You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: тура жол анық көрсетілген (2023.05.18, 28 Шаууал 1444)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6809
Сұхбат: тура жол анық көрсетілген (2023.05.18, 28 Шаууал 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әдетте, біз зікір (бейсенбілік зікір) ғана істейміз, бірақ біз шет мемлекетте жүргендіктен біраз сұхбат айтып, одан соң қатмул-қоуажан зікірімізді басталық, иншалла. Біздің тәриқаттың діңгегі сұхбатпен қатмул-қоуажан зікірден тұрады, бұл екеуі нақышбанды тәриқатындағы басты түйіндер.

Әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына ілесудеміз, барша машайықтардың берекесінің арқасында, олармен ұқсас болған жолды алып жүруге тырысудамыз, иншалла, ол жол - бақыттың жолы, ол жол - адам баласының өмірі үшін ең жақсы нәрселер берілген жол. Алла Жәллә Жәләлухудың жолына ілесу ең жақсы іс әрі ол оңай, бірақ ол жасырылған, көптеген адамдар оны білмейді, олар оны «қызық жерлерге бару немесе қызық адамдарға сөйлеп, жұртты өзіне тарту» деп ойлайды, демек, олар «жол - осындай» деп ойлап қалған, алайда нағыз машайық (әулие мүршит) табу қиын іс, себебі әр жерде өздерін «біз машайықпыз, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолындамыз әрі біз елді сол жолға бастаймыз» деп жәриялап жатқан, милиярт, жүзмыңдаған адамдар бар, бірақ кейде, кейде емес, көбінде, нағыз машайықты табу қиын келеді, әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында келе жатқан машайықтардың жолындамыз.

Машайықтар адамдардың сыртына қарамайды, оған еш көз салмас, біреу бай, әлде кедей, олар оған қарамас, кімнің немесе елдің өздеріне қалай келгенімен іс жоқ, бірақ олар жұртты сол қалпы қабылдап, оларды бұнда да, ақиретте де өздерімен бірге еткісі келеді, олар осыған қарар. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сахабаларын осылай ете білген, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның 124000 сахабасы онымен бірге болып, оның жолына ерді әрі оны сүйіп өтті, ал біз соларға ілесудеміз.

Алайда, сол заманнан бастап, қазірге дейін, көптеген адамдар ел-жұртты тура жолдан шығарып, қате жолдарға салды, бірақ, әлхамдулилла, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы қияметке дейін жалғаспақ, мәңгілік болмақ, иншалла, бұған дегбірсіздену қажетсіз, Алла Жәллә Жәләлуху бұл жолды сақтап келеді, бұл жолды бізбен сіз сақтай алмаймыз, бірақ оны Алла Жәллә Жәләлуху жоғалудан сақтап келеді, көптеген нәрселермен жолдар келді, сосын жоғалып кетті, тәрихтан жойылды, себебі олар қате жолдар еді, тура жол - пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы, ал басқа жолдарда шайтанның шырмауы бар, шайтан сол арқылы оларды алдап, олардың барлығын адастырып жойды, құрдымға кетірді, олар бұл жолдарын тарату үшін өздерінің барын салуда әрі олар өздерін «тура жолдамыз» деп ойлар, алайда, тура жол анық, ашық көрсетілген.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «الْحَلاَلُ بَيِّنٌ وَالْحَرَامُ بَيِّنٌ وَبَيْنَهُما أُمُورٌ مُشْتَبِهَاتٌ» (халал анық, харам да анық ал олардың арасындағы нәрселер күмәнді) дейді, бұнда халал, жақсы нәрселермен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқандары анық-ашық, онда ешбір күмән жоқ, ал харам және жақсы болмаған нәрселер де бізге пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жағынан анық көрсетілген, біз осыларға ілесуіміз керек, бірақ кейде күмән тудыратын кейбір кішкене нәрселер бар, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам болса бұндай нәрселерге назар салмауды айтады, демек, сіз бұндай қажетсіз болған нәрселерге қарап, босқа шаршамауыңыз керек. Бұндағы маңыздысы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен үмбетке керекті болған нәрселер болмақ, басқа нәрселерді айту қажетсіз, олармен өзіңізді шаршатпаңыз, сіз оған міндетті емессіз.

