You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Риздығың ешқайда қашып кетпейді



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=74

Қазіреті әулие Әбдұл Халық Ғұджуани (1179-жылы қайтыс болған, нақшыбанд тәриқат шежіресіндегі 11-шайық әулие, қазіреті Қызырдан білім алған, мақам қабыры Бұхара, Өзбекстанда) ислам әлеміндегі қаған-патша дәрежесіндегі аса үлкен құтып әулие еді. Ол алла тағала алдында қүрметке бөленіп, алла тағала оған Халифатұл-Аллаһ деген атақ-мақам берген-ді, әулиелердің сұлтаны болған өте мүбарак киелі жан еді. Бірде осы қазіреті әулие өзінің бір мүритін илаһи қүзіреттегі «нағыз барар орнына» жеткізбек болып, ол мүритін халуа (**) өткізуге бұйырады, ол кезде халуаны жеті жыл өткізетін, демек халуада адам өз нәпсісін жеңіп, нәпсісін толықтай меңгеруге жеті жыл уақыт қажет болатұғын. Қазіреттің бұйырығын алысымен, бұл мүрит өзін жиыстырып, болымсыз саңылауы бар терезесіз кішкене бір ауыз үйге кіреді, дайындыққа көшеді. Осы кезде пайғамбарымыз әулие Әбдұл Халық қазіретке «ол мүритіңе қарағын, мүмкін ол өз дәрежесіне тез жетіп алуыда мүмкін, оған маңызды түйіндерді көрсет, оны жеті жыл халуада қалтырып қоймағын.» дейді (үлкен құтып әулиелер пайғамбарымызбен әрқандай жағдайда тілдесе алады). Осыдан соң қазірет Әбдұл Халық мүритіне барып, оған «бері кел, менімен жүр.» дейді, олар жақын арадағы баққа барады да, ондағы өзеннің бойына тоқтайды. Осы кезде өзен жағасынан бір жасыл түсті бақа жалып етіп секіріп шыға келеді, ол тілімен жерді үш шұқып топырақ алады да, қайтадан суына секіріп түсіп кетеді. Әбдұл Халық қазіреті мүритінен «бақаның не істегенін көрдің бе? оның істеген ісінің мәнін түсіндің бе?» дейді. Мүрит «жоқ, білмедім.» дейді. Қазірет «ол әр күні шығып, өзіне керекті риздығын алады, тілімен алған үш шұқым риздық оның бір күніне жетеді, ол көп алғаннан қорқады, себебі бақа бұдан көп алсам жер бетіндегі топырақ таусылып қалады деп ойлайды.» дейді, бұны естіген мүриті қарқылдап күліп кетеді, сол кезде бақада қайта секіріп шығып, олда күледі. Үлкен әулиелер өздеріне алла тағала берген керемет-мұғжизалы күштері арқылы, қалағаны бойынша әрқандай нәрсені істей алады. Пайғамбарымыз көрсеткен мұғжизалардан әулиелерге де көп енші берілген. Бақа топырақты жеуі қажетсіз, бірақ бұнда әулие өз мүрит-ерушісіне бір сабақты үйретпек еді. Себебі