You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қазір екінші реткі надандық дәуірі: білім және надандық (2021.12.27)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=184

Қазір екінші реткі надандық дәуірі: білім және надандық (2021.12.27)

«Білмейтіндермен білетіндер теңбе?» (құран 03:39) дейді құран кәримде, бұнда білетіндер деп отырғаны алла тағаланы білетіндерді айтып отыр, білімді ғалым-ғұлама болам десең алла тағаланы біл, ал білім дегеніміз алла тағаланы білумен тани білу. Қасиетті пайғамбарымыз «ғалым-ғұламалар пайғамбарлардың мұрагерлері.» дейді, олар пайғамбарларға ұқсайды да, алла тағаланың алдында олардың нарқы жоғары болмақ. Әрине шынайы ғалым-ғұлама машайықтар алла тағала жайлі білім беріп, адамдарға оны сүйуді және оған бойсынуды үйретеді, ал бұлай істемейтін «ғалымдар» ештеме білмейтіндер, олар надандардан болып, білетіндерге тең емес, оларды бір таразыға салуға келмейді, олар білімді үлестіріп емес, бірақ жамандықтармен надандықтарды таратып үлестіріп жүргендер. Бұндай адамдар өздерін сондай үлкен әрі керемет біреулер санайды, бірақ олар ары-бері сабылып жүріп, бар өмірін бос жарамсыз нәрселермен сырап етіп тынады, сонымен бірге көптеген адамдарды адастырады әрі өздерін де құртады, олардың ғұмыры осылай босқа кетпек.

Кімде кім алла тағаланы білмесе ол надандардан болмақ, оны жахилия яғни надандық деп атайды, бірінші реткі надандық дәуірі пайғамбарымыз дүниеге келген тұста болса, ал қазір біздің осы өмір сүріп жатқан кезеңіміз екінші реткі надандық дәуірі болмақ әрі бұл кездегі надандық алдынғысынан әлде қайда ауыр болып отыр. Бірінші надандық дәуірінде адамдарда азда болса сенім-иман бар болатұғын, бірақ қазіргі адамдарда ондай иман жоқ, оларда иманнан түк қалмады. Қазіргілер «біз үйреніп жатырмыз, университеттер болса оқушыға толған, барлық жер үйренушілерге толы.» дейді, университеттерді қоя тұралық, олар алла тағаланы білмек түгілі, қайта алла тағаланы жоққа шығаруды үйретуде және олар осы күпірлікте бір-бірімен аянбай-ақ бәсекелесіп жатыр, хәлдері осылай бола тұра олар өздерін «ақылды» санайтыны тағы бар. Шытуайтында ақылды адам дегеніміз алла тағаланы білетіндер, алла тағала адамдарға сана берген, жаратушымыз бұл сана-ақыл атты нығыметті өзін яғни алла тағаланы білсін-танысын деп берді, бірақ олар оны дұрыс істете алмай отырып, ақылдымыз деп жар салады, олар «біз бәрін білеміз.» дейді, бірақ ақиқатында сендер ештеңе білмейсіңдер, тас қараңғы надансыңдар, алла тағала бізді бұндайлықтан сақтасын, панасына алғай.

Қазір біз екінші реткі аса зор надандық дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, көптеген адамдар осы надандыққа әбден уланып беті бері қарамайтындай болған, олар бір нәрсені іздейді, бірақ таба алмайды, оларға ақыл-сана берілген, олар соны істете білуі керек. Айтып өткеніміздей университеттер көрер көзге бірдеме үйретіп жатқандай болады, бірақ шын мәнісінде олар ештеңе үйретіп жатқан жоқ, олар не жөні түзу дүниелік білімді не болмаса имани білімді үйрете алмауда, иманмен алла тағаланы үйретуді былай тұрсын, ол ақиқатында ештеңе үйреткен жоқ.

Үлкен әулие маулана шайқы Назым қазірет ұдайы «университеттер тек ойын-күлкі қызық үшін, басқа дәнеңе де емес.» деп айтып отыратын. Алла тағала оқушыларға хақ білім бергей, сонда олар өздерін құтқарата алатын болады, алла тағала біздерге де хақ білімдерді білуге нәсіп еткей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قازىر ەكىنشى رەتكى ناداندىق ءداۋىرى: ءبىلىم جانە ناداندىق (2021.12.27)

