You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Құран кәрим үйретудың басты мақсаты не? (2021.12.16)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=175

Құран кәрим үйретудың басты мақсаты не? (2021.12.16)

Қасиетті пайғамбарымыз «құранды үйреніп және оны үйреткендерің араларыңдағы ең жақсыларың.» дейді. Бұрынғы замандарда құранды сонау жас жеткіншек бала кезінен бастап үйрететін, оны қазіргілер «балабақша» деп атайды, бұрындар балабақша дегеніміз «құран үйрететін медіресе» еді. Онда балаларға алғашқы әріптерді үйретіп, онан соң құран оқуға баулитын, пайғамбарымыз айтып өткендей бұл өте жақсы іс болатұғын әрі әрбір адам осы жұмысты істегісі келетін-ді.

Құран әзиму-шанға әр жағынан қарасаңда аса ұлық білім және өте ұлағатты игілік-дүр, оны жақсы үйренуің әрі жақсы үйретуің керек, әйтпесе кейбір адамдар құранды үйретуін үйретер, бірақ бұрыс үйретіп жүр, бұндай жағдайда адамдарға істелінбек болған жақсылығымыз жамандыққа айналып шыға келетін болады, алла тағала бұдан сақтағай.

Сондықтан құранды жас жеткіншек балаларға үйретуші адам хақтың жолындағы тура адам болуы тиіс, ересектерге де сондай, бұл өте маңызды істерден болып табылады, бұнда құран кәримнің оқылулары үйретіліп қана қоймай, оның басты мақсаты да үйретілуі керек. Құран үйреткенде үйретуші кісі мұсылмандар неге сенетінін, құран әзиму-шан адамдарға нелерді дәріптейтінін және алла тағаланың қандай бұйрықтары бар екендігінде бірге үйретуі қажет, ең алдымен құран кәримді үйретуші болған адам өзі әдеп-ибаның не екендігін өте жақсы білгені жөн, бұндағы ең басты мақсат - әдеп, демек адамдарды әдеп-ибалылыққа тәрбиелеу болмақ.

Пайғамбарымыз айтып өткендей құран әзиму-шанның мақсаты «алла тағала мені әдептің ең көркемімен жаратты.» болмақ яғни құран кәрим үйренудегі басты мақсат пайғамбарымыз айтып өткен осы көркем әдепке тәрбиелеу болсын. Құран кәримді әдеп-ибасыз үйренумен амал ету дегеніміз ештеңені үйренбеу деген сөз, бұл аса маңызды түйін, себебі шайтанда құран кәрим, інжіл, таурат және забұр барлығын өте жақсы біледі, ол бұларды тым терең меңгерген, бірақ осылай бола тұра ол әдепсіздігіне байланысты алла тағалаға қарсы келіп, оның әмірлеріне бойсынбайды, осылайша оның ұшан теңіз білімдері оған еш пайда бере алмады. Қазір өздерін хафиз атайтын немесе құран кәримді білемін дейтін, бірақ бұрыс дүниелерімен адамдарды адастырып жүретіндер бар, қоғамда олар жиы кездеседі.

Сондықтан құран кәримді үйретпекші болған адам бұларды сонау ең басынан жақсы білуі тиіс, ол әдеп-ибаны, дұрыс ақиданы, не істеу керектігін және не жақсы деген сияқты түйіндерге өте жеттік болуы керек, сонда барып оның үйреткен құраны өзіне де өзгелерге де игілік ала келмек, әйтпесе құран кәримнің өзі өзін бұрыс үйреткендерді қарғыстайтын болады. Алла тағала бізді өз панасында еткей, біздерді жақсы білімдермен құран кәримнің әдемі ұлағаттылықа толы киелі ілімдерін үйрететіндерден қылғай, иншалла. Бұл біздің жасаған ниетіміз болмақ, бұнда алла тағаланың ризалығы үшін келген көптеген кісілерде бар, көп адам осыбір әсемдікке толы білімдерді үйренгілері келеді, алла тағала олардың саналарын ашып, құран кәримді жақсы үйренулеріне нәсіп еткей, сонымен бірге алла тағала оларға құран кәримнің киесімен әдемілігін арқалап, оны басқаларға да жақсы үйретулеріне де нәсіп еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قۇران كاريم ۇيرەتۋدىڭ باستى ماقساتى نە؟ (2021.12.16)

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «قۇراندى ۇيرەنىپ جانە ونى ۇيرەتكەندەرىڭ ارالارىڭداعى ەڭ جاقسىلارىڭ.» دەيدى. بۇرىنعى زامانداردا قۇراندى سوناۋ جاس جەتكىنشەك بالا كەزىنەن باستاپ ۇيرەتەتىن، ونى قازىرگىلەر «بالاباقشا» دەپ اتايدى، بۇرىندار بالاباقشا دەگەنىمىز «قۇران ۇيرەتەتىن مەدىرەسە» ەدى. وندا بالالارعا العاشقى ارىپتەردى ۇيرەتىپ، ونان سوڭ قۇران وقۋعا باۋليتىن، پايعامبارىمىز ايتىپ وتكەندەي بۇل وتە جاقسى ءىس بولاتۇعىن ءارى ءاربىر ادام وسى جۇمىستى ىستەگىسى كەلەتىن-ءدى.

