You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Алла тағаланың бергенін қабыл ет (2021.07.06)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=75

Алла тағаланың бергенін қабыл ет (2021.07.06)

Ағузубиллахи минашшайтанир ражим, биссимилахир рахманир рахим.
«وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ» (Құран 39:67), алла тағала қасиетті құранда «алла тағала бағалайтынды олар бағаламайды.» деп айтады. Олар алла тағаланы білмейді, олар оны қаншалықты білмеген сайын, соншалықты бағалай білмейді. «وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ’» (Құран 39:67), бұл аятта « ... және әлем ОНЫҢ оң қолында бұктетіледі ...» делінген. Көк, жермен әлем алла тағаланың ұлылығың қасында ешнәрсе емес, тым елеусіз нәрсе ғана, барлығыда алла тағаланың жаратылысы.

Кеше бір бауырымыз жүрегіне келген бір сұрағын сұрапты, бұл сұрақ көптеген адамдар кішкене бала күнінде сұрайтын еді, ересек адам сұрайтын сұрақ емес, алайда қазіргі адамдардың көбі сұрайды, иман дәрежесі осыншалық қана. Сонымен ол не сұрақ еді? сұрағында «не үшін алла тағала бұл дүниені соншама көп қиыншылық, кедейлік, ауру-кесел, соғыс-қырғын және өзара өлтірумен бірге жаратқан? бұларсыз-ақ жәннатқа баруға болмай ма екен?» делінген. Бұл сұрақ әдетте біз секілді мұсұлмандар сұрауға тиісті сұрақ емес, иман келтіріп сенген ойлы мұсұлман бұны сұрамайды. Бұндай сұрақтарды көбінде бей-мұсұлмандар сұрайды, христан немесе яхудилер осындай сұрақтарға құмар, ал қалғандары ешнәрсеге көңіл бөлмейтіндермен ешнәрсені қабыл етпейтіндер.

Себебі, мына дүниедегілердің басым көпшілігі алла тағаланың күш-қүдіретімен ұлылығынан бейхабар. Алла тағала сені жаратып жаратқан сәтте сенен «не арманың бар? не болғың келеді? бұл дүниеде қиындық көргің келеме? сенің тозаққа әлде жәннатқа барғың келеме?» деп сұрамайды ғой, ол бұны сұраған жоқ. Алла тағала ұлы жаратушы, ол бізді жаратты, бізде еш ұқық жоқ, еш құдіретте жоқ, ұлық алла тағаладан «не үшін олай еттің? ол неге солай?» деп сұрайтын еш мүмкіндігіміз жоқ, мұндай сұрақтар есі дұрыс адамның ойынада келмеуі керек. Егер олар сәл ойланса, алла тағала өз қалауын істейтінін танып жетер еді. «لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ» (Құран 21:23), алла тағала өз ісінен сұралмайды, ОНЫҢ қалауларымен істеріне қатысты ешкім сұраққа ала алмайды, ОНЫҢ хикіметіне ешкім сұрақ қоя алмайды. Бұрындар үлкендер алла тағаланың хикіметін сұраққа алмаңдар, бұл ойнайтын іс емес дейтін.

Христандармен Еврейлер бар қарымдары келгенше алла тағалаға қарата әдепсіздіктер істеп баққан еді, аталмыш сұрақтардың түбін түсірген сол қауымдар болатұғын. Олар «Адам әлейхиссалам жәннатта болатын, ол қателік жасап, күнә істеді. Оның күнәлары себепті, барлық адамзат күнәкар болды, ол әлгі жемісті жемеген болса, біз жәннатта жүрер едік.» дейді де, бірақ олардың «бұл алла тағаланың қалауы, сондықтан осылай болды.» деп айтуы мұң екен, олар бұны айтпайды. Алла тағала Адам атаны жер бетіне сынаққа жіберді, ал бізде сол Адам атамыздың балалары ретінде, осы дүниеде сыналамыз. Бұл дүниеге келіп, сынақтан өткендер өздерінің баруға лайықты жерлеріне баратын болады, ал сынақтан өтпегендерде солай, оларда өзі баруға тиісті орнына баратын болады. Алла тағаладан «неге тозақ-жәннатты жараттың?» деп сұрауыңа болмайды, бізде еш күш-құдірет жоқ. Бұл дүниедегі ғана емес, бұккіл ғаламдағы күштер жиылсада алла тағалаға ешнәрсе істей алмайды, біз осыны білуіміз әрі түсінуымыз керек.

