You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: сопылық тәриқатта зорлық жоқ, қайсы тәриқатқа еру өз еркің (2024.02.21 / Хижра 1445-жыл 11-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7446
Сұхбат: сопылық тәриқатта зорлық жоқ, қайсы тәриқатқа еру өз еркің (2024.02.21 / Хижра 1445-жыл 11-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, біз бұнда нақышбанд, қадірия, дұсұнқия, шазли сопылық тәриқаттары болып, Алла Жәллә Жәләлухудың махаббаты үшін жиналып отырмыз, барлық сопылық тәриқаттар ұқсас, әлхамдулилла, «إِنَّمَا الْمُؤْمِنُون َ إِخْوَة» (мүминдер - бауырлар) (құран 49:10), Алла Әззә уә-Жәллә әрбір адамды өзгеге ұқсамайтын айырқша қасиетпен жаратты, сондықтан Алла Жәллә Жәләлуху олардың әрбіріне лайықты болатын нәрселерді берді, Алла Жәллә Жәләлуху құранда «біз бір-бірлеріңді білулерің үшін сендерді Адаммен Хауадан жараттық, ал ең жақсыларың Алладан қорыққандардың, сабихут-тақуа болғандарың» дейді.

Сондықтан ұқсамаған сопылық тәриқаттардың болуы да Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген бір рахым, мәзхаптар да солай, мазхаптың төрт мәзхап болуы да Алла Жәллә Жәләлухудан мүминдермен мұсылмандарға берілген рахым болмақ, демек жұрт өздеріне лайықтысын таңдай алады, сопылық тәриқаттар да солай еді, Мәуләнә Шайық Назым хазірет ұдайы «кейбіреулер өзге сопылық тәриқаттағыларға барып, "бізге келіңдер, біздікі жақсы" деп, оларды өз тәриқатына шақырар» деп, айтып отыратын, алайда Мәуләнә және басқа машайықтар бұндай істі мүлдем жақсы көрмеген, оны қаламас, Мәуләнә «Алла Жәллә Жәләлуху олардың жүректеріне не берсе, жүректері қайда бұрылса, қай бағытқа ақса, олар соны қабыл ететін болады» дейтін, олар соны қабыл етуі керек, ал олардың жүректері тартпаса, зорлық жоқ, олар жүректеріне кім келсе, соған қарасын, сопылық тәриқат міне осылай, сіз ешкімге зорлық көрсете алмайсыз, Алла Әззә уә-Жәллә олардың жүректерге «сен осы шайыққа, осы тәриқатқа ер» деген нәрсені салса, олар сол айтылғанға еретін болады, оларға қарап, елеңдеудің керегі жоқ, әиітпесе бұныңыз сопылық тәриқатта кәдімгі өзіңізге арналмаған бөгде әйелге көз салуға ұқсап қалады, сопылық тәриқат осылай, егер Алла Жәллә Жәләлуху мәлім адамның жүрегін мәлім тәриқатқа баруға ашса, ешкім оны мінеп-сынамауы керек, бұл Алла Әззә уә-Жәлләдан, сізден емес.

Мәуләнә Шайықтың тірі кезінде көптеген адамдар, неше мыңдаған кісілер ол арқылы тәриқатқа келді, біз онымен өте көп жерге сапарладық, сол кезде де осы істерді көп көрдік, бірінші сапар Өзбекстанға жасалды, сол кезде көптеген орыстар Мәуләнәны көріп, одан шахада алды, олар оған еруге даяр болды, бірде біз Жапонияның Токио қаласында болдық, олар онда бір мешіт салды, мешіттің иесі Татар кісілер, ал мешітті қайта салғандар Түріктер еді, ол жақсы мешіт, мешіт иелері Мәуләнәны мешіттеріне шақырды, біз онда бардық, мешіт әдемі болғандықтан Жапондықтар қызғып, оған келді, мүмкін олар өмірінде көріп көрмеген нәрсені көрді, сол күні түнде жарты сағатта 6 Жапон азаматы Мәуләнәдан шахада алды, міне бұлар Алла Әззә уә-Жәлләдан, Мәуләнә оларды шақырған жоқ, тіпті біз Алла Жәллә Жәләлухудың оларды онда қалай жібергенін де білмейміз, олар бұнда келгенше оларды көрген жоқпыз, олар аяқ астынан келді, ешкім оларға ештеңе де айтпаған, оларға біреулер «келіңдер, шахада алыңдар, мынаны алыңдар» демеді, жоқ, бұл әулиелердің кереметінен еді, мүмкін Алла Жәллә Жәләлуху (Мәуләнәға) неше мыңдаған километір ұзақ сапарды басқызып, осыбір адамдарды исламға келтірді.

