You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

РИЗДЫҚ ТА ӨЗ ИЕСІН ІЗДЕЙДІ, ҚУЫП КЕЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6808
РИЗДЫҚ ТА ӨЗ ИЕСІН ІЗДЕЙДІ, ҚУЫП КЕЛЕДІ

Мәлім бір ғұлама Алланың "риздығың сені іздеп келеді" деген сөзін сынамақ болып, қаладан кетіп, айдаладағы тауға келеді әрі ондағы бір үңгірге жасырынып, "қанеки, риздықтың мені іздеп келгенін бір көрейін" деп жатып қалады, барғаннан кейін онда үздіксіз тоқтамай көп жауын жауады әрі сол кезде ол арадан бір керуен өткен еді, бұл керуеншілер де жауыннан тасаланып, ғұлама жатқан үңгірге кіреді, олар онда шалқасынан жатқан ғұламаны көріп, "оны аштан өлген адам шығар" деп ойлайды да, оның аузын ашып, су тамызып, тамақ тыға бастайды, ал бұның бәрін біліп жатқан ғұлама басын шайқап, сықылықтап күледі, керуеншілер "мынау жынды кісі көрінеді, неге күліп жатыр?" дер, сонда ғұлама орнынан тұрып, "Алланың риздық жәйлі сөзін сынап жүрген кісі едім, Алланың уәдесі хақ екен, Алла өз құлына риздықты әрқандай жолмен жеткізе береді екен" дейді.

ريزدىق تا ءوز يەسىن ىزدەيدى، قۋىپ كەلەدى

ءمالىم ءبىر عۇلاما اللانىڭ "ريزدىعىڭ سەنى ىزدەپ كەلەدى" دەگەن ءسوزىن سىناماق بولىپ، قالادان كەتىپ، ايدالاداعى تاۋعا كەلەدى ءارى ونداعى ءبىر ۇڭگىرگە جاسىرىنىپ، "قانەكي، ريزدىقتىڭ مەنى ىزدەپ كەلگەنىن ءبىر كورەيىن" دەپ جاتىپ قالادى، بارعاننان كەيىن وندا ۇزدىكسىز توقتاماي كوپ جاۋىن جاۋادى ءارى سول كەزدە ول ارادان ءبىر كەرۋەن وتكەن ەدى، بۇل كەرۋەنشىلەر دە جاۋىننان تاسالانىپ، عۇلاما جاتقان ۇڭگىرگە كىرەدى، ولار وندا شالقاسىنان جاتقان عۇلامانى كورىپ، "ونى اشتان ولگەن ادام شىعار" دەپ ويلايدى دا، ونىڭ اۋزىن اشىپ، سۋ تامىزىپ، تاماق تىعا باستايدى، ال بۇنىڭ ءبارىن ءبىلىپ جاتقان عۇلاما باسىن شايقاپ، سىقىلىقتاپ كۇلەدى، كەرۋەنشىلەر "مىناۋ جىندى كىسى كورىنەدى، نەگە كۇلىپ جاتىر؟" دەر، سوندا عۇلاما ورنىنان تۇرىپ، "اللانىڭ ريزدىق ءجايلى ءسوزىن سىناپ جۇرگەن كىسى ەدىم، اللانىڭ ۋادەسى حاق ەكەن، اللا ءوز قۇلىنا ريزدىقتى ءارقانداي جولمەن جەتكىزە بەرەدى ەكەن" دەيدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6808