You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: адамдық мәртебе Алла жолында жүруде жатыр (2024.02.01 / Хижра 1445-жыл 22-режеп)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7416
Сұхбат: адамдық мәртебе Алла жолында жүруде жатыр (2024.02.01 / Хижра 1445-жыл 22-режеп)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِىٓ ءَادَمَ وَحَمَلْنَـٰهُمْ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ» (құран 17:70), Алла Әззә уә-Жәллә адам баласын яғни адамзатты жаратылыстарының ішіндегі ең биік дәрежелісі етіп жаратты, оларды жынмен періштеден де жоғары етіп жаратты, адамдар Алла Жәллә Жәләлухудың қалауындай болған кезде, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болған кезде, олардың мақам-дәрежесі барлығынан жоғары болар, ақиқатында бұл мақамға жету қиын емес, бірақ шайтан қызғаныштан әркімді жолдан шығарып адастырып жіберді, ол Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болуды ең қиын іс етіп көрсетеді, бірақ онда қиындық жоқ еді.

Алла Әззә уә-Жәллә оны тағдырға қаласа болғаны, ол оңай болмақ, егер Алла Әззә уә-Жәллә осы жолда болуыңызды тағыдырыңызға жазса, онда сіз өте тәлейлі жан болғаныңыз, себебі бұл сіздің осы жолға ілесуіңізді оңайластырады, бірақ иманы жоқ, иман тағдырына жазылмаған адам үшін, Алла Жәллә Жәләлуху осы жолда болуын қаламаған адам үшін бұл жол қиын, бұндай адамдар күні-түні қатты жұмыс істейді, бірақ намазға келгенде ... қалай болмасын, бұл жағдай мұсылмандардың басында бар жәйіт.

Ал мұсылман болмағандар үшін, исламмен титтей байланысы жоқ адамдар үшін жағдай басқаша болар, олар бұған мүлдем жақындай алмас, олар қорқады, олар «өлім бар» деп қорқар, алайда Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болу өте оңай, Оның жолы тым әдемі, аса сұлу, бұл жол сізге осы дүниеде де, ақиретте де әдемілік сыйлайды, сіздің нағыз өміріңіз ақиретте, егер Алла Жәллә Жәләлухудың жолына түсіп, осы жолмен тартып отырар болсаңыз, ол сізді мәңгілік құтылысқа, әдемілікке және күллі қайыр атаулыға жеткізеді, айтып өткеніміздей адамдар нәпсісіне ереді, шайтанға ілеседі, ал бұндай жағдай мына ақырзаманда онан арман өршіп тұр.

Ертеде қазіргіндей сұмдықтар, жамандықтармен мөралсыздықтар болмаған, ол кезде ондайлар саусақпен санарлықтай аз еді әрі оларда ұят бар болатұғын, олар өздерін жасыратын, ал қазір бұндай ұялу жоқ, олар «біз жақсы бірдеңе істеп жүрміз» деп ойлар, олар бұның өздеріне зиянды екендігін білсе де, «бұл ештеңе емес» деп, өздерін және өз нәпсілерін жұбатады, олар міне осылай адасар, олар барлығын бүлдіріп болған соң, айналып келіп, еш ұялмастан «не үшін бұлай болды? неге бұлай?» деп, жағдайдың түсіндіріліп берілуін сұрайды, кімнен түсініктеме сұрап жүрсіздер? кейбір адамдар Алла Әззә уә-Жәллә қарсы келеді де, «бұл неге керек?» дер, ақымақтықтың ең үлкен түрі міне осы еді, бұл - зор ақымақтық, өзінің шама-шарқын білмей, шектен шығу бір сұрқиялық болмақ.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем бергей, біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, оның дәл ортасындамыз, бұл күндер жәйлы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен, егер осы кездерде жақсы бірдеңе айтар болсаңыз, жұрт сізді құрмет қылмай, жаман көзімен қарар, ал жаман бірдеңе айтар болсаңыз, елдің барлығы сізді «тамаша адам» санап, артыңыздан жүгірер, сізге риза болар, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем еткей, барлығымызды қыңыр заманнан қорғағай.

Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда «وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِىٓ ءَادَمَ وَحَمَلْنَـٰهُمْ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ» (құран 17:70) дейді, Ол «Біз оларды ең биік еттік, Біз бәниді... адамзатты, демек Адам әлейхис-саламның баласын жараттық, Біз оларды бүкіл жаратылыстардың ішінде абыройлысы еттік, ең биігі еттік, бұл ғана емес, оларды жыннан да, періштеден де биік қылдық» дейді, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болған кезіңізде, Оның сізге берген осы асыл абырой-құрметін жақсы сақтаған кезіңізде, сіз періштелерден, жындардан және басқа барлық жаратылыстардан жоғары боласыз.

Алайда адамдар бұған қарап қоймас, олар «абырой-құрмет дегеніміз ойымызға келгенді істеу» деп ойлар, жоқ, егер Алла Жәллә Жәләлуху ұнатқан істерді істесеңіз, құрметке ие болып, бақытқа жетесіз әрі өмір сүру де қиын болмайды, ұзақ өмір сүрер болсаңыз, сіз де я жұрт та «оны тым ұзақ өмір» деп ойлар, жоқ, өмір кім үшін болса да тым қысқа, мейлі иман келтіргендер үшін болсын немесе кәпірлер үшін болсын, ол қысқа. Алла Жәллә Жәләлухудың жолына ілесу оңай, себебі Алла Әззә уә-Жәллә бізге жақсылықты қалайды, Ол біздермен сіздерді ең құрметтісі етті ... сіз бұл асыл мәртебені өзіңізде жақсы сақтаңыз, ол өзіңізде тұр, нәпсіңізге ермеңіз, егер шайтанға ерсеңіз, ұтылысқа ұшырайсыз, ал бұндайда, сізде ешбір абырой қалмай, тым абыройсыз біреуге айналасыз.

Бұл өте оңай, мен ... біз айттық, біз ойлаймыз, Алла Жәллә Жәләлуху құрметті еткен істі істеу мүминдермен таңдаулы адамдардың ісі, Алла Жәллә Жәләлухудың әміріне ілеспейтін адамдар, нәпсілеріне еретін адамдар өте қиын, тым шаршаңқы жұмыстарды өлермендене істер, күн бойы, түй бойы, апта бойы, жыл бойы оларды құлшына істер, бірақ сіз оларға «келіп намаз оқыңыз» десеңіз, бұны істеу оларға өте ауыр тиер, олар бұны істей алмайды да, «ол біз үшін емес, ол оқымаған адамдардың, жамандардың ісі» деп ойлар, алайда Алла Әззә уә-Жәллә барлық адамдарды, күллі адамзатты жәннәтқа, тыныштыққа шақырады, бірақ адамдардың нәпсілері оларды бұдан тосуда.

Біз қазір расында мүниндерге тым қиын болған қатты заманда өмір сүріп жатырмыз, себебі барлығымыз осыдан 20 я 40 жыл бұрын дүниенің қандай екендігін білеміз емеспе, ол кезде жұрт бір мас адамды көріп қалса, оған ренжитін, ал маскүнем де мас күйінде көрініп қалғанына ұялушы еді, сол кездерде яғни 20-40 жылдың алды-артында адамдар шегімдік істеткенін айтудан ұялатұғын, қазір бұндай ұяттан ештеңе қалмады, ешкімде қорқу жоқ, қазір пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып өткен жақсы нәрсе айтсаң, жұрт қуанбайтын, десе-дегендей ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, бұндайда олар «сенің істегеніңді істемейміз» дер, егер оларға жаман нәрсе айтып, оны істеуге бұйырар болсаңыз, олар қатты қуанады, оны істеуге ынталандырады әрі «сен батырсың, сен ... біз сені жақсы көреміз, біз сені сүйеміз, біз саған ереміз» дер, міне осындай жаман заманда өмір сүрудеміз, Алла Жәллә Жәләлуху бізді есендікте еткей.