Міне бұлар сопылық тәриқаттың әдептерінен, тәриқаттағы ең бірінші іс әдептілік, жақсы иба, жақсы адам болу, ізгі жан болу болмақ, тәриқат дегеніміз міне осы, кім сопылық тәриқатты жақсы көрмейді? ол кім? пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды, исламды, сопылық тәриқатты ең бірінші жек көруші кім? кім осыларды ең жек көреді? ол кім болмақ? әрине ол шайтан еді, шайтан болмақ, шайтанда әдептілік, ұялу болмас, онда жақсы мінезден түк жоқ, міне бұл шайтан-дүр, ал сіз оған еліктеп, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды, әулиелерді, әхлул бәйіттерді, сахабаларды құрмет етпесеңіз, сіз кіммен бірге болған боласыз? пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен? әлде шайтан атты аса ұсқынсыз жаратылыспен бе?

Біз осыларды білуіміз керек, бұнда немесе басқа жерде болсақ та осыларды білуіміз керек, көптеген мұсылман елдерінде немесе бей-мұсылман елдерінде болсын, тәкәппар, әдепсіз, ерсі болудай жаман ауру мейлінше тарап кетті, бұл кесел әр жерге кірді, олар осымен исламды, мұсылмандарды құртуда, жоқ, исламды құртуға келмейді. Бұрын жақсы бір журналист бар еді, Мәуләнә оны жақсы көретін, өте зерек кісі болатын, ол «ислам әр жерге тарап, бүкіл дүниені исламда ете алады, бірақ бүкіл дүниені исламда болуына тек бір іс кедергі болып отыр, ол не?» дер, ол жалғасты «оған кедергі мұсылмандар, мұсылман бөлек, ислам бөлек, себебі мұсылмандардың аты ғана мұсылман, олар исламға тек жәй осы есіммен ғана ілесіп жүр, шын ілесіп жүрген жоқ, сондықтан өзгелер исламға қараса, "ох, бұл расында керемет жүйе екен, адам баласында өте пайдалы" дер, бірақ олар мұсылмандарға және мұсылмандардың істеп жатқан ісіне қараса, олар "ох, мына мұсылмандар сұмдық істеп жатыр, тәйірі?" дер» дейді, расында мұсылмандарға қарасаңыз, олар елді алдап жүр, бірдеңе ұрлап жүр, көрсеткені әдепсіздік, жемқорлық қылып, пара жеп жүргендер де солар, рашуах деген не? ол пара алу-дүр. Әсіресе мұсылмандар «темекі шегу, шегімдік шегу халал» деп ойлар, бұл да өте жаман іс, біз бұнда осы жақсы кісі Ханиф рахматуллах ғалахи мархұм үшін де келіп отырмыз, оған бағыштап фатиха оқылық, иншалла (мәуләнә фатиха оқыды), міне осылайша мұсылмандар «арақ қана харам» деп ойлап қалған, олар «шөпті шылым етіп шегуге, шегімдік тұтынуға болады, міне бәрі халал» дер, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «مَا أَسْكَر َ كَثِيرُه ُ فَقَلِيلُه ُ حَرَام» (егер әр нәрсенің көп мөлшердегісі харам болса, оның аз мөлшердегісі де харам болады) (хадис) дейді, демек оны аз, көп, титтей тұтынсаңыз да, бәрібір харам болмақ, шайтан осындай нәрсені мұсылмандардың арасына таратып, оларды көптеп құртуда.

