You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

шайтан не үшін әулие қабырына баруды жек көреді? (2023.09.28 / 1445-хижри 13-Рабиул Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7178
шайтан не үшін әулие қабырына баруды жек көреді? (2023.09.28 / 1445-хижри 13-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әулиелерді зиярат ету адамдарға игілік алып келеді, себебі ондағы әулиелердің берекесі оларды зиярат етушілерге тиеді, әуелі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мақамын зиярат ету ең абзал іс-дүр, әрине, ең ұлық игілік сонда жатыр, алайда ол жатқан жерге барып, оны зиярат ету барлық адамға бірдей оңай бола бермес, бұнан басқа сахаба, машайық және әулиелерді де қайда болса да зиярат ету адамдарға игілік, сый және үлкен сауап алып келеді, олардың қақпасы - Алла Жәллә Жәләлухудың қақпасы, кімде-кім оған Алла Жәллә Жәләлухудың ризалығы үшін барса, Алла Әззә уә-Жәллә ол кісі не қаласа соны берер, демек кім осы қақпадан кірсе, оларға тиеселі үлестер берілмек, олар Алла Жәллә Жәләлухудың ризалығы үшін келді, олар қандай ниетпен келсе, Алла Жәллә Жәләлуху олардың осы ниеттеріне қарай оларға сауап береді, бағызыдан бері осылай болған.

Кейде әулиелер адамдарға біліне бермейді, бірақ олардың мақамы мәшхұр болған, демек олар қайтыс болған соң көптеп мәшхұр бола бастаған, ал кейбір әулиелер осы дүние өмірінде әйгілі болар, әр адамға не керекті болса, Алла Әззә уә-Жәллә олардың дәрежелеріне қарай сауабын бермек. Бурса қаласында Сұмунжу Баба есімді абзал өткен еді, ол сұлтан Иілдірім Баязит хазіреттің кезінде өмір сүрді, ол нан жасап, жұртқа сатушы еді, бірақ жұрт оның әулие екендігін білген жоқ, олар оны тек бір дәруиш, берекетті кісі ретінде санайтұғын, олар ұдайы одан нан сатып алатын әрі одан береке сұрап, бата жасатушы еді, Сұлтан Баязит хазіреттің күйеу баласы Әмір Сұлтан есімді кісі болып, ол Бұхаралық әйгілі әулие Әмір Құлали хазіреттің ұлы болатұғын яғни ол Иілдірм Сұлтанның күйеу баласы еді, сол кездерде Сұлтан Бурсада ұлық мешіт салдырып, онда ең білімді адамға құтпа оқытпақшы болады, мешіт жұма күні ашылып, ең білімді кісіге құтпа айттыруға іс қылынды, Сұлтан бұл ойын күйеу баласы Сәйди Әмір Сұлтанға айтар, ол «осы істі сен істе, сен құтпа оқы» дер, бірақ Әмір хазірет «жоқ, бұнда тіпті де ұлық, тіпті де білімді шайық бар, құтпаны сол оқысын» дейді.

Сұлтан бұған қарсы болмас, әрине, әмірге құлақ асқан Сұмунжу Баба әулие сол күні құтпа сөйлеп, құтпасында фатиха сүресін жеті түрлі жолмен түсіндіреді, бірінші рет ол фатиханы ең қарапайым адамдар түсінетін жолмен баян етті, онан соң жаңадан білім үйреніп жүрген адамдардың жолымен түсіндіреді, сосын қожа-молдалардың, сосын ғұламалардың, сосын сұлтанның, сосын машайықтардың түсіне алатын дәрежесінде баяндады, ал жетінші түрлі баянын ондағы ешкім түсіне алмады, демек кім бұл қақпаға келсе, ол өз түсінік дәрежесіне қарай үлесін алар ... ешкім құр қол қайытпас, әр адам өз нығыметін алады, ол адамдардың түсінік дәрежесіне қарай берілмек, демек сіздер кезкелген әулиені зиярат еткенде, сөзсіз түрде игілікке кенелесіз әрі ол сіздің дәрежеңізге қарай беріледі, барша жұрт оған қуанар, ешкім «мен тым аз қалып қалдым» деп ренжімес, себебі ол Алла Жәллә Жәләлухудан берілген сый, мүмкін олар не алғанын танып жете алмас, бірақ адамдардың үлестері жазулы тұрады.