Қазір біз көптеген адамдар халал болған нәрсені «харам», ал харам нәрселерді «халал» деп жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз, бірақ бұл дұрыс емес, оны қабыл етуге болмайды, міне біз осындай заманда тұрмыз, бірақ пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам барлығын көрсетіп кетті. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан бастап қазірге дейін, мүмкін өткен 50-60 жылға дейін, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына ілесіп келе жатқан ахлус-сүннә уәл-жамаға бұны қабыл етуші еді, арада еш мәселе жоқ болатын, бірақ қазір олар (өзгеріп) «халалды харам, харамды халал» дейтін болды, ал бұнда осындай қателікті, дұрыс болмаған істерді істеттіріп, мұсылмандарды зияндап отырған адамдар аса зор жауапкершілік арқалайтын болады, олар осындай істерімен мұсылмандарға залал келтіруде, себебі олардың бұл ісінен соң, мұсылмандар күмәншіл болды, ал күмән бар жерде олардың иман-сенімдері барған сайын әлсірей бермек, тіпті жоғалып кетпек.

Осыған байланысты тәриқат, шәриғат және мәзхаптың маңыздылығы туындайды, бұлар өте маңызды, ал манағы аталмыш адамдар бұларды жоққа шығарады, олар «бұл бидаға, сені оны істеуіңе болмайды» дер, ал шындығында олардың өздерінің бұл айтқандары бидағамен харам еді. Құран аяттарында да Алла Жәллә Жәләлуху харамды халал, ал халалды харам дейтіндерге қарғысы түсетіндігін айтады, манағы адамдар болса дәл осыларды істеп, ел-жұрттың имандарын құртуда, біз «олар алданбады, не істегендерін біледі» деп ойлаймыз, бірақ олардың ниеті барлығын күйрету, олар (уахаби-салафилар) өздерін жақсы адамдар сияқты көрсетіп, елге жәрдем беріп жатқандай көрінеді, бірақ олар олар мұсылман дүниесінде мұсылмандарды бір-біріне жау етіп қойды, сонымен бірге олар басқаларды, басқа елдегі жұртты және өзге діндегілерді де мұсылмандармен исламға жау, өш етіп қойды, міне осыларды іске асыру олардың басты міндеті-дүр.

Алайда Алла Әззә уә-Жәллә өз дінін, бүкіл пайғамбарлардың дінін сақтап қорғайды, сонау Адам әлейхис-саламнан бастап, біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға дейін, дін біреу ғана болған, ол дін - ислам, «әслим» дегеніміз бейбітшілік, бір ғана дін бар, басқа еш дін жоқ.

Олар кейде «біз осы үш дінді біріктіріп, бір қылалық» дейді, бірақ бұл қажетсіз, себебі Алла Әззә уә-Жәллә оларды өзі әлде қашан бір етіп қойған. Адам әлейхис-саламнан бастап, біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға дейін, көктен көптеген илаһи кітаптар, илаһи сабақтар түсті, ал олар ең соңында бір болып кетті, бір болды, Алла Жәллә Жәләлуху бұндай бір етуді біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам арқылы іске асырды, біз барлық пайғамбарлармен илаһи кітаптарды қабыл етеміз, Алла Жәллә Жәләлуху олардың барлығын жинақтап осы кітапқа (құранға) сыйдырды, бұл кітаптің қандай ұлы, қандай салтанатты екендігіне ешкім шәк келтіре алмайды, себебі ол адам баласының сөзі емес, ол біздің ұлы жаратушы Алла Әззә уә-Жәлләдан келген сөздер, Алла Жәллә Жәләлуху бұл кітапқа өзінің бүкіл пайғамбарларына берген барлық білімдерді салды, ол күллі адам баласына берілген ұлы сауға, кімде-кім оны оқығанымен, бірақ оны түсінбесе де, олар берекеге бөленеді, сонымен бірге оның жәй сөздер емес екендігін сезетін болады.