Мұсұлмандарға бұндай сұрақтады сұрауға рұхсат етілмеген, олай сұрау қателік, тым өрескелдік-дүр, ал басқалар, әсіресе христандар әуел бастан-ақ сондай сұрақтармен жүрген қауым. Тіпті қазіреті пайғамбар Иса әлейхиссаламның қасында жүрген оған ең жақын адамдардың өзі осы іспеттес қитұрқы сұрақтар сұрайтын еді, олар «алла тағала бізге бір дастарқан тамақ жібере алама?» деп сұрайтын, олардың бұл сұрағының өзі әуелден-ақ қате болатұғын. Сіра, сонда алла істей алмайтын іс болушыма еді? күнделікті ішіп-жеп жүрген тамақтарың қайдан келді? Әдетте ондай қыңыр сұрақтарды бұзылған сенім-діндерге ерген қауымдардың сұрауы қалыпты жағдай, алайда, мұсұлмандар олар секілді болмауы керек, оларға еліктеп, бұндай сұрақтарды сұрауына болмайды. 

«فَعَّالٌ لِّمَايُرِيدُ» (Құран 85:16) яғни «ОЛ қалағанына ЫҚПАЛ ЕТУШІ.» делінген. Алла тағала мүлдем аса күшті, ол әрнәрселермен әрқандай істерді өз қалауынша істейді, сондықтан өз ой-санаңда жүрген алла тағаланың қасиетіне сай келмейтін кеселді нәрселеріңді өшіріп тастауың керек. Алла тағала ойыңа келген және келмейтін әрқандай істерді істей алады, оған еш бөгеттік жоқ, алла тағала бәрінде болдыра алады, ОНЫҢ қүдіретінде болмайтын іс болмайды. Алла тағала біздерді осы жолда бекем еткей, бұл жол оның жолы, бізде осы жолды сұраймыз, оның бізге қалаған әрбір ісі біз үшін құт-береке әрі зор жарылқау-дүр. Бұндағы біздерге берілген ең үлкен құт-береке бағымыз алла тағаланың осы дұрыс жолында жүру болмақ, иншалла. 


Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.07.06, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


اللا تاعالانىڭ بەرگەنىن قابىل ەت

اعۋزۋبيللاحي ميناششايتانير راجيم، بيسسيميلاحير راحمانير راحيم.
«وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ» (قۇران 39:67)، اللا تاعالا قاسيەتتى قۇراندا «اللا تاعالا باعالايتىندى ولار باعالامايدى.» دەپ ايتادى. ولار اللا تاعالانى بىلمەيدى، ولار ونى قانشالىقتى بىلمەگەن سايىن، سونشالىقتى باعالاي بىلمەيدى. «وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ’» (قۇران 39:67)، بۇل اياتتا « ... جانە الەم ونىڭ وڭ قولىندا بۇكتەتىلەدى ...» دەلىنگەن. كوك، جەرمەن الەم اللا تاعالانىڭ ۇلىلىعىڭ قاسىندا ەشنارسە ەمەس، تىم ەلەۋسىز نارسە عانا، بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ جاراتىلىسى.