Сонан соң Сұмунжу Баба хазірет мешіттен шығып барлық адаммен қол алысып сәлемдеседі, ол әр адамның қолын алды, оларға бір-бірден сәлем берді, мешіттің төрт қақпасы бар еді, барлық адам осы төрт қақпадан сыртқа шықты, адамдар шығып болған соң өзара «мен онымен қол алыстым» дейді, демек онда (әулие) кереметі болып, ол төрт қақпаның барлығында жұртқа көрінді, әулиелердің кереметі хақ-дүр, осы кереметті көрсетіп, мәшхұр болған соң, бұл киелі жан Бурса қаласынан кетіп, Ақсарайға қоныс аударады, әулиелерге келген адамдар аса ірі сауға алып қайтатын болады, сондықтан осындай қасиетті адамдармен әулиелерді зиярат ету шайтан және шайтанмен бірге болғандар жағынан жек көрілген іске жатады, себебі олар көре алмастық және іштарлықпен адамдарға ешбір игілік қаламайды, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, Алла Жәллә Жәләлуху бізді бұл қақпалардан айырмағай, әулиелердің медеттерімен берекелері бізге келе бергей, иншалла.

Бұл жер әулиелер тұрған жер, ал оларға келген әрбір жан сөзсіз түрде құтайып, берекеге бөленеді әрі өзіне жақсы нәрселер алатын болады, мейлі кім бұнда немесе осы сияқты басқа қасиетті жерлерге, әулиелер қабыр-мақамына зиярат қылуды ниет етіп зиярат жасаса, бұл зияратшылар үшін зор нығымет болмақ, әрине, бұның ішінде әуелі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды яғни Мәсжид ән-Нәбәбиды зиярат ету зияраттың ең үлкені-дүр, оны, оның сахабаларын, жақындарын зиярат ету ең әдемі, ең мол сауапты зиярат болмақ, бірақ онда бару, онда тұру оңай бола бермейді, ол өте қиын, әрине, егер кімде оны зиярат ету мүмкіншілігі болса, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның берекесінен үлес алуы үшін, ол оны зияраттауы керек.

Алайда жұрт үшін басқа қасиетті жерлер де бар, әр жерде беркелі, қасиетті, киелі қабыр және мақамдар бар, әуелі әхлул-бәйіттер (пайғамбар әулеті) жатқан жерлер, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кейбір сахабалары жатқан жерлер, бұндай жерлер құрметтелінген әрі көпке мәшхұр болып келеді, әр елдегі жұртпен олардың ұрпақтары сондай киелі жерлерді аялап, сақтап келген, олар «бұл жер бәлен сахабаның жатқан жері, ол жер түгілен кісінің жатқан жері» деп жатады, ал оларды да зияраттау өте жақсы, тым абзал іс болмақ, онан соң машайықтар, тәбиғиндар, әулиелер жатқан жерлер аса киелі орындарға жатады, егер сіз бұл жерлерді зиярат етсеңіз, құтайып берекеңіз кірер, себебі олар жатқан жерлер Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыздың нұрының астында болады, демек бұл мақамдарға береке жауып тұрады, ал кім оларды зиярат етсе бұл мақамдардан өз әлімен өз қажетіне қарай осы берекелерден үлестерін алып қайтпақ, себебі бұнда кейбір адамдар ештеңе білместен келеді, олар ештеңе білмес, діннен немесе онан я бұнан ештеңе ұқпас, бірақ олар да осы берекелермен берекеленеді, бізде бұндай адамдар көп, олар намаз оқымайды, ештеңе де қылмайды, бірақ олар Алла Жәллә Жәләлуху үшін киелі адамдарды, қасиетті жерлерді зияраттайды, сондықтан Алла Жәллә Жәләлуху олардың әрбіріне өз хәл және өз еңбектеріне қарай үлес береді.

Неше жүздеген жыл бұрын, одан да көп жыл бұрын болар, шамамен 600 жыл бұрын яғни Стамбул алынудан бұрын, Османлының орталығы Бурса болып, онда Сұлтан Баязит Иілдірім тұратұғын, оның күйеу баласы Әмір Сұлтан болса Сәйід Әмір Құлали хазіреттің ұлы еді, Сәйд Әмір Құлали біздің нақышбанд тәриқаты сисилиасынан, ол Бұхара қаласында тұрған, сұлтан оның ұлын өзінің күйеу баласы етті, себебі бұл сұлтан ғұламалармен әулиелердің нарқын білетін кісі еді, міне осы сұлтан Бурсада бір мешіт жасауға ниет етті, бұл мешіт әлі күнге дейін қасқайып тұр, оны «ұлық мешіт» (Ұлу Жәми) дейді, мағынасы үлкен мешітті білдіреді, керемет мешіт, ол әлі сол қалпында тұр, сұлтан бұл мешітті салдырмаққа ниет етті әрі оны салдырып болған соң күйеу баласына «мен бұл мешітте ең білімді адамға құтпа айтқызығым келеді, оның ашылу күні жұма күні болмақ, ондағы жұма құтпасы сенімен басталсын, менің білетін ең білімді кісім өзіңсің, сенің онда құтпа айтықаныңды қалаймын» дейді, ал Сәйд Әмір Сұлтан оған «жоқ, бұнда менен де білімді кісі бар, иншалла, мен сол кісіге құтпа айтқызайын» дейді.