Сондықтан, біз исламның осыбір қыңыр адамдардың алдап айтып жүргеніндей елді қорқытарлық нәрсе емес екендігін ашық айтамыз, ислам күллі адам баласы үшін бейбітшілік діні-дүр, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы жолда еткей, өзгелерге алданғандардан етпегей, біз қиын заманда өмір сүріп жатқандығымызды білеміз, біз тыныштық сақтап жүрміз, хақ жолға келген адамдарға ризамыз, ал келмегендерге Алла Жәллә Жәләлуху хидаят бергей, иншалла, оларды шайтанның жолында емес, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында еткей. Алла Жәллә Жәләлуху бізді Сәйдина әл-Мәхди әлейхис-саламға дейін сақтап қорғағай, оның нұр бүкіл дүниені нұрландыратын болады, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: تۋرا جول انىق كورسەتىلگەن (2023.05.18، 28 شاۋۋال 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ادەتتە، ءبىز زىكىر (بەيسەنبىلىك زىكىر) عانا ىستەيمىز، ءبىراق ءبىز شەت مەملەكەتتە جۇرگەندىكتەن ءبىراز سۇحبات ايتىپ، ودان سوڭ قاتمۋل-قوۋاجان زىكىرىمىزدى باستالىق، ينشاللا. ءبىزدىڭ ءتاريقاتتىڭ دىڭگەگى سۇحباتپەن قاتمۋل-قوۋاجان زىكىردەن تۇرادى، بۇل ەكەۋى ناقىشباندى ءتاريقاتىنداعى باستى تۇيىندەر.

ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ىلەسۋدەمىز، بارشا ماشايىقتاردىڭ بەرەكەسىنىڭ ارقاسىندا، ولارمەن ۇقساس بولعان جولدى الىپ جۇرۋگە تىرىسۋدامىز، ينشاللا، ول جول - باقىتتىڭ جولى، ول جول - ادام بالاسىنىڭ ءومىرى ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسەلەر بەرىلگەن جول. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا ىلەسۋ ەڭ جاقسى ءىس ءارى ول وڭاي، ءبىراق ول جاسىرىلعان، كوپتەگەن ادامدار ونى بىلمەيدى، ولار ونى «قىزىق جەرلەرگە بارۋ نەمەسە قىزىق ادامدارعا سويلەپ، جۇرتتى وزىنە تارتۋ» دەپ ويلايدى، دەمەك، ولار «جول - وسىنداي» دەپ ويلاپ قالعان، الايدا ناعىز ماشايىق (اۋليە ءمۇرشيت) تابۋ قيىن ءىس، سەبەبى ءار جەردە وزدەرىن «ءبىز ماشايىقپىز، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندامىز ءارى ءبىز ەلدى سول جولعا باستايمىز» دەپ ءجاريالاپ جاتقان، ميليارت، ءجۇزمىڭداعان ادامدار بار، ءبىراق كەيدە، كەيدە ەمەس، كوبىندە، ناعىز ماشايىقتى تابۋ قيىن كەلەدى، ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندا كەلە جاتقان ماشايىقتاردىڭ جولىندامىز.

ماشايىقتار ادامداردىڭ سىرتىنا قارامايدى، وعان ەش كوز سالماس، بىرەۋ باي، الدە كەدەي، ولار وعان قاراماس، كىمنىڭ نەمەسە ەلدىڭ وزدەرىنە قالاي كەلگەنىمەن ءىس جوق، ءبىراق ولار جۇرتتى سول قالپى قابىلداپ، ولاردى بۇندا دا، اقيرەتتە دە وزدەرىمەن بىرگە ەتكىسى كەلەدى، ولار وسىعان قارار. پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ساحابالارىن وسىلاي ەتە بىلگەن، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ 124000 ساحاباسى ونىمەن بىرگە بولىپ، ونىڭ جولىنا ەردى ءارى ونى ءسۇيىپ ءوتتى، ال ءبىز سولارعا ىلەسۋدەمىز.

