You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Өзіне қол салғандар тартатын азап (2021.12.14)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=174

Өзіне қол салғандар тартатын азап (2021.12.14)

«Хақысын анықтамай жатып, алла тағала өлтірілуін харам еткен ешбір адамның жанын алмаңдар.» (құран 17:33) дейді құран кәримде, бұнда алла тағала ешкімді әділетсіз өлтірмеңдер деп бұйырады. Өмір алла тағала адамдарға берген аманат және оны уақыты келгенде алла тағала өзі алып кетеді, ал адамдарда біреудің жанын-өмірін алуына болмайды яғни адам өлтіруіңе болмайды. Бұл күнде басқалардың өмірін қоя тұралық, адамдар зерігіп жабыққанда өздерінің жандарын өздері алатын болды, олар осылай өздеріне қол салып, өздерін өлтіруде.

Шындығында өздеріне қол салған адамдардың көбісі есі жоқ немесе ақылынан айырылған адамдар болып келеді, егер өзіне қол жұмсаушы ақыл-есін білмейтін адам болса, оның ісі алла тағаланың өз құзіретіндегі іс болмақ, бірақ ес-ақылы сау біреу өзін өлтірсе, оның алатын жазасы аса ауыр, бұндай адамдар бір мәселеден қашамын деп онан арман үлкен мәселеге душар болады яғни олар қасқырдан құтылып, жолбарысқа түтылғанның күйін кешпек, бұл жағдайда олар тіптіде үлкен мәселеге дөп келіп, зор азап аса ауыр қиналысқа қалмақ.

Қазіргі заман қиын заман болғандықтан, көптеген адамдар қысым астында өмір сүруде, сол себепті олар қатты торығуға ұшырап жабыққан, қысқасын айтқанда тіршіліктен түңіліп, өмірден тойған, ал олар осындай мәселелерден құтылмақ болып, соңында онан құтылудың жолы өзін олтіру деп шешеді, тіпті кей адамдар келіп, өлімге қауышуға дұға жасауды сұрайды, бұл не сұмдық? өлімді алла тағала өзі береді, ешкімге «өл» деп дұға жасауға болмайды, өлсе зұлымдар өлсін, жай адамдар келіп өлімге дұға сұраса, оның басындағы қиыншылықтармен мәселелердің одан кетіп қалуына дұға қылмақ лазым.

Айтып өткеніміздей, әдетте есі ауысқан немесе ерекше ауруы бар адамдар оны білместікпен істейді. Алла тағала оларға ес немесе ақыл бермесе, олардың есебі бөлек болмақ, алайда ақылы-есі сау адамдардың ақша немесе мал-мүлікінен айырылып банкрот болғандығы себепті өздерін өлтіруі оларды ешқандай құтылысқа жеткізбейді, бұнда олар тек адамдар арасынан қарасын ғана өшірді, бірақ олар үлкен әңгіменің алда болатынын білсе етті. Исламда банкроттар түрмеге салынбайды, онсызда олардың берер ештеңесі жоқ, әдетте банкрот болғандарды ашық жәриялау керек, себебі көп адам оның банкрот болғанын білмей оған алдануы мүмкін делінеді, сондықтан «бұл адам банкрот болған, онымен жұмыс істемеңдер, сақ болыңдар, қазір онда ақша жоқ.» деп әшкере етілуі керек, бұрынғы замандарда осындай дәстұр болған, оларды көше аралатып жұртқа мәлім ететін де, мүмкін болған адамшылықтың алдын алатын, бірақ оларды соттау немесе түрмеге қамау деген істер жоқ болатұғын.

