You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қарда береке бар (2022.01.24)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=202

Қарда береке бар (2022.01.24)

«Өздерің іштетін суды көрдіңдер ме? оны аспандағы бұлыттардан жерге алып түскен сенбе, әлде біз алып түсірдік пе?» (құран 56:68-69) делінеді қасиетті құран кәримде, жаңбырмен қарды алла тағала құдіретімен бізге берген сауғасы, бұлар зор нығыметтерден-дүр. Алла тағала «бұлыттардан алып түскен судан игіліктенесіңдер, ал ол суларды бұлыттардан сендер әлде біз алып түстік?» дейді алла тағала, әрине оны алып түсіруші алла тағала болмақ, ол күллі нәрсені басқарушы әрі баршамызға риздық қамдаушы. Құдіретті йеміз алла тағала аса мол суды аспанда қалықтап жүретін зор-зор бұлыттар теңізіне айналдырып, төбемізде алып жүреді, оны кімге бергісі келсе соған береді, ал кімге бергісі келмесе одан оларға нәр татырмас.

Қазір ақырзаман уақыты болып, бұнда көптеген машақаттармен азаптар бар, бірақ оған қоса нығыметтерде берілген, бір минот ішінде әпсәтте сел теңізіне батып кетуіңде мүмкін, адамдар осылай опат болып жатыр, кетіп жатыр, ал кейбір адамдарға нығыметтер берілетін болады, иншалла, бұл жолы ... алла тағала бірнеше жылдардан бері адам баласын нығыметтерден тарықтырып келген-ді, өткен екі жылдан бері кұллі адамзат мына кеселден жапа тартып жатыр, бұл жылы қар бұнда көп жауды, шүкір-алла.

Қар - береке, пайғамбарымыз «әрбір қар жапырақтарымен бірге бір-бір періште түседі.» дейді, ол да жаңбыр сияқты, алла тағала бұл нығыметтерін бізге жібергенде оны басымызда теңіз сияқты айналдырып жүреді әрі олар бір жолда түгел түсе салмастан, бірақ бір-бір талдан періштелермен бірге жерге түседі, әр жаңбыр тамшысын бір періште жерге алып түсіп қояды да қайтып кетеді, ал қар бұндай емес, әрбір қар жапырағымен бір-бір періште береке ретінде бірге түседі әрі олар осы қармен жерде бірге тұрады, сондықтан қар үлкен береке және зор нығымет-дүр.

Әр нәрседе алла тағаланың хикімет-даналығы бар, өткен екі жылдан бері дүниенің көп жеріне қар жөнді жауған жоқ, бұл осы апат-жұттың белгісі еді, иншалла, алла тағала қазірден бастап бұл апатты мүминдердің басынан кетіргей және адамдар тура жолға қадам басқай. Әр істеде әдемілік бар, бірақ кейде бұлар қиындықтар секілді көрінеді, шындығында бұл қиыншылық емес, оның астарында алла тағаланың хикімет-даналығы жасырылған, мәселен бұл жауған қарда да хикімет бар, әрине кейбір елдерде жандырып жылытарлық нәрседе табылмайды, бірақ сонда да ол арағада береке келмек, иншалла, оларғада әдемі белгілер көрінбек.

Иншалла біз бұл нығыметті бағалап, оған шүкір етелік, адамдар шүкіршлікте болғаны жөн, олар қарды мәлім бір мәселе немесе қиыншылық көрмеуі керек, ол үлкен ныымет, иншалла. Егер алла тағалаға шүкір етсең, оның пайдасын көресің, егер шүкірсіздік етсең, кейін оған зар болатын боласың, кемінде оның игілігінен құр қаласың, бұл нәрселерге шүкірлік еткендер үшін мол игілік-пайдалармен берекелер келмек, бұл береке, иншалла, ол исламға және біздің иманға қуат бермек, себебі ондағы (қардағы) періштелер бізге қызмет етіп, шүкір етушілердің атында алла тағаладан кешірім сұрайды, олар алла тағаладан шүкірлік етушілер үшін жақсылық қайыр сұрар, періштелер иман келтірген мүминдеге қызмет етеді, ал шүкірсіздермен сенбеушілер бұндай игіліктерден қағыс қалмақ.

