You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

барар орындарың - жәннәт, соған қуан (2023.09.29 / 1445-хижри 14-Рабиул Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7179
барар орындарың - жәннәт, соған қуан (2023.09.29 / 1445-хижри 14-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Шүкір-Алла, бізге жақсы шүйіншілі хабарлар берілген, мұсылмандар үшін ислам аса ірі шүйінші-дүр, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның туылған күні болған әдемі күндерге жетіп отырмыз, біз ондағы іззет-игіліктерге бөлендік, шүкір-Алла, қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам және Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды шүйіншілеуде. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَبْشِرُوا۟ بِٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِى كُنتُمْ تُوعَدُونَ (٣٠) نَحْنُ أَوْلِيَآؤُكُمْ فِى ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَفِى ٱلْـَٔاخِرَةِ (٣١)» (құран 41:30-31), демек сендерге шүйінші болсын, себебі Алла Жәллә Жәләлуху сендерге жәннәтті уәде етті, сендер жәннәтта боласыңдар, міне бұл хабалардың ең жақсысы, мүминдермен мұсылман болғандар үшін қорқу қажетсіз, Алла Жәллә Жәләлухудың рұхсатында, Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болғандарға қорқу жоқ. «Тозаққа барамыз» деген ой адамдарды үрейлендіріп, жылайтын күйге енгізер, сонан олар «біз тозаққа барамыз ба әлде жәннәтқа барамыз ба?» дер, қорықпаңыз, Алла Жәллә Жәләлуху сізге шүйінші айтады, Оның сөзі хақ-дүр, сіз жәннәтпен шүйіншіленгенсіз, сіз жәннәтқа барасыз, міне бұлар исламдағылар үшін аса зор шүйінші хабарлар, алайда адамдар мына дүниеде қателіктер істеп, оны түзетпесе, бұл оларды қиын жағдайға дұшар етеді, олар мейлі түзетсін я түзетпесін, олардың бұл дүниедегі өмірі жалғаса берер, алайда олардың ақиреттегі өмірі бұндай болмас, егер олар тайқып кетсе, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, олар құтыла алмайтын болады.

Ұлық әулиелердің бірі болған әл-Бусари хазірет қасида бұрдада «бушура ләнә мә-шәррәл ислам инни ләнә минәл инәяти руқан ғайра мунхадими» дейді, ол осындай әдемі сөздерді жазар, жұрт осыны ұдайы әндетіп айтушы еді, үлкен піріміз Мәуләнә Шайық Абулла хазірет осы тіркесті үнемі қайталап отыратұғын, біз бұны оның киелі аузынан талай рет естідік, бұл тіркесте «мұсылмандарға шүйінші болсын, бізде тым берік қамал сияқты негіз бар әрі ол ешқашан құламас, қорықпаңдар, сендерге шүйінші болсын» делінген. Ислам жолы - әдемі жол, сондықтан осы жолда берік болу пайдалы болмақ, демек бұл жол ең әуелі адамдардың өздеріне пайдалы, сонымен бірге ол олардың отбасыларына, туыстарына және өзгелерге де пайдалы, исламнан игіліктену әрбір адам істей алатын іс-дүр, алайда оған кедергі болатын нәпсі, хауа-аңсар және шайтан сияқы дұшпандар бар, бұнда төрт дұшпан бар, ал бұл дұшпандар не істемек? олар сізге еш жақсылық қаламайды, тек жамандық қалар, олар сізді күйреткісі келеді, ал сіз оларға ешқашан құлақ асушы болмаңыз, олар ... «уа-қалифун нәфсән», демек «нәпсіңе қарсы бол және қалғандарына да қарсы кел» делінер, шайтанға қарсы болыңыз, сонда сізге шүйінші келер әрі сіз Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті құлдарынан боласыз, сонда жәннәтта мәңгі өмір сүресіз, иншалла, қасиетті Мәулиттің құрметі үшін Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы шүйіншілерге жеткізгей, иншалла.