Сондықтан өзге адамдар мұсылмандарды көргенде исламнан қаша жөнелетін болған, егер қазіргі мұсылмандар сонау сахабалармен хұлафа рашидиндердің кезіндегі мұсылмандар сияқты болса, ең кемінде осыдан жүз жыл бұрынғы мұсылмандар сияқты болса да, жағдай мүлдем өзгеше болар еді, жүз жыл бұрынғы мұсылмандардың өзі қазіргілерден мүлдем бөлек болған, тіпті 50 жыл бұрынғылар қазіргілерге ұқсамайды, 100% бөлекше болған, қазір мұсылмандар барған сайын нашарлауда, нашарлаған үстіне нашарлауда, олар кеңес-нәсихатқа құлақ аспайды, құлақтарын мүлдем тұмшалап алған. Сәидина Нұх пайғамбар айтып өткендей, олар естімеу үшін және көрмеу үшін бастарын киімдерімен орап, тұмшалап алады, олардың қазір істеп жатқандарды да дәл осындай қылық, қазір осыған ұқсас жағдай болуда, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем еткей, сондықтан отбасылар балаларына, немерелеріне көңіл бөлуі, оларды осындай жақсы жиындарға алып келу қатарлы істер маңызды болмақ, оларды осындай мәжіліске, сопылық тәриқат мәжілісітеріне, зікір мәжілістеріне, нәсихат мәжілістеріне ертіп келіңіздер, оларға үйрету үшін, үлгі өнеге көрсету үшін сөзсіз әкеліңіздер, өздерімен қалдырып қоймаңыздар, тастап кетпеңіздер, қазір расында қиын, оқу ағарту сестамасы «ол не қаласа, соған қалдырып қой, өзі не істегісі келсе, соны істесін, өзі істесін» дер, егер сіз оны өз еркіне қалдырып, қоятын болсаңыз, ол нәпсілерінің артынан кететін болады, ол жақсы нәрсеге қарай алмай, нәпсісі ұнататын нәрсеге қарайтын болады, соны қуар, мүмкін ол осы үшін қуанар, түнде көшеге шығып, достарымен онда я бұнда барғанына мәз болар, ал ең соңында олар мәлім тұзаққа түсетін болады, онан соң оның анасы келіп, «о, менің балам ішкіш, шеккіш болып кетті, анау-мынау ерсі істерді істейді» деп зарлайды, ал сіз не үшін сонау бастан түнде көшеге шықпауды, түнде қыдырмауды үйреткен жоқсыз? Мәуләнә Шайық кеште ақшамнан соң үйден сыртқа шығуды еш ұнатпайтын, ол «ақшамнан соң жындарың шайтандары шығады» деп айтып отыратын, әрине бұл жындар адамдарды жынды, құтырық етіп жіберуді ұнатады, сондықтан, біз айтамыз, демек исламдағы, сопылық тәриқаттағы әрбір іс адамдардың игілігі үшін болмақ, ол адамдарға еш залал әкелмейді, қайта оларды бұнда және ақиретте бірдей құтқару үшін, бақытты ету үшін оларға жақсы нәрселерді ғана сыйлайды, бірақ шайтан болса, Алла Әззә уә-Жәллә құранда айтып өткендей, ол сіздердің кедей болып, қуана алмай жүрулеріңізді және жәханнамда болуларыңызды қалайды, шайтанның қалап тұрғаны міне осы, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә сіздің бұнда да, ақиретте де бақытты болып, соңында жәннәтқа кірулеріңізді қалайды.

Біз әркүні қазіргі заманның сонау Адам әлейхис-саламнан бергі ең бұзық заман екендігін ұдайы айтып келеміз, бұрынғы ұлт-қауымдарда да бұзықтар болған, алайда ол кезде бұзықтықтар бір жерде ғана болып, басқа жақтарда ондай бұзықтық жоқ еді, онда жақсы адамдар болатын, ол кезде Алла Жәллә Жәләлуху тек сол азғын қауымдармен бұзық адамдарға қарғыс жіберіп, оларды осы дүниеде жазалайтұғын, бірақ қазір жаман-бұзық адамдар әр жерде өріп жүр, ешбір жер аман қалмады, қасиетті жерлер де, жәй жерлер де олардан қауіпсіз емес, демек барлығы бірдей ұқсас болып кеткен, мүлдем парқы жоқ, біз Алла Әззә уә-Жәлләның біздерге Сахибты жіберуін сұрап жатырмыз, иншалла.

Себебі біз қазір бомбылауларды, адам өлтірулерді көріп жатырмыз, көріп отырғанымыз міне осылар, кеше біздің бір мүриттің бүкіл отбасы Ғазада шахит болды, ал бұдан да қауіпті нәрсе бар, ол адамдарды (санасын) улау болмақ, манағы кісілер тасталған (бомыбдан) нәрседен шахит болды, олар үмбет үшін, үмбет пайдасы үшін шахит, Алла Жәллә Жәләлуху барлық шахиттерді сауапқа бөлейтін болады, шахит хақында пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «кісі шахит болғанда, оған өлім инені жәй шәншіғандай ғана болар, ол өлімнен еш қиналмайды, азап сезінбейді, сондықтан ол тағы да мың рет келіп, шахит болғысы келеді» дер, міне бұл оның айтқандарынан, сондықтан әлхамдулилла, бұл адамдар жоғары мақамда, кім шәхиттарға арнап құран-салауат бағыштаса, бұл шәхиттар қияметте оларға шапағат ететін болады, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху оларды берекелегей, құтайтқай.