قۇران ءازيمۋ-شانعا ءار جاعىنان قاراساڭدا اسا ۇلىق ءبىلىم جانە وتە ۇلاعاتتى يگىلىك-ءدۇر، ونى جاقسى ۇيرەنۋىڭ ءارى جاقسى ۇيرەتۋىڭ كەرەك، ايتپەسە كەيبىر ادامدار قۇراندى ۇيرەتۋىن ۇيرەتەر، بىراق بۇرىس ۇيرەتىپ ءجۇر، بۇنداي جاعدايدا ادامدارعا ىستەلىنبەك بولعان جاقسىلىعىمىز جاماندىققا اينالىپ شىعا كەلەتىن بولادى، اللا تاعالا بۇدان ساقتاعاي.

سوندىقتان قۇراندى جاس جەتكىنشەك بالالارعا ۇيرەتۋشى ادام حاقتىڭ جولىنداعى تۋرا ادام بولۋى ءتيىس، ەرەسەكتەرگە دە سونداي، بۇل وتە ماڭىزدى ىستەردەن بولىپ تابىلادى، بۇندا قۇران كاريمنىڭ وقىلۋلارى ۇيرەتىلىپ قانا قويماي، ونىڭ باستى ماقساتى دا ۇيرەتىلۋى كەرەك. قۇران ۇيرەتكەندە ۇيرەتۋشى كىسى مۇسىلماندار نەگە سەنەتىنىن، قۇران ءازيمۋ-شان ادامدارعا نەلەردى دارىپتەيتىنىن جانە اللا تاعالانىڭ قانداي بۇيرىقتارى بار ەكەندىگىندە بىرگە ۇيرەتۋى قاجەت، ەڭ الدىمەن قۇران كاريمدى ۇيرەتۋشى بولعان ادام ءوزى ادەپ-يبانىڭ نە ەكەندىگىن وتە جاقسى بىلگەنى ءجون، بۇنداعى ەڭ باستى ماقسات - ادەپ، دەمەك ادامداردى ادەپ-يبالىلىققا تاربيەلەۋ بولماق.

پايعامبارىمىز ايتىپ وتكەندەي قۇران ءازيمۋ-شاننىڭ ماقساتى «اللا تاعالا مەنى ادەپتىڭ ەڭ كوركەمىمەن جاراتتى.» بولماق ياعني قۇران كاريم ۇيرەنۋدەگى باستى ماقسات پايعامبارىمىز ايتىپ وتكەن وسى كوركەم ادەپكە تاربيەلەۋ بولسىن. قۇران كاريمدى ادەپ-يباسىز ۇيرەنۋمەن امال ەتۋ دەگەنىمىز ەشتەڭەنى ۇيرەنبەۋ دەگەن ءسوز، بۇل اسا ماڭىزدى ءتۇيىن، سەبەبى شايتاندا قۇران كاريم، ءىنجىل، تاۋرات جانە زابۇر بارلىعىن وتە جاقسى بىلەدى، ول بۇلاردى تىم تەرەڭ مەڭگەرگەن، بىراق وسىلاي بولا تۇرا ول ادەپسىزدىگىنە بايلانىستى اللا تاعالاعا قارسى كەلىپ، ونىڭ امىرلەرىنە بويسىنبايدى، وسىلايشا ونىڭ ۇشان تەڭىز بىلىمدەرى وعان ەش پايدا بەرە المادى. قازىر وزدەرىن حافيز اتايتىن نەمەسە قۇران كاريمدى بىلەمىن دەيتىن، بىراق بۇرىس دۇنيەلەرىمەن ادامداردى اداستىرىپ جۇرەتىندەر بار، قوعامدا ولار جيى كەزدەسەدى.

سوندىقتان قۇران كاريمدى ۇيرەتپەكشى بولعان ادام بۇلاردى سوناۋ ەڭ باسىنان جاقسى ءبىلۋى ءتيىس، ول ادەپ-يبانى، دۇرىس اقيدانى، نە ىستەۋ كەرەكتىگىن جانە نە جاقسى دەگەن سياقتى تۇيىندەرگە وتە جەتتىك بولۋى كەرەك، سوندا بارىپ ونىڭ ۇيرەتكەن قۇرانى وزىنە دە وزگەلەرگە دە يگىلىك الا كەلمەك، ايتپەسە قۇران كاريمنىڭ ءوزى ءوزىن بۇرىس ۇيرەتكەندەردى قارعىستايتىن بولادى. اللا تاعالا ءبىزدى ءوز پاناسىندا ەتكەي، بىزدەردى جاقسى بىلىمدەرمەن قۇران كاريمنىڭ ادەمى ۇلاعاتتىلىقا تولى كيەلى ىلىمدەرىن ۇيرەتەتىندەردەن قىلعاي، ينشاللا. بۇل ءبىزدىڭ جاساعان نيەتىمىز بولماق، بۇندا اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن كەلگەن كوپتەگەن كىسىلەردە بار، كوپ ادام ءوسىبىر اسەمدىككە تولى بىلىمدەردى ۇيرەنگىلەرى كەلەدى، اللا تاعالا ولاردىڭ سانالارىن اشىپ، قۇران كاريمدى جاقسى ۇيرەنۋلەرىنە ءناسىپ ەتكەي، سونىمەن بىرگە اللا تاعالا ولارعا قۇران كاريمنىڭ كيەسىمەن ادەمىلىگىن ارقالاپ، ونى باسقالارعا دا جاقسى ۇيرەتۋلەرىنە دە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=175