You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: өмір суын ізде, Мәхди келерде құрғақшылық жәйлап, өмір суы тартылар (2024.02.20 / Хижра 1445-жыл 10-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7445
Сұхбат: өмір суын ізде, Мәхди келерде құрғақшылық жәйлап, өмір суы тартылар (2024.02.20 / Хижра 1445-жыл 10-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Сәидина Әбубәкір хазіреттің «اللَّهمّ اغْفِر ْ لِي مَا لا يَعْلَمُونَ، و َ لا تُؤَاخ ِ ذْنِي» деген дұғасы бар, мағынасы «о Алла, олардың айтқандары үшін бізді кешіріңіз» дегенді білдірер, яғни «өзгелердің айтқандары үшін бізді кінәламаңыз» демекілік еді, оны біз айтпадық, біз өзімізді «бәленбіз я түгіленбіз» деп жар салмаймыз, біз тек, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді машайық пірлерімізбен, ірі әулиелермен яғни Мәуләнә ұдайы айтып жүретін патшадай үлкен әулиелермен қуаттап, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында жүргендерге көңіл бөлуге жіберді, Мәуләнә Шайық Назым әл-Хаққани хазірет расында аса ірі, бек ұлық әулие, 100-200 жылда оған ұқсас адамды таба алмайсыз, ғасырда бір келетін нағыз сұлтан әулие еді, ол өзі кеткенімен, оның әруағы әлі де көптеген қимылдар жасауда, жұмыс істеуде, біз ештеңе де емеспіз, бұндағы жиын-мәжілістің барлығы ол арқылы іске асып отыр, оның берекесімен болуда, бұл оның мына сөзінен еді, ол «әулие қайтыс болса, олардың күші тірі кездегісінен жеті немесе жетпіс есе күшейер» деп айтқан, Мәуләнә Назым хазірет жәй әулие емес, ол Алла Жәллә Жәләлухудың өте сүйікті адамы, рижалул-Аллаһ еді.

Біз және сіздердің көбіңіз оны түстеріңізде көрдіңіздер, кейбіріңіз оны өмірде көрдіңіздер, бірақ қазір бұндағылардың көбі оны көрген жоқ, ол өз құтымен бұнда келер, бұл мәжіліс оның мәжілісі, біздің мәжіліс емес, себебі біз, шынын айтсам біз бұған лайықты емеспіз, бірақ әлхамдулилла, біз тырысып жатырмыз, жоқ, біз оған арқа сүйеудеміз, олар Алла Жәллә Жәләлухудан игілік әкелер, Алла Жәллә Жәләлуху сауап, береке және құтынан үлестер берер, біздің мәжілісімізде салмақ бар, татырлығы бар, себебі бұнда бір сырлы су бар, демек бұнда «мәул-хаят» яғни «өмір суы» бар. Сәидина Мұса әлехис-салам осы өмір суын іздеді, ол «осы суды ішкен кісі өлмес» дер, бұның мағынасы «біздің жүрегіміз өлмес» дегені еді, сіз осы суды ішкен кезіңізде ... бұнда өте маңызды нәрсе бар, демек «мәул-хаят» (өмір суы) адамға өмір сыйлар, көптеген адамдар оны іздеп жүр, ал бұл су әулиелерде бар, олардың жүректері өлмейді, оларға ергендердің де жүректері өлмес, олар әр уақттың барлығында Алла Жәллә Жәләлуху үшін зікір салады, олардың пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға деген махаббаты осы өмір суын оларға сыйлаған, біздің іздеп, үміттеніп жүрген нәрсеміз де осы, осындай мәжілістерге келген адамдардың, иншалла, онан пайда тауып, игілік алатынын білеміз.

Себебі біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, «Мәхди әлейхис-салам келерде, құрғақшылық жәйлап, көп жылдар бойы су болмас» делінер, қазір дүние хәлі дәл осыған ұқсар, демек қазір нағыз судың (өмір суының) құрғақшылығы жүріп жатыр, мына бүкіл жер шарында бұндай суды тек бірнеше жерден ғана таба аласыз, жұрт осы суды ішіп, онымен шөлдерін басуға жүгірмес, бірақ құм шөлге я басқа жаққа қашар, олар «біз бірдеңе табамыз» деп ойлар, олар бұл суға жақын тұр, бірақ сонда да оны таба алмай жүр. Бірде біз Палестинде болдық, Алла Жәллә Жәләлуху оларды сақтағай, сонда бір кісі бізді бастап жүрді, машалла, Наблус қаласына келдік, ол да өте берекелі қала, онда көптеген дәруиштер және мақамдар бар, ол жердегілер сопылық тәриқатты сүйетін, манағы жол бастаушымыз біз қайтқан кезде «сіздер сопысыздар, бірақ сіздердің мәжілісте адамдар тым аз, кішкене мәжіліс, 300-400 адам ғана, мыңға да жетпес, ал біз мәжіліс қылар болсақ, бізге 30-40 мың адам келеді» дейді, ал бұның себебі адамдардың нағыз асыл нәрседен қашып, басқа бірдеңелерді қуып кеткендігінен болып отыр, егер олар шыншыл болса, Алла Жәллә Жәләлуху оларға жәрдем беретін болады, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху осыдан кейін оларды ықыластылардан еткей, шыншылдардан еткей, себебі өзге мұсылмандар да дұрыс болмаған идеялармен ауырып жүр ... олардың идеясы қандай идея екен, оны білмедік! әйтеу олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббатына, әулиелердің, жақсылармен салихтардың махаббатына шектеу қойып жатыр.