Әрине сұлтандарда әдеп-иба болған, олар «кім? неге? бұл емес, ол не?» деп айтыспаған, ол «иә, болады» дейді, ал бұнда айтылған білімді кісі манағы нан жасап сататын кісі еді, жұрт ұдайы оған келіп, оның нанын сатып алатын, олар оның киелі адам, құтты жан екендігін білетұғын, бірақ оның ғұлама әрі әулие екендігін білмейтін еді, әйтеу олар оған қатты риза болатын, міне осылай Әмір Сұлтан оған келіп «сіз осы жұма құтпасын айтасыз» дейді, ол сол жұмада құтпа айтты.

Жұрт оны «Сұмунжу Баба» дейтін, мағынасы «Наншы Ата» деген сөз, сөз мәнісі осындай, ол құтпаны айтып, фатиха сүресін адамдардың түсінігінің ұқсамастығына қарай жеті түрлі жолмен түсіндірді, бірінші баяны балалар, жәй адамдар немесе ештеңе білмейтін адамдар үшін еді, ал олар бұны естігенде, оны түсінді әрі оған қатты риза болды, демек олар естігендерін түсінді әрі түсіндіре алды, фатиханың екінші баянын аз ғана білімі бар, аздап құран оқи білетін, бірақ ғұлама емес кісілерге арнады, ал үшінші баянын имамдарға яғни тым білімді емес адамдарға арнады, онан соң ғұламаларға арнады, міне осылай ... бірақ осы кезде басқа адамдар бұл баяндарды түсіне алмады, тек осы биік білім дәрежесіндегілер ғана оны түсінді, онан соң машайық дәрежесіндегілерге баян етті, сосын сұлтандар түсіне алатындай етіп фатиханы баян етті, ал ең соңғы баянын ондағы ешкім түсіне алмады, міне осылай ол ұқсамаған жеті түрлі жолмен фатиха сүресін баяндады, ел-жұрт аң-таң болды, олар «бұл кісі біздің дәруіш баба, біз одан нан сатып алушы едік, ол нан жасайтын, бұл қалай болып кетті?» дейді, осылайша олар оның ірі әулие екенін білді.

Бұндағы ғибырат сол, адамдар кейбір жерлерге келгенде, ол арадан береке алып, құтайып қайтады, Алла Жәллә Жәләлуху олардың дәрежесіне қарай құт бермек әрі олар соған риза болмақ, сондықтан әулиелерге зиярат етіп, мақам аралау мүминдер үшін әмір етілген әрі бұл оларға қайырлы болмақ, шайтанға және оның ерушілеріне сенбеңіз, себебі олар адамдардың қиналмастан-ақ берекеге жетуіне қатты көре алмастық етеді, жұрт зияратты «жақсы іс емес» деп ойлайтын болып қалған, егер сіз оларға ерсеңіз, олар істі қиындастыратын болады, осылай болары сөзсіз, бірақ жағдай олар айтқандай емес, сіз жақсы ниетпен зияратқа келіп, ол арадан береке алып қайтуыңызға болады, Алла Жәллә Жәләлухудың осындай сауға берер, сіз ондағы қабырға я әулиелерге құлшылық еткелі келген жоқсыз, жоқ, бұл мүмкін емес, себебі сіз ол араға Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті жанын іздеп келіп отырсыз, олар Алла Жәллә Жәләлухудың сүйіктілері болғандықтан Алла Жәллә Жәләлуху үшін келіп отырмыз әрі бұл үшін Алла Жәллә Жәләлуху сіздің ниетіңізге қарай сауап беретін болады, барлық адамдар үшін осылай болмақ, мейлі олар ештеңе істемесе де, намаз оқымаса да, құлшылық етпесе де, олар иман келтірушілер, олардың жүрегінде бір нәрсе бар, ал бұл нәрсе олардың осындай киелі жерлерге келуімен арта бермек.