Адам баласы үшін исламда болу, мұсылман болу өте жақсы, аса берекелі іс, себебі Алла Әззә уә-Жәллә және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам мүминдермен мұсылмандар үшін шүйіншілі хабарлар беруде, әсіресе біз бағана оқып өткен тіркестерде солай делінген, «шүйінші болсын, соған қуан» дейді, немен қуан? жәннәтпен қуан, қайсы жәннәт? Алла Әззә уә-Жәллә сізге уәде еткен жәннәтпен, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәннәтта болатынымызды уәде қылды, ал біз бұған құлақ аспадық, демек көптеген адамдар Алла Жәллә Жәләлуху айтқан істерді істемей жатыр, Алла Жәллә Жәләлуху ... ал кейбір адамдар үмітсіздік ішінде жүр, біз кейде көріп қаламыз, олар «о, мен жақсы істей алмадым, мен жәннәтта боламын ба?» деп жылап жатады, иә, сіз жәннәтта боласыз, оны Алла Жәллә Жәләлуху сізге уәде еткен, сіз Оның жолында болсаңыз болғаны, жәннәтқа кіресіз, алаң болмаңыз, еш қорықпаңыз, шайтанға сізді бұған сендіруден тосатын орай бермеңіз, ол солай болады, солай болуы керек ... сіз осыған да сеніп, иман келтіруіңіз керек, себебі Алла Жәллә Жәләлуху айтқан әрбір іске біз сенуіміз керек, жоқ, сізде «жоқ, мүмкін» немесе «жоқ» деп айтуға орай жоқ, олай емес, сіз Алла Жәллә Жәләлухудың дегеніне сенуіңіз керек, Ол бізге «қуан, сендер жәннәтта боласыңдар» дейді әрі бізге оны уәде еткен.

Сол үшін де, біз бағы зор тәлейлі адамдарға жатамыз, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбетіне айтқан әрбір нәрсесіне сенеміз, ол бір хадисте «адам (ата) және оның астындағылар менің туымның астында» дейді, сондықтан біз қуанамыз, біз осымен тәлейліміз, демек оның үмбеті болу біз үшін зор бақ-дүр, себебі көптеген пайғамбарлар біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан береке және медет сұраған. Әлхамдулилла, біз оның туылған күні болған берекетті күнге де жеттік, біз оны тойлап, құттықтайтын боламыз, көптеріңіз осы орайда пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға сәлем айтқалы келдіңіздер, әрине ол бұған риза болмақ, ол сіздерге сауаптарыңызды береді әрі сіздер айтылған осыбір шүйіншілеріңізді алатын боласыздар, демек мүминдермен жәннәтта боласыз, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен де бірге боласыз, жақсы шүйіншілі хабар дегеніміз міне осы.

Әулиелер пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбеті болғанына қатты қуанулы, ал оны ерекшелеп, Имам Бусири қасида бұрдада жазып кетті, оның бір өлең жолдарында «бушра ләнә мағшәрәл ислам иннә ләнә минәл инәяти рукнән ғаура мұнхадими» дейді, бұл өлеңді сонау бала кезімізден еститін едік, әр күні естідік десе де болады, Мәуләнә Шайық Абдулла хазірет оны көп айтатын, кейде мешітке барғанда, оның терезесінен естіп қалатынбыз, ол жоғарыда еді, ол үнемі осыны үнемі айтып отыратын әрі осы өлең шұмақтарына қатты риза болатұғын, оның мағынасы не? онда мұсылмандарға шүйінші хабар айтылып, олардың ұстап тұратын аса берік тірегі барлығы жеткізілген әрі бұл берік нәрсе ешқашан сынбақ емес, ол сынбайды да үзілмейді, міне бұл мұсылмандар үшін, сіздің берік нәрсеңізді ештеңе бұза алмайды, бұл бүкіл мұсылмандар үшін, сіз осал нәрсені емес, берік бір нәрсені ұстауыңыз керек, әйтпесе талқан боласыз әрі онымен бірге құлап жоқ боласыз, жоқ, сіз қуаныңыз, осы берік нәрседен айырылып қалмауды сұраңыз, иншалла.

