا تۇرا، وزدەرىنىڭ قاتەلىگى سەبەپتى ونىڭ قۇت-بەرەكەسىنەن قۇر قالۋ ءبىر قيىن ءىس بولماق.

سوندىقتان كىمنىڭ بۇل پارىزدى ورىنداۋعا مۇمكىندىگى بولسا، ونى ەش كەشىكتىرمەي تەزدەن ورىنداپ جىبەرسىن، ارينە بۇل كۇندە ونى وڭايلىقپەن ىستەۋگە كەلمەيدى، دۇنيەنىڭ بارلىق جەرىنە بارا الاسىز، ءبىراق قاجىلىق ءىسى اللا ﷻ حيكىمەتىندە بولەكشە ءبىر ءىس بولىپ وتىر، دەمەك وندا ءمالىم كەدەرگىلەر بار، ەرتەدە ارالىق الىس، جەر شالعاي بولاتىن، جول تورۋىلدايتىن قاراقشىلار بار بولاتىن، ولار تونالاتىن، ارالارىندا اۋرۋ تارايتىن ەدى، دەمەك بارلىعى دا اللا ﷻ حيكىمەتىمەن، قاجىلىقتا ۇدايى وسىنداي قيىندىقتار بولىپ تۇراتىن، كىم بارا السا، ءوسىبىر قيندىقتاردى جەڭە السا، ول مىندەتتى تۇردە بارۋى كەرەك، ونى تاستاپ قويماسىن، «مەن كەلەر جىلى بارامىن» دەمەسىن، ءبىز كەلەر جىلى تۇگىلى، كەلەر سەكۋندتتا نە بولارىن بەلگىلەي المايمىز، سوندىقتان ءبىز نيەت جاسالىق، اللا ﷻ نيەتىڭىزگە قاراي بەرەتىن بولادى، ادامدار قاجىلىققا كەلەر جىلى بارۋعا نيەت ەتسە، ونى ىستەي الاتىن بولسا، ولار ونى اتقارىپ كەتەدى، ال اتقارا الماسا، ولاردىڭ نيەتى ءۇشىن ساۋاپتار بەرىلەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اسا راحىمدى، اسا مەيىرىمدى، سوندىقتان نيەت ەتۋ ءىسى دە ماڭىزدى، وندا بارا المايتىندار ارافا كۇنىندە قۇلشىلىقپەن ابىگەر بولسا، ولارعا اسا زور ساۋاپتار بەرىلەدى، ولاردىڭ ساۋابى اللا ﷻ قۇزىرەتىندە 10، 70، 700 ءتىپتى 7000 ەسەلەنىپ بەرىلەتىن بولادى، ونىڭ قانشا بولارىن اللا ﷻ ءوزى بىلەدى، ال ادامدار شامالارى كەلگەنىنشە سول كۇنى قۇلشىلىق ەتسىن، ەڭ كەمىندە ولار ورازا ۇستاسىن، قازا ەتكەن نامازى بولسا، سونى تولىقتاسىن، سالاۋات ايتسىن، كەشكە دەيىن 1000 ىقلاس سۇرەسىن وقىسىن، ونىڭ بارلىق ساۋاپتارى اللا ﷻ دىڭ قۇزىرەتىندە ساقتالىنىپ تۇرادى.

ءيا، ونان سوڭ قۇربان ايت (يدۋل ءادحا) تا كەلەر، ول دا قۇلشىلىق ەتەتىن قاسيەتتى كۇن، ايت نامازدان سوڭ قۇرباندىق شالىنا باستايدى، ول ايت نامازدان بۇرىن شالىنبايدى، حانافي ءمازحابى بويىنشا ايت نامازدان سوڭ قۇرباندىق شالۋ ءۋاجىپ ءىس، ال باسقا ءمازحاپتاردا قۇرباندىق شالۋ ءسۇننا مۋاككاداعا جاتادى، دەمەك ولار قالاسا قۇرباندىق شالۋىنا بولادى، قالاماسا شالماس، ءبىراق حانافي ءمازحابىندا اقشاسى بارلار ءۇشىن قۇرباندىق شالۋ ءۋاجىپ، ولار وسىمەن كوپ ساۋاپ تابۋىنا بولادى، ال قۇرباندىق شالۋشىنىڭ قولى قىسقالاۋ بولسا، قۇرباندىق ەتىن تۇگەلدەي وزىنە الىپ قالۋىنا دا بولادى، دەمەك ولار ونى ساقتاپ، وزدەرى جەسە بولا بەرەدى، ەتتى وزگەگە بەرۋ ءسوزسىز مىندەت يا سەرت ەمەس، كەيبىر ادامدار وسى ىستە جۇرتتى الجاستىرىپ ءجۇر، ولار «بۇل ەتتىڭ ەلگە بەرەتىن بولىگىن جەۋىڭە بولمايدى، ءبىراق اقيقادان جەۋىڭە بولادى» دەپ الجاستىرىپ جىبەرگەن، ولاردا الجاسقان ءبىلىمدى عۇلامالار بار، عۇلاما ەمەس، ءبىراق فيق نەمەسە ءدىن ءجايلى ەشتەڭە بىلمەيتىن مولدا-قوجالار بار، ولار جۇرتقا «اقيقا قۇرباندى جەۋگە بولمايدى» دەپ ايتقان، ءبىراق بۇل سەنىمسىز نارسە، دۇرىس ەمەس، دۇرىسى سول، ونى جەۋگە بولادى، جەۋگە كەلمەيتىن قۇرباندىق ارنايى اتالىنعان قۇرباندىق بولماق، ال قالعاندارىن جەۋىڭىزگە بولادى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، جاعدايى تومەن ادامدار ونىڭ بارلىعىن وزىنە ساقتاۋىنا بولادى، ولار ساۋاپ تابادى ءارى ءبىر جىلعا ريزدىق ساقتاپ الادى، نەمەسە ولار قالاعانىن ىستەر، ءبىراق ونى جەۋىنە بولادى.

