You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ҒАФИЛЕТТЕ ҚАЛМА: БҰЛ ДҮНИЕГЕ НЕ ҮШІН КЕЛДІК?



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7133
ҒАФИЛЕТТЕ ҚАЛМА: БҰЛ ДҮНИЕГЕ НЕ ҮШІН КЕЛДІК?

Адамның ғафилетте (немқұрайлылықта) қалмағандығының бір белгісі, оның өзінен "мен бұл дүниеге не үшін келдім? бұнда не істеп жүрмін?" деп сұрай білуі болмақ, бұны сұрай білмеген адам тас қараңғылықта қалған надан болар, олар "мына дүниеде ішіп-жеп, ойнап-күл, тән құмарыңды әбден қандыр, қолыңнан келсе, бәрін қарма" деп қана ойлар, басқа ой жоқ, олар өлген соң өздерін не күтіп тұрғанымен ісі болмас, өлгенге дейін "өлем-ау" демес, Алла әмірлеріне еш құлақ салмас, білсе де, елемес, олар бүкіл дүниені уысында ұстап, дүниедегі ең бай, ең әйгілі, ең құрметті адамдар болып өтсе де, өмірлері босқа кетер, олар өлерінде жанын алғалы келген аса сұсты Әзірейіл періштені көргенде "мен мына дүниеге неге келіп едім?" деп ойлана бастар, сонда ғана оянады, қатты үрейленер, ал көрге кіргенде "о Алла, мені дүниеге қайтаршы, айтқаныңды істейін" деп шыңғырады, бірақ ол кезде барлығы кеш болмақ, ақиқаты сол, біз бұл дүниеге мал сияқты тек ішіп-жеп, ұйықтап, тән құмарын қандырып, қызық көріп, соңында қартайып, өліп қалу үшін ғана келген жоқпыз, ол хайуанға тән өмір, бұл дүниеге не үшін келгенімізді Алла тағала пайғамбары арқылы адамзатқа жеткізген, біз бұл дүниеге Алла тағаланың сүйікті құлы, нағыз мүмин болу үшін келдік, осылай болса ғана өмірің босқа кетпес, ал қалғаны бос өмір болып, жан шығысымен мәңгілік азаппен өкінішке қалдырар, нағыз мүмин болу үшін пайғамбарымыздың жолына ер, ал пайғамбар қасымызда болмағандықтан, оның тірі мұрагерлері әулиелерге еріп, мүминдікке жете аламыз, мүмин өлерде, Әзірейіл періштеге "Аллаға қайтар күнімді санап, сізді күтіп жүр едім" дер, оны қабырда да, ақиретте де мәңгі ұласатын тым жәйлі өмір күтіп тұрады.

عافيلەتتە قالما: بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن كەلدىك؟

ادامنىڭ عافيلەتتە (نەمقۇرايلىلىقتا) قالماعاندىعىنىڭ ءبىر بەلگىسى، ونىڭ وزىنەن "مەن بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن كەلدىم؟ بۇندا نە ىستەپ ءجۇرمىن؟" دەپ سۇراي ءبىلۋى بولماق، بۇنى سۇراي بىلمەگەن ادام تاس قاراڭعىلىقتا قالعان نادان بولار، ولار "مىنا دۇنيەدە ءىشىپ-جەپ، ويناپ-كۇل، ءتان قۇمارىڭدى ابدەن قاندىر، قولىڭنان كەلسە، ءبارىن قارما" دەپ قانا ويلار، باسقا وي جوق، ولار ولگەن سوڭ وزدەرىن نە كۇتىپ تۇرعانىمەن ءىسى بولماس، ولگەنگە دەيىن "ولەم-اۋ" دەمەس، اللا امىرلەرىنە ەش قۇلاق سالماس، بىلسە دە، ەلەمەس، ولار بۇكىل دۇنيەنى ۋىسىندا ۇستاپ، دۇنيەدەگى ەڭ باي، ەڭ ايگىلى، ەڭ قۇرمەتتى ادامدار بولىپ وتسە دە، ومىرلەرى بوسقا كەتەر، ولار ولەرىندە جانىن العالى كەلگەن اسا سۇستى ازىرەيىل پەرىشتەنى كورگەندە "مەن مىنا دۇنيەگە نەگە كەلىپ ەدىم؟" دەپ ويلانا باستار، سوندا عانا ويانادى، قاتتى ۇرەيلەنەر، ال كورگە كىرگەندە "و اللا، مەنى دۇنيەگە قايتارشى، ايتقانىڭدى ىستەيىن" دەپ شىڭعىرادى، ءبىراق ول كەزدە بارلىعى كەش بولماق، اقيقاتى سول، ءبىز بۇل دۇنيەگە مال سياقتى تەك ءىشىپ-جەپ، ۇيىقتاپ، ءتان قۇمارىن قاندىرىپ، قىزىق كورىپ، سوڭىندا قارتايىپ، ءولىپ قالۋ ءۇشىن عانا كەلگەن جوقپىز، ول حايۋانعا ءتان ءومىر، بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن كەلگەنىمىزدى اللا تاعالا پايعامبارى ارقىلى ادامزاتقا جەتكىزگەن، ءبىز بۇل دۇنيەگە اللا تاعالانىڭ سۇيىكتى قۇلى، ناعىز ءمۇمين بولۋ ءۇشىن كەلدىك، وسىلاي بولسا عانا ءومىرىڭ بوسقا كەتپەس، ال قالعانى بوس ءومىر بولىپ، جان شىعىسىمەن ماڭگىلىك ازاپپەن وكىنىشكە قالدىرار، ناعىز ءمۇمين بولۋ ءۇشىن پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ەر، ال پايعامبار قاسىمىزدا بولماعاندىقتان، ونىڭ ءتىرى مۇراگەرلەرى اۋليەلەرگە ەرىپ، مۇميندىككە جەتە الامىز، ءمۇمين ولەردە، ازىرەيىل پەرىشتەگە "اللاعا قايتار كۇنىمدى ساناپ، ءسىزدى كۇتىپ ءجۇر ەدىم" دەر، ونى قابىردا دا، اقيرەتتە دە ماڭگى ۇلاساتىن تىم ءجايلى ءومىر كۇتىپ تۇرادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #мәхди #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7133