Алайда біз Алла Жәллә Жәләлухудың бұндай адамдарды жақсы көрмейтінін білуіміз керек, Алла Жәллә Жәләлуху сізді Оның жолында болған кезіңізде сүйеді және абыройлы етеді, сондықтан нәпсіңізге ермеңіз, жаман адамдарға ермеңіз, олардан аулақ жүріңіз, оларға жүрегіңіз құшырланарлық хәлде болмасын, оларға еш риза болмаңыз, олар ризалыққа татырлық жандар емес, ақшаңыз болмай қалса я бірдеңеңіз жоқ болса, соған бола көңілісіз болып, ренжімеңіз, жоқ, сіз ренжірлік іс бұл емес, бірақ манағы адамдар болмақ яғни соларға ренжіңіз, демек жүрек қуанышыңыз жақсылыққа хоштанып, жамандықтан жиіркенуде жатыр, иншалла. Алла Жәллә Жәләлуху бізді аман еткей, барша адамзатты осы бұзық заманнан сақтағай, иншалла, бұл келеңсіздіктері түбегейлі жоғалтатын Сәидина Мәхди әлейхис-саламды тезірек жібергей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: ادامدىق مارتەبە اللا جولىندا جۇرۋدە جاتىر (2024.02.01 / حيجرا 1445-جىل 22-رەجەپ)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِىٓ َءادَمَ وَحَمَلْنَـٰهُمْ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ» (قۇران 17:70)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادام بالاسىن ياعني ادامزاتتى جاراتىلىستارىنىڭ ىشىندەگى ەڭ بيىك دارەجەلىسى ەتىپ جاراتتى، ولاردى جىنمەن پەرىشتەدەن دە جوعارى ەتىپ جاراتتى، ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىنداي بولعان كەزدە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولعان كەزدە، ولاردىڭ ماقام-دارەجەسى بارلىعىنان جوعارى بولار، اقيقاتىندا بۇل ماقامعا جەتۋ قيىن ەمەس، ءبىراق شايتان قىزعانىشتان اركىمدى جولدان شىعارىپ اداستىرىپ جىبەردى، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولۋدى ەڭ قيىن ءىس ەتىپ كورسەتەدى، ءبىراق وندا قيىندىق جوق ەدى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى تاعدىرعا قالاسا بولعانى، ول وڭاي بولماق، ەگەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى جولدا بولۋىڭىزدى تاعىدىرىڭىزعا جازسا، وندا ءسىز وتە تالەيلى جان بولعانىڭىز، سەبەبى بۇل ءسىزدىڭ وسى جولعا ىلەسۋىڭىزدى وڭايلاستىرادى، ءبىراق يمانى جوق، يمان تاعدىرىنا جازىلماعان ادام ءۇشىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسى جولدا بولۋىن قالاماعان ادام ءۇشىن بۇل جول قيىن، بۇنداي ادامدار كۇنى-ءتۇنى قاتتى جۇمىس ىستەيدى، ءبىراق نامازعا كەلگەندە ... قالاي بولماسىن، بۇل جاعداي مۇسىلمانداردىڭ باسىندا بار ءجايىت.

ال مۇسىلمان بولماعاندار ءۇشىن، يسلاممەن تيتتەي بايلانىسى جوق ادامدار ءۇشىن جاعداي باسقاشا بولار، ولار بۇعان مۇلدەم جاقىنداي الماس، ولار قورقادى، ولار «ءولىم بار» دەپ قورقار، الايدا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولۋ وتە وڭاي، ونىڭ جولى تىم ادەمى، اسا سۇلۋ، بۇل جول سىزگە وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە ادەمىلىك سىيلايدى، ءسىزدىڭ ناعىز ءومىرىڭىز اقيرەتتە، ەگەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا ءتۇسىپ، وسى جولمەن تارتىپ وتىرار بولساڭىز، ول ءسىزدى ماڭگىلىك قۇتىلىسقا، ادەمىلىككە جانە كۇللى قايىر اتاۋلىعا جەتكىزەدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي ادامدار ناپسىسىنە ەرەدى، شايتانعا ىلەسەدى، ال بۇنداي جاعداي مىنا اقىرزاماندا ونان ارمان ءورشىپ تۇر.