ەرتەڭ تاڭەرتەڭنەن باستاپ تاكبىر ايتىلادى، ول ءۇشىنشى ايت كۇنىنىڭ ەكىنتى نامازىنا دەيىن جالعاسادى، ەرتەڭ تاڭ نامازىنان باستاپ، ءبىز تاكبىر ايتامىز ءارى ونى ءار نامازدان سوڭ ايتۋ بىزگە ءۋاجىپ ەتىلگەن، كوپتەگەن ادامدار ونى ىستەۋدى ۇمىتىپ كەتكەن، ەگەر ۇمىتىپ قالسا، ولارى ونى ىستەۋى كەرەك، ونى تولىقتىرىپ وتەۋگە كەلمەيدى، ايتتىڭ وسى كۇندەرىندە ءوزارا قۇتتىقتاسۋ، بىرگە بولۋ، بارىپ كەلىسۋ ۇلكەن ساۋاپتارعا جول اشادى، وندا ادامدار بىرگە بولادى، بىرگە دۇعا جاساپ، بىرگە ناماز وقيدى، ءوزارا سويلەسەدى، مىنە وسىلاي بولسا، ايت جاقسى وتكەن بولادى، ايت كۇنى بالالاردى قۋانتۋ دا ءبىر جاقسى ءىس، ەرتەدە جاڭا كيىمدەردى تەك ايت كەزدە عانا ساتىپ الاتىن، بالالاردى ەرتىپ شىعاتىن، ول كەزدە ايت دەسە دەگەندەي توي سياقتى ءوتۋشى ەدى، ال قازىرگى ادامدار ونى ىستەمەيتىن بولدى، ءبىراق ولار ايت سياقتى ەتىپ جانقالتالارىنان جۇزدەگەن مەرەكەلەرمەن دەمالىس كۇندەردى جاساپ الدى، قيار مەرەكەسى، تاۋىقتار مەرەكەسى دەيمە، بىلمەدىك، سونداي سۇمدىق مەرەكەلەرى بار، جۇرت اقشاسىن جۇمساتتىرۋ ءۇشىن ولار وسىنداي بوس نارسەلەردى جاساپ العان، مىنە بۇل شايتاننىڭ ادامدارعا ايتتىڭ قۇنىن ۇمىتتىرىپ جىبەرمەك بولىپ، جاساتتىرعان نارسەلەرى ەدى، اللا ﷻ ادامدارعا حيدايات بەرگەي، تۋرالىق بەرگەي، سەبەبى ادامدار تىم جابايى بولىپ كەتتى.