Осы құтпадан соң, ол мешітте тұрар, мешіт өте үлкен болып, үлкен төрт қақпасы бар еді, жұрттың барлығы осы төрт қақпадан төрт жаққа ағылып шығып жатты, олар Баба әулиенің қолын сүйгісі келді, ал ол қақпаның алдында жұртты тосты, жұрт қақпадан шыққан кезде оған бір-бірден келіп, барлығы оның қолын сүйе алды, сәлем бере алды, олардың әрбірі «біз манағы шайыққа сәлем беріп, оның қолын сүйдік» десті, олар төрт қақпадан шықты әрі бір уақытта осы әулиеге сәлем беріп, оның қолын сүйе алды, осындай кезде бұл әулие ел-жұртқа керемет көрсетті (ол мешіттің төрт қақпасында бір уақытта пайда болып, жұртқа көрінді), ал ел-жұрт бұған қатты қуанулы еді, олар оның әулие екенін білді, бірақ соңында не болды? ол Бурса қаласын тастап, қазіргі Түркияның басқа бір қаласына кетті, себебі ол әйгілі болғысы келмейтін, әулиелер жасырын қалғанды ұнатады.

Әлхамдулилла, міне әулиелер осылай болған, біз ... олар Алла Жәллә Жәләлухудың сүйіктілері, біз оларды сүйеміз, олар сіздерге сіздердің сүйгендеріңізге қарай үлес береді және сіздерді сүйеді, сіздерге берекеттерінен беріп, сый ұсынады, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху әрдайым бізді олармен бірге еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



شايتان نە ءۇشىن اۋليە قابىرىنا بارۋدى جەك كورەدى؟ (2023.09.28 / 1445-حيجري 13-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اۋليەلەردى زيارات ەتۋ ادامدارعا يگىلىك الىپ كەلەدى، سەبەبى ونداعى اۋليەلەردىڭ بەرەكەسى ولاردى زيارات ەتۋشىلەرگە تيەدى، اۋەلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماقامىن زيارات ەتۋ ەڭ ابزال ءىس-ءدۇر، ارينە، ەڭ ۇلىق يگىلىك سوندا جاتىر، الايدا ول جاتقان جەرگە بارىپ، ونى زيارات ەتۋ بارلىق ادامعا بىردەي وڭاي بولا بەرمەس، بۇنان باسقا ساحابا، ماشايىق جانە اۋليەلەردى دە قايدا بولسا دا زيارات ەتۋ ادامدارعا يگىلىك، سىي جانە ۇلكەن ساۋاپ الىپ كەلەدى، ولاردىڭ قاقپاسى - اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قاقپاسى، كىمدە-كىم وعان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ريزالىعى ءۇشىن بارسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ول كىسى نە قالاسا سونى بەرەر، دەمەك كىم وسى قاقپادان كىرسە، ولارعا تيەسەلى ۇلەستەر بەرىلمەك، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ريزالىعى ءۇشىن كەلدى، ولار قانداي نيەتپەن كەلسە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ وسى نيەتتەرىنە قاراي ولارعا ساۋاپ بەرەدى، باعىزىدان بەرى وسىلاي بولعان.

كەيدە اۋليەلەر ادامدارعا بىلىنە بەرمەيدى، ءبىراق ولاردىڭ ماقامى ءماشحۇر بولعان، دەمەك ولار قايتىس بولعان سوڭ كوپتەپ ءماشحۇر بولا باستاعان، ال كەيبىر اۋليەلەر وسى دۇنيە ومىرىندە ايگىلى بولار، ءار ادامعا نە كەرەكتى بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردىڭ دارەجەلەرىنە قاراي ساۋابىن بەرمەك. بۋرسا قالاسىندا سۇمۋنجۋ بابا ەسىمدى ابزال وتكەن ەدى، ول سۇلتان ءيىلدىرىم بايازيت حازىرەتتىڭ كەزىندە ءومىر ءسۇردى، ول نان جاساپ، جۇرتقا ساتۋشى ەدى، ءبىراق جۇرت ونىڭ اۋليە ەكەندىگىن بىلگەن جوق، ولار ونى تەك ءبىر ءدارۋيش، بەرەكەتتى كىسى رەتىندە سانايتۇعىن، ولار ۇدايى ودان نان ساتىپ الاتىن ءارى ودان بەرەكە سۇراپ، باتا جاساتۋشى ەدى، سۇلتان بايازيت حازىرەتتىڭ كۇيەۋ بالاسى ءامىر سۇلتان ەسىمدى كىسى بولىپ، ول بۇحارالىق ايگىلى اۋليە ءامىر قۇلالي حازىرەتتىڭ ۇلى بولاتۇعىن ياعني ول ءيىلدىرم سۇلتاننىڭ كۇيەۋ بالاسى ەدى، سول كەزدەردە سۇلتان بۋرسادا ۇلىق مەشىت سالدىرىپ، وندا ەڭ ءبىلىمدى ادامعا قۇتپا وقىتپاقشى بولادى، مەشىت جۇما كۇنى اشىلىپ، ەڭ ءبىلىمدى كىسىگە قۇتپا ايتتىرۋعا ءىس قىلىندى، سۇلتان بۇل ويىن كۇيەۋ بالاسى ءسايدي ءامىر سۇلتانعا ايتار، ول «وسى ءىستى سەن ىستە، سەن قۇتپا وقى» دەر، ءبىراق ءامىر حازىرەت «جوق، بۇندا ءتىپتى دە ۇلىق، ءتىپتى دە ءبىلىمدى شايىق بار، قۇتپانى سول وقىسىن» دەيدى.