бұл мүрит халуаға кіру бұйрығын алған соң, отбасымен бала-шағалары жайлы көп ойлай бастайды, ол жеті жылдық халуа өткізуі керек болатұғын, ол «мен бар мал-мүлкімді сатсам, мен жоқ кезде, бұл үйдегілердің бес-алты жыл істетуіне жетеді екен, ал қалған бір жылын олар қалай өткізер ...» деп уайымдайды, ол түні бойы осы ойдың жетегінде жүрген еді. Мүрит бақаға «сен неге күліп жатырсың?» дейді. Бақа «ал сен неге күлдің?» деп қайыра сұрайды. Мүрит «сен жерді үш шүқып үш шұқым топырақ алған соң, енді бұдан көп алсам жердегі топырақ таусылып қалады деп қорқады екенсің, мені соны естігенде күлдім.» дейді. Бақа «ал мен болсам сенің ақымақтығыңа күлдім, егер мен топырақты көп уақыт ала берсем, ол таусылуы мүмкін, бірақ сенің және отбасыңның риздығын беріп тұратынын құдіретті алла тағаланың өзі уәде еткен, бұл уәде тұрғанда сенің риздығын қалай таусылсын? ал сен болсаң күндіз-түні отбасымның ішіп-жер риздығы қалай болар екен деп уайымда жүрсің!» дейді, әулиелер өзінің еруші мүриттерінің күй-жағдайына ұдайы көз салып, көңіл бөліп тұрады (әулиелер жүрек қуатын істетіп күніне аз дегенде үш рет мүритіне қарайды). О жарандар, иман аса берік негізге құрылады: сен құдіретті алла тағалаға бүккілдей сенуің керек. «Мен сенемін.» деп айтып қойу жеткілікті емес, ұлық алла тағала сенің иманыңның шын немесе өтірік екенін сынауы мүмкін. Ал шайтан болса иман келтірушілерге шабуылдап, олардың иманын бұзбаққа сұранып тұр, шайтанда біздің иманды бүлдіруге істететін өз айлалары бар. Ол сірә қандай айла? Шайтан бейне жоғарыда айтылған мүритке келіп, оған риздық хақында күмән салғаны сияқты кез келген адамға сондай күмәндар салады. Бір адамның жүрегіне күмән кіре бастаған соң, ол күмән оның алла тағалаға деген иманын шірітіп, күйрете бастайды, бұл шайтанның мың айлаларының бірінен-дүр. Алла тағала қамдаушы, одан басқа ҚАМДАУШЫ жоқ. Өзіңе келер риздық хақында еш күмән болмасын! Саған сондайылық күмән келсе, ол сенің иманыңа нұқсан жеткізіп, барыңды құлатып, сені төменге түсіреді. Үлкен әулие машайығымыз бізге біздің ҚАМДАУШЫҒА қалай сенуіміз керектігі турасында, «жер үстіндегі көктің жүзін шығыстан батысқа дейін болат темірмен қаптап, жер бетінде еш шөп қалдырмай, тек бір тал ғана тас қалдырса, сол кезде біреудің ойына "ішіп-жер риздығым қайдан келер" деген күмән келсе, оның қасында иман