Жағдай міне осылай, аз ғана адамдар Алла Жәллә Жәләлухудың жолында, басқалары қате жолдарға түсіп кетті, олар адасты, бірақ олардың саны неге сонша көп? айтарымыз сол, себебі олар шайтан үшін еш хауіпті адамдар емес, олар білместікпен шайтанға жәрдем беруде, олар не істеп жүргендерін білмей, шайтанға жәрдемдесуде, егер олар шыншыл болса, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында болса, оларға ештеңе де тисе алмас еді, біздің жолымыз Алла Әззә уә-Жәлләның жолы, Алла Жәллә Жәләлухудың қорғауында сізді ештеңе жеңе алмайтын болады, әлхамдулилла, біз барша мүмин-мұсылмандар үшін дұға жасаудамыз, себебі бұзық адамдар «исламды, мұсылмандарды жоқ қылып жібереміз» деп ойлар, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху манағы суды, «маул-хаят» яғни «өмір суын» мүминдермен мұсылмандардың жүректеріне жіберіп, олар есендікте жүр, иншалла, Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге болғандарда қорқынышпен үрей болмайды.

Бұндай істер көп туылған, кәпірлер «исламды құртып, бар мұсылманды жер бетінен жоқ қылып жібереміз» деп ойлаған, бірақ олар жеңіске жете алмады, бұл сонау пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінен бері туылып келеді, онан кейін де болған, тіпті де көптеп туылуда, әр заманда әр жолы дін дұшпандары үлкен армиямен келер, алайда исламды қорғаушылар оларды лақтырып жіберер, сондықтан бізде қорқыныш жоқ, біз үмітсіз емеспіз, себебі ең соңында барлығы біз үшін болмақ, ал манағы істердің барлығы үмбет үшін сынақ еді, біз мына үмбет үшін пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан медет сұрауымыз керек, «ол өлді, ештеңе істей алмайды» демеңіз, жоқ, ол тірі, егер шәхит тірі болғанда, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам қалайша өлі болмақ! «оны өлді» деу барып тұрған ақымақтық, солай есептейтін адамдар ештеңе түсінбестен өздерін зияндап жүр, олардың кесірі өздерімен кетсе жақсы ғой, олардың кесірімен залалы өзге адамдарға да көптеп тиуде.

Алла Әззә уә-Жәллә құранның көптеген жерінде мүминдер «үміт жоқ, ештеңе қалмады» деп ойлап тұрғанда, Алла Жәллә Жәләлухудың оларға медет жіберіп, мүминдердің жеңіске жететіндігін айтады, иншалла, бұл жолы да осылай болмақ, тек Палестин ғана емес, Судан, Индия, Баңгладеш я Бұрма сияқты жерлерде жағдай Палестиннен де ауыр, әр жерде кәпірлер мұсылмандарды жоқ еткісі келер, бірақ олар мұсылмандарды қалай жоқ етпек? олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды құрметтемеудей бір үлкен бүлік жасау арқылы исламды түгеткісі келер, міне бұл мұсылмандар үшін өте хауіпті айла болмақ, кім оларға ерсе, оларға алданса, олар да жазаланады. Мәуләнә Шайық Назым хазірет «Алла Жәллә Жәләлухудан келетін кек жебесі бар, ол сізге жүз адамның ішінде тұрсаңыз да тиеді» дейді, демек сіз айналаңызға жүз адамды қойып, өзіңізді қоршап алсаңыз да, ол сізге келеді, ештеңе оның тиуіне кедергі бола алмас.

Сондықтан, сақ болыңыздар, о мұсылмандар! көптеген мұсылман қауымы алданып жүр, мен бұнда кейбір мұсылмандардың діннен шығып кеткенін естідім, кейбіреуі хадисты, кейбіреуі құранды жоққа шығаруда, міне осындай істер болып жатыр, манағылардың барлығы өздерін «керемет ақылды, зерек жандар» деп ойлар, бірақ оларды манағы кек жебесі түйреп, алып кететін болады, өзіңізді Алла Әззә уә-Жәлләның алдына қойып, «мен күштімін, мен білемін» демеңіз, үйтсеңіз Алла Жәллә Жәләлуху сізден кек алар, бұған күмәніңіз болмасын. Кейбіреулер «біз бұны керек етпейміз» дер, «неге оны керек еткілерің келмейді?» делінсе, «бұл бізге жақсы емес» дер, «не үшін?» десеңіз, «ох, себебі әнеу кісі "бәлен" дейді, естісек тағы бір кісі "түгілен" деп жатыр екен» дер, жә, олар осыларға сенеді екен де, бірақ шын сөзге сенбейді екен! жалған нәрсеге нанғыш екен, олар шыншыл адамға сенбей, өтірікшілерге сенер, кейін Алла Әззә уә-Жәллә оларды сұраққа алғанда, олар жауап бере алмайтын болады, ал жауап болмаған жерде, олар өкінішке тап болып, бармақ тістеп қалар, бірақ бұл өкініш ол кезде оларға титтей де пайда бермес, сондықтан біз жақсы адамдармен бірге болуға құлшынудамыз, жақсы адамдар, игілер, иншалла, шайық Әзіз айтып өткендей, біз игілердің хош иістерінен, берекелерінен игіліктенетін боламыз, олармен бірге болғандар жақсы хәлде болар, иншалла.

