You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: үмітсіздік - имансыздық белгісі, иманды кісі үмітті келеді (2) (2024.06.01 / Хижра 1445-жыл 23-зұл қада)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7655
Сұхбат: үмітсіздік - имансыздық белгісі, иманды кісі үмітті келеді (2) (2024.06.01 / Хижра 1445-жыл 23-зұл қада)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бұнда шетелдіктер көп екен, сондықтан түрікше сөйлемей, сұхбатты ағылшын тілінде айта берейін, олар неміс тіліне аударатын болады, иншалла. Ағузу биллахи минаш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ» (Алланың рахымынан күдер үзбеңдер, расында Алла барлық күнәларды кешіреді) (құран 39:53), «وَمَن يَقْنَطُ مِن رَّحْمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ» (Раббысының рахымынан адасқандардан басқа кімдер күдер үзбек?) (құран 15:56), садақал-лахул ғазим, бұл аяттар құранда айтылған, үмітсіз болмау жәйлы айтылған осы тектес аяттар көп, себебі Алла ﷻ бізді жаратты, Ол барлығын біледі, барлығын басқарады, не боларын белгілейді, сондықтан мүминдерге үмітсіз болмау жәйлы жақсы шүйіншілер береді, қазіргі кезде «бізде үміт жоқ, біз туралыққа қайтып келсек те, Алла ﷻ бізді кешірмейді, себебі біз өте жаман істер істеген едік» деп ойлайтын көптеген адамдар бар, алайда Алла Әззә уә-Жәллә «үмітсіз болмаңдар, күдер үзбеңдер, Мен ең кешірімдімін» дейді.

Әрине, адам балалары осылай ойлар, бірақ бұл қате ой, себебі олар Алла Әззә уә-Жәлләны өздері сияқты ойлап қалған, жоқ, егер кешірім сұрасаңыз, Алла Әззә уә-Жәллә сізден кек алмайды, алайда адам баласы кек алғанды қалайды, мәселен, сіз бір қателік істеп, қашып кетерсіз, бірақ кейін адамдар сізді ұстаған кезде, сізді жазалайтын болады, тіпті сіз «мені кешіріңдер, енді қайта істемейтін, ант етемін, оны бұрын істеген едім, кешірім өтінемін, мені кешіріңдер, жалғасты өмір өткізейін» деп айтсаңыз да, олар «жоқ, сен жазалануың керек» дер, екінші рет ... әрине адам баласында нәпсі бар, оларда шайтан бар, сондықтан олар уәде еткен ісінде тұра алмас, міне осылай, олар осыбір күнәны, жаман істі тағы істеп қояды, онан соң олар Алла ﷻ дан кешірім сұрайды, Ол оларды кешіреді, пайғамбарымыз ﷺ осылай дер, ол «әр жолы кешірім сұрағаныңда, Алла ﷻ сені кешіреді» дейді, Алла ﷻ «сен уәде еткенсің, бірақ оны тағы істедің, сені кешірмеймін» деп айтпайды, жоқ, Ол кешіреді, бір сахаба пайғамбарымыз ﷺ нан «тіпті 100 рет істеп қойсам да кешіре ме?» деп сұрайды, ол «иә, бұдан көп болса да кешіреді, олар кешірім сұрап, тәубе ете білсе болғаны, Ол оларды кешіреді» дейді, сондықтан Мәуләнә Жалалуди Руми хазірет «кел! барлығың осы қақпаға да келіңдер, кәпір болсаң да, отқа, бұтқа құлшылық етсең де, тіпті 100 рет күнә істесең де, кешірім қақпасына кел!» деп айтқан еді, Алла Әззә уә-Жәллә қудиси хадисте «Мен кешірім сұраушы адамдарға ризамын, мейлі олар қаншама күнә істесе де, Мен оларды кешіремін» дейді, Ол тағы «егер сен күнә жасамасаңдар да, барлығың тура жолда болсаңдар да, Мен күнә жасайтын адамдарды жаратамын және оларды кешіремін» дейді, міне бұл Алла ﷻ дың бізге, адам балаларына көрсеткен зор мейірімі болмақ.