Қақпа ашық тұр, кім одан не алғысы келсе соны алады, ал олай еткісі келмегендерге еш зорлық жоқ, егер бұл нығыметтерді керек еткің келмесе қазірет әулие маулана Назым айтқандай «кипірше қуып кет.» яғни кетте не қылсаң соныңды қыл демекілік. Алла тағалаға шүкіршіліктер болсын, бұл бізге және барша ислам әлеміне береке алып келгей, әрдайым берекелермен жақсылықтар болғай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قاردا بەرەكە بار (2022.01.24)

«وزدەرىڭ ىشتەتىن سۋدى كوردىڭدەر مە؟ ونى اسپانداعى بۇلىتتاردان جەرگە الىپ تۇسكەن سەنبە، الدە ءبىز الىپ تۇسىردىك پە؟» (قۇران 56:68-69) دەلىنەدى قاسيەتتى قۇران كاريمدە، جاڭبىرمەن قاردى اللا تاعالا قۇدىرەتىمەن بىزگە بەرگەن ساۋعاسى، بۇلار زور نىعىمەتتەردەن-ءدۇر. اللا تاعالا «بۇلىتتاردان الىپ تۇسكەن سۋدان يگىلىكتەنەسىڭدەر، ال ول سۋلاردى بۇلىتتاردان سەندەر الدە ءبىز الىپ تۇستىك؟» دەيدى اللا تاعالا، ارينە ونى الىپ ءتۇسىرۋشى اللا تاعالا بولماق، ول كۇللى نارسەنى باسقارۋشى ءارى بارشامىزعا ريزدىق قامداۋشى. قۇدىرەتتى يەمىز اللا تاعالا اسا مول سۋدى اسپاندا قالىقتاپ جۇرەتىن زور-زور بۇلىتتار تەڭىزىنە اينالدىرىپ، توبەمىزدە الىپ جۇرەدى، ونى كىمگە بەرگىسى كەلسە سوعان بەرەدى، ال كىمگە بەرگىسى كەلمەسە ودان ولارعا ءنار تاتىرماس.

قازىر اقىرزامان ۋاقىتى بولىپ، بۇندا كوپتەگەن ماشاقاتتارمەن ازاپتار بار، بىراق وعان قوسا نىعىمەتتەردە بەرىلگەن، ءبىر مينوت ىشىندە اپساتتە سەل تەڭىزىنە باتىپ كەتۋىڭدە مۇمكىن، ادامدار وسىلاي وپات بولىپ جاتىر، كەتىپ جاتىر، ال كەيبىر ادامدارعا نىعىمەتتەر بەرىلەتىن بولادى، ينشاللا، بۇل جولى ... اللا تاعالا بىرنەشە جىلداردان بەرى ادام بالاسىن نىعىمەتتەردەن تارىقتىرىپ كەلگەن-ءدى، وتكەن ەكى جىلدان بەرى كۇللى ادامزات مىنا كەسەلدەن جاپا تارتىپ جاتىر، بۇل جىلى قار بۇندا كوپ جاۋدى، شۇكىر-اللا.

قار - بەرەكە، پايعامبارىمىز «ءاربىر قار جاپىراقتارىمەن بىرگە ءبىر-ءبىر پەرىشتە تۇسەدى.» دەيدى، ول دا جاڭبىر سياقتى، اللا تاعالا بۇل نىعىمەتتەرىن بىزگە جىبەرگەندە ونى باسىمىزدا تەڭىز سياقتى اينالدىرىپ جۇرەدى ءارى ولار ءبىر جولدا تۇگەل تۇسە سالماستان، بىراق ءبىر-ءبىر تالدان پەرىشتەلەرمەن بىرگە جەرگە تۇسەدى، ءار جاڭبىر تامشىسىن ءبىر پەرىشتە جەرگە الىپ ءتۇسىپ قويادى دا قايتىپ كەتەدى، ال قار بۇنداي ەمەس، ءاربىر قار جاپىراعىمەن ءبىر-ءبىر پەرىشتە بەرەكە رەتىندە بىرگە تۇسەدى ءارى ولار وسى قارمەن جەردە بىرگە تۇرادى، سوندىقتان قار ۇلكەن بەرەكە جانە زور نىعىمەت-ءدۇر.