سۇلتان بۇعان قارسى بولماس، ارينە، امىرگە قۇلاق اسقان سۇمۋنجۋ بابا اۋليە سول كۇنى قۇتپا سويلەپ، قۇتپاسىندا فاتيحا سۇرەسىن جەتى ءتۇرلى جولمەن تۇسىندىرەدى، ءبىرىنشى رەت ول فاتيحانى ەڭ قاراپايىم ادامدار تۇسىنەتىن جولمەن بايان ەتتى، ونان سوڭ جاڭادان ءبىلىم ۇيرەنىپ جۇرگەن ادامداردىڭ جولىمەن تۇسىندىرەدى، سوسىن قوجا-مولدالاردىڭ، سوسىن عۇلامالاردىڭ، سوسىن سۇلتاننىڭ، سوسىن ماشايىقتاردىڭ تۇسىنە الاتىن دارەجەسىندە باياندادى، ال جەتىنشى ءتۇرلى بايانىن ونداعى ەشكىم تۇسىنە المادى، دەمەك كىم بۇل قاقپاعا كەلسە، ول ءوز تۇسىنىك دارەجەسىنە قاراي ۇلەسىن الار ... ەشكىم قۇر قول قايىتپاس، ءار ادام ءوز نىعىمەتىن الادى، ول ادامداردىڭ تۇسىنىك دارەجەسىنە قاراي بەرىلمەك، دەمەك سىزدەر كەزكەلگەن اۋليەنى زيارات ەتكەندە، ءسوزسىز تۇردە يگىلىككە كەنەلەسىز ءارى ول ءسىزدىڭ دارەجەڭىزگە قاراي بەرىلەدى، بارشا جۇرت وعان قۋانار، ەشكىم «مەن تىم از قالىپ قالدىم» دەپ رەنجىمەس، سەبەبى ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان بەرىلگەن سىي، مۇمكىن ولار نە العانىن تانىپ جەتە الماس، ءبىراق ادامداردىڭ ۇلەستەرى جازۋلى تۇرادى.

سونان سوڭ سۇمۋنجۋ بابا حازىرەت مەشىتتەن شىعىپ بارلىق اداممەن قول الىسىپ سالەمدەسەدى، ول ءار ادامنىڭ قولىن الدى، ولارعا ءبىر-بىردەن سالەم بەردى، مەشىتتىڭ ءتورت قاقپاسى بار ەدى، بارلىق ادام وسى ءتورت قاقپادان سىرتقا شىقتى، ادامدار شىعىپ بولعان سوڭ ءوزارا «مەن ونىمەن قول الىستىم» دەيدى، دەمەك وندا (اۋليە) كەرەمەتى بولىپ، ول ءتورت قاقپانىڭ بارلىعىندا جۇرتقا كورىندى، اۋليەلەردىڭ كەرەمەتى حاق-ءدۇر، وسى كەرەمەتتى كورسەتىپ، ءماشحۇر بولعان سوڭ، بۇل كيەلى جان بۋرسا قالاسىنان كەتىپ، اقسارايعا قونىس اۋدارادى، اۋليەلەرگە كەلگەن ادامدار اسا ءىرى ساۋعا الىپ قايتاتىن بولادى، سوندىقتان وسىنداي قاسيەتتى ادامدارمەن اۋليەلەردى زيارات ەتۋ شايتان جانە شايتانمەن بىرگە بولعاندار جاعىنان جەك كورىلگەن ىسكە جاتادى، سەبەبى ولار كورە الماستىق جانە ىشتارلىقپەن ادامدارعا ەشبىر يگىلىك قالامايدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى بۇل قاقپالاردان ايىرماعاي، اۋليەلەردىڭ مەدەتتەرىمەن بەرەكەلەرى بىزگە كەلە بەرگەي، ينشاللا.