Тәубе қақпасы соңғы күнге, демек қияметке дейін әрқашан ашық, қияметтен бұрын дүниеде үлкен істер туылады, оның бірі тәубе есігінің жабылуы болмақ, сол уақытқа дейін ол ашық тұрар, алаңдамаңыз, егер сіз «бұл қашан?» деп сұрасаңыз, ол Мәхди әлейхис-салам мен Иса әлейхис-саламның заманынан кейінгі аса үлкен белгіден кейін болар, сондықтан «бұл қақпа жабылып қалар, мен білмей қалармын» деп қорықпаңыз, оны білетін боласыз, барлығы да білетін болады, бұл барша адамзат баласы үшін болмақ. Адамдар үмітсіздікке ұрынғанда жаны жоқ денеге ұқсап қалар, кәдімгі өлі дене сияқты болар, қазіргі кезде әртүрлі қитұрқы істер көптеп туылғандықтан, барлық адамдар үмітсіздікке түсіп кеткендей хәлде жүр, олар не үшін үмітсіз жүр? себебі оларда иман жоқ, ал иман сізге зор үміт, жақсы қуат, оң енергия береді, қазір кімге қарасаңыз да, олар бейне өлі дегенге ұқсап қалған, бірақ сіз жаңа рухани серпінде тұрасыз, не үшін бұлай? себебі сіз Раббыңызбен бірге екендігіңізді білесіз, сізді ақиретке алып кететін уақыт келген кезде, сіз мейлі үмітсіз немесе үмітті жан болсаңыз да, ешкім оның болуын тоса алмас, сондықтан үмітті болу сіз үшін қайырлы болмақ, себебі сіз сізге не жазылған болса, оның туылатынын білесіз, әрі сіз Раббыңызбен біргесіз, Оның сізге берген уәделі хабары бар, бұл уәдеде «егер сабырлы болып, кешірім сұрасаң, ақырында бақытты боласың» делінген, ал бұнда сіз ақырында бақытты бола алсаңыз, шын өмір (қабыр және ақирет өмірі) басталған кезде де бақытты боласыз.

Сондықтан Алла ﷻ дың адамдары (рижалул Аллаһ) бұл дүниенің әрқандай пайдасына, асылына еш көңіл бөлмес, оларды елемес, олар оған мүлдем көз салмас, тіпті оларға дүниенің барша байлығымен ең жоғары мәнсабы берілсе де, «сұлтанға көмекші бол» десе де, олар оған назар салмас, оларға қарамас. Аббасидтың бір сұлтаны өткен еді, оның нақты есімін ұмытып қалыппын, әл-Мағамун немесе Харун Рашид сұлтан болар, сол кезде Бағдат қаласында өте үлкен әулиелер бар еді, олардың бірі Хасан Басри болса, енді бірі ... олардың барлығының есімін сақтай алмаппын, бірақ олар өте үлкен әулиелер болатұғын, тағы бір әулиенің есімі Бишір әл-Хафи, олар төртеу еді, біреу олардың Бағдаттан шығып, қашып бара жатқанын көрді, олар неге қашып кетті? себебі Сұлтан олардың біреуін Бағдаттың ең үлкен қазысы етпек болыпты, олардың екеуі дижлах өзенінде қайыққа отырып, қашып кетті, біреуін сұлтанның адамдары ұстамақ болып еді, ол өтіріктен құтырған адамның кейіпіне кіріп алды, ал төртіншісін олар ұстап кетті.

Сәидина Әбу Ханифа хазірет те 70 жасқа келсе де немесе жасы одан өтіп кетсе де, олар (сұлтанның адамдары) оны ұстап, зорлықты күшпен бас қазы етпекші болды, бірақ ол оған қарсы келді, ол ең ұлық имам, қазірге дейін біз ханафи мәзхабына ереміз емеспе, ол ең үлкен имам, ол әрі имам әрі әулие өткен кісі еді, ол 40 жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған имам, ол саудагер болған, жібек сататын өте бай кісі еді, ал сұлтан оны күшпен бас қазы етіп тағайындамақшы болды, бірақ ол «бұл міндетті арқалай алмаймын, қиямет күнінде Алла ﷻ дың алдына қазы болудың сұрағы тым ауыр» деп, қазылық мәнсапты қабыл етпейді, олар оны түрмеге қамайды, сонда да қабыл етпес, онан олар оған ол қайтыс болып кеткенше дүре соғады, ол осылай шәхит болғанша қабыл етпей қойды, ол не үшін бұлай істеді? ол ақылды кісі емеспе? оның жазғандары сондай көп, осы залды толтырып жіберерліктей еді, себебі ол Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге болғандықтан бақытты жүрді, адамдар оған не істесе де, ол оны елеген жоқ.

