You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

77 КІСІНІҢ ЖАНЫН ӘЗІРЕЙІЛДЕН ҚАЙТАРЫП ӘКЕЛГЕН ӘУЛИЕ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7415
77 КІСІНІҢ ЖАНЫН ӘЗІРЕЙІЛДЕН ҚАЙТАРЫП ӘКЕЛГЕН ӘУЛИЕ

Әйгілі әулие Абдулқадір Ғейлани өз заманының ең биік әулиесі, әулиелер сұлтаны еді, ол пайғамбарымыздың ұрпағы болып келеді, оған пайғамбарымызбен Алладан орасан зор күшпен еркіндік берілген, оның мүриті өте көп болатын, ол әр күні түнде рухани күшімен мүриттерін шолып шығатын, бірде ол бір мүритінің жанын таба алмай қояды, сосын ол Алладан берілген кереметімен аршыға өрлеп, жан алғыш Әзірейіл періштені қуып жетеді, Әзірейіл ғ.с қолындағы илаһи шарбаққа 77 адамның жанын салып алып бара жатыр екен, Абдулқадір Ғейлани әулие оған "менің мүритінің жанын қайтар, мен оны әлі жетер биік мақамына жеткізген жоқпын" дер, Әзірейіл ғ.с бой бермес, айтыса келе, Абдулқадір Ғейлани әулие Алладан берілген кереметімен шарбақтағы 77 адамның жанын босатып, өз денелеріне қайтарып жібереді, әулиенің дәрежесі періштелерден жоғары болар, Әзірейіл ғ.с Аллаға болған жәйды айтар, Алла оған "сүйікті құлым, қадірлі досым Абдулқадір Ғейланидің мүритінің жанын алудан бұрын одан рұхсат сұрауың керек еді, бұндай күшті сүйікті ерке достарыма Мен бергенмін, манағы 77 жан өз иелеріне барып, денелеріне қайта кірді, олардың әрбіріне 77 жас ғұмыр бердім" дейді, сол түні сол сәтте өлген 77 адам қайта тірілді, барлығы 77 жастарына жеткенде қайтыс болды, әулиелерге осындай күш берілген, әулиеге ергендер тәлейлі адамдар, себебі әулие пір мүритінің өлер кезіндегі ең соңғы сәттерінде рухани күшпен келіп, шайтанды қуады, оны о дүниеге иманды хәлде аттандырады, онан соң қабырда мүриті үшін әңкүр-мүңкірдің сұрағына жауап береді, аса сұсты әңкүр-мүңкір періштелер әулиені көргенде тіксініп, жуасып кетеді әрі әулиеге ибамен сәлем беріп, "жол сізден болсын" дейді, себебі олар әулиелердің дәрежесі өздерінен әлде қайда жоғары әрі аса қуатты екендігін біледі, соңында әулие қиямет күнінде мүриттерін жинап, пайғамбарымыздың шапағатына алдымен іліндіреді, мүриттері үшін жауап береді, олардың есебі жеңіл әрі тез кетеді, әулиелер жәннаттан әлде қайда биік болған Алла құзіретіндегі аса жақсы орында тұрады, олар пайғамбарлармен бірге Аллаға тым жақын жерде болады, ол мекеннің қасында жәннат жәй жер болып қалады, әулиенің дүниедегі мүриттері де әулие пірімен сол мекенде жүреді, демек әулие өзіне бая берген мүриттеріне осы дүниеде де, қабырда да, қияметте де серік болады, оларға жәрдемдеседі, ақиретте мәңгілік бірге болады.