қалмайды.» дейтін еді. Алла тағала риздықты уәде еткен! жұмыс істеп, егін егіп немесе бақша қарап риздығымды тауып жатырмын деп оилама, жоқ! егер алла тағала көктен риздықты жібермесе, ешқандай үкімет риздық бере алмас еді. ** Халуа - сопылық тәриқатта әулие ұстаз мүршиті мәлім мүритін ұзақ уақыттық оқшаулануға жіберіп, оның рухани дәрежесін көтеру тәсілі яғни мүриттің өз нәпсісін бүккілдей жеңіп, нәпсіні толық меңгерудей руханй сапар. Халуада мүрит онда көптеген ғажайып-мифтік ескатикалық рухани құбылыстарды бастан кешіреді немесе көреді, әдетте халу аз дегенде 40 күн, 3 ай, 1,2,3,5 ... жыл, тіпті ұзындары 15 жылға дейін болады, бұл оңай жол емес, әбден шынығып, көк темірдің қылауынан өткен мүриттер ғана халуаға барады. Бұл сопылықтағы өте жоғары дәреже болып, өте аз санды нағыз тазаланған кісілердің қолынан ғана келеді, халуа өткізу тек әулие ұстаздың нұсқауымен қорғауында астында ғана жүріледі. Біреу ұстазсыз, нұсқаусыз өзі жайша өткізсе, онда еш өзгеріс жоқ болып, пайдасыз болады, сондықтан халуа тек әулиенің рухани қорғауы астында ғана өтеді. - Әулие Сопы Маулана Шайық Назым Әділ әл-Хаққани #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф ريزدىعىڭ ەشقايدا قاشىپ كەتپەيدى قازىرەتى اۋليە ءابدۇل حالىق عۇدجۋاني (1179-جىلى قايتىس بولعان، ناقشىباند تاريقات شەجىرەسىندەگى 11-شايىق اۋليە، قازىرەتى قىزىردان ءبىلىم العان، ماقام قابىرى بۇحارا، وزبەكستاندا) يسلام الەمىندەگى قاعان-پاتشا دارەجەسىندەگى اسا ۇلكەن قۇتىپ اۋليە ەدى. ول اللا تاعالا الدىندا قۇرمەتكە بولەنىپ، اللا تاعالا وعان حاليفاتۇل-اللاھ دەگەن اتاق-ماقام بەرگەن-ءدى، اۋليەلەردىڭ سۇلتانى بولعان وتە مۇباراك كيەلى جان ەدى. بىردە وسى قازىرەتى اۋليە ءوزىنىڭ ءبىر ءمۇريتىن يلاھي قۇزىرەتتەگى «ناعىز بارار ورنىنا» جەتكىزبەك بولىپ، ول ءمۇريتىن حالۋا (**) وتكىزۋگە بۇيىرادى، ول كەزدە حالۋانى جەتى جىل وتكىزەتىن، دەمەك حالۋادا ادام ءوز ءناپسىسىن جەڭىپ، ءناپسىسىن تولىقتاي مەڭگەرۋگە جەتى جىل ۋاقىت قاجەت بولاتۇعىن. قازىرەتتىڭ بۇيىرىعىن الىسىمەن، بۇل ءمۇريت ءوزىن جيىستىرىپ، بولىمسىز ساڭىلاۋى بار تەرەزەسىز كىشكەنە ءبىر اۋىز ۇيگە كىرەدى، دايىندىققا كوشەدى. وسى كەزدە پايعامبارىمىز اۋليە ءابدۇل حالىق قازىرەتكە «ول مۇريتىڭە قاراعىن، مۇمكىن ول ءوز دارەجەسىنە تەز جەتىپ الۋىدا مۇمكىن، وعان ماڭىزدى تۇيىندەردى كورسەت، ونى جەتى جىل حالۋادا قالتىرىپ قويماعىن.» دەيدى (ۇلكەن قۇتىپ اۋليەلەر پايعامبارىمىزبەن ارقانداي جاعدايدا تىلدەسە الادى). وسىدان