Раббысына разы мүминдер көп, олар үміттерін жоғалтпады, қазіргі адамдар титтей іс үшін үмітсіздікке ұрынар, онан өздеріне жәрдемдесуге біреуді тауып алады, бірақ олардың бұл тапқандар у болып шығады, сіз сабырлы болыңыз, мықты болыңыз, мұз сияқты еріп кетпеңіз, темірдей болыңыз, темірді отқа салып, шыңдаған сайын беріктеніп, болаттай бола түседі, ал сіз де тартқан қиыншылығыңызға сабырлы болған сайын, бұл дүниеде де, ақиретте де жақсы бола түсесіз әрі Алла ﷻ сізге сауаптар беретін болады, сіз Алла ﷻ дың берген сауаптарын көрген кезде «о шіркін, бұдан да үлкен азап, қиыншылық, жапаларды тартқан болсамшы!» дейтін боласыз, Алла ﷻ нәпсімізге ермеуге жәрдем бергей, Алла ﷻ ның бізге берген жақсы нәрселерін алып кеткісі келетін шайтанға еріп кетпеуімізге жәрдем бергей, біз оларды ақиретіміз үшін сақтай білейік, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ۇمىتسىزدىك - يمانسىزدىق بەلگىسى، يماندى كىسى ءۇمىتتى كەلەدى (2) (2024.06.01 / حيجرا 1445-جىل 23-زۇل قادا)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بۇندا شەتەلدىكتەر كوپ ەكەن، سوندىقتان تۇرىكشە سويلەمەي، سۇحباتتى اعىلشىن تىلىندە ايتا بەرەيىن، ولار نەمىس تىلىنە اۋداراتىن بولادى، ينشاللا. اعۋزۋ بيللاحي ميناش شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ» (اللانىڭ راحىمىنان كۇدەر ۇزبەڭدەر، راسىندا اللا بارلىق كۇنالاردى كەشىرەدى) (قۇران 39:53)، «وَمَن يَقْنَطُ مِن رَّحْمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ» (راببىسىنىڭ راحىمىنان اداسقانداردان باسقا كىمدەر كۇدەر ۇزبەك؟) (قۇران 15:56)، ساداقال-لاحۋل عازيم، بۇل اياتتار قۇراندا ايتىلعان، ءۇمىتسىز بولماۋ ءجايلى ايتىلعان وسى تەكتەس اياتتار كوپ، سەبەبى اللا ﷻ ءبىزدى جاراتتى، ول بارلىعىن بىلەدى، بارلىعىن باسقارادى، نە بولارىن بەلگىلەيدى، سوندىقتان مۇميندەرگە ءۇمىتسىز بولماۋ ءجايلى جاقسى شۇيىنشىلەر بەرەدى، قازىرگى كەزدە «بىزدە ءۇمىت جوق، ءبىز تۋرالىققا قايتىپ كەلسەك تە، اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرمەيدى، سەبەبى ءبىز وتە جامان ىستەر ىستەگەن ەدىك» دەپ ويلايتىن كوپتەگەن ادامدار بار، الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «ءۇمىتسىز بولماڭدار، كۇدەر ۇزبەڭدەر، مەن ەڭ كەشىرىمدىمىن» دەيدى.