Алайда жақсы адамдар да кейбір адамдардан сақтануы керек, мәселен сіз мәлім адамдарға бір рет сөйлейсіз, бірақ ол адам тоңмойындықпен өз ойында қатып қалса, оның артынан жүгірудің қажеті жоқ, мыңдаған адамдар, мыңдаған достар бар болып, олардың қабілеттері ұқсамас, олардың кейбіріне кеңес айтсаңыз, олар сізден пайда алар, бірақ ол құлақ асарлық кісі болмаса, тоңмойын болса, оған сөйлеудің еш керегі жоқ, бұндайда одан аулақ болу абзал болмақ, Әзиз айтқандай, жақсы дос, жақсы адам әтір сатушыға ұқсар, ал басқалары теміршіге ұқсар, егер сіз оның темір соғатын дүкеніне барсаңыз, үстіңіз сасып кетеді немесе киіміңіз күйеді, міне осындай істер болмақ, ал егер олар жақсы кеңесті қабыл етсе, олар жақсы адамдарға айналар, онан соң барлығы олар үшін жақсара берер, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем бергей, бізді қорғағай, осыбір келеңсіз істерді істеп жүрген адамдар хақында естігенде жүрегіміз күйіп, өрт болар, шайтан жастарды ғана емес, кәрілерді де мініп алды, жас я кәрісі болсын барлығы әр күні нәпсілерінің, ойларының артынан жүгіріп жүр, «мұны мыналар істеп жатыр, аналар да істеп жатыр, біз неге істемейміз? істесек, ештеңе болмас» дер, жоқ, бұл дұрыс емес, сіз жаман істі істеген кезде, сізге қара күйе түсер, оны екінші рет істеген кезде тағы да қара күйе түсер, міне осылай сіз біртіндеп ластанып, ендігәрі өзіңізді тазалай алмайтын боласыз.

Сондықтан өзіңізді сіз тазалау үшін Алла Жәллә Жәләлухудан ұдайы кешірім сұраңыз, истиғфар жасаңыз, «істеп жүрген жаман ісімді, қайта істемеспін, о Алла мені кешіріңіз» деңіз, кешірім сұраңыз, Ол сізді кешіреді, тіпті күнәларыңызді сауапқа өзгертіп жіберер, міне бұл Алланың уәдесі, күнә өте ауыр нәрсе, мүмкін адамдар «онда ауырлық жоқ, жеңіл жүрмін ғой» дер, жоқ, олай емес, ол өте, өте ауыр, бірақ сіз оны алып, лақтырып жіберсеңіз, Алла Жәллә Жәләлуху сізге жомарттығынан сауап ұсынатын болады, міне осылай сіз қуанып, жақсара беретін боласыз, бұрынғыдан көп жақсы болып кетесіз, себебі сіз ұтушға айналдыңыз, өміріңіздің салдарын ұттыңыз, Алла Әззә уә-Жәллә сізді жәннәтқа салу үшін жаратқан, себебі біз әуелде жәннәттан келгенбіз, атамыз Сәидина Адам хазіретпен Сәдатина Умма Хауа хазіреттен тарадық, олар жәннәттан келген, барлығымыз жәннәттан келдік, шайтанның оларды жәннәттан жырақтатқанындай, сіздер де жәннәттан жырақтап кетпеңіз, шайтан оларды алдап, олар жәннәттан қуылды, сіз де алданбай, жәннәтта қалыңыз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем еткей.

Біз қатты заманда, өте қиын заманда тұрмыз, бірақ мұсылмандар үмітсіз емес, себебі бізде пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан ақырзаманда не болатындығы жәйлы жақсы шүйінші хабарлар бар, бүкіл барлығы керісіне басып, әбден бұзылғанда, тым ластанғанда Сәидина Мәхди әлейхис-салам келіп, зұлымдықты әділдікке өзгертетін болады, ол бүкіл барлығын өзгертер, адам баласы үшін ең жақсы нәрсе әділдік, тек әділдікпен ғана барша ислам елдері дүниедегі ең жақсы мекенге айналар, тіпті соңғы ислам халиифасына дейін әділдік билік құрып, сайрандап келді, бірақ бұл халифат кеткен соң, әділдік те бірге бітті.