Барлық әулиелер жақсы шүйінші хабарлар береді, ал «сен жәһәннамға барасың, сен сонда барасың ...оны істемедің, сонда кетесің, бұрыс іс қылдың, сен анаусың, мүшіріксің, сен ... сен тозақта боласың» деп барлығын ойрандайтын адамдардың сөздеріне құлақ салмаңыздар, оларды естімеңіздер, біз Алла Әззә уә-Жәлләны және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды естиміз, ал манағы надандарға, Алла Жәллә Жәләлухудың айтқанын түсінбейтін адамдарға құлақ салмаймыз, Алла Жәллә Жәләлуху «Мен сендерді жақсылықпен шүйіншілеп, уәде етемін, сендер жәннәтта боласыңдар» дейді, әлхамдулилла, осы бізге жеткілікті болмақ, өзгелерге құлақ салу қажетсіз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху баршамызды, иншалла, жәннәттық еткей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




بارار ورىندارىڭ - ءجاننات، سوعان قۋان (2023.09.29 / 1445-حيجري 14-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

شۇكىر-اللا، بىزگە جاقسى ءشۇيىنشىلى حابارلار بەرىلگەن، مۇسىلماندار ءۇشىن يسلام اسا ءىرى ءشۇيىنشى-ءدۇر، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ تۋىلعان كۇنى بولعان ادەمى كۇندەرگە جەتىپ وتىرمىز، ءبىز ونداعى ىززەت-يگىلىكتەرگە بولەندىك، شۇكىر-اللا، قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى شۇيىنشىلەۋدە. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَأَبْشِرُوا۟ بِٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِى كُنتُمْ تُوعَدُونَ (٣٠) نَحْنُ أَوْلِيَآؤُكُمْ فِى ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَفِى ٱلْـَٔاخِرَةِ (٣١)» (قۇران 41:30-31)، دەمەك سەندەرگە ءشۇيىنشى بولسىن، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سەندەرگە ءجانناتتى ۋادە ەتتى، سەندەر ءجانناتتا بولاسىڭدار، مىنە بۇل حابالاردىڭ ەڭ جاقسىسى، مۇميندەرمەن مۇسىلمان بولعاندار ءۇشىن قورقۋ قاجەتسىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ رۇحساتىندا، اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولعاندارعا قورقۋ جوق. «توزاققا بارامىز» دەگەن وي ادامداردى ۇرەيلەندىرىپ، جىلايتىن كۇيگە ەنگىزەر، سونان ولار «ءبىز توزاققا بارامىز با الدە ءجانناتقا بارامىز با؟» دەر، قورىقپاڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە ءشۇيىنشى ايتادى، ونىڭ ءسوزى حاق-ءدۇر، ءسىز جانناتپەن شۇيىنشىلەنگەنسىز، ءسىز ءجانناتقا باراسىز، مىنە بۇلار يسلامداعىلار ءۇشىن اسا زور ءشۇيىنشى حابارلار، الايدا ادامدار مىنا دۇنيەدە قاتەلىكتەر ىستەپ، ونى تۇزەتپەسە، بۇل ولاردى قيىن جاعدايعا دۇشار ەتەدى، ولار مەيلى تۇزەتسىن يا تۇزەتپەسىن، ولاردىڭ بۇل دۇنيەدەگى ءومىرى جالعاسا بەرەر، الايدا ولاردىڭ اقيرەتتەگى ءومىرى بۇنداي بولماس، ەگەر ولار تايقىپ كەتسە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ولار قۇتىلا المايتىن بولادى.