ارينە، ادام بالالارى وسىلاي ويلار، ءبىراق بۇل قاتە وي، سەبەبى ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى وزدەرى سياقتى ويلاپ قالعان، جوق، ەگەر كەشىرىم سۇراساڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزدەن كەك المايدى، الايدا ادام بالاسى كەك العاندى قالايدى، ماسەلەن، ءسىز ءبىر قاتەلىك ىستەپ، قاشىپ كەتەرسىز، ءبىراق كەيىن ادامدار ءسىزدى ۇستاعان كەزدە، ءسىزدى جازالايتىن بولادى، ءتىپتى ءسىز «مەنى كەشىرىڭدەر، ەندى قايتا ىستەمەيتىن، انت ەتەمىن، ونى بۇرىن ىستەگەن ەدىم، كەشىرىم وتىنەمىن، مەنى كەشىرىڭدەر، جالعاستى ءومىر وتكىزەيىن» دەپ ايتساڭىز دا، ولار «جوق، سەن جازالانۋىڭ كەرەك» دەر، ەكىنشى رەت ... ارينە ادام بالاسىندا ءناپسى بار، ولاردا شايتان بار، سوندىقتان ولار ۋادە ەتكەن ىسىندە تۇرا الماس، مىنە وسىلاي، ولار ءوسىبىر كۇنانى، جامان ءىستى تاعى ىستەپ قويادى، ونان سوڭ ولار اللا ﷻ دان كەشىرىم سۇرايدى، ول ولاردى كەشىرەدى، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەر، ول «ءار جولى كەشىرىم سۇراعانىڭدا، اللا ﷻ سەنى كەشىرەدى» دەيدى، اللا ﷻ «سەن ۋادە ەتكەنسىڭ، ءبىراق ونى تاعى ىستەدىڭ، سەنى كەشىرمەيمىن» دەپ ايتپايدى، جوق، ول كەشىرەدى، ءبىر ساحابا پايعامبارىمىز ﷺ نان «ءتىپتى 100 رەت ىستەپ قويسام دا كەشىرە مە؟» دەپ سۇرايدى، ول «ءيا، بۇدان كوپ بولسا دا كەشىرەدى، ولار كەشىرىم سۇراپ، تاۋبە ەتە بىلسە بولعانى، ول ولاردى كەشىرەدى» دەيدى، سوندىقتان ءماۋلانا جالالۋدي رۋمي حازىرەت «كەل! بارلىعىڭ وسى قاقپاعا دا كەلىڭدەر، كاپىر بولساڭ دا، وتقا، بۇتقا قۇلشىلىق ەتسەڭ دە، ءتىپتى 100 رەت كۇنا ىستەسەڭ دە، كەشىرىم قاقپاسىنا كەل!» دەپ ايتقان ەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۋديسي حاديستە «مەن كەشىرىم سۇراۋشى ادامدارعا ريزامىن، مەيلى ولار قانشاما كۇنا ىستەسە دە، مەن ولاردى كەشىرەمىن» دەيدى، ول تاعى «ەگەر سەن كۇنا جاساماساڭدار دا، بارلىعىڭ تۋرا جولدا بولساڭدار دا، مەن كۇنا جاسايتىن ادامداردى جاراتامىن جانە ولاردى كەشىرەمىن» دەيدى، مىنە بۇل اللا ﷻ دىڭ بىزگە، ادام بالالارىنا كورسەتكەن زور مەيىرىمى بولماق.