كەشە ءبىر باۋىرىمىز جۇرەگىنە كەلگەن ءبىر سۇراعىن سۇراپتى، بۇل سۇراق كوپتەگەن ادامدار كىشكەنە بالا كۇنىندە سۇرايتىن ەدى، ەرەسەك ادام سۇرايتىن سۇراق ەمەس، الايدا قازىرگى ادامداردىڭ كوبى سۇرايدى، يمان دارەجەسى وسىنشالىق قانا. سونىمەن ول نە سۇراق ەدى؟ سۇراعىندا «نە ءۇشىن اللا تاعالا بۇل دۇنيەنى سونشاما كوپ قيىنشىلىق، كەدەيلىك، اۋرۋ-كەسەل، سوعىس-قىرعىن جانە ءوزارا ولتىرۋمەن بىرگە جاراتقان؟ بۇلارسىز-اق جانناتقا بارۋعا بولماي ما ەكەن؟» دەلىنگەن. بۇل سۇراق ادەتتە ءبىز سەكىلدى مۇسۇلماندار سۇراۋعا ءتيىستى سۇراق ەمەس، يمان كەلتىرىپ سەنگەن ويلى مۇسۇلمان بۇنى سۇرامايدى. بۇنداي سۇراقتاردى كوبىندە بەي-مۇسۇلماندار سۇرايدى، حريستان نەمەسە ياحۋديلەر وسىنداي سۇراقتارعا قۇمار، ال قالعاندارى ەشنارسەگە كوڭىل بولمەيتىندەرمەن ەشنارسەنى قابىل ەتپەيتىندەر.

سەبەبى، مىنا دۇنيەدەگىلەردىڭ باسىم كوپشىلىگى اللا تاعالانىڭ كۇش-قۇدىرەتىمەن ۇلىلىعىنان بەيحابار. اللا تاعالا سەنى جاراتىپ جاراتقان ساتتە سەنەن «نە ارمانىڭ بار؟ نە بولعىڭ كەلەدى؟ بۇل دۇنيەدە قيىندىق كورگىڭ كەلەمە؟ سەنىڭ توزاققا الدە جانناتقا بارعىڭ كەلەمە؟» دەپ سۇرامايدى عوي، ول بۇنى سۇراعان جوق. اللا تاعالا ۇلى جاراتۋشى، ول ءبىزدى جاراتتى، بىزدە ەش ۇقىق جوق، ەش قۇدىرەتتە جوق، ۇلىق اللا تاعالادان «نە ءۇشىن ولاي ەتتىڭ؟ ول نەگە سولاي؟» دەپ سۇرايتىن ەش مۇمكىندىگىمىز جوق، مۇنداي سۇراقتار ەسى دۇرىس ادامنىڭ ويىنادا كەلمەۋى كەرەك. ەگەر ولار ءسال ويلانسا، اللا تاعالا ءوز قالاۋىن ىستەيتىنىن تانىپ جەتەر ەدى. «لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ» (قۇران 21:23)، اللا تاعالا ءوز ىسىنەن سۇرالمايدى، ونىڭ قالاۋلارىمەن ىستەرىنە قاتىستى ەشكىم سۇراققا الا المايدى، ونىڭ حيكىمەتىنە ەشكىم سۇراق قويا المايدى. بۇرىندار ۇلكەندەر اللا تاعالانىڭ حيكىمەتىن سۇراققا الماڭدار، بۇل وينايتىن ءىس ەمەس دەيتىن.

حريستاندارمەن ەۆرەيلەر بار قارىمدارى كەلگەنشە اللا تاعالاعا قاراتا ادەپسىزدىكتەر ىستەپ باققان ەدى، اتالمىش سۇراقتاردىڭ ءتۇبىن تۇسىرگەن سول قاۋىمدار بولاتۇعىن. ولار «ادام الەيحيسسالام ءجانناتتا بولاتىن، ول قاتەلىك جاساپ، كۇنا ىستەدى. ونىڭ كۇنالارى سەبەپتى، بارلىق ادامزات كۇناكار بولدى، ول الگى جەمىستى جەمەگەن بولسا، ءبىز ءجانناتتا جۇرەر ەدىك.» دەيدى دە، بىراق ولاردىڭ «بۇل اللا تاعالانىڭ قالاۋى، سوندىقتان وسىلاي بولدى.» دەپ ايتۋى مۇڭ ەكەن، ولار بۇنى ايتپايدى. اللا تاعالا ادام اتانى جەر بەتىنە سىناققا جىبەردى، ال بىزدە سول ادام اتامىزدىڭ بالالارى رەتىندە، وسى دۇنيەدە سىنالامىز. بۇل دۇنيەگە كەلىپ، سىناقتان وتكەندەر وزدەرىنىڭ بارۋعا لايىقتى جەرلەرىنە باراتىن بولادى، ال سىناقتان وتپەگەندەردە سولاي، ولاردا ءوزى بارۋعا ءتيىستى ورنىنا باراتىن بولادى. اللا تاعالادان «نەگە توزاق-ءجانناتتى جاراتتىڭ؟» دەپ سۇراۋىڭا بولمايدى، بىزدە ەش كۇش-قۇدىرەت جوق. بۇل دۇنيەدەگى عانا ەمەس، بۇككىل عالامداعى كۇشتەر جيىلسادا اللا تاعالاعا ەشنارسە ىستەي المايدى، ءبىز وسىنى ءبىلۋىمىز ءارى ءتۇسىنۋىمىز كەرەك.