Бұлда бір өткен істер еді, банкрот болған адамдарда басына түскен осындай қиыншылықты жағдайларға сабыр етіп, қанағат және ризалық ішінде өмір сүре беруі керек, бұл өзінің істеген әрекеттеріңе байланысты алғаң «сыбағаң.», ал жақсы істерді істей тұра басыңа бұндай жағдайлар туылса, онда бұл саған келген бір сынақ болмақ, ал жаман істер істеп жүрген болсаң, онда ол саған бұл дүние де жіберілген бір жаза болмақ. Алайда өзіңе қол жұмсап өлімішті болу арқылы қиындықтан құтыламын деп ойлама, тіпті бұл дүниеде түрмеге түскен болсаңда өзіңді өлтірсең, онда алла тағала саған қиямет күніне дейін өзіңді өлтірген сәтіңді қайталаттырып қинап жазалайтын болады, сондықтан өзін өлтіру саған қашар жол емес, керісінше ол тағы бір тіпті де үлкен азапқа бастар жол, ондайлар онан арман ауыр жазаға ұшырамақ, бұл хақында қасиетті пайғамбарымыз «өзіне қол жұмсағандар жан тәсілім боларда қатты қиналады әрі олардың осы қиналысымен өлім сәті қиямет күні келгенше оларға қайталана беретін болады.» дейді (адам өлтірседе солай, кісі өлтірушілер өлген соң қиямет күніне дейін елді қалай өлтірсе өздері де солай үздіксіз қайталай өлтіріліп қинауда ұсталатын болады).

«Өлермін де кетермін.» дейді, кетерсің бірақ ол құтылыс жолы емес, құтылыс жолы - алла тағаладан келетін өлім әмірімен сағатын күту, сондықтан оған асықпа, өлім ертеме кеш басымызға бір келетін жағдай, әрбір адам өлім дәмін татады емеспе, өзіне қол жұмсап өлімішті болып, оның азабын қияметке дейін тарту ешқандай ақылдылық емес. Айтып өткеніміздей, ондай істерді әдетте ақыл-есі ауысқан немесе құтырған адамдар істейді, бірақ сау адамдар ондай қадамдарға барса, қияметтегі қайта тірілетін күнге дейін азапталмақ, ал қиямет күні келгенде, олардың жағдайының не болатыны және қандай ауыр жазаларға дұшар болатыны бір алла тағаланың өзіне аян.

Әдетте өзіне қол салу уақиғалары дінсіз немесе кәпір дінді бай елдердегі адамдар арасында көптеп кездесетін, бұл істер оларда үнемі туылатын еді, бірақ осылай болар тұра осы елдер өздерін ең ақылдылар санайтыны тағы бар. Бұны қоя тұралық, олар тіпті өлгісі келетіндерге арнап, олар өлгенде қиналмай өлтіретін әдістерді тапқырлап қойған, олар укіл салып немесе дәрі беріп өзін өлтіртеді, олардың шектен шыққаны соншалық, олар осындай қызмет өтеулерге дейін дайындады, олардың бұл пәлекеттері өздерімен кетсін.

Олар имансыз халықтар болғандықтан «өлім ең соңғы бекет.» деп ойлайды, алайда істің нағыз басы дәл сол жерден басталады да, өзін өзі өлтіргендер қияметке дейін өзін өлтірудің азабын тартпақ. «Олар қиналмайды.» дейді, қайдан қиналмасын, иманы жоқтығы себепті осындай іс істегені үшін қатты қиналмақ. Өлім сәтіндегі қиналыс расында бар нәрсе, кім болсаңда қандай керемет укіл салып не дәрі ішіп өлсеңде өлімнің бұл азап дәмінен қашып құтыла алмайсың, бұндағы ұқсамастығы сол өлім сәтіндегі қиналыс кейбір адамдар үшін жеңіл болса, ал кейбір адамдар үшін ауыр болады.

Сондықтан адамдар шайтанның тұзағына түсіп қалмауы керек, ол саған азапты қалайды, әсіресе жастар зерігіп жалыққанда немесе жабыққанда осындай келеңсіз істерге көп барады. Олар «бізің өмір сүрер уақытымыз тым ұзақ.» дейді, ұзақ өмір сүретініңді қайдан білдің? тіпті мың жас өмірің бар болсада, соңында ол да көзді ашып-жұмғанша өтіп кетпек, сол үшін мұсылмандар алла тағаладан пана тілеуі және оған иманмен сенуі керек. Бұл өмір не өмір? ол көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, ал шайтанға алданып өзіңді өлтірсең, өзіңді өзің күйретесің және айналаңдағылармен жақындарыңа да зор қиналыстар алып келетін боласың.