«بىلمەيتىندەرمەن بىلەتىندەر تەڭبە؟» (قۇران 03:39) دەيدى قۇران كاريمدە، بۇندا بىلەتىندەر دەپ وتىرعانى اللا تاعالانى بىلەتىندەردى ايتىپ وتىر، ءبىلىمدى عالىم-عۇلاما بولام دەسەڭ اللا تاعالانى ءبىل، ال ءبىلىم دەگەنىمىز اللا تاعالانى بىلۋمەن تاني ءبىلۋ. قاسيەتتى پايعامبارىمىز «عالىم-عۇلامالار پايعامبارلاردىڭ مۇراگەرلەرى.» دەيدى، ولار پايعامبارلارعا ۇقسايدى دا، اللا تاعالانىڭ الدىندا ولاردىڭ نارقى جوعارى بولماق. ارينە شىنايى عالىم-عۇلاما ماشايىقتار اللا تاعالا ءجايلى ءبىلىم بەرىپ، ادامدارعا ونى ءسۇيۋدى جانە وعان بويسىنۋدى ۇيرەتەدى، ال بۇلاي ىستەمەيتىن «عالىمدار» ەشتەمە بىلمەيتىندەر، ولار نادانداردان بولىپ، بىلەتىندەرگە تەڭ ەمەس، ولاردى ءبىر تارازىعا سالۋعا كەلمەيدى، ولار ءبىلىمدى ۇلەستىرىپ ەمەس، بىراق جاماندىقتارمەن ناداندىقتاردى تاراتىپ ۇلەستىرىپ جۇرگەندەر. بۇنداي ادامدار وزدەرىن سونداي ۇلكەن ءارى كەرەمەت بىرەۋلەر سانايدى، بىراق ولار ارى-بەرى سابىلىپ ءجۇرىپ، بار ءومىرىن بوس جارامسىز نارسەلەرمەن سىراپ ەتىپ تىنادى، سونىمەن بىرگە كوپتەگەن ادامداردى اداستىرادى ءارى وزدەرىن دە قۇرتادى، ولاردىڭ عۇمىرى وسىلاي بوسقا كەتپەك.

كىمدە كىم اللا تاعالانى بىلمەسە ول نادانداردان بولماق، ونى جاحيليا ياعني ناداندىق دەپ اتايدى، ءبىرىنشى رەتكى ناداندىق ءداۋىرى پايعامبارىمىز دۇنيەگە كەلگەن تۇستا بولسا، ال قازىر ءبىزدىڭ وسى ءومىر ءسۇرىپ جاتقان كەزەڭىمىز ەكىنشى رەتكى ناداندىق ءداۋىرى بولماق ءارى بۇل كەزدەگى ناداندىق الدىنعىسىنان الدە قايدا اۋىر بولىپ وتىر. ءبىرىنشى ناداندىق داۋىرىندە ادامداردا ازدا بولسا سەنىم-يمان بار بولاتۇعىن، بىراق قازىرگى ادامداردا ونداي يمان جوق، ولاردا يماننان تۇك قالمادى. قازىرگىلەر «ءبىز ۇيرەنىپ جاتىرمىز، ۋنيۆەرسيتەتتەر بولسا وقۋشىعا تولعان، بارلىق جەر ۇيرەنۋشىلەرگە تولى.» دەيدى، ۋنيۆەرسيتەتتەردى قويا تۇرالىق، ولار اللا تاعالانى بىلمەك تۇگىلى، قايتا اللا تاعالانى جوققا شىعارۋدى ۇيرەتۋدە جانە ولار وسى كۇپىرلىكتە ءبىر-بىرىمەن ايانباي-اق باسەكەلەسىپ جاتىر، حالدەرى وسىلاي بولا تۇرا ولار وزدەرىن «اقىلدى» سانايتىنى تاعى بار. شىتۋايتىندا اقىلدى ادام دەگەنىمىز اللا تاعالانى بىلەتىندەر، اللا تاعالا ادامدارعا سانا بەرگەن، جاراتۋشىمىز بۇل سانا-اقىل اتتى نىعىمەتتى ءوزىن ياعني اللا تاعالانى ءبىلسىن-تانىسىن دەپ بەردى، بىراق ولار ونى دۇرىس ىستەتە الماي وتىرىپ، اقىلدىمىز دەپ جار سالادى، ولار «ءبىز ءبارىن بىلەمىز.» دەيدى، بىراق اقيقاتىندا سەندەر ەشتەڭە بىلمەيسىڭدەر، تاس قاراڭعى نادانسىڭدار، اللا تاعالا ءبىزدى بۇندايلىقتان ساقتاسىن، پاناسىنا العاي.

قازىر ءبىز ەكىنشى رەتكى اسا زور ناداندىق داۋىرىندە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، كوپتەگەن ادامدار وسى ناداندىققا ابدەن ۋلانىپ بەتى بەرى قارامايتىنداي بولعان، ولار ءبىر نارسەنى ىزدەيدى، بىراق تابا المايدى، ولارعا اقىل-سانا بەرىلگەن، ولار سونى ىستەتە ءبىلۋى كەرەك. ايتىپ وتكەنىمىزدەي ۋنيۆەرسيتەتتەر كورەر كوزگە بىردەمە ۇيرەتىپ جاتقانداي بولادى، بىراق شىن مانىسىندە ولار ەشتەڭە ۇيرەتىپ جاتقان جوق، ولار نە ءجونى ءتۇزۋ دۇنيەلىك ءبىلىمدى نە بولماسا يماني ءبىلىمدى ۇيرەتە الماۋدا، يمانمەن اللا تاعالانى ۇيرەتۋدى بىلاي تۇرسىن، ول اقيقاتىندا ەشتەڭە ۇيرەتكەن جوق.

ۇلكەن اۋليە ماۋلانا شايقى نازىم قازىرەت ۇدايى «ۋنيۆەرسيتەتتەر تەك ويىن-كۇلكى قىزىق ءۇشىن، باسقا دانەڭە دە ەمەس.» دەپ ايتىپ وتىراتىن. اللا تاعالا وقۋشىلارعا حاق ءبىلىم بەرگەي، سوندا ولار وزدەرىن قۇتقاراتا الاتىن بولادى، اللا تاعالا بىزدەرگە دە حاق بىلىمدەردى بىلۋگە ءناسىپ ەتكەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=184