Алайда біздің бұнда айтып отырғанымыз бұзықтардың адамдарды (рухани) улау мәселесі еді, бұл манағы бомбалаулардан да қауіпті болмақ, демек санаға тасталған бомба, денеге тасталған бомбадан да қауіпті, олар жас мұсылман балаларды улауда, шығыс, батыс, солтүстік, өңтүстік барлық жерде, мұсылман не бей-мұсылман елдерінде болсын, өте қорқынышты, өте сүркейлі жағдайлар жүріліп жатыр, (олар адамдардың санасын улауда), Алла Жәллә Жәләлуху бізді құтқарғай, адамдарды бұдан құтқару үшін Алла Жәллә Жәләлуху бізге Сахиб Мәхди әлейхис-саламды жібергей, біз күндіз-түні Алла дұға етіп, мұсылман балаларды осы шайтаннан, удан, олардың уынан қорғауын сұраудамыз, Алла Жәллә Жәләлуху осы улап жатқандардың өздерін улап жібергей, иншалла, оларға хидаят бергей, біз тағы айтамыз, Алла Жәллә Жәләлуху олардың жүректерін тәриқатқа келуге, әдеп-ибаға келуге, құрметке қайтуға, бақытқа келуге ашқай, міне бұл біздің күндіз-түні жасайтын дұғаларымыздан.

Біз және де дұға етеміз, Мәуләнә Шайық хазірет ұдайы «Сәидина әл-Мәхди хазіреттің келуіне дұға жасаңдар» деп айтып отыратын, осыны да көп тілелік, себебі қазіргі заманда әрбір жамандық ең биік шоқысына шықты, олар ең биік төбесіне шыққан соң, олар одан төмен құлауы керек, иншалла, Мәхди әлейхис-салам келіп, олардың барлығын алып ұратын болады, оларды түгелдей жояды, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху баршамдызды құтқарғай, бізді мына дүниеден, бәле-қалалардан және азабул-ақирах (ақирет азабынан) сақтағай, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху баршаңызды берекелегей, құтайта бергей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: سوپىلىق ءتاريقاتتا زورلىق جوق، قايسى ءتاريقاتقا ەرۋ ءوز ەركىڭ (2024.02.21 / حيجرا 1445-جىل 11-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇندا ناقىشباند، ءقادىريا، دۇسۇنقيا، شازلي سوپىلىق ءتاريقاتتارى بولىپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ماحابباتى ءۇشىن جينالىپ وتىرمىز، بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتار ۇقساس، ءالحامدۋليللا، «إِنَّمَا الْمُؤْمِنُون َ إِخْوَة» (مۇميندەر - باۋىرلار) (قۇران 49:10)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءاربىر ادامدى وزگەگە ۇقسامايتىن ايىرقشا قاسيەتپەن جاراتتى، سوندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ اربىرىنە لايىقتى بولاتىن نارسەلەردى بەردى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قۇراندا «ءبىز ءبىر-بىرلەرىڭدى بىلۋلەرىڭ ءۇشىن سەندەردى اداممەن حاۋادان جاراتتىق، ال ەڭ جاقسىلارىڭ اللادان قورىققانداردىڭ، سابيحۋت-تاقۋا بولعاندارىڭ» دەيدى.

سوندىقتان ۇقساماعان سوپىلىق ءتاريقاتتاردىڭ بولۋى دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن ءبىر راحىم، ءمازحاپتار دا سولاي، مازحاپتىڭ ءتورت ءمازحاپ بولۋى دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان مۇميندەرمەن مۇسىلماندارعا بەرىلگەن راحىم بولماق، دەمەك جۇرت وزدەرىنە لايىقتىسىن تاڭداي الادى، سوپىلىق ءتاريقاتتار دا سولاي ەدى، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇدايى «كەيبىرەۋلەر وزگە سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلارعا بارىپ، "بىزگە كەلىڭدەر، بىزدىكى جاقسى" دەپ، ولاردى ءوز ءتاريقاتىنا شاقىرار» دەپ، ايتىپ وتىراتىن، الايدا ءماۋلانا جانە باسقا ماشايىقتار بۇنداي ءىستى مۇلدەم جاقسى كورمەگەن، ونى قالاماس، ءماۋلانا «اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە نە بەرسە، جۇرەكتەرى قايدا بۇرىلسا، قاي باعىتقا اقسا، ولار سونى قابىل ەتەتىن بولادى» دەيتىن، ولار سونى قابىل ەتۋى كەرەك، ال ولاردىڭ جۇرەكتەرى تارتپاسا، زورلىق جوق، ولار جۇرەكتەرىنە كىم كەلسە، سوعان قاراسىن، سوپىلىق ءتاريقات مىنە وسىلاي، ءسىز ەشكىمگە زورلىق كورسەتە المايسىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردىڭ جۇرەكتەرگە «سەن وسى شايىققا، وسى ءتاريقاتقا ەر» دەگەن نارسەنى سالسا، ولار سول ايتىلعانعا ەرەتىن بولادى، ولارعا قاراپ، ەلەڭدەۋدىڭ كەرەگى جوق، ايىتپەسە بۇنىڭىز سوپىلىق ءتاريقاتتا كادىمگى وزىڭىزگە ارنالماعان بوگدە ايەلگە كوز سالۋعا ۇقساپ قالادى، سوپىلىق ءتاريقات وسىلاي، ەگەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءمالىم ادامنىڭ جۇرەگىن ءمالىم ءتاريقاتقا بارۋعا اشسا، ەشكىم ونى مىنەپ-سىناماۋى كەرەك، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، سىزدەن ەمەس.