جۇرت «فەرعاۋىن انداي، فەرعاۋىن بۇنداي» دەر، ءبىراق وزدەرى فەرعاۋىننان اسىپ تۇسپەسە، كەم تۇسپەس، بۇل زاماننىڭ ادامدارىنا سالىستىرساق، فەرعاۋىن جولدا قالىپ بارادى، ول كىشىرەيگەن ەرگەجەي بولىپ قالدى، ول قيىندىق كەزدەردە ەڭ كەمىندە ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالامعا «سەن جاراتۋشىڭا ايتشى، ەگەر ول ءبىزدى مىنا قيىندىقتاردان ارىلتسا، ءبىز تاۋبەگە كەلەمىز» دەپ ايتۋشى ەدى، دەمەك ول اللا ﷻ دىڭ بار ەكەندىگىن بىلەتىن، ال مۇسا الەيحيس-سالام ولاردىڭ قيىندىعىن كەتىرگەندە، ولار ءبىراز وڭالاتىن، الايدا كەيىن ادامدار فەرعاۋىندى قايتادان تىم اسپەتتەپ، جەل بەرىپ، تىم سەمىرتىپ جىبەرەتىن ەدى، مىنە وسىلاي ول ونان ارمان ىسىنگەن سوڭ، «مەن سەندەردىڭ ەڭ ۇلكەن قۇدايلارىڭمىن» دەپ جار سالاتىن، ونان سوڭ ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالام كەلەتىن دە، ولارعا اللا ﷻ دان تاعى دا باسقا جازالار جىبەرىلەتىن، ولار الجاسىپ، مۇسا الەيحيس-سالامنان تاعى دا، «و مۇسا، اللاڭا دۇعا ەتشى، ەگەر وسى بالە بىزدەن كەتەتىن بولسا، ءبىز ساعان تاعى دا سەنەتىن بولامىز» دەپ سۇراناتىن، ولارعا كوپتەگەن بالە-قالالار جاۋدى، ولار ونىڭ سەبەبىن بىلەتىن ءارى تاۋبەگە كەلەتىن، ءبىراق ولار كەيىن سوزدەرىن تاعى دا بۇزاتىن، فەرعاۋىن مىنە وسىلاي ەدى، ال قازىرگى ادامدار، اللا ﷻ حاقىندا ەشتەڭە بىلمەيدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، بۇل زاماننىڭ بارلىق ادامدارى فەرعاۋىن بولىپ كەتتى، ءتىپتى، ولار فەرعاۋىننان اسىپ ءتۇستى.

بۇل نە ءۇشىن ءبىز ادامزاتتىڭ قازىرگىندەي كەلەڭسىز حالگە ءتۇسىپ قالعاندىعىمىزدىڭ سەبەبى ەدى، ءقازىر دۇنيە قاتتى ىستىقتى باستان كەشىرۋدە، بۇل ىستىق توزاقتىڭ ىستىعىنان، جۇرت بۇنداي ىستىق اۋارايىن «رەەحۋ ءجاحاننام» دەر، كۇن بۇنداي ىستىق بولماعان، قانە شىداپ كورىڭىزدەر، سىزدەر مۇسىلمانداردى جاقسى كورمەيسىزدەر، اللا ﷻ دى تانىمايسىزدار، پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەمەيسىزدەر، قانەقي ءقازىر ونى سۋىتىپ كورىڭىزدەر، «ءبىز وزون قاباتىن تەسىپ تاستاپتىق، ءبىز ونى كەسەمىز، بۇنى ۇيتەمىز» دەيدى ادامدار، بارشا لاستىق تۇگەل سىزدەردىڭ ناپسىلەرىڭىزدەن كەلگەن ءارى ولار سىرتقا شىقىپ، سىرتتى «سوقتى»، بۇكىل جەر ءجۇزىن بىلعاپ بولدىڭىزدار، سوندىقتان، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدى ءوسىبىر ادامداردىڭ كەسىر-كەساپاتتارىنان قورعاعاي، ءبىز ولاردان ەمەسپىز، ولاردىڭ ىستەپ جاتقان ىستەرىن قابىل ەتپەيمىز، ايتقان ەشبىر سوزدەرىن قابىل قىلمايمىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى ايتقان سوزدەرىمەن ىستەگەن ىستەرىن قابىلدامايمىز، ءبىز ولاردى قارعاپ سىلەمەيمىز، ءبىراق ءبىز اللا ﷻ دان ولاردى تۇزەۋىن سۇرايمىز، ايتپەسە، ولاردىڭ قىلىپ جاتقان ىستەرىنىڭ كەساپاتى ءار ادامدى جانە مىنا بۇكىل دۇنيەنى بۇلدىرۋگە جەتىپ اسادى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدىڭ يمانىمىزدى قورعاعاي، ءقازىر مىنا دۇنيەدە اسا ۇلكەن زۇلىمدىقتار ءجۇرىلىپ جاتىر، تولا جاماندىقتار تۋىلۋدا، ال بۇنىڭ بارلىعى ماناعى ايتىلعان نارسەلەردىڭ سەبەبىنەن تۋىنداعان، بۇگىن تەمپىراتۋرا 50 گرادۋس ىستىق، جەمىستەرمەن كوگەنىستەردىڭ بارلىعى كۇيىپ كەتتى، ال ادامداردىڭ ءوزى ءبىر بولەك ماسەلە، ەكى تيىندى قولىنا ۇستاعاندار «ءبىز مىنا دۇنيەنى بيلەپ وتىرمىز» دەپ ويلايدى، «مەن كۇننىڭ كوزى جاۋىپ تاستايمىن، مەن بۇيتەمىن، مەن سۇيتەمىن» دەيدى، ىستەي الساڭ، قانەكي ءقازىر ىستەپ كور، و كاپىرلەر، يمانسىزدار، و زالىمدار، اللا ﷻ ءبىزدى ولاردىڭ زۇلىمدىقتارىنان قورعاعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7675