Біз ресей еліне барғанда, башқұртстан, татарстан, қазақстан сияқты мұсылман елдерінің өзінде көптеген адамдардың өздеріне қол салатынын естідік, ондағылар «біздің көптеген сабақтастарымыз өздеріне өздері қол салып өліп алды.» дейді, әрине олар коминизім шекпенінен жаңа шыққан елдер, сондықтан олар да жастайынан өздеріне қол салу ахуалы көп кездеседі.

Өзіне қол салып өзін өлтіргендер ешқашан жазасыз қалмақ емес, олар өзін өлтірген соң олардың жанын тіпті де ауыр жаза күтіп тұр, сондықтан адамдарда иманның болуы аса маңызды болмақ-дүр. Алла тағала имандарымызды күшейіткей, мұсылман қауымдарыныңда иманына қуат бергей, сонда барып олар не істеп не қойып жүргенін түсінер, олар алла тағалаға сеніп, өмірлерін сол жаратушы йесінің қалауына тапсыруы керек, алла тағала бізге жақсы өмір бергей және бізді өз нәпсілеріміздің қолында қалтырмағай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

وزىنە قول سالعاندار تارتاتىن ازاپ (2021.12.14)

«حاقىسىن انىقتاماي جاتىپ، اللا تاعالا ءولتىرىلۋىن حارام ەتكەن ەشبىر ادامنىڭ جانىن الماڭدار.» (قۇران 17:33) دەيدى قۇران كاريمدە، بۇندا اللا تاعالا ەشكىمدى ادىلەتسىز ولتىرمەڭدەر دەپ بۇيىرادى. ءومىر اللا تاعالا ادامدارعا بەرگەن امانات جانە ونى ۋاقىتى كەلگەندە اللا تاعالا ءوزى الىپ كەتەدى، ال ادامداردا بىرەۋدىڭ جانىن-ءومىرىن الۋىنا بولمايدى ياعني ادام ولتىرۋىڭە بولمايدى. بۇل كۇندە باسقالاردىڭ ءومىرىن قويا تۇرالىق، ادامدار زەرىگىپ جابىققاندا وزدەرىنىڭ جاندارىن وزدەرى الاتىن بولدى، ولار وسىلاي وزدەرىنە قول سالىپ، وزدەرىن ولتىرۋدە.

شىندىعىندا وزدەرىنە قول سالعان ادامداردىڭ كوبىسى ەسى جوق نەمەسە اقىلىنان ايىرىلعان ادامدار بولىپ كەلەدى، ەگەر وزىنە قول جۇمساۋشى اقىل-ەسىن بىلمەيتىن ادام بولسا، ونىڭ ءىسى اللا تاعالانىڭ ءوز قۇزىرەتىندەگى ءىس بولماق، بىراق ەس-اقىلى ساۋ بىرەۋ ءوزىن ولتىرسە، ونىڭ الاتىن جازاسى اسا اۋىر، بۇنداي ادامدار ءبىر ماسەلەدەن قاشامىن دەپ ونان ارمان ۇلكەن ماسەلەگە دۋشار بولادى ياعني ولار قاسقىردان قۇتىلىپ، جولبارىسقا تۇتىلعاننىڭ كۇيىن كەشپەك، بۇل جاعدايدا ولار تىپتىدە ۇلكەن ماسەلەگە ءدوپ كەلىپ، زور ازاپ اسا اۋىر قينالىسقا قالماق.