ءماۋلانا شايىقتىڭ ءتىرى كەزىندە كوپتەگەن ادامدار، نەشە مىڭداعان كىسىلەر ول ارقىلى ءتاريقاتقا كەلدى، ءبىز ونىمەن وتە كوپ جەرگە ساپارلادىق، سول كەزدە دە وسى ىستەردى كوپ كوردىك، ءبىرىنشى ساپار وزبەكستانعا جاسالدى، سول كەزدە كوپتەگەن ورىستار ءماۋلانانى كورىپ، ودان شاحادا الدى، ولار وعان ەرۋگە دايار بولدى، بىردە ءبىز جاپونيانىڭ توكيو قالاسىندا بولدىق، ولار وندا ءبىر مەشىت سالدى، مەشىتتىڭ يەسى تاتار كىسىلەر، ال مەشىتتى قايتا سالعاندار تۇرىكتەر ەدى، ول جاقسى مەشىت، مەشىت يەلەرى ءماۋلانانى مەشىتتەرىنە شاقىردى، ءبىز وندا باردىق، مەشىت ادەمى بولعاندىقتان جاپوندىقتار قىزعىپ، وعان كەلدى، مۇمكىن ولار ومىرىندە كورىپ كورمەگەن نارسەنى كوردى، سول كۇنى تۇندە جارتى ساعاتتا 6 جاپون ازاماتى ءماۋلانادان شاحادا الدى، مىنە بۇلار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، ءماۋلانا ولاردى شاقىرعان جوق، ءتىپتى ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ولاردى وندا قالاي جىبەرگەنىن دە بىلمەيمىز، ولار بۇندا كەلگەنشە ولاردى كورگەن جوقپىز، ولار اياق استىنان كەلدى، ەشكىم ولارعا ەشتەڭە دە ايتپاعان، ولارعا بىرەۋلەر «كەلىڭدەر، شاحادا الىڭدار، مىنانى الىڭدار» دەمەدى، جوق، بۇل اۋليەلەردىڭ كەرەمەتىنەن ەدى، مۇمكىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ (ءماۋلاناعا) نەشە مىڭداعان كيلومەتىر ۇزاق ساپاردى باسقىزىپ، ءوسىبىر ادامداردى يسلامعا كەلتىردى.

مىنە بۇلار سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ادەپتەرىنەن، ءتاريقاتتاعى ەڭ ءبىرىنشى ءىس ادەپتىلىك، جاقسى يبا، جاقسى ادام بولۋ، ىزگى جان بولۋ بولماق، ءتاريقات دەگەنىمىز مىنە وسى، كىم سوپىلىق ءتاريقاتتى جاقسى كورمەيدى؟ ول كىم؟ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى، يسلامدى، سوپىلىق ءتاريقاتتى ەڭ ءبىرىنشى جەك كورۋشى كىم؟ كىم وسىلاردى ەڭ جەك كورەدى؟ ول كىم بولماق؟ ارينە ول شايتان ەدى، شايتان بولماق، شايتاندا ادەپتىلىك، ۇيالۋ بولماس، وندا جاقسى مىنەزدەن تۇك جوق، مىنە بۇل شايتان-ءدۇر، ال ءسىز وعان ەلىكتەپ، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى، اۋليەلەردى، ءاحلۋل بايىتتەردى، ساحابالاردى قۇرمەت ەتپەسەڭىز، ءسىز كىممەن بىرگە بولعان بولاسىز؟ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن؟ الدە شايتان اتتى اسا ۇسقىنسىز جاراتىلىسپەن بە؟