ۇلىق اۋليەلەردىڭ ءبىرى بولعان ءال-بۋساري حازىرەت قاسيدا بۇردادا «بۋشۋرا ءلانا ءما-ءشاررال يسلام ينني ءلانا ءمينال ءيناياتي رۋقان عايرا مۋنحاديمي» دەيدى، ول وسىنداي ادەمى سوزدەردى جازار، جۇرت وسىنى ۇدايى اندەتىپ ايتۋشى ەدى، ۇلكەن ءپىرىمىز ءماۋلانا شايىق ابۋللا حازىرەت وسى تىركەستى ۇنەمى قايتالاپ وتىراتۇعىن، ءبىز بۇنى ونىڭ كيەلى اۋزىنان تالاي رەت ەستىدىك، بۇل تىركەستە «مۇسىلماندارعا ءشۇيىنشى بولسىن، بىزدە تىم بەرىك قامال سياقتى نەگىز بار ءارى ول ەشقاشان قۇلاماس، قورىقپاڭدار، سەندەرگە ءشۇيىنشى بولسىن» دەلىنگەن. يسلام جولى - ادەمى جول، سوندىقتان وسى جولدا بەرىك بولۋ پايدالى بولماق، دەمەك بۇل جول ەڭ اۋەلى ادامداردىڭ وزدەرىنە پايدالى، سونىمەن بىرگە ول ولاردىڭ وتباسىلارىنا، تۋىستارىنا جانە وزگەلەرگە دە پايدالى، يسلامنان يگىلىكتەنۋ ءاربىر ادام ىستەي الاتىن ءىس-ءدۇر، الايدا وعان كەدەرگى بولاتىن ءناپسى، حاۋا-اڭسار جانە شايتان سياقى دۇشپاندار بار، بۇندا ءتورت دۇشپان بار، ال بۇل دۇشپاندار نە ىستەمەك؟ ولار سىزگە ەش جاقسىلىق قالامايدى، تەك جاماندىق قالار، ولار ءسىزدى كۇيرەتكىسى كەلەدى، ال ءسىز ولارعا ەشقاشان قۇلاق اسۋشى بولماڭىز، ولار ... «ۋا-قاليفۋن ءنافسان»، دەمەك «ناپسىڭە قارسى بول جانە قالعاندارىنا دا قارسى كەل» دەلىنەر، شايتانعا قارسى بولىڭىز، سوندا سىزگە ءشۇيىنشى كەلەر ءارى ءسىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى قۇلدارىنان بولاسىز، سوندا ءجانناتتا ماڭگى ءومىر سۇرەسىز، ينشاللا، قاسيەتتى ءماۋليتتىڭ قۇرمەتى ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى شۇيىنشىلەرگە جەتكىزگەي، ينشاللا.

ادام بالاسى ءۇشىن يسلامدا بولۋ، مۇسىلمان بولۋ وتە جاقسى، اسا بەرەكەلى ءىس، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام مۇميندەرمەن مۇسىلماندار ءۇشىن ءشۇيىنشىلى حابارلار بەرۋدە، اسىرەسە ءبىز باعانا وقىپ وتكەن تىركەستەردە سولاي دەلىنگەن، «ءشۇيىنشى بولسىن، سوعان قۋان» دەيدى، نەمەن قۋان؟ جانناتپەن قۋان، قايسى ءجاننات؟ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە ۋادە ەتكەن جانناتپەن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ءجانناتتا بولاتىنىمىزدى ۋادە قىلدى، ال ءبىز بۇعان قۇلاق اسپادىق، دەمەك كوپتەگەن ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ايتقان ىستەردى ىستەمەي جاتىر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ... ال كەيبىر ادامدار ۇمىتسىزدىك ىشىندە ءجۇر، ءبىز كەيدە كورىپ قالامىز، ولار «و، مەن جاقسى ىستەي المادىم، مەن ءجانناتتا بولامىن با؟» دەپ جىلاپ جاتادى، ءيا، ءسىز ءجانناتتا بولاسىز، ونى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە ۋادە ەتكەن، ءسىز ونىڭ جولىندا بولساڭىز بولعانى، ءجانناتقا كىرەسىز، الاڭ بولماڭىز، ەش قورىقپاڭىز، شايتانعا ءسىزدى بۇعان سەندىرۋدەن توساتىن وراي بەرمەڭىز، ول سولاي بولادى، سولاي بولۋى كەرەك ... ءسىز وسىعان دا سەنىپ، يمان كەلتىرۋىڭىز كەرەك، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ايتقان ءاربىر ىسكە ءبىز سەنۋىمىز كەرەك، جوق، سىزدە «جوق، مۇمكىن» نەمەسە «جوق» دەپ ايتۋعا وراي جوق، ولاي ەمەس، ءسىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ دەگەنىنە سەنۋىڭىز كەرەك، ول بىزگە «قۋان، سەندەر ءجانناتتا بولاسىڭدار» دەيدى ءارى بىزگە ونى ۋادە ەتكەن.