الايدا، سول زاماننان باستاپ، قازىرگە دەيىن، كوپتەگەن ادامدار ەل-جۇرتتى تۋرا جولدان شىعارىپ، قاتە جولدارعا سالدى، ءبىراق، ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى قيامەتكە دەيىن جالعاسپاق، ماڭگىلىك بولماق، ينشاللا، بۇعان دەگبىرسىزدەنۋ قاجەتسىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇل جولدى ساقتاپ كەلەدى، بۇل جولدى بىزبەن ءسىز ساقتاي المايمىز، ءبىراق ونى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جوعالۋدان ساقتاپ كەلەدى، كوپتەگەن نارسەلەرمەن جولدار كەلدى، سوسىن جوعالىپ كەتتى، ءتاريحتان جويىلدى، سەبەبى ولار قاتە جولدار ەدى، تۋرا جول - پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى، ال باسقا جولداردا شايتاننىڭ شىرماۋى بار، شايتان سول ارقىلى ولاردى الداپ، ولاردىڭ بارلىعىن اداستىرىپ جويدى، قۇردىمعا كەتىردى، ولار بۇل جولدارىن تاراتۋ ءۇشىن وزدەرىنىڭ بارىن سالۋدا ءارى ولار وزدەرىن «تۋرا جولدامىز» دەپ ويلار، الايدا، تۋرا جول انىق، اشىق كورسەتىلگەن.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «الْحَلاَلُ بَيِّنٌ وَالْحَرَامُ بَيِّنٌ وَبَيْنَهُما أُمُورٌ مُشْتَبِهَاتٌ» (حالال انىق، حارام دا انىق ال ولاردىڭ اراسىنداعى نارسەلەر كۇماندى) دەيدى، بۇندا حالال، جاقسى نارسەلەرمەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقاندارى انىق-اشىق، وندا ەشبىر كۇمان جوق، ال حارام جانە جاقسى بولماعان نارسەلەر دە بىزگە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام جاعىنان انىق كورسەتىلگەن، ءبىز وسىلارعا ىلەسۋىمىز كەرەك، ءبىراق كەيدە كۇمان تۋدىراتىن كەيبىر كىشكەنە نارسەلەر بار، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بولسا بۇنداي نارسەلەرگە نازار سالماۋدى ايتادى، دەمەك، ءسىز بۇنداي قاجەتسىز بولعان نارسەلەرگە قاراپ، بوسقا شارشاماۋىڭىز كەرەك. بۇنداعى ماڭىزدىسى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن ۇمبەتكە كەرەكتى بولعان نارسەلەر بولماق، باسقا نارسەلەردى ايتۋ قاجەتسىز، ولارمەن ءوزىڭىزدى شارشاتپاڭىز، ءسىز وعان مىندەتتى ەمەسسىز.

ءقازىر ءبىز كوپتەگەن ادامدار حالال بولعان نارسەنى «حارام»، ال حارام نارسەلەردى «حالال» دەپ جاتقان زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءبىراق بۇل دۇرىس ەمەس، ونى قابىل ەتۋگە بولمايدى، مىنە ءبىز وسىنداي زاماندا تۇرمىز، ءبىراق پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بارلىعىن كورسەتىپ كەتتى. پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان باستاپ قازىرگە دەيىن، مۇمكىن وتكەن 50-60 جىلعا دەيىن، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ىلەسىپ كەلە جاتقان احلۋس-ءسۇننا ءۋال-جاماعا بۇنى قابىل ەتۋشى ەدى، ارادا ەش ماسەلە جوق بولاتىن، ءبىراق ءقازىر ولار (وزگەرىپ) «حالالدى حارام، حارامدى حالال» دەيتىن بولدى، ال بۇندا وسىنداي قاتەلىكتى، دۇرىس بولماعان ىستەردى ىستەتتىرىپ، مۇسىلمانداردى زيانداپ وتىرعان ادامدار اسا زور جاۋاپكەرشىلىك ارقالايتىن بولادى، ولار وسىنداي ىستەرىمەن مۇسىلماندارعا زالال كەلتىرۋدە، سەبەبى ولاردىڭ بۇل ىسىنەن سوڭ، مۇسىلماندار كۇمانشىل بولدى، ال كۇمان بار جەردە ولاردىڭ يمان-سەنىمدەرى بارعان سايىن السىرەي بەرمەك، ءتىپتى جوعالىپ كەتپەك.