تاۋبە قاقپاسى سوڭعى كۇنگە، دەمەك قيامەتكە دەيىن ءارقاشان اشىق، قيامەتتەن بۇرىن دۇنيەدە ۇلكەن ىستەر تۋىلادى، ونىڭ ءبىرى تاۋبە ەسىگىنىڭ جابىلۋى بولماق، سول ۋاقىتقا دەيىن ول اشىق تۇرار، الاڭداماڭىز، ەگەر ءسىز «بۇل قاشان؟» دەپ سۇراساڭىز، ول ءماحدي الەيحيس-سالام مەن يسا الەيحيس-سالامنىڭ زامانىنان كەيىنگى اسا ۇلكەن بەلگىدەن كەيىن بولار، سوندىقتان «بۇل قاقپا جابىلىپ قالار، مەن بىلمەي قالارمىن» دەپ قورىقپاڭىز، ونى بىلەتىن بولاسىز، بارلىعى دا بىلەتىن بولادى، بۇل بارشا ادامزات بالاسى ءۇشىن بولماق. ادامدار ۇمىتسىزدىككە ۇرىنعاندا جانى جوق دەنەگە ۇقساپ قالار، كادىمگى ءولى دەنە سياقتى بولار، قازىرگى كەزدە ءارتۇرلى قيتۇرقى ىستەر كوپتەپ تۋىلعاندىقتان، بارلىق ادامدار ۇمىتسىزدىككە ءتۇسىپ كەتكەندەي حالدە ءجۇر، ولار نە ءۇشىن ءۇمىتسىز ءجۇر؟ سەبەبى ولاردا يمان جوق، ال يمان سىزگە زور ءۇمىت، جاقسى قۋات، وڭ ەنەرگيا بەرەدى، ءقازىر كىمگە قاراساڭىز دا، ولار بەينە ءولى دەگەنگە ۇقساپ قالعان، ءبىراق ءسىز جاڭا رۋحاني سەرپىندە تۇراسىز، نە ءۇشىن بۇلاي؟ سەبەبى ءسىز راببىڭىزبەن بىرگە ەكەندىگىڭىزدى بىلەسىز، ءسىزدى اقيرەتكە الىپ كەتەتىن ۋاقىت كەلگەن كەزدە، ءسىز مەيلى ءۇمىتسىز نەمەسە ءۇمىتتى جان بولساڭىز دا، ەشكىم ونىڭ بولۋىن توسا الماس، سوندىقتان ءۇمىتتى بولۋ ءسىز ءۇشىن قايىرلى بولماق، سەبەبى ءسىز سىزگە نە جازىلعان بولسا، ونىڭ تۋىلاتىنىن بىلەسىز، ءارى ءسىز راببىڭىزبەن بىرگەسىز، ونىڭ سىزگە بەرگەن ۋادەلى حابارى بار، بۇل ۋادەدە «ەگەر سابىرلى بولىپ، كەشىرىم سۇراساڭ، اقىرىندا باقىتتى بولاسىڭ» دەلىنگەن، ال بۇندا ءسىز اقىرىندا باقىتتى بولا الساڭىز، شىن ءومىر (قابىر جانە اقيرەت ءومىرى) باستالعان كەزدە دە باقىتتى بولاسىز.

سوندىقتان اللا ﷻ دىڭ ادامدارى (ريجالۋل اللاھ) بۇل دۇنيەنىڭ ءارقانداي پايداسىنا، اسىلىنا ەش كوڭىل بولمەس، ولاردى ەلەمەس، ولار وعان مۇلدەم كوز سالماس، ءتىپتى ولارعا دۇنيەنىڭ بارشا بايلىعىمەن ەڭ جوعارى ءمانسابى بەرىلسە دە، «سۇلتانعا كومەكشى بول» دەسە دە، ولار وعان نازار سالماس، ولارعا قاراماس. ابباسيدتىڭ ءبىر سۇلتانى وتكەن ەدى، ونىڭ ناقتى ەسىمىن ۇمىتىپ قالىپپىن، ءال-ماعامۋن نەمەسە حارۋن راشيد سۇلتان بولار، سول كەزدە باعدات قالاسىندا وتە ۇلكەن اۋليەلەر بار ەدى، ولاردىڭ ءبىرى حاسان باسري بولسا، ەندى ءبىرى ... ولاردىڭ بارلىعىنىڭ ەسىمىن ساقتاي الماپپىن، ءبىراق ولار وتە ۇلكەن اۋليەلەر بولاتۇعىن، تاعى ءبىر اۋليەنىڭ ەسىمى ءبيشىر ءال-حافي، ولار تورتەۋ ەدى، بىرەۋ ولاردىڭ باعداتتان شىعىپ، قاشىپ بارا جاتقانىن كوردى، ولار نەگە قاشىپ كەتتى؟ سەبەبى سۇلتان ولاردىڭ بىرەۋىن باعداتتىڭ ەڭ ۇلكەن قازىسى ەتپەك بولىپتى، ولاردىڭ ەكەۋى ديجلاح وزەنىندە قايىققا وتىرىپ، قاشىپ كەتتى، بىرەۋىن سۇلتاننىڭ ادامدارى ۇستاماق بولىپ ەدى، ول وتىرىكتەن قۇتىرعان ادامنىڭ كەيىپىنە كىرىپ الدى، ال ءتورتىنشىسىن ولار ۇستاپ كەتتى.