قازىرگى زامان قيىن زامان بولعاندىقتان، كوپتەگەن ادامدار قىسىم استىندا ءومىر سۇرۋدە، سول سەبەپتى ولار قاتتى تورىعۋعا ۇشىراپ جابىققان، قىسقاسىن ايتقاندا تىرشىلىكتەن ءتۇڭىلىپ، ومىردەن تويعان، ال ولار وسىنداي ماسەلەلەردەن قۇتىلماق بولىپ، سوڭىندا ونان قۇتىلۋدىڭ جولى ءوزىن ءولتىرۋ دەپ شەشەدى، ءتىپتى كەي ادامدار كەلىپ، ولىمگە قاۋىشۋعا دۇعا جاساۋدى سۇرايدى، بۇل نە سۇمدىق؟ ءولىمدى اللا تاعالا ءوزى بەرەدى، ەشكىمگە «ءول» دەپ دۇعا جاساۋعا بولمايدى، ولسە زۇلىمدار ءولسىن، جاي ادامدار كەلىپ ولىمگە دۇعا سۇراسا، ونىڭ باسىنداعى قيىنشىلىقتارمەن ماسەلەلەردىڭ ودان كەتىپ قالۋىنا دۇعا قىلماق لازىم.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ادەتتە ەسى اۋىسقان نەمەسە ەرەكشە اۋرۋى بار ادامدار ونى بىلمەستىكپەن ىستەيدى. اللا تاعالا ولارعا ەس نەمەسە اقىل بەرمەسە، ولاردىڭ ەسەبى بولەك بولماق، الايدا اقىلى-ەسى ساۋ ادامداردىڭ اقشا نەمەسە مال-مۇلىكىنەن ايىرىلىپ بانكروت بولعاندىعى سەبەپتى وزدەرىن ءولتىرۋى ولاردى ەشقانداي قۇتىلىسقا جەتكىزبەيدى، بۇندا ولار تەك ادامدار اراسىنان قاراسىن عانا ءوشىردى، بىراق ولار ۇلكەن اڭگىمەنىڭ الدا بولاتىنىن بىلسە ەتتى. يسلامدا بانكروتتار تۇرمەگە سالىنبايدى، ونسىزدا ولاردىڭ بەرەر ەشتەڭەسى جوق، ادەتتە بانكروت بولعانداردى اشىق ءجاريالاۋ كەرەك، سەبەبى كوپ ادام ونىڭ بانكروت بولعانىن بىلمەي وعان الدانۋى مۇمكىن دەلىنەدى، سوندىقتان «بۇل ادام بانكروت بولعان، ونىمەن جۇمىس ىستەمەڭدەر، ساق بولىڭدار، قازىر وندا اقشا جوق.» دەپ اشكەرە ەتىلۋى كەرەك، بۇرىنعى زامانداردا وسىنداي ءداستۇر بولعان، ولاردى كوشە ارالاتىپ جۇرتقا ءمالىم ەتەتىن دە، مۇمكىن بولعان ادامشىلىقتىڭ الدىن الاتىن، بىراق ولاردى سوتتاۋ نەمەسە تۇرمەگە قاماۋ دەگەن ىستەر جوق بولاتۇعىن.