ءبىز وسىلاردى ءبىلۋىمىز كەرەك، بۇندا نەمەسە باسقا جەردە بولساق تا وسىلاردى ءبىلۋىمىز كەرەك، كوپتەگەن مۇسىلمان ەلدەرىندە نەمەسە بەي-مۇسىلمان ەلدەرىندە بولسىن، تاكاپپار، ادەپسىز، ەرسى بولۋداي جامان اۋرۋ مەيلىنشە تاراپ كەتتى، بۇل كەسەل ءار جەرگە كىردى، ولار وسىمەن يسلامدى، مۇسىلمانداردى قۇرتۋدا، جوق، يسلامدى قۇرتۋعا كەلمەيدى. بۇرىن جاقسى ءبىر جۋرناليست بار ەدى، ءماۋلانا ونى جاقسى كورەتىن، وتە زەرەك كىسى بولاتىن، ول «يسلام ءار جەرگە تاراپ، بۇكىل دۇنيەنى يسلامدا ەتە الادى، ءبىراق بۇكىل دۇنيەنى يسلامدا بولۋىنا تەك ءبىر ءىس كەدەرگى بولىپ وتىر، ول نە؟» دەر، ول جالعاستى «وعان كەدەرگى مۇسىلماندار، مۇسىلمان بولەك، يسلام بولەك، سەبەبى مۇسىلمانداردىڭ اتى عانا مۇسىلمان، ولار يسلامعا تەك ءجاي وسى ەسىممەن عانا ىلەسىپ ءجۇر، شىن ىلەسىپ جۇرگەن جوق، سوندىقتان وزگەلەر يسلامعا قاراسا، "وح، بۇل راسىندا كەرەمەت جۇيە ەكەن، ادام بالاسىندا وتە پايدالى" دەر، ءبىراق ولار مۇسىلماندارعا جانە مۇسىلمانداردىڭ ىستەپ جاتقان ىسىنە قاراسا، ولار "وح، مىنا مۇسىلماندار سۇمدىق ىستەپ جاتىر، ءتايىرى؟" دەر» دەيدى، راسىندا مۇسىلماندارعا قاراساڭىز، ولار ەلدى الداپ ءجۇر، بىردەڭە ۇرلاپ ءجۇر، كورسەتكەنى ادەپسىزدىك، جەمقورلىق قىلىپ، پارا جەپ جۇرگەندەر دە سولار، راشۋاح دەگەن نە؟ ول پارا الۋ-ءدۇر. اسىرەسە مۇسىلماندار «تەمەكى شەگۋ، شەگىمدىك شەگۋ حالال» دەپ ويلار، بۇل دا وتە جامان ءىس، ءبىز بۇندا وسى جاقسى كىسى حانيف راحماتۋللاح عالاحي مارحۇم ءۇشىن دە كەلىپ وتىرمىز، وعان باعىشتاپ فاتيحا وقىلىق، ينشاللا (ءماۋلانا فاتيحا وقىدى)، مىنە وسىلايشا مۇسىلماندار «اراق قانا حارام» دەپ ويلاپ قالعان، ولار «ءشوپتى شىلىم ەتىپ شەگۋگە، شەگىمدىك تۇتىنۋعا بولادى، مىنە ءبارى حالال» دەر، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «مَا أَسْكَر َ كَثِيرُه ُ فَقَلِيلُه ُ حَرَام» (ەگەر ءار نارسەنىڭ كوپ مولشەردەگىسى حارام بولسا، ونىڭ از مولشەردەگىسى دە حارام بولادى) (حاديس) دەيدى، دەمەك ونى از، كوپ، تيتتەي تۇتىنساڭىز دا، ءبارىبىر حارام بولماق، شايتان وسىنداي نارسەنى مۇسىلمانداردىڭ اراسىنا تاراتىپ، ولاردى كوپتەپ قۇرتۋدا.