Ислам халифатынан соң залымдар билікке келе бастады, біз Мусулини, Гитлер, Сталин, Лениндерді «залым адамдар» деп жүріптік, оларды ғана залым дептік, сүйтсек залымдар олармен бітпепті, демек залымдар әлі күнге дейін тынбай жалғасып келе жатыр, қазіргі залымдар олардан да өткен залым болды! тыныс ала алмайсыз, олар кеңірдегіңізге тақау тұр, міне сондықтан біз нағыз залымдардың заманында өмір сүрудеміз, бірақ осыдан соң көп болмай, Сәидина Мәхди әлейхис-салам келіп, олардың барлығын тазалайтын болады, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам біздің мына заманды «жәбәбирах» деп атап кеткен, оның мәнісі бұл заман залымдардың заманы болатындығын меңзейді, ештеңе қалмас, иншалла, біз оның тым жақын қалуын үміт етеміз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді олармен бір еткей, иншалла, бізге солбір жақсы күндерді көру нәсіп болғай, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху баршаңызды есендікте еткей, себебі қазір қиын заман, бірақ оның солай болары кәдік емес, ол біздің қолымызда емес, біз қалауымызда емес, олардың барлығы Алла Жәллә Жәләлухудың қалауы, себебі біз сенеміз, демек біздің ақидамыз, сеніміміз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқанына сенер, барлығы туылмақ, оның айтқанының барлығы туылатын болады, қазір оның кейбірі туылып та жатыр, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху келе жатқан осыбір жақсы күндерді, зұлымсыз күндерді, дүние әділдікке толған күндерді көруіміз үшін бізді аман-есен еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ءومىر سۋىن ىزدە، ءماحدي كەلەردە قۇرعاقشىلىق ءجايلاپ، ءومىر سۋى تارتىلار (2024.02.20 / حيجرا 1445-جىل 10-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەتتىڭ «اللَّهمّ اغْفِر ْ لِي مَا لا يَعْلَمُونَ، و َ لا تُؤَاخ ِ ذْنِي» دەگەن دۇعاسى بار، ماعىناسى «و اللا، ولاردىڭ ايتقاندارى ءۇشىن ءبىزدى كەشىرىڭىز» دەگەندى بىلدىرەر، ياعني «وزگەلەردىڭ ايتقاندارى ءۇشىن ءبىزدى كىنالاماڭىز» دەمەكىلىك ەدى، ونى ءبىز ايتپادىق، ءبىز ءوزىمىزدى «بالەنبىز يا تۇگىلەنبىز» دەپ جار سالمايمىز، ءبىز تەك، ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ماشايىق پىرلەرىمىزبەن، ءىرى اۋليەلەرمەن ياعني ءماۋلانا ۇدايى ايتىپ جۇرەتىن پاتشاداي ۇلكەن اۋليەلەرمەن قۋاتتاپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جۇرگەندەرگە كوڭىل بولۋگە جىبەردى، ءماۋلانا شايىق نازىم ءال-حاققاني حازىرەت راسىندا اسا ءىرى، بەك ۇلىق اۋليە، 100-200 جىلدا وعان ۇقساس ادامدى تابا المايسىز، عاسىردا ءبىر كەلەتىن ناعىز سۇلتان اۋليە ەدى، ول ءوزى كەتكەنىمەن، ونىڭ ءارۋاعى ءالى دە كوپتەگەن قيمىلدار جاساۋدا، جۇمىس ىستەۋدە، ءبىز ەشتەڭە دە ەمەسپىز، بۇنداعى جيىن-ءماجىلىستىڭ بارلىعى ول ارقىلى ىسكە اسىپ وتىر، ونىڭ بەرەكەسىمەن بولۋدا، بۇل ونىڭ مىنا سوزىنەن ەدى، ول «اۋليە قايتىس بولسا، ولاردىڭ كۇشى ءتىرى كەزدەگىسىنەن جەتى نەمەسە جەتپىس ەسە كۇشەيەر» دەپ ايتقان، ءماۋلانا نازىم حازىرەت ءجاي اۋليە ەمەس، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ وتە سۇيىكتى ادامى، ريجالۋل-اللاھ ەدى.