ءسايدينا ءابۋ حانيفا حازىرەت تە 70 جاسقا كەلسە دە نەمەسە جاسى ودان ءوتىپ كەتسە دە، ولار (سۇلتاننىڭ ادامدارى) ونى ۇستاپ، زورلىقتى كۇشپەن باس قازى ەتپەكشى بولدى، ءبىراق ول وعان قارسى كەلدى، ول ەڭ ۇلىق يمام، قازىرگە دەيىن ءبىز حانافي ءمازحابىنا ەرەمىز ەمەسپە، ول ەڭ ۇلكەن يمام، ول ءارى يمام ءارى اۋليە وتكەن كىسى ەدى، ول 40 جىل بويى قۇپتان نامازىنىڭ دارەتىمەن تاڭ نامازىن وقىعان يمام، ول ساۋداگەر بولعان، جىبەك ساتاتىن وتە باي كىسى ەدى، ال سۇلتان ونى كۇشپەن باس قازى ەتىپ تاعايىنداماقشى بولدى، ءبىراق ول «بۇل مىندەتتى ارقالاي المايمىن، قيامەت كۇنىندە اللا ﷻ دىڭ الدىنا قازى بولۋدىڭ سۇراعى تىم اۋىر» دەپ، قازىلىق ءمانساپتى قابىل ەتپەيدى، ولار ونى تۇرمەگە قامايدى، سوندا دا قابىل ەتپەس، ونان ولار وعان ول قايتىس بولىپ كەتكەنشە دۇرە سوعادى، ول وسىلاي ءشاحيت بولعانشا قابىل ەتپەي قويدى، ول نە ءۇشىن بۇلاي ىستەدى؟ ول اقىلدى كىسى ەمەسپە؟ ونىڭ جازعاندارى سونداي كوپ، وسى زالدى تولتىرىپ جىبەرەرلىكتەي ەدى، سەبەبى ول اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە بولعاندىقتان باقىتتى ءجۇردى، ادامدار وعان نە ىستەسە دە، ول ونى ەلەگەن جوق.

راببىسىنا رازى مۇميندەر كوپ، ولار ۇمىتتەرىن جوعالتپادى، قازىرگى ادامدار تيتتەي ءىس ءۇشىن ۇمىتسىزدىككە ۇرىنار، ونان وزدەرىنە جاردەمدەسۋگە بىرەۋدى تاۋىپ الادى، ءبىراق ولاردىڭ بۇل تاپقاندار ۋ بولىپ شىعادى، ءسىز سابىرلى بولىڭىز، مىقتى بولىڭىز، مۇز سياقتى ەرىپ كەتپەڭىز، تەمىردەي بولىڭىز، تەمىردى وتقا سالىپ، شىڭداعان سايىن بەرىكتەنىپ، بولاتتاي بولا تۇسەدى، ال ءسىز دە تارتقان قيىنشىلىعىڭىزعا سابىرلى بولعان سايىن، بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە جاقسى بولا تۇسەسىز ءارى اللا ﷻ سىزگە ساۋاپتار بەرەتىن بولادى، ءسىز اللا ﷻ دىڭ بەرگەن ساۋاپتارىن كورگەن كەزدە «و شىركىن، بۇدان دا ۇلكەن ازاپ، قيىنشىلىق، جاپالاردى تارتقان بولسامشى!» دەيتىن بولاسىز، اللا ﷻ ناپسىمىزگە ەرمەۋگە جاردەم بەرگەي، اللا ﷻ نىڭ بىزگە بەرگەن جاقسى نارسەلەرىن الىپ كەتكىسى كەلەتىن شايتانعا ەرىپ كەتپەۋىمىزگە جاردەم بەرگەي، ءبىز ولاردى اقيرەتىمىز ءۇشىن ساقتاي بىلەيىك، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7655