سول ءۇشىن دە، ءبىز باعى زور تالەيلى ادامدارعا جاتامىز، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتىنە ايتقان ءاربىر نارسەسىنە سەنەمىز، ول ءبىر حاديستە «ادام (اتا) جانە ونىڭ استىنداعىلار مەنىڭ تۋىمنىڭ استىندا» دەيدى، سوندىقتان ءبىز قۋانامىز، ءبىز وسىمەن تالەيلىمىز، دەمەك ونىڭ ۇمبەتى بولۋ ءبىز ءۇشىن زور باق-ءدۇر، سەبەبى كوپتەگەن پايعامبارلار ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان بەرەكە جانە مەدەت سۇراعان. ءالحامدۋليللا، ءبىز ونىڭ تۋىلعان كۇنى بولعان بەرەكەتتى كۇنگە دە جەتتىك، ءبىز ونى تويلاپ، قۇتتىقتايتىن بولامىز، كوپتەرىڭىز وسى ورايدا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا سالەم ايتقالى كەلدىڭىزدەر، ارينە ول بۇعان ريزا بولماق، ول سىزدەرگە ساۋاپتارىڭىزدى بەرەدى ءارى سىزدەر ايتىلعان ءوسىبىر شۇيىنشىلەرىڭىزدى الاتىن بولاسىزدار، دەمەك مۇميندەرمەن ءجانناتتا بولاسىز، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن دە بىرگە بولاسىز، جاقسى ءشۇيىنشىلى حابار دەگەنىمىز مىنە وسى.

اۋليەلەر پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتى بولعانىنا قاتتى قۋانۋلى، ال ونى ەرەكشەلەپ، يمام بۋسيري قاسيدا بۇردادا جازىپ كەتتى، ونىڭ ءبىر ولەڭ جولدارىندا «بۋشرا ءلانا ءماعشارال يسلام ءيننا ءلانا ءمينال ءيناياتي رۋكنان عاۋرا مۇنحاديمي» دەيدى، بۇل ولەڭدى سوناۋ بالا كەزىمىزدەن ەستيتىن ەدىك، ءار كۇنى ەستىدىك دەسە دە بولادى، ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەت ونى كوپ ايتاتىن، كەيدە مەشىتكە بارعاندا، ونىڭ تەرەزەسىنەن ەستىپ قالاتىنبىز، ول جوعارىدا ەدى، ول ۇنەمى وسىنى ۇنەمى ايتىپ وتىراتىن ءارى وسى ولەڭ شۇماقتارىنا قاتتى ريزا بولاتۇعىن، ونىڭ ماعىناسى نە؟ وندا مۇسىلماندارعا ءشۇيىنشى حابار ايتىلىپ، ولاردىڭ ۇستاپ تۇراتىن اسا بەرىك تىرەگى بارلىعى جەتكىزىلگەن ءارى بۇل بەرىك نارسە ەشقاشان سىنباق ەمەس، ول سىنبايدى دا ۇزىلمەيدى، مىنە بۇل مۇسىلماندار ءۇشىن، ءسىزدىڭ بەرىك نارسەڭىزدى ەشتەڭە بۇزا المايدى، بۇل بۇكىل مۇسىلماندار ءۇشىن، ءسىز وسال نارسەنى ەمەس، بەرىك ءبىر نارسەنى ۇستاۋىڭىز كەرەك، ايتپەسە تالقان بولاسىز ءارى ونىمەن بىرگە قۇلاپ جوق بولاسىز، جوق، ءسىز قۋانىڭىز، وسى بەرىك نارسەدەن ايىرىلىپ قالماۋدى سۇراڭىز، ينشاللا.

بارلىق اۋليەلەر جاقسى ءشۇيىنشى حابارلار بەرەدى، ال «سەن ءجاھاننامعا باراسىڭ، سەن سوندا باراسىڭ ...ونى ىستەمەدىڭ، سوندا كەتەسىڭ، بۇرىس ءىس قىلدىڭ، سەن اناۋسىڭ، مۇشىرىكسىڭ، سەن ... سەن توزاقتا بولاسىڭ» دەپ بارلىعىن ويراندايتىن ادامداردىڭ سوزدەرىنە قۇلاق سالماڭىزدار، ولاردى ەستىمەڭىزدەر، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى ەستيمىز، ال ماناعى ناداندارعا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ايتقانىن تۇسىنبەيتىن ادامدارعا قۇلاق سالمايمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «مەن سەندەردى جاقسىلىقپەن شۇيىنشىلەپ، ۋادە ەتەمىن، سەندەر ءجانناتتا بولاسىڭدار» دەيدى، ءالحامدۋليللا، وسى بىزگە جەتكىلىكتى بولماق، وزگەلەرگە قۇلاق سالۋ قاجەتسىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارشامىزدى، ينشاللا، ءجانناتتىق ەتكەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7179