ءبىز جانە سىزدەردىڭ كوبىڭىز ونى تۇستەرىڭىزدە كوردىڭىزدەر، كەيبىرىڭىز ونى ومىردە كوردىڭىزدەر، ءبىراق ءقازىر بۇنداعىلاردىڭ كوبى ونى كورگەن جوق، ول ءوز قۇتىمەن بۇندا كەلەر، بۇل ءماجىلىس ونىڭ ءماجىلىسى، ءبىزدىڭ ءماجىلىس ەمەس، سەبەبى ءبىز، شىنىن ايتسام ءبىز بۇعان لايىقتى ەمەسپىز، ءبىراق ءالحامدۋليللا، ءبىز تىرىسىپ جاتىرمىز، جوق، ءبىز وعان ارقا سۇيەۋدەمىز، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان يگىلىك اكەلەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ساۋاپ، بەرەكە جانە قۇتىنان ۇلەستەر بەرەر، ءبىزدىڭ ماجىلىسىمىزدە سالماق بار، تاتىرلىعى بار، سەبەبى بۇندا ءبىر سىرلى سۋ بار، دەمەك بۇندا «ءماۋل-حايات» ياعني «ءومىر سۋى» بار. ءسايدينا مۇسا الەحيس-سالام وسى ءومىر سۋىن ىزدەدى، ول «وسى سۋدى ىشكەن كىسى ولمەس» دەر، بۇنىڭ ماعىناسى «ءبىزدىڭ جۇرەگىمىز ولمەس» دەگەنى ەدى، ءسىز وسى سۋدى ىشكەن كەزىڭىزدە ... بۇندا وتە ماڭىزدى نارسە بار، دەمەك «ءماۋل-حايات» (ءومىر سۋى) ادامعا ءومىر سىيلار، كوپتەگەن ادامدار ونى ىزدەپ ءجۇر، ال بۇل سۋ اۋليەلەردە بار، ولاردىڭ جۇرەكتەرى ولمەيدى، ولارعا ەرگەندەردىڭ دە جۇرەكتەرى ولمەس، ولار ءار ۋاقتتىڭ بارلىعىندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن زىكىر سالادى، ولاردىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا دەگەن ماحابباتى وسى ءومىر سۋىن ولارعا سىيلاعان، ءبىزدىڭ ىزدەپ، ۇمىتتەنىپ جۇرگەن نارسەمىز دە وسى، وسىنداي ماجىلىستەرگە كەلگەن ادامداردىڭ، ينشاللا، ونان پايدا تاۋىپ، يگىلىك الاتىنىن بىلەمىز.

سەبەبى ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، «ءماحدي الەيحيس-سالام كەلەردە، قۇرعاقشىلىق ءجايلاپ، كوپ جىلدار بويى سۋ بولماس» دەلىنەر، ءقازىر دۇنيە ءحالى ءدال وسىعان ۇقسار، دەمەك ءقازىر ناعىز سۋدىڭ (ءومىر سۋىنىڭ) قۇرعاقشىلىعى ءجۇرىپ جاتىر، مىنا بۇكىل جەر شارىندا بۇنداي سۋدى تەك بىرنەشە جەردەن عانا تابا الاسىز، جۇرت وسى سۋدى ءىشىپ، ونىمەن شولدەرىن باسۋعا جۇگىرمەس، ءبىراق قۇم شولگە يا باسقا جاققا قاشار، ولار «ءبىز بىردەڭە تابامىز» دەپ ويلار، ولار بۇل سۋعا جاقىن تۇر، ءبىراق سوندا دا ونى تابا الماي ءجۇر. بىردە ءبىز پالەستيندە بولدىق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى ساقتاعاي، سوندا ءبىر كىسى ءبىزدى باستاپ ءجۇردى، ماشاللا، نابلۋس قالاسىنا كەلدىك، ول دا وتە بەرەكەلى قالا، وندا كوپتەگەن دارۋيشتەر جانە ماقامدار بار، ول جەردەگىلەر سوپىلىق ءتاريقاتتى سۇيەتىن، ماناعى جول باستاۋشىمىز ءبىز قايتقان كەزدە «سىزدەر سوپىسىزدار، ءبىراق سىزدەردىڭ ماجىلىستە ادامدار تىم از، كىشكەنە ءماجىلىس، 300-400 ادام عانا، مىڭعا دا جەتپەس، ال ءبىز ءماجىلىس قىلار بولساق، بىزگە 30-40 مىڭ ادام كەلەدى» دەيدى، ال بۇنىڭ سەبەبى ادامداردىڭ ناعىز اسىل نارسەدەن قاشىپ، باسقا بىردەڭەلەردى قۋىپ كەتكەندىگىنەن بولىپ وتىر، ەگەر ولار شىنشىل بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا جاردەم بەرەتىن بولادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسىدان كەيىن ولاردى ىقىلاستىلاردان ەتكەي، شىنشىلداردان ەتكەي، سەبەبى وزگە مۇسىلماندار دا دۇرىس بولماعان يدەيالارمەن اۋىرىپ ءجۇر ... ولاردىڭ يدەياسى قانداي يدەيا ەكەن، ونى بىلمەدىك! ايتەۋ ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتىنا، اۋليەلەردىڭ، جاقسىلارمەن ساليحتاردىڭ ماحابباتىنا شەكتەۋ قويىپ جاتىر.

جاعداي مىنە وسىلاي، از عانا ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا، باسقالارى قاتە جولدارعا ءتۇسىپ كەتتى، ولار اداستى، ءبىراق ولاردىڭ سانى نەگە سونشا كوپ؟ ايتارىمىز سول، سەبەبى ولار شايتان ءۇشىن ەش ءحاۋىپتى ادامدار ەمەس، ولار بىلمەستىكپەن شايتانعا جاردەم بەرۋدە، ولار نە ىستەپ جۇرگەندەرىن بىلمەي، شايتانعا جاردەمدەسۋدە، ەگەر ولار شىنشىل بولسا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندا بولسا، ولارعا ەشتەڭە دە تيسە الماس ەدى، ءبىزدىڭ جولىمىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قورعاۋىندا ءسىزدى ەشتەڭە جەڭە المايتىن بولادى، ءالحامدۋليللا، ءبىز بارشا ءمۇمين-مۇسىلماندار ءۇشىن دۇعا جاساۋدامىز، سەبەبى بۇزىق ادامدار «يسلامدى، مۇسىلمانداردى جوق قىلىپ جىبەرەمىز» دەپ ويلار، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ماناعى سۋدى، «ماۋل-حايات» ياعني «ءومىر سۋىن» مۇميندەرمەن مۇسىلمانداردىڭ جۇرەكتەرىنە جىبەرىپ، ولار ەسەندىكتە ءجۇر، ينشاللا، اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە بولعانداردا قورقىنىشپەن ۇرەي بولمايدى.

