You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қияметтің белгілері шығуда (2021.12.28)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=183

Қияметтің белгілері шығуда (2021.12.28)

Пайғамбарымыз «ақырзаман болғанда әр нәрсенің берекесі жоғалады, уақытта солай берекесін жоғалтады, ол да тым тез өтетін болады.» дейді. Расында біз қазір өмір сүріп жатқан кездегі уақыт дәл солай, жаңа ғана тәңертең болып жатса, демде кешке жетіп үлгіреді, бір апта уақытта лезде өтіп кетіп жатыр, айда солай, ай емес-ау, жылда бірдемде жұлдыздай ағып өте шықты, анау кесел басталғалы да екі жыл болып кетті, көп істер болды, қазір бәрі де өтіп кетті.

Бұның барлығы ақырзаманның белгілерінен, әдетте белгілер үлкен және кіші деп бөлінеді, бұл айтылғандар болса сол кіші белгілерінен, алайда үлкен белгісі туылуға да тым таяу тұр, қазіргі туылғаны уақытта берекенің қалмауы болып отыр. Кейбір адамдар «не істеуім керек? мен зерігіп жалықтым.» дейді, жалығу қажетсіз, онсызда уақыт өте тез ағып жатыр емеспе, бұл жыл өтіп, келер жыл келмек, келер жылда лезде өте шықпақ, кім өмір сүруге жазылса өмірін сүреді, кім аттануға жазылса, ол мына паниден кетпек-дүр.

Адамдар жылдың өтіп кеткеніне қуанып жүр, олар «бұл жыл өтті, келер жыл келе жатыр, ол тіпті де жақсы, тіпті де тамаша болмақ.» деп жаңа жылды қарсы алмаққа қазірден бастап дайындалуда, олар тағы «оны қарсы алып, құттықтаймыз!» дейді. Оның несін құттықтайсың, бірақ ол құрыттап сасыған тағы бір жыл болмақ, басқа дәнеңеде болмайды, оны құттықтаумен саған бір жақсылық келмес, алайда іс насырына шаба бермек. Егер бұл жылды алла тағалаға қарсылық ішінде қарсы алып тойласаңдар, бұл жыл сендер үшін бастан аяқ жамандық ішінде өтетін болады да, сендерге ешқандай жақсылық келмес, алла тағала бізді панасына алсын.

Шынтуайтында жылда ешбір мән жоқ, бірақ уақыт-сағат тұрғысынан адамдар оған қарай іс-шаруаларымен тірліктерін орналастырады, жыл солай өтеді, онда ешқандай қасиет-кие, құттылық жоқ, сондықтан көне бір жылдың өтіп тағы бір жаңа жылдың келгеніне толқып елітудің еш қажеті жоқ. Әр күні алла тағалаға шүкірлік жаса, біз тіріміз және соншама көп нығыметтердің ортасында жасап жатырмыз, өміріміз ислам ішінде өтуде, осылардан бізге жақсылық келер, әитпесе басқа ештеңе де жоқ, жылдың біреуі өтіп тағы бір жаңасы келер, егер жақсы күйде болған болсаң, онда алла тағалаға шүкірлік ет, бірақ ешқашан алла тағалаға қарсы болу арқылы шүкіршілік жасай алмайсың, алла тағалаға деген шүкіршілікпен мадақ алла тағалаға бойсыну арқылы білдіріледі.

Осыны істей білетіндер өздерін білетіндер, ал өйтпегендер ақылсыздар-дүр, өміріміз жылдардың өтуімен қысқаруда, бірақ оның қысқа немесе ұзын ғұмыр болуы маңызды емес, ғұмырымыз алла тағаланың әміріндегі істер, бұндағы маңыздысы осы ғұмырыңды сырап етпеуің болып тұр, тәнни тұрғыдан емес, бірақ ол рухани тұрғыдан сырап болмауы керек. Тәнни тұрғыдан әлсіресең, алла тағала бар әл-қуатыңа қарай риздық берер, алайда біз ғұмырымызды рухани тұрғыда алла тағалаға қарсылықтармен өткізген болсақ, онда қазір «я құдіретті алла тағала бұл жылы жасаған барлық жамандықтарымызбен күнәларымызды кешіре көр.» деп өткенімізге тәубе етіп, алла тағаладан кешірім сұралық, біз тәубе ішінде алла тағалаға жалынуымыз керек, сонда алла тағала біздің қолекі істеген барлық жамандықтарымызды кешіретін болады, иншалла, алла тағала бізге уақыттың және әрнәрсенің берекесін берсін, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قيامەتتىڭ بەلگىلەرى شىعۋدا (2021.12.28)

پايعامبارىمىز «اقىرزامان بولعاندا ءار نارسەنىڭ بەرەكەسى جوعالادى، ۋاقىتتا سولاي بەرەكەسىن جوعالتادى، ول دا تىم تەز وتەتىن بولادى.» دەيدى. راسىندا ءبىز قازىر ءومىر ءسۇرىپ جاتقان كەزدەگى ۋاقىت ءدال سولاي، جاڭا عانا تاڭەرتەڭ بولىپ جاتسا، دەمدە كەشكە جەتىپ ۇلگىرەدى، ءبىر اپتا ۋاقىتتا لەزدە ءوتىپ كەتىپ جاتىر، ايدا سولاي، اي ەمەس-اۋ، جىلدا بىردەمدە جۇلدىزداي اعىپ وتە شىقتى، اناۋ كەسەل باستالعالى دا ەكى جىل بولىپ كەتتى، كوپ ىستەر بولدى، قازىر ءبارى دە ءوتىپ كەتتى.