بۇل جەر اۋليەلەر تۇرعان جەر، ال ولارعا كەلگەن ءاربىر جان ءسوزسىز تۇردە قۇتايىپ، بەرەكەگە بولەنەدى ءارى وزىنە جاقسى نارسەلەر الاتىن بولادى، مەيلى كىم بۇندا نەمەسە وسى سياقتى باسقا قاسيەتتى جەرلەرگە، اۋليەلەر قابىر-ماقامىنا زيارات قىلۋدى نيەت ەتىپ زيارات جاساسا، بۇل زياراتشىلار ءۇشىن زور نىعىمەت بولماق، ارينە، بۇنىڭ ىشىندە اۋەلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى ياعني ءماسجيد ءان-ءنابابيدى زيارات ەتۋ زياراتتىڭ ەڭ ۇلكەنى-ءدۇر، ونى، ونىڭ ساحابالارىن، جاقىندارىن زيارات ەتۋ ەڭ ادەمى، ەڭ مول ساۋاپتى زيارات بولماق، ءبىراق وندا بارۋ، وندا تۇرۋ وڭاي بولا بەرمەيدى، ول وتە قيىن، ارينە، ەگەر كىمدە ونى زيارات ەتۋ مۇمكىنشىلىگى بولسا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ بەرەكەسىنەن ۇلەس الۋى ءۇشىن، ول ونى زياراتتاۋى كەرەك.

الايدا جۇرت ءۇشىن باسقا قاسيەتتى جەرلەر دە بار، ءار جەردە بەركەلى، قاسيەتتى، كيەلى قابىر جانە ماقامدار بار، اۋەلى ءاحلۋل-بايىتتەر (پايعامبار اۋلەتى) جاتقان جەرلەر، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەيبىر ساحابالارى جاتقان جەرلەر، بۇنداي جەرلەر قۇرمەتتەلىنگەن ءارى كوپكە ءماشحۇر بولىپ كەلەدى، ءار ەلدەگى جۇرتپەن ولاردىڭ ۇرپاقتارى سونداي كيەلى جەرلەردى ايالاپ، ساقتاپ كەلگەن، ولار «بۇل جەر بالەن ساحابانىڭ جاتقان جەرى، ول جەر تۇگىلەن كىسىنىڭ جاتقان جەرى» دەپ جاتادى، ال ولاردى دا زياراتتاۋ وتە جاقسى، تىم ابزال ءىس بولماق، ونان سوڭ ماشايىقتار، ءتابيعيندار، اۋليەلەر جاتقان جەرلەر اسا كيەلى ورىندارعا جاتادى، ەگەر ءسىز بۇل جەرلەردى زيارات ەتسەڭىز، قۇتايىپ بەرەكەڭىز كىرەر، سەبەبى ولار جاتقان جەرلەر اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنىڭ استىندا بولادى، دەمەك بۇل ماقامدارعا بەرەكە جاۋىپ تۇرادى، ال كىم ولاردى زيارات ەتسە بۇل ماقامداردان ءوز الىمەن ءوز قاجەتىنە قاراي وسى بەرەكەلەردەن ۇلەستەرىن الىپ قايتپاق، سەبەبى بۇندا كەيبىر ادامدار ەشتەڭە بىلمەستەن كەلەدى، ولار ەشتەڭە بىلمەس، دىننەن نەمەسە ونان يا بۇنان ەشتەڭە ۇقپاس، ءبىراق ولار دا وسى بەرەكەلەرمەن بەرەكەلەنەدى، بىزدە بۇنداي ادامدار كوپ، ولار ناماز وقىمايدى، ەشتەڭە دە قىلمايدى، ءبىراق ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن كيەلى ادامداردى، قاسيەتتى جەرلەردى زياراتتايدى، سوندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ اربىرىنە ءوز ءحال جانە ءوز ەڭبەكتەرىنە قاراي ۇلەس بەرەدى.