بۇنداي ىستەر كوپ تۋىلعان، كاپىرلەر «يسلامدى قۇرتىپ، بار مۇسىلماندى جەر بەتىنەن جوق قىلىپ جىبەرەمىز» دەپ ويلاعان، ءبىراق ولار جەڭىسكە جەتە المادى، بۇل سوناۋ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىنەن بەرى تۋىلىپ كەلەدى، ونان كەيىن دە بولعان، ءتىپتى دە كوپتەپ تۋىلۋدا، ءار زاماندا ءار جولى ءدىن دۇشپاندارى ۇلكەن ارميامەن كەلەر، الايدا يسلامدى قورعاۋشىلار ولاردى لاقتىرىپ جىبەرەر، سوندىقتان بىزدە قورقىنىش جوق، ءبىز ءۇمىتسىز ەمەسپىز، سەبەبى ەڭ سوڭىندا بارلىعى ءبىز ءۇشىن بولماق، ال ماناعى ىستەردىڭ بارلىعى ۇمبەت ءۇشىن سىناق ەدى، ءبىز مىنا ۇمبەت ءۇشىن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان مەدەت سۇراۋىمىز كەرەك، «ول ءولدى، ەشتەڭە ىستەي المايدى» دەمەڭىز، جوق، ول ءتىرى، ەگەر ءشاحيت ءتىرى بولعاندا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام قالايشا ءولى بولماق! «ونى ءولدى» دەۋ بارىپ تۇرعان اقىماقتىق، سولاي ەسەپتەيتىن ادامدار ەشتەڭە تۇسىنبەستەن وزدەرىن زيانداپ ءجۇر، ولاردىڭ كەسىرى وزدەرىمەن كەتسە جاقسى عوي، ولاردىڭ كەسىرىمەن زالالى وزگە ادامدارعا دا كوپتەپ تيۋدە.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراننىڭ كوپتەگەن جەرىندە مۇميندەر «ءۇمىت جوق، ەشتەڭە قالمادى» دەپ ويلاپ تۇرعاندا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ولارعا مەدەت جىبەرىپ، مۇميندەردىڭ جەڭىسكە جەتەتىندىگىن ايتادى، ينشاللا، بۇل جولى دا وسىلاي بولماق، تەك پالەستين عانا ەمەس، سۋدان، ينديا، باڭگلادەش يا بۇرما سياقتى جەرلەردە جاعداي پالەستيننەن دە اۋىر، ءار جەردە كاپىرلەر مۇسىلمانداردى جوق ەتكىسى كەلەر، ءبىراق ولار مۇسىلمانداردى قالاي جوق ەتپەك؟ ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى قۇرمەتتەمەۋدەي ءبىر ۇلكەن بۇلىك جاساۋ ارقىلى يسلامدى تۇگەتكىسى كەلەر، مىنە بۇل مۇسىلماندار ءۇشىن وتە ءحاۋىپتى ايلا بولماق، كىم ولارعا ەرسە، ولارعا الدانسا، ولار دا جازالانادى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت «اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەلەتىن كەك جەبەسى بار، ول سىزگە ءجۇز ادامنىڭ ىشىندە تۇرساڭىز دا تيەدى» دەيدى، دەمەك ءسىز اينالاڭىزعا ءجۇز ادامدى قويىپ، ءوزىڭىزدى قورشاپ الساڭىز دا، ول سىزگە كەلەدى، ەشتەڭە ونىڭ تيۋىنە كەدەرگى بولا الماس.

