You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қалу-бала (әлмисақ) күніндегі рухтар (2022.01.25)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=203

Қалу-бала (әлмисақ) күніндегі рухтар (2022.01.25)

Пайғамбарымыз «рух-жандар ұйыса топталған тұрған әскерлер сияқты болады, әлмисақта бір-бірімен жақындар (бұл дүниеге келген соңда) жақын болады, ал қарсылар осында да қарсы болып өтеді.» дейді. Рухтар әлмисақ (қалу-бала, ежелгі мәңгілік) күнінде жаратылған соң бейне біз бір-бірімізбен танысқандай, оларда сол кезде солай өзара кездесіп қайтады, рухтар кездескенде кейбірі өзара бірін-бірі сүйіп жатса, кейбірі бірін-бірі ұнатпай жатты, бұл пайғамбарымыздың айтқандарынан.

Одан соң не болды? одан бірін-бірі сүйіп қайтқан рух-жандар бұл дүниеге келген соңда бір-бірімен тағы табысады, ал бірін-бірі ұнатпағандар бұл дүниеге келген соңда бірін-бірі ұнатпайды. Қалу-бала яғни әлмисақта рухтар жаратылғанда біздің денеміз әлі жаратылмаған еді, дене жаратылып бұл дүниеге келгенде, алла тағала бұл денелерге жан берді, рух-жандар ешқашан өзгермейді.

Рух-жан тек алла тағала өзі ғана білетін сыр оны ешкім білмейді, бірақ ежелгі мәңгілікте бірін-бірін сүйгендер денелеріне жан бітіп келгеннен кейінде ұқсас бірін-бірі сүйеді, өзара жек көргендерде солай, олар осы өмірде де өзара жек көріседі, өзара шығыса алмайды, бірін-бірі ұнатпайды. Кей адамдар тағы біреулерді ұнатпайтына таңданады, себебі бұның сыры қалу-бала әлмисаққа барып тіреледі, сондықытан кімді сүйуді адам тағдырлары алла тағаланың сырлы құдіретімен жазылған сонау әлмисақта әлдеқашан белгіленіп қойылған, бұл құпия-сырдың кейбірі біз осы дүниеге келген соң ашылса, ақиретте оның көбі ашылатын болады. Ешбір жан алла тағаланың құдіретімен ұлылығын түсінбек түгілі оның маңынада келе алмайды.

Рухтар жағдайы бұл дүниеде де ұқсас, бірақ сүймек болсаң алла тағала үшін сүй, жек көрсеңде алла тағала үшін жек көр, «алла тағала сүйгендерді сүйсең, бағы аса зор жансың, себебі сені алла тағала сондай әдемі жандардың айналасына қойып қойды. Алла тағала саған жақсы адамдарды сүйдіріп қойса ол өте үлкен бір нығымет-дүр, жаман адамдарды сүймей қалу өз қолымыздағы нәрсе емес, бірақ ол алла тағаланың қүдіретідегі іс.

Сондықтан осы дүниедегі өміріңде жақсы адамдарды сүйгін, сонда игі-жақсы және әдемі жандармен бірге бола аласыңдар. Жамандарды, зұлымдарды, көпқұдайшылдарды және алла тағаладан хабары жоқтарды сүйу еш қажетсіз, біз оларды сүймейміз, бірақ біз алла тағаланы, пайғамбарды, әулиелерді, сахабаларды және ахлул-бәйттерді сүйеміз, бұл аса үлкен нығымет, ал оларды сүймейтіндерді бізде сүймейміз, сүйуімізде қажетсіз, айтып өткеніміздей бұл рух-жанның сырларынан, біреуді сүй деп зорлай алмайсың, ешбір жанның жүрегің бұл дүниемен, күшпен, ақшамен, ұрып-соғумен, азаптап қинаумен немесе мен сені сүйемін сенде мені сүй деумен жеңе алмайсың. Махаббат беріледі, алла тағалаға махаббатты алла тағала өзі береді, иншалла.

Біздің тәриқат - махаббат тәриқаты, барлық сопылық тәриқатта солай, бірақ бұл хақында нақшыбанд тәриқаты барлығының төбесінде тұрады, ол жаны сұлу жандарды сүйеді, бірақ зұлымдармен ойына не келсе сонысымен үкім еткіш үкімшілдерді жақсы көрмейді. Алла тағала біздерді әрдайым игі-жақсылармен бір қылып, жүрегімізді солардың махабатында еткей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قالۋ-بالا (الميساق) كۇنىندەگى رۋحتار (2022.01.25)

پايعامبارىمىز «رۋح-جاندار ۇيىسا توپتالعان تۇرعان اسكەرلەر سياقتى بولادى، الميساقتا ءبىر-بىرىمەن جاقىندار (بۇل دۇنيەگە كەلگەن سوڭدا) جاقىن بولادى، ال قارسىلار وسىندا دا قارسى بولىپ وتەدى.» دەيدى. رۋحتار الميساق (قالۋ-بالا، ەجەلگى ماڭگىلىك) كۇنىندە جاراتىلعان سوڭ بەينە ءبىز ءبىر-بىرىمىزبەن تانىسقانداي، ولاردا سول كەزدە سولاي ءوزارا كەزدەسىپ قايتادى، رۋحتار كەزدەسكەندە كەيبىرى ءوزارا ءبىرىن-ءبىرى ءسۇيىپ جاتسا، كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپاي جاتتى، بۇل پايعامبارىمىزدىڭ ايتقاندارىنان.