نەشە جۇزدەگەن جىل بۇرىن، ودان دا كوپ جىل بۇرىن بولار، شامامەن 600 جىل بۇرىن ياعني ستامبۋل الىنۋدان بۇرىن، وسمانلىنىڭ ورتالىعى بۋرسا بولىپ، وندا سۇلتان بايازيت ءيىلدىرىم تۇراتۇعىن، ونىڭ كۇيەۋ بالاسى ءامىر سۇلتان بولسا ءسايىد ءامىر قۇلالي حازىرەتتىڭ ۇلى ەدى، ءسايد ءامىر قۇلالي ءبىزدىڭ ناقىشباند ءتاريقاتى سيسيلياسىنان، ول بۇحارا قالاسىندا تۇرعان، سۇلتان ونىڭ ۇلىن ءوزىنىڭ كۇيەۋ بالاسى ەتتى، سەبەبى بۇل سۇلتان عۇلامالارمەن اۋليەلەردىڭ نارقىن بىلەتىن كىسى ەدى، مىنە وسى سۇلتان بۋرسادا ءبىر مەشىت جاساۋعا نيەت ەتتى، بۇل مەشىت ءالى كۇنگە دەيىن قاسقايىپ تۇر، ونى «ۇلىق مەشىت» (ۇلۋ ءجامي) دەيدى، ماعىناسى ۇلكەن مەشىتتى بىلدىرەدى، كەرەمەت مەشىت، ول ءالى سول قالپىندا تۇر، سۇلتان بۇل مەشىتتى سالدىرماققا نيەت ەتتى ءارى ونى سالدىرىپ بولعان سوڭ كۇيەۋ بالاسىنا «مەن بۇل مەشىتتە ەڭ ءبىلىمدى ادامعا قۇتپا ايتقىزىعىم كەلەدى، ونىڭ اشىلۋ كۇنى جۇما كۇنى بولماق، ونداعى جۇما قۇتپاسى سەنىمەن باستالسىن، مەنىڭ بىلەتىن ەڭ ءبىلىمدى كىسىم ءوزىڭسىڭ، سەنىڭ وندا قۇتپا ايتىقانىڭدى قالايمىن» دەيدى، ال ءسايد ءامىر سۇلتان وعان «جوق، بۇندا مەنەن دە ءبىلىمدى كىسى بار، ينشاللا، مەن سول كىسىگە قۇتپا ايتقىزايىن» دەيدى.

ارينە سۇلتانداردا ادەپ-يبا بولعان، ولار «كىم؟ نەگە؟ بۇل ەمەس، ول نە؟» دەپ ايتىسپاعان، ول «ءيا، بولادى» دەيدى، ال بۇندا ايتىلعان ءبىلىمدى كىسى ماناعى نان جاساپ ساتاتىن كىسى ەدى، جۇرت ۇدايى وعان كەلىپ، ونىڭ نانىن ساتىپ الاتىن، ولار ونىڭ كيەلى ادام، قۇتتى جان ەكەندىگىن بىلەتۇعىن، ءبىراق ونىڭ عۇلاما ءارى اۋليە ەكەندىگىن بىلمەيتىن ەدى، ايتەۋ ولار وعان قاتتى ريزا بولاتىن، مىنە وسىلاي ءامىر سۇلتان وعان كەلىپ «ءسىز وسى جۇما قۇتپاسىن ايتاسىز» دەيدى، ول سول جۇمادا قۇتپا ايتتى.

جۇرت ونى «سۇمۋنجۋ بابا» دەيتىن، ماعىناسى «نانشى اتا» دەگەن ءسوز، ءسوز ءمانىسى وسىنداي، ول قۇتپانى ايتىپ، فاتيحا سۇرەسىن ادامداردىڭ تۇسىنىگىنىڭ ۇقساماستىعىنا قاراي جەتى ءتۇرلى جولمەن ءتۇسىندىردى، ءبىرىنشى بايانى بالالار، ءجاي ادامدار نەمەسە ەشتەڭە بىلمەيتىن ادامدار ءۇشىن ەدى، ال ولار بۇنى ەستىگەندە، ونى ءتۇسىندى ءارى وعان قاتتى ريزا بولدى، دەمەك ولار ەستىگەندەرىن ءتۇسىندى ءارى تۇسىندىرە الدى، فاتيحانىڭ ەكىنشى بايانىن از عانا ءبىلىمى بار، ازداپ قۇران وقي بىلەتىن، ءبىراق عۇلاما ەمەس كىسىلەرگە ارنادى، ال ءۇشىنشى بايانىن يمامدارعا ياعني تىم ءبىلىمدى ەمەس ادامدارعا ارنادى، ونان سوڭ عۇلامالارعا ارنادى، مىنە وسىلاي ... ءبىراق وسى كەزدە باسقا ادامدار بۇل بايانداردى تۇسىنە المادى، تەك وسى بيىك ءبىلىم دارەجەسىندەگىلەر عانا ونى ءتۇسىندى، ونان سوڭ ماشايىق دارەجەسىندەگىلەرگە بايان ەتتى، سوسىن سۇلتاندار تۇسىنە الاتىنداي ەتىپ فاتيحانى بايان ەتتى، ال ەڭ سوڭعى بايانىن ونداعى ەشكىم تۇسىنە المادى، مىنە وسىلاي ول ۇقساماعان جەتى ءتۇرلى جولمەن فاتيحا سۇرەسىن باياندادى، ەل-جۇرت اڭ-تاڭ بولدى، ولار «بۇل كىسى ءبىزدىڭ ءدارۋىش بابا، ءبىز ودان نان ساتىپ الۋشى ەدىك، ول نان جاسايتىن، بۇل قالاي بولىپ كەتتى؟» دەيدى، وسىلايشا ولار ونىڭ ءىرى اۋليە ەكەنىن ءبىلدى.