سوندىقتان، ساق بولىڭىزدار، و مۇسىلماندار! كوپتەگەن مۇسىلمان قاۋىمى الدانىپ ءجۇر، مەن بۇندا كەيبىر مۇسىلمانداردىڭ دىننەن شىعىپ كەتكەنىن ەستىدىم، كەيبىرەۋى حاديستى، كەيبىرەۋى قۇراندى جوققا شىعارۋدا، مىنە وسىنداي ىستەر بولىپ جاتىر، ماناعىلاردىڭ بارلىعى وزدەرىن «كەرەمەت اقىلدى، زەرەك جاندار» دەپ ويلار، ءبىراق ولاردى ماناعى كەك جەبەسى تۇيرەپ، الىپ كەتەتىن بولادى، ءوزىڭىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ الدىنا قويىپ، «مەن كۇشتىمىن، مەن بىلەمىن» دەمەڭىز، ۇيتسەڭىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزدەن كەك الار، بۇعان كۇمانىڭىز بولماسىن. كەيبىرەۋلەر «ءبىز بۇنى كەرەك ەتپەيمىز» دەر، «نەگە ونى كەرەك ەتكىلەرىڭ كەلمەيدى؟» دەلىنسە، «بۇل بىزگە جاقسى ەمەس» دەر، «نە ءۇشىن؟» دەسەڭىز، «وح، سەبەبى انەۋ كىسى "بالەن" دەيدى، ەستىسەك تاعى ءبىر كىسى "تۇگىلەن" دەپ جاتىر ەكەن» دەر، ءجا، ولار وسىلارعا سەنەدى ەكەن دە، ءبىراق شىن سوزگە سەنبەيدى ەكەن! جالعان نارسەگە نانعىش ەكەن، ولار شىنشىل ادامعا سەنبەي، وتىرىكشىلەرگە سەنەر، كەيىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى سۇراققا العاندا، ولار جاۋاپ بەرە المايتىن بولادى، ال جاۋاپ بولماعان جەردە، ولار وكىنىشكە تاپ بولىپ، بارماق تىستەپ قالار، ءبىراق بۇل وكىنىش ول كەزدە ولارعا تيتتەي دە پايدا بەرمەس، سوندىقتان ءبىز جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋعا قۇلشىنۋدامىز، جاقسى ادامدار، يگىلەر، ينشاللا، شايىق ءازىز ايتىپ وتكەندەي، ءبىز يگىلەردىڭ حوش يىستەرىنەن، بەرەكەلەرىنەن يگىلىكتەنەتىن بولامىز، ولارمەن بىرگە بولعاندار جاقسى حالدە بولار، ينشاللا.

الايدا جاقسى ادامدار دا كەيبىر ادامداردان ساقتانۋى كەرەك، ماسەلەن ءسىز ءمالىم ادامدارعا ءبىر رەت سويلەيسىز، ءبىراق ول ادام توڭمويىندىقپەن ءوز ويىندا قاتىپ قالسا، ونىڭ ارتىنان جۇگىرۋدىڭ قاجەتى جوق، مىڭداعان ادامدار، مىڭداعان دوستار بار بولىپ، ولاردىڭ قابىلەتتەرى ۇقساماس، ولاردىڭ كەيبىرىنە كەڭەس ايتساڭىز، ولار سىزدەن پايدا الار، ءبىراق ول قۇلاق اسارلىق كىسى بولماسا، توڭمويىن بولسا، وعان سويلەۋدىڭ ەش كەرەگى جوق، بۇندايدا ودان اۋلاق بولۋ ابزال بولماق، ءازيز ايتقانداي، جاقسى دوس، جاقسى ادام ءاتىر ساتۋشىعا ۇقسار، ال باسقالارى تەمىرشىگە ۇقسار، ەگەر ءسىز ونىڭ تەمىر سوعاتىن دۇكەنىنە بارساڭىز، ءۇستىڭىز ساسىپ كەتەدى نەمەسە كيىمىڭىز كۇيەدى، مىنە وسىنداي ىستەر بولماق، ال ەگەر ولار جاقسى كەڭەستى قابىل ەتسە، ولار جاقسى ادامدارعا اينالار، ونان سوڭ بارلىعى ولار ءۇشىن جاقسارا بەرەر، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرگەي، ءبىزدى قورعاعاي، ءوسىبىر كەلەڭسىز ىستەردى ىستەپ جۇرگەن ادامدار حاقىندا ەستىگەندە جۇرەگىمىز كۇيىپ، ءورت بولار، شايتان جاستاردى عانا ەمەس، كارىلەردى دە ءمىنىپ الدى، جاس يا كارىسى بولسىن بارلىعى ءار كۇنى ناپسىلەرىنىڭ، ويلارىنىڭ ارتىنان جۇگىرىپ ءجۇر، «مۇنى مىنالار ىستەپ جاتىر، انالار دا ىستەپ جاتىر، ءبىز نەگە ىستەمەيمىز؟ ىستەسەك، ەشتەڭە بولماس» دەر، جوق، بۇل دۇرىس ەمەس، ءسىز جامان ءىستى ىستەگەن كەزدە، سىزگە قارا كۇيە تۇسەر، ونى ەكىنشى رەت ىستەگەن كەزدە تاعى دا قارا كۇيە تۇسەر، مىنە وسىلاي ءسىز بىرتىندەپ لاستانىپ، ەندىگارى ءوزىڭىزدى تازالاي المايتىن بولاسىز.