وسىعان بايلانىستى ءتاريقات، ءشاريعات جانە ءمازحاپتىڭ ماڭىزدىلىعى تۋىندايدى، بۇلار وتە ماڭىزدى، ال ماناعى اتالمىش ادامدار بۇلاردى جوققا شىعارادى، ولار «بۇل بيداعا، سەنى ونى ىستەۋىڭە بولمايدى» دەر، ال شىندىعىندا ولاردىڭ وزدەرىنىڭ بۇل ايتقاندارى بيداعامەن حارام ەدى. قۇران اياتتارىندا دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ حارامدى حالال، ال حالالدى حارام دەيتىندەرگە قارعىسى تۇسەتىندىگىن ايتادى، ماناعى ادامدار بولسا ءدال وسىلاردى ىستەپ، ەل-جۇرتتىڭ يماندارىن قۇرتۋدا، ءبىز «ولار الدانبادى، نە ىستەگەندەرىن بىلەدى» دەپ ويلايمىز، ءبىراق ولاردىڭ نيەتى بارلىعىن كۇيرەتۋ، ولار (ۋاحابي-سالافيلار) وزدەرىن جاقسى ادامدار سياقتى كورسەتىپ، ەلگە جاردەم بەرىپ جاتقانداي كورىنەدى، ءبىراق ولار ولار مۇسىلمان دۇنيەسىندە مۇسىلمانداردى ءبىر-بىرىنە جاۋ ەتىپ قويدى، سونىمەن بىرگە ولار باسقالاردى، باسقا ەلدەگى جۇرتتى جانە وزگە دىندەگىلەردى دە مۇسىلماندارمەن يسلامعا جاۋ، ءوش ەتىپ قويدى، مىنە وسىلاردى ىسكە اسىرۋ ولاردىڭ باستى مىندەتى-ءدۇر.

الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوز ءدىنىن، بۇكىل پايعامبارلاردىڭ ءدىنىن ساقتاپ قورعايدى، سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا دەيىن، ءدىن بىرەۋ عانا بولعان، ول ءدىن - يسلام، «ءاسليم» دەگەنىمىز بەيبىتشىلىك، ءبىر عانا ءدىن بار، باسقا ەش ءدىن جوق.

ولار كەيدە «ءبىز وسى ءۇش ءدىندى بىرىكتىرىپ، ءبىر قىلالىق» دەيدى، ءبىراق بۇل قاجەتسىز، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى ءوزى الدە قاشان ءبىر ەتىپ قويعان. ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا دەيىن، كوكتەن كوپتەگەن يلاھي كىتاپتار، يلاھي ساباقتار ءتۇستى، ال ولار ەڭ سوڭىندا ءبىر بولىپ كەتتى، ءبىر بولدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇنداي ءبىر ەتۋدى ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ارقىلى ىسكە اسىردى، ءبىز بارلىق پايعامبارلارمەن يلاھي كىتاپتاردى قابىل ەتەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ بارلىعىن جيناقتاپ وسى كىتاپقا (قۇرانعا) سىيدىردى، بۇل كىتاپتىڭ قانداي ۇلى، قانداي سالتاناتتى ەكەندىگىنە ەشكىم شاك كەلتىرە المايدى، سەبەبى ول ادام بالاسىنىڭ ءسوزى ەمەس، ول ءبىزدىڭ ۇلى جاراتۋشى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن سوزدەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇل كىتاپقا ءوزىنىڭ بۇكىل پايعامبارلارىنا بەرگەن بارلىق بىلىمدەردى سالدى، ول كۇللى ادام بالاسىنا بەرىلگەن ۇلى ساۋعا، كىمدە-كىم ونى وقىعانىمەن، ءبىراق ونى تۇسىنبەسە دە، ولار بەرەكەگە بولەنەدى، سونىمەن بىرگە ونىڭ ءجاي سوزدەر ەمەس ەكەندىگىن سەزەتىن بولادى.

سوندىقتان، ءبىز يسلامنىڭ ءوسىبىر قىڭىر ادامداردىڭ الداپ ايتىپ جۇرگەنىندەي ەلدى قورقىتارلىق نارسە ەمەس ەكەندىگىن اشىق ايتامىز، يسلام كۇللى ادام بالاسى ءۇشىن بەيبىتشىلىك ءدىنى-ءدۇر، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى جولدا ەتكەي، وزگەلەرگە الدانعانداردان ەتپەگەي، ءبىز قيىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىعىمىزدى بىلەمىز، ءبىز تىنىشتىق ساقتاپ ءجۇرمىز، حاق جولعا كەلگەن ادامدارعا ريزامىز، ال كەلمەگەندەرگە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ حيدايات بەرگەي، ينشاللا، ولاردى شايتاننىڭ جولىندا ەمەس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا ەتكەي. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامعا دەيىن ساقتاپ قورعاعاي، ونىڭ نۇر بۇكىل دۇنيەنى نۇرلاندىراتىن بولادى، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6809