بۇلدا ءبىر وتكەن ىستەر ەدى، بانكروت بولعان ادامداردا باسىنا تۇسكەن وسىنداي قيىنشىلىقتى جاعدايلارعا سابىر ەتىپ، قاناعات جانە ريزالىق ىشىندە ءومىر سۇرە بەرۋى كەرەك، بۇل ءوزىنىڭ ىستەگەن ارەكەتتەرىڭە بايلانىستى العاڭ «سىباعاڭ.»، ال جاقسى ىستەردى ىستەي تۇرا باسىڭا بۇنداي جاعدايلار تۋىلسا، وندا بۇل ساعان كەلگەن ءبىر سىناق بولماق، ال جامان ىستەر ىستەپ جۇرگەن بولساڭ، وندا ول ساعان بۇل دۇنيە دە جىبەرىلگەن ءبىر جازا بولماق. الايدا وزىڭە قول جۇمساپ ءولىمىشتى بولۋ ارقىلى قيىندىقتان قۇتىلامىن دەپ ويلاما، ءتىپتى بۇل دۇنيەدە تۇرمەگە تۇسكەن بولساڭدا ءوزىڭدى ولتىرسەڭ، وندا اللا تاعالا ساعان قيامەت كۇنىنە دەيىن ءوزىڭدى ولتىرگەن ءساتىڭدى قايتالاتتىرىپ قيناپ جازالايتىن بولادى، سوندىقتان ءوزىن ءولتىرۋ ساعان قاشار جول ەمەس، كەرىسىنشە ول تاعى ءبىر ءتىپتى دە ۇلكەن ازاپقا باستار جول، وندايلار ونان ارمان اۋىر جازاعا ۇشىراماق، بۇل حاقىندا قاسيەتتى پايعامبارىمىز «وزىنە قول جۇمساعاندار جان ءتاسىلىم بولاردا قاتتى قينالادى ءارى ولاردىڭ وسى قينالىسىمەن ءولىم ءساتى قيامەت كۇنى كەلگەنشە ولارعا قايتالانا بەرەتىن بولادى.» دەيدى (ادام ولتىرسەدە سولاي، كىسى ولتىرۋشىلەر ولگەن سوڭ قيامەت كۇنىنە دەيىن ەلدى قالاي ولتىرسە وزدەرى دە سولاي ۇزدىكسىز قايتالاي ءولتىرىلىپ قيناۋدا ۇستالاتىن بولادى).

«ولەرمىن دە كەتەرمىن.» دەيدى، كەتەرسىڭ بىراق ول قۇتىلىس جولى ەمەس، قۇتىلىس جولى - اللا تاعالادان كەلەتىن ءولىم امىرىمەن ساعاتىن كۇتۋ، سوندىقتان وعان اسىقپا، ءولىم ەرتەمە كەش باسىمىزعا ءبىر كەلەتىن جاعداي، ءاربىر ادام ءولىم ءدامىن تاتادى ەمەسپە، وزىنە قول جۇمساپ ءولىمىشتى بولىپ، ونىڭ ازابىن قيامەتكە دەيىن تارتۋ ەشقانداي اقىلدىلىق ەمەس. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونداي ىستەردى ادەتتە اقىل-ەسى اۋىسقان نەمەسە قۇتىرعان ادامدار ىستەيدى، بىراق ساۋ ادامدار ونداي قادامدارعا بارسا، قيامەتتەگى قايتا تىرىلەتىن كۇنگە دەيىن ازاپتالماق، ال قيامەت كۇنى كەلگەندە، ولاردىڭ جاعدايىنىڭ نە بولاتىنى جانە قانداي اۋىر جازالارعا دۇشار بولاتىنى ءبىر اللا تاعالانىڭ وزىنە ايان.

ادەتتە وزىنە قول سالۋ ۋاقيعالارى ءدىنسىز نەمەسە كاپىر ءدىندى باي ەلدەردەگى ادامدار اراسىندا كوپتەپ كەزدەسەتىن، بۇل ىستەر ولاردا ۇنەمى تۋىلاتىن ەدى، بىراق وسىلاي بولار تۇرا وسى ەلدەر وزدەرىن ەڭ اقىلدىلار سانايتىنى تاعى بار. بۇنى قويا تۇرالىق، ولار ءتىپتى ولگىسى كەلەتىندەرگە ارناپ، ولار ولگەندە قينالماي ولتىرەتىن ادىستەردى تاپقىرلاپ قويعان، ولار ۋكىل سالىپ نەمەسە ءدارى بەرىپ ءوزىن ولتىرتەدى، ولاردىڭ شەكتەن شىققانى سونشالىق، ولار وسىنداي قىزمەت وتەۋلەرگە دەيىن دايىندادى، ولاردىڭ بۇل پالەكەتتەرى وزدەرىمەن كەتسىن.