سوندىقتان ءوزىڭىزدى ءسىز تازالاۋ ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ۇدايى كەشىرىم سۇراڭىز، يستيعفار جاساڭىز، «ىستەپ جۇرگەن جامان ءىسىمدى، قايتا ىستەمەسپىن، و اللا مەنى كەشىرىڭىز» دەڭىز، كەشىرىم سۇراڭىز، ول ءسىزدى كەشىرەدى، ءتىپتى كۇنالارىڭىزدى ساۋاپقا وزگەرتىپ جىبەرەر، مىنە بۇل اللانىڭ ۋادەسى، كۇنا وتە اۋىر نارسە، مۇمكىن ادامدار «وندا اۋىرلىق جوق، جەڭىل ءجۇرمىن عوي» دەر، جوق، ولاي ەمەس، ول وتە، وتە اۋىر، ءبىراق ءسىز ونى الىپ، لاقتىرىپ جىبەرسەڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە جومارتتىعىنان ساۋاپ ۇسىناتىن بولادى، مىنە وسىلاي ءسىز قۋانىپ، جاقسارا بەرەتىن بولاسىز، بۇرىنعىدان كوپ جاقسى بولىپ كەتەسىز، سەبەبى ءسىز ۇتۋشعا اينالدىڭىز، ءومىرىڭىزدىڭ سالدارىن ۇتتىڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدى ءجانناتقا سالۋ ءۇشىن جاراتقان، سەبەبى ءبىز اۋەلدە ءجانناتتان كەلگەنبىز، اتامىز ءسايدينا ادام حازىرەتپەن ءساداتينا ۋمما حاۋا حازىرەتتەن تارادىق، ولار ءجانناتتان كەلگەن، بارلىعىمىز ءجانناتتان كەلدىك، شايتاننىڭ ولاردى ءجانناتتان جىراقتاتقانىنداي، سىزدەر دە ءجانناتتان جىراقتاپ كەتپەڭىز، شايتان ولاردى الداپ، ولار ءجانناتتان قۋىلدى، ءسىز دە الدانباي، ءجانناتتا قالىڭىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم ەتكەي.

ءبىز قاتتى زاماندا، وتە قيىن زاماندا تۇرمىز، ءبىراق مۇسىلماندار ءۇمىتسىز ەمەس، سەبەبى بىزدە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان اقىرزاماندا نە بولاتىندىعى ءجايلى جاقسى ءشۇيىنشى حابارلار بار، بۇكىل بارلىعى كەرىسىنە باسىپ، ابدەن بۇزىلعاندا، تىم لاستانعاندا ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، زۇلىمدىقتى ادىلدىككە وزگەرتەتىن بولادى، ول بۇكىل بارلىعىن وزگەرتەر، ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسە ادىلدىك، تەك ادىلدىكپەن عانا بارشا يسلام ەلدەرى دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى مەكەنگە اينالار، ءتىپتى سوڭعى يسلام حاليفاسىنا دەيىن ادىلدىك بيلىك قۇرىپ، سايرانداپ كەلدى، ءبىراق بۇل حاليفات كەتكەن سوڭ، ادىلدىك تە بىرگە ءبىتتى.

يسلام حاليفاتىنان سوڭ زالىمدار بيلىككە كەلە باستادى، ءبىز مۋسۋليني، گيتلەر، ستالين، لەنيندەردى «زالىم ادامدار» دەپ جۇرىپتىك، ولاردى عانا زالىم دەپتىك، سۇيتسەك زالىمدار ولارمەن بىتپەپتى، دەمەك زالىمدار ءالى كۇنگە دەيىن تىنباي جالعاسىپ كەلە جاتىر، قازىرگى زالىمدار ولاردان دا وتكەن زالىم بولدى! تىنىس الا المايسىز، ولار كەڭىردەگىڭىزگە تاقاۋ تۇر، مىنە سوندىقتان ءبىز ناعىز زالىمداردىڭ زامانىندا ءومىر سۇرۋدەمىز، ءبىراق وسىدان سوڭ كوپ بولماي، ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، ولاردىڭ بارلىعىن تازالايتىن بولادى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءبىزدىڭ مىنا زاماندى «ءجابابيراح» دەپ اتاپ كەتكەن، ونىڭ ءمانىسى بۇل زامان زالىمداردىڭ زامانى بولاتىندىعىن مەڭزەيدى، ەشتەڭە قالماس، ينشاللا، ءبىز ونىڭ تىم جاقىن قالۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ولارمەن ءبىر ەتكەي، ينشاللا، بىزگە ءسولبىر جاقسى كۇندەردى كورۋ ءناسىپ بولعاي، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارشاڭىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، سەبەبى ءقازىر قيىن زامان، ءبىراق ونىڭ سولاي بولارى كادىك ەمەس، ول ءبىزدىڭ قولىمىزدا ەمەس، ءبىز قالاۋىمىزدا ەمەس، ولاردىڭ بارلىعى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋى، سەبەبى ءبىز سەنەمىز، دەمەك ءبىزدىڭ اقيدامىز، سەنىمىمىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقانىنا سەنەر، بارلىعى تۋىلماق، ونىڭ ايتقانىنىڭ بارلىعى تۋىلاتىن بولادى، ءقازىر ونىڭ كەيبىرى تۋىلىپ تا جاتىر، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ كەلە جاتقان ءوسىبىر جاقسى كۇندەردى، زۇلىمسىز كۇندەردى، دۇنيە ادىلدىككە تولعان كۇندەردى كورۋىمىز ءۇشىن ءبىزدى امان-ەسەن ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7445