You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

СИРАТ КӨПІРІ 3000 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ & ТОЗАҚТЫ КҮТУ АЗАБЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7337
СИРАТ КӨПІРІ 3000 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ & ТОЗАҚТЫ КҮТУ АЗАБЫ

Бұл дүниеде адамдар көп болса 70~80 жас жасар, ал намаз оқыса, жылы сумен дәрет алып, жұмсақ жәйнамазда оқыр, бірақ қияметте адамдар милиондаған жылдарға дейін сұраққа алынар, сұрақ кезі өте қиын, пайғамбарлармен әулиелерге жақындар сұрақтан оңай өтеді, көп күтпес, кейбіреулер неше мың я неше милион жылда сұрағын бітіріп болып, жәннатқа емес, тозаққа кетер, сұрақтан соң сират көпірі бар, ол тозақтың үстіне салынған көпір, ұзындығы 3000 жылдық жол, ол тік қия, түзу және тік еңіс сияқты үш түрлі жолдан құралған, әрбірі 1000 жылдық жол, одан кейбіреулер найзағай тездікпен, кейбірі жылдам, кейбірі баяу, кейбірі жеңіл, кейбірі қиналып өтеді, кейбірі бәлен мың жылда қатты азаппен әрең өтеді, ал көпірдің арғы жағасында оларды жәннат я тозақ күтер, жәннатқа кіретіндер көп күтпестен өлімін өлтіріп, каусар суын ішіп жәннатына лезде кіріп кетеді, ал тозаққа кіретіндер тозақтың аса алып қақпасының алдына жиналар, қақпа тозаққа кіретіндер есебін бітіріп, барлығы келіп болмай ашылмас, қақпаға адамдар жинала берер, бірін-бірі басып, үсті-үстіне қабаттасып үйілер, бірін-бірі жәншір, қақпа алдында қатты азапталар, "тозақтың қақпасын ашыңдаршы, күтіп қатты қиналып кеттік" деп жылайды, зарлайды, сонда да қақпа мың-милион жылша ашылмас, ондағылар осылай "күту азабын" әбден тартады, ақыры қақпа ашылар, гүрілдеген үннен олар қатты шошынады, оларға аса алып, ерекше жауыз, тым қорқынышты періштелер келіп, намаз оқуға бұйырады, олар балтамен тозақтағылардың басын ұрып, күл қылады, қайта орнына әкеледі, дәрет алуға әмір етеді, олар тозақтың қайнаған суымен дәрет алады, судың ыстығынан олардың бет, қол, білек, бас терілері ағып түсіп қалады, ақсиып сүйектері көрінеді, өліп қалса, лезде қайта жан беріліп тірілдіріледі, олар тозақтың үстінде бір ракат намазды 80000 жылға дейін оқыр, сәждеде денелері еріп кетеді, қайта жан берілер, олар осылай сансыз өліп, сансыз тіріліп намаз оқиды, бүкіл тозақылар намаз оқиды, халал-харам, жақсы-жаманды бөлмейтіндер, имансыздар, ақымақтар бұған сенбес, олар қазір бұған сенбесе, оған өлген кезде көрінде және қияметте сенетін болады, сол кезде мойынұсынып өкінер, бірақ ол кезде барлығы тым кеш болар.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