ءار نارسەدە اللا تاعالانىڭ حيكىمەت-دانالىعى بار، وتكەن ەكى جىلدان بەرى دۇنيەنىڭ كوپ جەرىنە قار ءجوندى جاۋعان جوق، بۇل وسى اپات-جۇتتىڭ بەلگىسى ەدى، ينشاللا، اللا تاعالا قازىردەن باستاپ بۇل اپاتتى مۇميندەردىڭ باسىنان كەتىرگەي جانە ادامدار تۋرا جولعا قادام باسقاي. ءار ىستەدە ادەمىلىك بار، بىراق كەيدە بۇلار قيىندىقتار سەكىلدى كورىنەدى، شىندىعىندا بۇل قيىنشىلىق ەمەس، ونىڭ استارىندا اللا تاعالانىڭ حيكىمەت-دانالىعى جاسىرىلعان، ماسەلەن بۇل جاۋعان قاردا دا حيكىمەت بار، ارينە كەيبىر ەلدەردە جاندىرىپ جىلىتارلىق نارسەدە تابىلمايدى، بىراق سوندا دا ول اراعادا بەرەكە كەلمەك، ينشاللا، ولارعادا ادەمى بەلگىلەر كورىنبەك.

ينشاللا ءبىز بۇل نىعىمەتتى باعالاپ، وعان شۇكىر ەتەلىك، ادامدار شۇكىرشلىكتە بولعانى ءجون، ولار قاردى ءمالىم ءبىر ماسەلە نەمەسە قيىنشىلىق كورمەۋى كەرەك، ول ۇلكەن نىىمەت، ينشاللا. ەگەر اللا تاعالاعا شۇكىر ەتسەڭ، ونىڭ پايداسىن كورەسىڭ، ەگەر شۇكىرسىزدىك ەتسەڭ، كەيىن وعان زار بولاتىن بولاسىڭ، كەمىندە ونىڭ يگىلىگىنەن قۇر قالاسىڭ، بۇل نارسەلەرگە شۇكىرلىك ەتكەندەر ءۇشىن مول يگىلىك-پايدالارمەن بەرەكەلەر كەلمەك، بۇل بەرەكە، ينشاللا، ول يسلامعا جانە ءبىزدىڭ يمانعا قۋات بەرمەك، سەبەبى ونداعى (قارداعى) پەرىشتەلەر بىزگە قىزمەت ەتىپ، شۇكىر ەتۋشىلەردىڭ اتىندا اللا تاعالادان كەشىرىم سۇرايدى، ولار اللا تاعالادان شۇكىرلىك ەتۋشىلەر ءۇشىن جاقسىلىق قايىر سۇرار، پەرىشتەلەر يمان كەلتىرگەن مۇميندەگە قىزمەت ەتەدى، ال شۇكىرسىزدەرمەن سەنبەۋشىلەر بۇنداي يگىلىكتەردەن قاعىس قالماق.

قاقپا اشىق تۇر، كىم ودان نە العىسى كەلسە سونى الادى، ال ولاي ەتكىسى كەلمەگەندەرگە ەش زورلىق جوق، ەگەر بۇل نىعىمەتتەردى كەرەك ەتكىڭ كەلمەسە قازىرەت اۋليە ماۋلانا نازىم ايتقانداي «كيپىرشە قۋىپ كەت.» ياعني كەتتە نە قىلساڭ سونىڭدى قىل دەمەكىلىك. اللا تاعالاعا شۇكىرشىلىكتەر بولسىن، بۇل بىزگە جانە بارشا يسلام الەمىنە بەرەكە الىپ كەلگەي، ءاردايىم بەرەكەلەرمەن جاقسىلىقتار بولعاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=202