بۇنداعى عيبىرات سول، ادامدار كەيبىر جەرلەرگە كەلگەندە، ول ارادان بەرەكە الىپ، قۇتايىپ قايتادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ دارەجەسىنە قاراي قۇت بەرمەك ءارى ولار سوعان ريزا بولماق، سوندىقتان اۋليەلەرگە زيارات ەتىپ، ماقام ارالاۋ مۇميندەر ءۇشىن ءامىر ەتىلگەن ءارى بۇل ولارعا قايىرلى بولماق، شايتانعا جانە ونىڭ ەرۋشىلەرىنە سەنبەڭىز، سەبەبى ولار ادامداردىڭ قينالماستان-اق بەرەكەگە جەتۋىنە قاتتى كورە الماستىق ەتەدى، جۇرت زياراتتى «جاقسى ءىس ەمەس» دەپ ويلايتىن بولىپ قالعان، ەگەر ءسىز ولارعا ەرسەڭىز، ولار ءىستى قيىنداستىراتىن بولادى، وسىلاي بولارى ءسوزسىز، ءبىراق جاعداي ولار ايتقانداي ەمەس، ءسىز جاقسى نيەتپەن زياراتقا كەلىپ، ول ارادان بەرەكە الىپ قايتۋىڭىزعا بولادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ وسىنداي ساۋعا بەرەر، ءسىز ونداعى قابىرعا يا اۋليەلەرگە قۇلشىلىق ەتكەلى كەلگەن جوقسىز، جوق، بۇل مۇمكىن ەمەس، سەبەبى ءسىز ول اراعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى جانىن ىزدەپ كەلىپ وتىرسىز، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتىلەرى بولعاندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن كەلىپ وتىرمىز ءارى بۇل ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدىڭ نيەتىڭىزگە قاراي ساۋاپ بەرەتىن بولادى، بارلىق ادامدار ءۇشىن وسىلاي بولماق، مەيلى ولار ەشتەڭە ىستەمەسە دە، ناماز وقىماسا دا، قۇلشىلىق ەتپەسە دە، ولار يمان كەلتىرۋشىلەر، ولاردىڭ جۇرەگىندە ءبىر نارسە بار، ال بۇل نارسە ولاردىڭ وسىنداي كيەلى جەرلەرگە كەلۋىمەن ارتا بەرمەك.

وسى قۇتپادان سوڭ، ول مەشىتتە تۇرار، مەشىت وتە ۇلكەن بولىپ، ۇلكەن ءتورت قاقپاسى بار ەدى، جۇرتتىڭ بارلىعى وسى ءتورت قاقپادان ءتورت جاققا اعىلىپ شىعىپ جاتتى، ولار بابا اۋليەنىڭ قولىن سۇيگىسى كەلدى، ال ول قاقپانىڭ الدىندا جۇرتتى توستى، جۇرت قاقپادان شىققان كەزدە وعان ءبىر-بىردەن كەلىپ، بارلىعى ونىڭ قولىن سۇيە الدى، سالەم بەرە الدى، ولاردىڭ ءاربىرى «ءبىز ماناعى شايىققا سالەم بەرىپ، ونىڭ قولىن سۇيدىك» دەستى، ولار ءتورت قاقپادان شىقتى ءارى ءبىر ۋاقىتتا وسى اۋليەگە سالەم بەرىپ، ونىڭ قولىن سۇيە الدى، وسىنداي كەزدە بۇل اۋليە ەل-جۇرتقا كەرەمەت كورسەتتى (ول مەشىتتىڭ ءتورت قاقپاسىندا ءبىر ۋاقىتتا پايدا بولىپ، جۇرتقا كورىندى)، ال ەل-جۇرت بۇعان قاتتى قۋانۋلى ەدى، ولار ونىڭ اۋليە ەكەنىن ءبىلدى، ءبىراق سوڭىندا نە بولدى؟ ول بۋرسا قالاسىن تاستاپ، قازىرگى تۇركيانىڭ باسقا ءبىر قالاسىنا كەتتى، سەبەبى ول ايگىلى بولعىسى كەلمەيتىن، اۋليەلەر جاسىرىن قالعاندى ۇناتادى.

ءالحامدۋليللا، مىنە اۋليەلەر وسىلاي بولعان، ءبىز ... ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتىلەرى، ءبىز ولاردى سۇيەمىز، ولار سىزدەرگە سىزدەردىڭ سۇيگەندەرىڭىزگە قاراي ۇلەس بەرەدى جانە سىزدەردى سۇيەدى، سىزدەرگە بەرەكەتتەرىنەن بەرىپ، سىي ۇسىنادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءاردايىم ءبىزدى ولارمەن بىرگە ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7178