ودان سوڭ نە بولدى؟ ودان ءبىرىن-ءبىرى ءسۇيىپ قايتقان رۋح-جاندار بۇل دۇنيەگە كەلگەن سوڭدا ءبىر-بىرىمەن تاعى تابىسادى، ال ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپاعاندار بۇل دۇنيەگە كەلگەن سوڭدا ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپايدى. قالۋ-بالا ياعني الميساقتا رۋحتار جاراتىلعاندا ءبىزدىڭ دەنەمىز ءالى جاراتىلماعان ەدى، دەنە جاراتىلىپ بۇل دۇنيەگە كەلگەندە، اللا تاعالا بۇل دەنەلەرگە جان بەردى، رۋح-جاندار ەشقاشان وزگەرمەيدى.

رۋح-جان تەك اللا تاعالا ءوزى عانا بىلەتىن سىر ونى ەشكىم بىلمەيدى، بىراق ەجەلگى ماڭگىلىكتە ءبىرىن-ءبىرىن سۇيگەندەر دەنەلەرىنە جان ءبىتىپ كەلگەننەن كەيىندە ۇقساس ءبىرىن-ءبىرى سۇيەدى، ءوزارا جەك كورگەندەردە سولاي، ولار وسى ومىردە دە ءوزارا جەك كورىسەدى، ءوزارا شىعىسا المايدى، ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپايدى. كەي ادامدار تاعى بىرەۋلەردى ۇناتپايتىنا تاڭدانادى، سەبەبى بۇنىڭ سىرى قالۋ-بالا الميساققا بارىپ تىرەلەدى، سوندىقىتان كىمدى ءسۇيۋدى ادام تاعدىرلارى اللا تاعالانىڭ سىرلى قۇدىرەتىمەن جازىلعان سوناۋ الميساقتا الدەقاشان بەلگىلەنىپ قويىلعان، بۇل قۇپيا-سىردىڭ كەيبىرى ءبىز وسى دۇنيەگە كەلگەن سوڭ اشىلسا، اقيرەتتە ونىڭ كوبى اشىلاتىن بولادى. ەشبىر جان اللا تاعالانىڭ قۇدىرەتىمەن ۇلىلىعىن تۇسىنبەك تۇگىلى ونىڭ ماڭىنادا كەلە المايدى.

رۋحتار جاعدايى بۇل دۇنيەدە دە ۇقساس، بىراق سۇيمەك بولساڭ اللا تاعالا ءۇشىن ءسۇي، جەك كورسەڭدە اللا تاعالا ءۇشىن جەك كور، «اللا تاعالا سۇيگەندەردى سۇيسەڭ، باعى اسا زور جانسىڭ، سەبەبى سەنى اللا تاعالا سونداي ادەمى جانداردىڭ اينالاسىنا قويىپ قويدى. اللا تاعالا ساعان جاقسى ادامداردى ءسۇيدىرىپ قويسا ول وتە ۇلكەن ءبىر نىعىمەت-ءدۇر، جامان ادامداردى سۇيمەي قالۋ ءوز قولىمىزداعى نارسە ەمەس، بىراق ول اللا تاعالانىڭ قۇدىرەتىدەگى ءىس.

سوندىقتان وسى دۇنيەدەگى ومىرىڭدە جاقسى ادامداردى سۇيگىن، سوندا يگى-جاقسى جانە ادەمى جاندارمەن بىرگە بولا الاسىڭدار. جامانداردى، زۇلىمداردى، كوپقۇدايشىلداردى جانە اللا تاعالادان حابارى جوقتاردى ءسۇيۋ ەش قاجەتسىز، ءبىز ولاردى سۇيمەيمىز، بىراق ءبىز اللا تاعالانى، پايعامباردى، اۋليەلەردى، ساحابالاردى جانە احلۋل-بايتتەردى سۇيەمىز، بۇل اسا ۇلكەن نىعىمەت، ال ولاردى سۇيمەيتىندەردى بىزدە سۇيمەيمىز، سۇيۋىمىزدە قاجەتسىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي بۇل رۋح-جاننىڭ سىرلارىنان، بىرەۋدى ءسۇي دەپ زورلاي المايسىڭ، ەشبىر جاننىڭ جۇرەگىڭ بۇل دۇنيەمەن، كۇشپەن، اقشامەن، ۇرىپ-سوعۋمەن، ازاپتاپ قيناۋمەن نەمەسە مەن سەنى سۇيەمىن سەندە مەنى ءسۇي دەۋمەن جەڭە المايسىڭ. ماحاببات بەرىلەدى، اللا تاعالاعا ماحابباتتى اللا تاعالا ءوزى بەرەدى، ينشاللا.

ءبىزدىڭ تاريقات - ماحاببات تاريقاتى، بارلىق سوپىلىق تاريقاتتا سولاي، بىراق بۇل حاقىندا ناقشىباند تاريقاتى بارلىعىنىڭ توبەسىندە تۇرادى، ول جانى سۇلۋ جانداردى سۇيەدى، بىراق زۇلىمدارمەن ويىنا نە كەلسە سونىسىمەن ۇكىم ەتكىش ۇكىمشىلدەردى جاقسى كورمەيدى. اللا تاعالا بىزدەردى ءاردايىم يگى-جاقسىلارمەن ءبىر قىلىپ، جۇرەگىمىزدى سولاردىڭ ماحاباتىندا ەتكەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=203