ەرتەدە قازىرگىندەي سۇمدىقتار، جاماندىقتارمەن ءمورالسىزدىقتار بولماعان، ول كەزدە وندايلار ساۋساقپەن سانارلىقتاي از ەدى ءارى ولاردا ۇيات بار بولاتۇعىن، ولار وزدەرىن جاسىراتىن، ال ءقازىر بۇنداي ۇيالۋ جوق، ولار «ءبىز جاقسى بىردەڭە ىستەپ ءجۇرمىز» دەپ ويلار، ولار بۇنىڭ وزدەرىنە زياندى ەكەندىگىن بىلسە دە، «بۇل ەشتەڭە ەمەس» دەپ، وزدەرىن جانە ءوز ناپسىلەرىن جۇباتادى، ولار مىنە وسىلاي اداسار، ولار بارلىعىن ءبۇلدىرىپ بولعان سوڭ، اينالىپ كەلىپ، ەش ۇيالماستان «نە ءۇشىن بۇلاي بولدى؟ نەگە بۇلاي؟» دەپ، جاعدايدىڭ ءتۇسىندىرىلىپ بەرىلۋىن سۇرايدى، كىمنەن تۇسىنىكتەمە سۇراپ جۇرسىزدەر؟ كەيبىر ادامدار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قارسى كەلەدى دە، «بۇل نەگە كەرەك؟» دەر، اقىماقتىقتىڭ ەڭ ۇلكەن ءتۇرى مىنە وسى ەدى، بۇل - زور اقىماقتىق، ءوزىنىڭ شاما-شارقىن بىلمەي، شەكتەن شىعۋ ءبىر سۇرقيالىق بولماق.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرگەي، ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ونىڭ ءدال ورتاسىندامىز، بۇل كۇندەر ءجايلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن، ەگەر وسى كەزدەردە جاقسى بىردەڭە ايتار بولساڭىز، جۇرت ءسىزدى قۇرمەت قىلماي، جامان كوزىمەن قارار، ال جامان بىردەڭە ايتار بولساڭىز، ەلدىڭ بارلىعى ءسىزدى «تاماشا ادام» ساناپ، ارتىڭىزدان جۇگىرەر، سىزگە ريزا بولار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم ەتكەي، بارلىعىمىزدى قىڭىر زاماننان قورعاعاي.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا «وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِىٓ َءادَمَ وَحَمَلْنَـٰهُمْ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ» (قۇران 17:70) دەيدى، ول «ءبىز ولاردى ەڭ بيىك ەتتىك، ءبىز ءبانيدى... ادامزاتتى، دەمەك ادام الەيحيس-سالامنىڭ بالاسىن جاراتتىق، ءبىز ولاردى بۇكىل جاراتىلىستاردىڭ ىشىندە ابىرويلىسى ەتتىك، ەڭ بيىگى ەتتىك، بۇل عانا ەمەس، ولاردى جىننان دا، پەرىشتەدەن دە بيىك قىلدىق» دەيدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولعان كەزىڭىزدە، ونىڭ سىزگە بەرگەن وسى اسىل ابىروي-قۇرمەتىن جاقسى ساقتاعان كەزىڭىزدە، ءسىز پەرىشتەلەردەن، جىنداردان جانە باسقا بارلىق جاراتىلىستاردان جوعارى بولاسىز.

الايدا ادامدار بۇعان قاراپ قويماس، ولار «ابىروي-قۇرمەت دەگەنىمىز ويىمىزعا كەلگەندى ىستەۋ» دەپ ويلار، جوق، ەگەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ۇناتقان ىستەردى ىستەسەڭىز، قۇرمەتكە يە بولىپ، باقىتقا جەتەسىز ءارى ءومىر ءسۇرۋ دە قيىن بولمايدى، ۇزاق ءومىر سۇرەر بولساڭىز، ءسىز دە يا جۇرت تا «ونى تىم ۇزاق ءومىر» دەپ ويلار، جوق، ءومىر كىم ءۇشىن بولسا دا تىم قىسقا، مەيلى يمان كەلتىرگەندەر ءۇشىن بولسىن نەمەسە كاپىرلەر ءۇشىن بولسىن، ول قىسقا. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا ىلەسۋ وڭاي، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە جاقسىلىقتى قالايدى، ول بىزدەرمەن سىزدەردى ەڭ قۇرمەتتىسى ەتتى ... ءسىز بۇل اسىل مارتەبەنى وزىڭىزدە جاقسى ساقتاڭىز، ول وزىڭىزدە تۇر، ناپسىڭىزگە ەرمەڭىز، ەگەر شايتانعا ەرسەڭىز، ۇتىلىسقا ۇشىرايسىز، ال بۇندايدا، سىزدە ەشبىر ابىروي قالماي، تىم ابىرويسىز بىرەۋگە اينالاسىز.