سيرات كوپىرى 3000 جىلدىق جول & توزاقتى كۇتۋ ازابى

بۇل دۇنيەدە ادامدار كوپ بولسا 70~80 جاس جاسار، ال ناماز وقىسا، جىلى سۋمەن دارەت الىپ، جۇمساق ءجاينامازدا وقىر، ءبىراق قيامەتتە ادامدار ميليونداعان جىلدارعا دەيىن سۇراققا الىنار، سۇراق كەزى وتە قيىن، پايعامبارلارمەن اۋليەلەرگە جاقىندار سۇراقتان وڭاي وتەدى، كوپ كۇتپەس، كەيبىرەۋلەر نەشە مىڭ يا نەشە ميليون جىلدا سۇراعىن ءبىتىرىپ بولىپ، ءجانناتقا ەمەس، توزاققا كەتەر، سۇراقتان سوڭ سيرات كوپىرى بار، ول توزاقتىڭ ۇستىنە سالىنعان كوپىر، ۇزىندىعى 3000 جىلدىق جول، ول تىك قيا، ءتۇزۋ جانە تىك ەڭىس سياقتى ءۇش ءتۇرلى جولدان قۇرالعان، ءاربىرى 1000 جىلدىق جول، ودان كەيبىرەۋلەر نايزاعاي تەزدىكپەن، كەيبىرى جىلدام، كەيبىرى باياۋ، كەيبىرى جەڭىل، كەيبىرى قينالىپ وتەدى، كەيبىرى بالەن مىڭ جىلدا قاتتى ازاپپەن ارەڭ وتەدى، ال كوپىردىڭ ارعى جاعاسىندا ولاردى ءجاننات يا توزاق كۇتەر، ءجانناتقا كىرەتىندەر كوپ كۇتپەستەن ءولىمىن ءولتىرىپ، كاۋسار سۋىن ءىشىپ ءجانناتىنا لەزدە كىرىپ كەتەدى، ال توزاققا كىرەتىندەر توزاقتىڭ اسا الىپ قاقپاسىنىڭ الدىنا جينالار، قاقپا توزاققا كىرەتىندەر ەسەبىن ءبىتىرىپ، بارلىعى كەلىپ بولماي اشىلماس، قاقپاعا ادامدار جينالا بەرەر، ءبىرىن-ءبىرى باسىپ، ءۇستى-ۇستىنە قاباتتاسىپ ۇيىلەر، ءبىرىن-ءبىرى ءجانشىر، قاقپا الدىندا قاتتى ازاپتالار، "توزاقتىڭ قاقپاسىن اشىڭدارشى، كۇتىپ قاتتى قينالىپ كەتتىك" دەپ جىلايدى، زارلايدى، سوندا دا قاقپا مىڭ-ميليون جىلشا اشىلماس، ونداعىلار وسىلاي "كۇتۋ ازابىن" ابدەن تارتادى، اقىرى قاقپا اشىلار، گۇرىلدەگەن ۇننەن ولار قاتتى شوشىنادى، ولارعا اسا الىپ، ەرەكشە جاۋىز، تىم قورقىنىشتى پەرىشتەلەر كەلىپ، ناماز وقۋعا بۇيىرادى، ولار بالتامەن توزاقتاعىلاردىڭ باسىن ۇرىپ، كۇل قىلادى، قايتا ورنىنا اكەلەدى، دارەت الۋعا ءامىر ەتەدى، ولار توزاقتىڭ قايناعان سۋىمەن دارەت الادى، سۋدىڭ ىستىعىنان ولاردىڭ بەت، قول، بىلەك، باس تەرىلەرى اعىپ ءتۇسىپ قالادى، اقسيىپ سۇيەكتەرى كورىنەدى، ءولىپ قالسا، لەزدە قايتا جان بەرىلىپ تىرىلدىرىلەدى، ولار توزاقتىڭ ۇستىندە ءبىر راكات نامازدى 80000 جىلعا دەيىن وقىر، ساجدەدە دەنەلەرى ەرىپ كەتەدى، قايتا جان بەرىلەر، ولار وسىلاي سانسىز ءولىپ، سانسىز ءتىرىلىپ ناماز وقيدى، بۇكىل توزاقىلار ناماز وقيدى، حالال-حارام، جاقسى-جاماندى بولمەيتىندەر، يمانسىزدار، اقىماقتار بۇعان سەنبەس، ولار ءقازىر بۇعان سەنبەسە، وعان ولگەن كەزدە كورىندە جانە قيامەتتە سەنەتىن بولادى، سول كەزدە مويىنۇسىنىپ وكىنەر، ءبىراق ول كەزدە بارلىعى تىم كەش بولار.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7337