مۇسۇلماندارعا بۇنداي سۇراقتادى سۇراۋعا رۇحسات ەتىلمەگەن، ولاي سۇراۋ قاتەلىك، تىم ورەسكەلدىك-ءدۇر، ال باسقالار، اسىرەسە حريستاندار اۋەل باستان-اق سونداي سۇراقتارمەن جۇرگەن قاۋىم. ءتىپتى قازىرەتى پايعامبار يسا الەيحيسسالامنىڭ قاسىندا جۇرگەن وعان ەڭ جاقىن ادامداردىڭ ءوزى وسى ىسپەتتەس قيتۇرقى سۇراقتار سۇرايتىن ەدى، ولار «اللا تاعالا بىزگە ءبىر داستارقان تاماق جىبەرە الاما؟» دەپ سۇرايتىن، ولاردىڭ بۇل سۇراعىنىڭ ءوزى اۋەلدەن-اق قاتە بولاتۇعىن. ءسىرا، سوندا اللا ىستەي المايتىن ءىس بولۋشىما ەدى؟ كۇندەلىكتى ءىشىپ-جەپ جۇرگەن تاماقتارىڭ قايدان كەلدى؟ ادەتتە ونداي قىڭىر سۇراقتاردى بۇزىلعان سەنىم-دىندەرگە ەرگەن قاۋىمداردىڭ سۇراۋى قالىپتى جاعداي، الايدا، مۇسۇلماندار ولار سەكىلدى بولماۋى كەرەك، ولارعا ەلىكتەپ، بۇنداي سۇراقتاردى سۇراۋىنا بولمايدى.

«فَعَّالٌ لِّمَايُرِيدُ» (قۇران 85:16) ياعني «ول قالاعانىنا ىقپال ەتۋشى.» دەلىنگەن. اللا تاعالا مۇلدەم اسا كۇشتى، ول ارنارسەلەرمەن ارقانداي ىستەردى ءوز قالاۋىنشا ىستەيدى، سوندىقتان ءوز وي-ساناڭدا جۇرگەن اللا تاعالانىڭ قاسيەتىنە ساي كەلمەيتىن كەسەلدى نارسەلەرىڭدى ءوشىرىپ تاستاۋىڭ كەرەك. اللا تاعالا ويىڭا كەلگەن جانە كەلمەيتىن ارقانداي ىستەردى ىستەي الادى، وعان ەش بوگەتتىك جوق، اللا تاعالا بارىندە بولدىرا الادى، ونىڭ قۇدىرەتىندە بولمايتىن ءىس بولمايدى. اللا تاعالا بىزدەردى وسى جولدا بەكەم ەتكەي، بۇل جول ونىڭ جولى، بىزدە وسى جولدى سۇرايمىز، ونىڭ بىزگە قالاعان ءاربىر ءىسى ءبىز ءۇشىن قۇت-بەرەكە ءارى زور جارىلقاۋ-ءدۇر. بۇنداعى بىزدەرگە بەرىلگەن ەڭ ۇلكەن قۇت-بەرەكە باعىمىز اللا تاعالانىڭ وسى دۇرىس جولىندا ءجۇرۋ بولماق، ينشاللا.


ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.07.06، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=75