بۇنىڭ بارلىعى اقىرزاماننىڭ بەلگىلەرىنەن، ادەتتە بەلگىلەر ۇلكەن جانە كىشى دەپ بولىنەدى، بۇل ايتىلعاندار بولسا سول كىشى بەلگىلەرىنەن، الايدا ۇلكەن بەلگىسى تۋىلۋعا دا تىم تاياۋ تۇر، قازىرگى تۋىلعانى ۋاقىتتا بەرەكەنىڭ قالماۋى بولىپ وتىر. كەيبىر ادامدار «نە ىستەۋىم كەرەك؟ مەن زەرىگىپ جالىقتىم.» دەيدى، جالىعۋ قاجەتسىز، ونسىزدا ۋاقىت وتە تەز اعىپ جاتىر ەمەسپە، بۇل جىل ءوتىپ، كەلەر جىل كەلمەك، كەلەر جىلدا لەزدە وتە شىقپاق، كىم ءومىر سۇرۋگە جازىلسا ءومىرىن سۇرەدى، كىم اتتانۋعا جازىلسا، ول مىنا پانيدەن كەتپەك-ءدۇر.

ادامدار جىلدىڭ ءوتىپ كەتكەنىنە قۋانىپ ءجۇر، ولار «بۇل جىل ءوتتى، كەلەر جىل كەلە جاتىر، ول ءتىپتى دە جاقسى، ءتىپتى دە تاماشا بولماق.» دەپ جاڭا جىلدى قارسى الماققا قازىردەن باستاپ دايىندالۋدا، ولار تاعى «ونى قارسى الىپ، قۇتتىقتايمىز!» دەيدى. ونىڭ نەسىن قۇتتىقتايسىڭ، بىراق ول قۇرىتتاپ ساسىعان تاعى ءبىر جىل بولماق، باسقا دانەڭەدە بولمايدى، ونى قۇتتىقتاۋمەن ساعان ءبىر جاقسىلىق كەلمەس، الايدا ءىس ناسىرىنا شابا بەرمەك. ەگەر بۇل جىلدى اللا تاعالاعا قارسىلىق ىشىندە قارسى الىپ تويلاساڭدار، بۇل جىل سەندەر ءۇشىن باستان اياق جاماندىق ىشىندە وتەتىن بولادى دا، سەندەرگە ەشقانداي جاقسىلىق كەلمەس، اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا السىن.

شىنتۋايتىندا جىلدا ەشبىر ءمان جوق، بىراق ۋاقىت-ساعات تۇرعىسىنان ادامدار وعان قاراي ءىس-شارۋالارىمەن تىرلىكتەرىن ورنالاستىرادى، جىل سولاي وتەدى، وندا ەشقانداي قاسيەت-كيە، قۇتتىلىق جوق، سوندىقتان كونە ءبىر جىلدىڭ ءوتىپ تاعى ءبىر جاڭا جىلدىڭ كەلگەنىنە تولقىپ ەلىتۋدىڭ ەش قاجەتى جوق. ءار كۇنى اللا تاعالاعا شۇكىرلىك جاسا، ءبىز ءتىرىمىز جانە سونشاما كوپ نىعىمەتتەردىڭ ورتاسىندا جاساپ جاتىرمىز، ءومىرىمىز يسلام ىشىندە وتۋدە، وسىلاردان بىزگە جاقسىلىق كەلەر، ايتپەسە باسقا ەشتەڭە دە جوق، جىلدىڭ بىرەۋى ءوتىپ تاعى ءبىر جاڭاسى كەلەر، ەگەر جاقسى كۇيدە بولعان بولساڭ، وندا اللا تاعالاعا شۇكىرلىك ەت، بىراق ەشقاشان اللا تاعالاعا قارسى بولۋ ارقىلى شۇكىرشىلىك جاساي المايسىڭ، اللا تاعالاعا دەگەن شۇكىرشىلىكپەن ماداق اللا تاعالاعا بويسىنۋ ارقىلى بىلدىرىلەدى.

وسىنى ىستەي بىلەتىندەر وزدەرىن بىلەتىندەر، ال ويتپەگەندەر اقىلسىزدار-ءدۇر، ءومىرىمىز جىلداردىڭ وتۋىمەن قىسقارۋدا، بىراق ونىڭ قىسقا نەمەسە ۇزىن عۇمىر بولۋى ماڭىزدى ەمەس، عۇمىرىمىز اللا تاعالانىڭ امىرىندەگى ىستەر، بۇنداعى ماڭىزدىسى وسى عۇمىرىڭدى سىراپ ەتپەۋىڭ بولىپ تۇر، ءتانني تۇرعىدان ەمەس، بىراق ول رۋحاني تۇرعىدان سىراپ بولماۋى كەرەك. ءتانني تۇرعىدان السىرەسەڭ، اللا تاعالا بار ءال-قۋاتىڭا قاراي ريزدىق بەرەر، الايدا ءبىز عۇمىرىمىزدى رۋحاني تۇرعىدا اللا تاعالاعا قارسىلىقتارمەن وتكىزگەن بولساق، وندا قازىر «يا قۇدىرەتتى اللا تاعالا بۇل جىلى جاساعان بارلىق جاماندىقتارىمىزبەن كۇنالارىمىزدى كەشىرە كور.» دەپ وتكەنىمىزگە تاۋبە ەتىپ، اللا تاعالادان كەشىرىم سۇرالىق، ءبىز تاۋبە ىشىندە اللا تاعالاعا جالىنۋىمىز كەرەك، سوندا اللا تاعالا ءبىزدىڭ قولەكى ىستەگەن بارلىق جاماندىقتارىمىزدى كەشىرەتىن بولادى، ينشاللا، اللا تاعالا بىزگە ۋاقىتتىڭ جانە ارنارسەنىڭ بەرەكەسىن بەرسىن، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=183