ولار يمانسىز حالىقتار بولعاندىقتان «ءولىم ەڭ سوڭعى بەكەت.» دەپ ويلايدى، الايدا ءىستىڭ ناعىز باسى ءدال سول جەردەن باستالادى دا، ءوزىن ءوزى ولتىرگەندەر قيامەتكە دەيىن ءوزىن ءولتىرۋدىڭ ازابىن تارتپاق. «ولار قينالمايدى.» دەيدى، قايدان قينالماسىن، يمانى جوقتىعى سەبەپتى وسىنداي ءىس ىستەگەنى ءۇشىن قاتتى قينالماق. ءولىم ساتىندەگى قينالىس راسىندا بار نارسە، كىم بولساڭدا قانداي كەرەمەت ۋكىل سالىپ نە ءدارى ءىشىپ ولسەڭدە ءولىمنىڭ بۇل ازاپ دامىنەن قاشىپ قۇتىلا المايسىڭ، بۇنداعى ۇقساماستىعى سول ءولىم ساتىندەگى قينالىس كەيبىر ادامدار ءۇشىن جەڭىل بولسا، ال كەيبىر ادامدار ءۇشىن اۋىر بولادى.

سوندىقتان ادامدار شايتاننىڭ تۇزاعىنا ءتۇسىپ قالماۋى كەرەك، ول ساعان ازاپتى قالايدى، اسىرەسە جاستار زەرىگىپ جالىققاندا نەمەسە جابىققاندا وسىنداي كەلەڭسىز ىستەرگە كوپ بارادى. ولار «ءبىزىڭ ءومىر سۇرەر ۋاقىتىمىز تىم ۇزاق.» دەيدى، ۇزاق ءومىر سۇرەتىنىڭدى قايدان ءبىلدىڭ؟ ءتىپتى مىڭ جاس ءومىرىڭ بار بولسادا، سوڭىندا ول دا كوزدى اشىپ-جۇمعانشا ءوتىپ كەتپەك، سول ءۇشىن مۇسىلماندار اللا تاعالادان پانا تىلەۋى جانە وعان يمانمەن سەنۋى كەرەك. بۇل ءومىر نە ءومىر؟ ول كوزدى اشىپ جۇمعانشا وتە شىعاتىن ءومىر، ال شايتانعا الدانىپ ءوزىڭدى ولتىرسەڭ، ءوزىڭدى ءوزىڭ كۇيرەتەسىڭ جانە اينالاڭداعىلارمەن جاقىندارىڭا دا زور قينالىستار الىپ كەلەتىن بولاسىڭ.

ءبىز رەسەي ەلىنە بارعاندا، باشقۇرتستان، تاتارستان، قازاقستان سياقتى مۇسىلمان ەلدەرىنىڭ وزىندە كوپتەگەن ادامداردىڭ وزدەرىنە قول سالاتىنىن ەستىدىك، ونداعىلار «ءبىزدىڭ كوپتەگەن ساباقتاستارىمىز وزدەرىنە وزدەرى قول سالىپ ءولىپ الدى.» دەيدى، ارينە ولار كومينيزىم شەكپەنىنەن جاڭا شىققان ەلدەر، سوندىقتان ولار دا جاستايىنان وزدەرىنە قول سالۋ احۋالى كوپ كەزدەسەدى.

وزىنە قول سالىپ ءوزىن ولتىرگەندەر ەشقاشان جازاسىز قالماق ەمەس، ولار ءوزىن ولتىرگەن سوڭ ولاردىڭ جانىن ءتىپتى دە اۋىر جازا كۇتىپ تۇر، سوندىقتان ادامداردا يماننىڭ بولۋى اسا ماڭىزدى بولماق-ءدۇر. اللا تاعالا يماندارىمىزدى كۇشەيىتكەي، مۇسىلمان قاۋىمدارىنىڭدا يمانىنا قۋات بەرگەي، سوندا بارىپ ولار نە ىستەپ نە قويىپ جۇرگەنىن تۇسىنەر، ولار اللا تاعالاعا سەنىپ، ومىرلەرىن سول جاراتۋشى يەسىنىڭ قالاۋىنا تاپسىرۋى كەرەك، اللا تاعالا بىزگە جاقسى ءومىر بەرگەي جانە ءبىزدى ءوز ناپسىلەرىمىزدىڭ قولىندا قالتىرماعاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=174