سوندىقتان وزگە ادامدار مۇسىلمانداردى كورگەندە يسلامنان قاشا جونەلەتىن بولعان، ەگەر قازىرگى مۇسىلماندار سوناۋ ساحابالارمەن حۇلافا راشيديندەردىڭ كەزىندەگى مۇسىلماندار سياقتى بولسا، ەڭ كەمىندە وسىدان ءجۇز جىل بۇرىنعى مۇسىلماندار سياقتى بولسا دا، جاعداي مۇلدەم وزگەشە بولار ەدى، ءجۇز جىل بۇرىنعى مۇسىلمانداردىڭ ءوزى قازىرگىلەردەن مۇلدەم بولەك بولعان، ءتىپتى 50 جىل بۇرىنعىلار قازىرگىلەرگە ۇقسامايدى، 100% بولەكشە بولعان، ءقازىر مۇسىلماندار بارعان سايىن ناشارلاۋدا، ناشارلاعان ۇستىنە ناشارلاۋدا، ولار كەڭەس-ءناسيحاتقا قۇلاق اسپايدى، قۇلاقتارىن مۇلدەم تۇمشالاپ العان. ءسايدينا نۇح پايعامبار ايتىپ وتكەندەي، ولار ەستىمەۋ ءۇشىن جانە كورمەۋ ءۇشىن باستارىن كيىمدەرىمەن وراپ، تۇمشالاپ الادى، ولاردىڭ ءقازىر ىستەپ جاتقانداردى دا ءدال وسىنداي قىلىق، ءقازىر وسىعان ۇقساس جاعداي بولۋدا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم ەتكەي، سوندىقتان وتباسىلار بالالارىنا، نەمەرەلەرىنە كوڭىل ءبولۋى، ولاردى وسىنداي جاقسى جيىندارعا الىپ كەلۋ قاتارلى ىستەر ماڭىزدى بولماق، ولاردى وسىنداي ماجىلىسكە، سوپىلىق ءتاريقات ماجىلىسىتەرىنە، زىكىر ماجىلىستەرىنە، ءناسيحات ماجىلىستەرىنە ەرتىپ كەلىڭىزدەر، ولارعا ۇيرەتۋ ءۇشىن، ۇلگى ونەگە كورسەتۋ ءۇشىن ءسوزسىز اكەلىڭىزدەر، وزدەرىمەن قالدىرىپ قويماڭىزدار، تاستاپ كەتپەڭىزدەر، ءقازىر راسىندا قيىن، وقۋ اعارتۋ سەستاماسى «ول نە قالاسا، سوعان قالدىرىپ قوي، ءوزى نە ىستەگىسى كەلسە، سونى ىستەسىن، ءوزى ىستەسىن» دەر، ەگەر ءسىز ونى ءوز ەركىنە قالدىرىپ، قوياتىن بولساڭىز، ول ناپسىلەرىنىڭ ارتىنان كەتەتىن بولادى، ول جاقسى نارسەگە قاراي الماي، ءناپسىسى ۇناتاتىن نارسەگە قارايتىن بولادى، سونى قۋار، مۇمكىن ول وسى ءۇشىن قۋانار، تۇندە كوشەگە شىعىپ، دوستارىمەن وندا يا بۇندا بارعانىنا ءماز بولار، ال ەڭ سوڭىندا ولار ءمالىم تۇزاققا تۇسەتىن بولادى، ونان سوڭ ونىڭ اناسى كەلىپ، «و، مەنىڭ بالام ىشكىش، شەككىش بولىپ كەتتى، اناۋ-مىناۋ ەرسى ىستەردى ىستەيدى» دەپ زارلايدى، ال ءسىز نە ءۇشىن سوناۋ باستان تۇندە كوشەگە شىقپاۋدى، تۇندە قىدىرماۋدى ۇيرەتكەن جوقسىز؟ ءماۋلانا شايىق كەشتە اقشامنان سوڭ ۇيدەن سىرتقا شىعۋدى ەش ۇناتپايتىن، ول «اقشامنان سوڭ جىندارىڭ شايتاندارى شىعادى» دەپ ايتىپ وتىراتىن، ارينە بۇل جىندار ادامداردى جىندى، قۇتىرىق ەتىپ جىبەرۋدى ۇناتادى، سوندىقتان، ءبىز ايتامىز، دەمەك يسلامداعى، سوپىلىق ءتاريقاتتاعى ءاربىر ءىس ادامداردىڭ يگىلىگى ءۇشىن بولماق، ول ادامدارعا ەش زالال اكەلمەيدى، قايتا ولاردى بۇندا جانە اقيرەتتە بىردەي قۇتقارۋ ءۇشىن، باقىتتى ەتۋ ءۇشىن ولارعا جاقسى نارسەلەردى عانا سىيلايدى، ءبىراق شايتان بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا ايتىپ وتكەندەي، ول سىزدەردىڭ كەدەي بولىپ، قۋانا الماي جۇرۋلەرىڭىزدى جانە ءجاحاننامدا بولۋلارىڭىزدى قالايدى، شايتاننىڭ قالاپ تۇرعانى مىنە وسى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدىڭ بۇندا دا، اقيرەتتە دە باقىتتى بولىپ، سوڭىندا ءجانناتقا كىرۋلەرىڭىزدى قالايدى.

ءبىز اركۇنى قازىرگى زاماننىڭ سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان بەرگى ەڭ بۇزىق زامان ەكەندىگىن ۇدايى ايتىپ كەلەمىز، بۇرىنعى ۇلت-قاۋىمداردا دا بۇزىقتار بولعان، الايدا ول كەزدە بۇزىقتىقتار ءبىر جەردە عانا بولىپ، باسقا جاقتاردا ونداي بۇزىقتىق جوق ەدى، وندا جاقسى ادامدار بولاتىن، ول كەزدە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ تەك سول ازعىن قاۋىمدارمەن بۇزىق ادامدارعا قارعىس جىبەرىپ، ولاردى وسى دۇنيەدە جازالايتۇعىن، ءبىراق ءقازىر جامان-بۇزىق ادامدار ءار جەردە ءورىپ ءجۇر، ەشبىر جەر امان قالمادى، قاسيەتتى جەرلەر دە، ءجاي جەرلەر دە ولاردان ءقاۋىپسىز ەمەس، دەمەك بارلىعى بىردەي ۇقساس بولىپ كەتكەن، مۇلدەم پارقى جوق، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بىزدەرگە ساحيبتى جىبەرۋىن سۇراپ جاتىرمىز، ينشاللا.