بۇل وتە وڭاي، مەن ... ءبىز ايتتىق، ءبىز ويلايمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قۇرمەتتى ەتكەن ءىستى ىستەۋ مۇميندەرمەن تاڭداۋلى ادامداردىڭ ءىسى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرىنە ىلەسپەيتىن ادامدار، ناپسىلەرىنە ەرەتىن ادامدار وتە قيىن، تىم شارشاڭقى جۇمىستاردى ولەرمەندەنە ىستەر، كۇن بويى، ءتۇي بويى، اپتا بويى، جىل بويى ولاردى قۇلشىنا ىستەر، ءبىراق ءسىز ولارعا «كەلىپ ناماز وقىڭىز» دەسەڭىز، بۇنى ىستەۋ ولارعا وتە اۋىر تيەر، ولار بۇنى ىستەي المايدى دا، «ول ءبىز ءۇشىن ەمەس، ول وقىماعان ادامداردىڭ، جامانداردىڭ ءىسى» دەپ ويلار، الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارلىق ادامداردى، كۇللى ادامزاتتى ءجانناتقا، تىنىشتىققا شاقىرادى، ءبىراق ادامداردىڭ ناپسىلەرى ولاردى بۇدان توسۋدا.

ءبىز ءقازىر راسىندا مۇنيندەرگە تىم قيىن بولعان قاتتى زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سەبەبى بارلىعىمىز وسىدان 20 يا 40 جىل بۇرىن دۇنيەنىڭ قانداي ەكەندىگىن بىلەمىز ەمەسپە، ول كەزدە جۇرت ءبىر ماس ادامدى كورىپ قالسا، وعان رەنجيتىن، ال ماسكۇنەم دە ماس كۇيىندە كورىنىپ قالعانىنا ۇيالۋشى ەدى، سول كەزدەردە ياعني 20-40 جىلدىڭ الدى-ارتىندا ادامدار شەگىمدىك ىستەتكەنىن ايتۋدان ۇيالاتۇعىن، ءقازىر بۇنداي ۇياتتان ەشتەڭە قالمادى، ەشكىمدە قورقۋ جوق، ءقازىر پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ وتكەن جاقسى نارسە ايتساڭ، جۇرت قۋانبايتىن، دەسە-دەگەندەي اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بۇندايدا ولار «سەنىڭ ىستەگەنىڭدى ىستەمەيمىز» دەر، ەگەر ولارعا جامان نارسە ايتىپ، ونى ىستەۋگە بۇيىرار بولساڭىز، ولار قاتتى قۋانادى، ونى ىستەۋگە ىنتالاندىرادى ءارى «سەن باتىرسىڭ، سەن ... ءبىز سەنى جاقسى كورەمىز، ءبىز سەنى سۇيەمىز، ءبىز ساعان ەرەمىز» دەر، مىنە وسىنداي جامان زاماندا ءومىر سۇرۋدەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي.

الايدا ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بۇنداي ادامداردى جاقسى كورمەيتىنىن ءبىلۋىمىز كەرەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى ونىڭ جولىندا بولعان كەزىڭىزدە سۇيەدى جانە ابىرويلى ەتەدى، سوندىقتان ناپسىڭىزگە ەرمەڭىز، جامان ادامدارعا ەرمەڭىز، ولاردان اۋلاق ءجۇرىڭىز، ولارعا جۇرەگىڭىز قۇشىرلانارلىق حالدە بولماسىن، ولارعا ەش ريزا بولماڭىز، ولار ريزالىققا تاتىرلىق جاندار ەمەس، اقشاڭىز بولماي قالسا يا بىردەڭەڭىز جوق بولسا، سوعان بولا كوڭىلىسىز بولىپ، رەنجىمەڭىز، جوق، ءسىز رەنجىرلىك ءىس بۇل ەمەس، ءبىراق ماناعى ادامدار بولماق ياعني سولارعا رەنجىڭىز، دەمەك جۇرەك قۋانىشىڭىز جاقسىلىققا حوشتانىپ، جاماندىقتان جيىركەنۋدە جاتىر، ينشاللا. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى امان ەتكەي، بارشا ادامزاتتى وسى بۇزىق زاماننان ساقتاعاي، ينشاللا، بۇل كەلەڭسىزدىكتەرى تۇبەگەيلى جوعالتاتىن ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامدى تەزىرەك جىبەرگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7416