77 كىسىنىڭ جانىن ازىرەيىلدەن قايتارىپ اكەلگەن اۋليە

ايگىلى اۋليە ءابدۋلقادىر عەيلاني ءوز زامانىنىڭ ەڭ بيىك اۋليەسى، اۋليەلەر سۇلتانى ەدى، ول پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاعى بولىپ كەلەدى، وعان پايعامبارىمىزبەن اللادان وراسان زور كۇشپەن ەركىندىك بەرىلگەن، ونىڭ ءمۇريتى وتە كوپ بولاتىن، ول ءار كۇنى تۇندە رۋحاني كۇشىمەن مۇريتتەرىن شولىپ شىعاتىن، بىردە ول ءبىر ءمۇريتىنىڭ جانىن تابا الماي قويادى، سوسىن ول اللادان بەرىلگەن كەرەمەتىمەن ارشىعا ورلەپ، جان العىش ازىرەيىل پەرىشتەنى قۋىپ جەتەدى، ازىرەيىل ع.س قولىنداعى يلاھي شارباققا 77 ادامنىڭ جانىن سالىپ الىپ بارا جاتىر ەكەن، ءابدۋلقادىر عەيلاني اۋليە وعان "مەنىڭ ءمۇريتىنىڭ جانىن قايتار، مەن ونى ءالى جەتەر بيىك ماقامىنا جەتكىزگەن جوقپىن" دەر، ازىرەيىل ع.س بوي بەرمەس، ايتىسا كەلە، ءابدۋلقادىر عەيلاني اۋليە اللادان بەرىلگەن كەرەمەتىمەن شارباقتاعى 77 ادامنىڭ جانىن بوساتىپ، ءوز دەنەلەرىنە قايتارىپ جىبەرەدى، اۋليەنىڭ دارەجەسى پەرىشتەلەردەن جوعارى بولار، ازىرەيىل ع.س اللاعا بولعان ءجايدى ايتار، اللا وعان "سۇيىكتى قۇلىم، ءقادىرلى دوسىم ءابدۋلقادىر عەيلانيدىڭ ءمۇريتىنىڭ جانىن الۋدان بۇرىن ودان رۇحسات سۇراۋىڭ كەرەك ەدى، بۇنداي كۇشتى سۇيىكتى ەركە دوستارىما مەن بەرگەنمىن، ماناعى 77 جان ءوز يەلەرىنە بارىپ، دەنەلەرىنە قايتا كىردى، ولاردىڭ اربىرىنە 77 جاس عۇمىر بەردىم" دەيدى، سول ءتۇنى سول ساتتە ولگەن 77 ادام قايتا ءتىرىلدى، بارلىعى 77 جاستارىنا جەتكەندە قايتىس بولدى، اۋليەلەرگە وسىنداي كۇش بەرىلگەن، اۋليەگە ەرگەندەر تالەيلى ادامدار، سەبەبى اۋليە ءپىر ءمۇريتىنىڭ ولەر كەزىندەگى ەڭ سوڭعى ساتتەرىندە رۋحاني كۇشپەن كەلىپ، شايتاندى قۋادى، ونى و دۇنيەگە يماندى حالدە اتتاندىرادى، ونان سوڭ قابىردا ءمۇريتى ءۇشىن اڭكۇر-مۇڭكىردىڭ سۇراعىنا جاۋاپ بەرەدى، اسا سۇستى اڭكۇر-مۇڭكىر پەرىشتەلەر اۋليەنى كورگەندە تىكسىنىپ، جۋاسىپ كەتەدى ءارى اۋليەگە يبامەن سالەم بەرىپ، "جول سىزدەن بولسىن" دەيدى، سەبەبى ولار اۋليەلەردىڭ دارەجەسى وزدەرىنەن الدە قايدا جوعارى ءارى اسا قۋاتتى ەكەندىگىن بىلەدى، سوڭىندا اۋليە قيامەت كۇنىندە مۇريتتەرىن جيناپ، پايعامبارىمىزدىڭ شاپاعاتىنا الدىمەن ىلىندىرەدى، مۇريتتەرى ءۇشىن جاۋاپ بەرەدى، ولاردىڭ ەسەبى جەڭىل ءارى تەز كەتەدى، اۋليەلەر ءجانناتتان الدە قايدا بيىك بولعان اللا قۇزىرەتىندەگى اسا جاقسى ورىندا تۇرادى، ولار پايعامبارلارمەن بىرگە اللاعا تىم جاقىن جەردە بولادى، ول مەكەننىڭ قاسىندا ءجاننات ءجاي جەر بولىپ قالادى، اۋليەنىڭ دۇنيەدەگى مۇريتتەرى دە اۋليە پىرىمەن سول مەكەندە جۇرەدى، دەمەك اۋليە وزىنە بايا بەرگەن مۇريتتەرىنە وسى دۇنيەدە دە، قابىردا دا، قيامەتتە دە سەرىك بولادى، ولارعا جاردەمدەسەدى، اقيرەتتە ماڭگىلىك بىرگە بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7415