سەبەبى ءبىز ءقازىر بومبىلاۋلاردى، ادام ولتىرۋلەردى كورىپ جاتىرمىز، كورىپ وتىرعانىمىز مىنە وسىلار، كەشە ءبىزدىڭ ءبىر ءمۇريتتىڭ بۇكىل وتباسى عازادا شاحيت بولدى، ال بۇدان دا ءقاۋىپتى نارسە بار، ول ادامداردى (ساناسىن) ۋلاۋ بولماق، ماناعى كىسىلەر تاستالعان (بومىبدان) نارسەدەن شاحيت بولدى، ولار ۇمبەت ءۇشىن، ۇمبەت پايداسى ءۇشىن شاحيت، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارلىق شاحيتتەردى ساۋاپقا بولەيتىن بولادى، شاحيت حاقىندا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «كىسى شاحيت بولعاندا، وعان ءولىم ينەنى ءجاي ءشانشىعانداي عانا بولار، ول ولىمنەن ەش قينالمايدى، ازاپ سەزىنبەيدى، سوندىقتان ول تاعى دا مىڭ رەت كەلىپ، شاحيت بولعىسى كەلەدى» دەر، مىنە بۇل ونىڭ ايتقاندارىنان، سوندىقتان ءالحامدۋليللا، بۇل ادامدار جوعارى ماقامدا، كىم ءشاحيتتارعا ارناپ قۇران-سالاۋات باعىشتاسا، بۇل ءشاحيتتار قيامەتتە ولارعا شاپاعات ەتەتىن بولادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى بەرەكەلەگەي، قۇتايتقاي.

الايدا ءبىزدىڭ بۇندا ايتىپ وتىرعانىمىز بۇزىقتاردىڭ ادامداردى (رۋحاني) ۋلاۋ ماسەلەسى ەدى، بۇل ماناعى بومبالاۋلاردان دا ءقاۋىپتى بولماق، دەمەك ساناعا تاستالعان بومبا، دەنەگە تاستالعان بومبادان دا ءقاۋىپتى، ولار جاس مۇسىلمان بالالاردى ۋلاۋدا، شىعىس، باتىس، سولتۇستىك، وڭتۇستىك بارلىق جەردە، مۇسىلمان نە بەي-مۇسىلمان ەلدەرىندە بولسىن، وتە قورقىنىشتى، وتە سۇركەيلى جاعدايلار ءجۇرىلىپ جاتىر، (ولار ادامداردىڭ ساناسىن ۋلاۋدا)، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى قۇتقارعاي، ادامداردى بۇدان قۇتقارۋ ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ساحيب ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرگەي، ءبىز كۇندىز-ءتۇنى اللا دۇعا ەتىپ، مۇسىلمان بالالاردى وسى شايتاننان، ۋدان، ولاردىڭ ۋىنان قورعاۋىن سۇراۋدامىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسى ۋلاپ جاتقانداردىڭ وزدەرىن ۋلاپ جىبەرگەي، ينشاللا، ولارعا حيدايات بەرگەي، ءبىز تاعى ايتامىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ جۇرەكتەرىن ءتاريقاتقا كەلۋگە، ادەپ-يباعا كەلۋگە، قۇرمەتكە قايتۋعا، باقىتقا كەلۋگە اشقاي، مىنە بۇل ءبىزدىڭ كۇندىز-ءتۇنى جاسايتىن دۇعالارىمىزدان.

ءبىز جانە دە دۇعا ەتەمىز، ءماۋلانا شايىق حازىرەت ۇدايى «ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتتىڭ كەلۋىنە دۇعا جاساڭدار» دەپ ايتىپ وتىراتىن، وسىنى دا كوپ تىلەلىك، سەبەبى قازىرگى زاماندا ءاربىر جاماندىق ەڭ بيىك شوقىسىنا شىقتى، ولار ەڭ بيىك توبەسىنە شىققان سوڭ، ولار ودان تومەن قۇلاۋى كەرەك، ينشاللا، ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، ولاردىڭ بارلىعىن الىپ ۇراتىن بولادى، ولاردى تۇگەلدەي جويادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارشامدىزدى قۇتقارعاي، ءبىزدى مىنا دۇنيەدەن، بالە-قالالاردان جانە ازابۋل-اقيراح (اقيرەت ازابىنان) ساقتاعاي، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارشاڭىزدى بەرەكەلەگەي، قۇتايتا بەرگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7446