سوڭ قازىرەت ءابدۇل حالىق مۇريتىنە بارىپ، وعان «بەرى كەل، مەنىمەن ءجۇر.» دەيدى، ولار جاقىن اراداعى باققا بارادى دا، ونداعى وزەننىڭ بويىنا توقتايدى. وسى كەزدە وزەن جاعاسىنان ءبىر جاسىل ءتۇستى باقا جالىپ ەتىپ سەكىرىپ شىعا كەلەدى، ول تىلىمەن جەردى ءۇش شۇقىپ توپىراق الادى دا، قايتادان سۋىنا سەكىرىپ ءتۇسىپ كەتەدى. ءابدۇل حالىق قازىرەتى مۇريتىنەن «باقانىڭ نە ىستەگەنىن كوردىڭ بە؟ ونىڭ ىستەگەن ءىسىنىڭ ءمانىن ءتۇسىندىڭ بە؟» دەيدى. ءمۇريت «جوق، بىلمەدىم.» دەيدى. قازىرەت «ول ءار كۇنى شىعىپ، وزىنە كەرەكتى ريزدىعىن الادى، تىلىمەن العان ءۇش شۇقىم ريزدىق ونىڭ ءبىر كۇنىنە جەتەدى، ول كوپ العاننان قورقادى، سەبەبى باقا بۇدان كوپ السام جەر بەتىندەگى توپىراق تاۋسىلىپ قالادى دەپ ويلايدى.» دەيدى، بۇنى ەستىگەن ءمۇريتى قارقىلداپ كۇلىپ كەتەدى، سول كەزدە باقادا قايتا سەكىرىپ شىعىپ، ولدا كۇلەدى. ۇلكەن اۋليەلەر وزدەرىنە اللا تاعالا بەرگەن كەرەمەت-مۇعجيزالى كۇشتەرى ارقىلى، قالاعانى بويىنشا ارقانداي نارسەنى ىستەي الادى. پايعامبارىمىز كورسەتكەن مۇعجيزالاردان اۋليەلەرگە دە كوپ ەنشى بەرىلگەن. باقا توپىراقتى جەۋى قاجەتسىز، بىراق بۇندا اۋليە ءوز ءمۇريت-ەرۋشىسىنە ءبىر ساباقتى ۇيرەتپەك ەدى. سەبەبى بۇل ءمۇريت حالۋاعا كىرۋ بۇيرىعىن العان سوڭ، وتباسىمەن بالا-شاعالارى جايلى كوپ ويلاي باستايدى، ول جەتى جىلدىق حالۋا وتكىزۋى كەرەك بولاتۇعىن، ول «مەن بار مال-مۇلكىمدى ساتسام، مەن جوق كەزدە، بۇل ۇيدەگىلەردىڭ بەس-التى جىل ىستەتۋىنە جەتەدى ەكەن، ال قالعان ءبىر جىلىن ولار قالاي وتكىزەر ...» دەپ ۋايىمدايدى، ول ءتۇنى بويى وسى ويدىڭ جەتەگىندە جۇرگەن ەدى. ءمۇريت باقاعا «سەن نەگە كۇلىپ جاتىرسىڭ؟» دەيدى. باقا «ال سەن نەگە كۇلدىڭ؟» دەپ قايىرا سۇرايدى. ءمۇريت «سەن جەردى ءۇش شۇقىپ ءۇش شۇقىم توپىراق العان سوڭ، ەندى بۇدان كوپ السام جەردەگى توپىراق تاۋسىلىپ قالادى دەپ قورقادى ەكەنسىڭ، مەنى سونى ەستىگەندە كۇلدىم.» دەيدى. باقا «ال مەن بولسام سەنىڭ اقىماقتىعىڭا كۇلدىم، ەگەر مەن توپىراقتى كوپ ۋاقىت الا بەرسەم، ول تاۋسىلۋى مۇمكىن، بىراق سەنىڭ جانە وتباسىڭنىڭ ريزدىعىن بەرىپ تۇراتىنىن قۇدىرەتتى اللا تاعالانىڭ ءوزى ۋادە ەتكەن، بۇل ۋادە تۇرعاندا سەنىڭ ريزدىعىن قالاي تاۋسىلسىن؟ ال سەن بولساڭ كۇندىز-ءتۇنى وتباسىمنىڭ ءىشىپ-جەر ريزدىعى قالاي بولار ەكەن دەپ ۋايىمدا ءجۇرسىڭ!» دەيدى، اۋليەلەر ءوزىنىڭ ەرۋشى مۇريتتەرىنىڭ كۇي-جاعدايىنا ۇدايى كوز سالىپ، كوڭىل ءبولىپ تۇرادى (اۋليەلەر جۇرەك قۋاتىن ىستەتىپ كۇنىنە از دەگەندە ءۇش رەت مۇريتىنە قارايدى). و جاراندار، يمان اسا بەرىك نەگىزگە قۇرىلادى: سەن قۇدىرەتتى اللا تاعالاعا بۇككىلدەي سەنۋىڭ كەرەك. «مەن سەنەمىن.» دەپ ايتىپ قويۋ جەتكىلىكتى ەمەس، ۇلىق اللا تاعالا سەنىڭ يمانىڭنىڭ شىن نەمەسە وتىرىك ەكەنىن سىناۋى مۇمكىن. ال شايتان بولسا يمان كەلتىرۋشىلەرگە شابۋىلداپ، ولاردىڭ يمانىن بۇزباققا سۇرانىپ تۇر، شايتاندا ءبىزدىڭ يماندى بۇلدىرۋگە ىستەتەتىن ءوز ايلالارى بار. ول ءسىرا قانداي ايلا؟ شايتان بەينە جوعارىدا ايتىلعان مۇريتكە كەلىپ، وعان ريزدىق حاقىندا كۇمان سالعانى سياقتى كەز كەلگەن ادامعا سونداي كۇماندار سالادى. ءبىر ادامنىڭ جۇرەگىنە كۇمان كىرە باستاعان سوڭ، ول كۇمان ونىڭ اللا تاعالاعا دەگەن يمانىن ءشىرىتىپ، كۇيرەتە باستايدى، بۇل شايتاننىڭ مىڭ ايلالارىنىڭ بىرىنەن-ءدۇر. اللا تاعالا قامداۋشى، ودان باسقا قامداۋشى جوق. وزىڭە كەلەر ريزدىق حاقىندا ەش كۇمان بولماسىن! ساعان سوندايىلىق كۇمان كەلسە، ول سەنىڭ يمانىڭا نۇقسان جەتكىزىپ، بارىڭدى قۇلاتىپ، سەنى تومەنگە تۇسىرەدى. ۇلكەن اۋليە ماشايىعىمىز بىزگە ءبىزدىڭ قامداۋشىعا قالاي سەنۋىمىز كەرەكتىگى تۋراسىندا، «جەر ۇستىندەگى كوكتىڭ ءجۇزىن شىعىستان باتىسقا دەيىن بولات تەمىرمەن قاپتاپ، جەر بەتىندە ەش ءشوپ قالدىرماي، تەك ءبىر تال عانا تاس قالدىرسا، سول كەزدە بىرەۋدىڭ ويىنا "ءىشىپ-جەر ريزدىعىم قايدان كەلەر" دەگەن كۇمان كەلسە، ونىڭ قاسىندا يمان قالمايدى.» دەيتىن ەدى. اللا تاعالا ريزدىقتى ۋادە ەتكەن! جۇمىس ىستەپ، ەگىن ەگىپ نەمەسە باقشا قاراپ ريزدىعىمدى تاۋىپ جاتىرمىن دەپ ويلاما، جوق! ەگەر اللا تاعالا كوكتەن ريزدىقتى جىبەرمەسە، ەشقانداي ۇكىمەت ريزدىق بەرە الماس ەدى. ** حالۋا - سوپىلىق تاريقاتتا اۋليە ۇستاز ءمۇرشيتى ءمالىم ءمۇريتىن ۇزاق ۋاقىتتىق وقشاۋلانۋعا جىبەرىپ، ونىڭ رۋحاني دارەجەسىن كوتەرۋ ءتاسىلى ياعني ءمۇريتتىڭ ءوز ءناپسىسىن بۇككىلدەي جەڭىپ، ءناپسىنى تولىق مەڭگەرۋدەي رۋحاني ساپار. حالۋادا ءمۇريت وندا كوپتەگەن عاجايىپ-ميفتىك ەسكاتيكالىق رۋحاني قۇبىلىستاردى باستان كەشىرەدى نەمەسە كورەدى، ادەتتە حالۋ از دەگەندە 40 كۇن، 3 اي، 1،2،3،5 ... جىل، ءتىپتى ۇزىندارى 15 جىلعا دەيىن بولادى، بۇل وڭاي جول ەمەس، ابدەن شىنىعىپ، كوك تەمىردىڭ قىلاۋىنان وتكەن مۇريتتەر عانا حالۋاعا بارادى. بۇل سوپىلىقتاعى وتە جوعارى دارەجە بولىپ، وتە از ساندى ناعىز تازالانعان كىسىلەردىڭ قولىنان عانا كەلەدى، حالۋا وتكىزۋ تەك اۋليە ۇستازدىڭ نۇسقاۋىمەن قورعاۋىندا استىندا عانا جۇرىلەدى. بىرەۋ ۇستازسىز، نۇسقاۋسىز ءوزى جايشا وتكىزسە، وندا ەش وزگەرىس جوق بولىپ، پايداسىز بولادى، سوندىقتان حالۋا تەك اۋليەنىڭ رۋحاني قورعاۋى استىندا عانا وتەدى. - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل ءال-حاققاني #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=74