You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Әр адамның тағдыры алла тағаланың құпияларынан (2021.08.25)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=100

Әр адамның тағдыры алла тағаланың құпияларынан (2021.08.25)

Қасиетті пайғамбарымыз «тағдырға сену - алла тағаланың жалғыздығына сену, адамдардың тағдыры алла тағаланың жанында жазылған, ол - алла тағаланың бір сыры.» деп айтқан еді. Пайғамбарымыз тағыда «кімде-кім тағдырдың құпия сыр екендігін білсе және оған илана сенсе, ол жайлылық ішінде өмір сүретін болады.» дейді, мәлім іс туыла қалса, адамдар оған бола ашуланып үмітсізденеді әрі істің қалай және не үшін болғандығын білмек болып тырмысады. Алайда тағдырға сенетін адамдар оның алла тағаладан келетіндігін біледі де, оған көңілсізденудің және оны өзгерітпекке тырбынудың қажетсіз екендігін түсінеді. Болар іс болды, енді оны біз өзгерте алмаймыз, көнеден қалған аталы сөздерде «өлім және өткен екеуіне ем жоқ.» делінеді, өлер адам өлді, өткен өтіп кетті, олар үшін сен өле алмайсың ғой.

Бұл мәселелер маңызды істерден, адамдар үнемі қайғы-қасіреттер және көңілсіздіктер ішінде жүреді, ал тағдырға сеніп, оған иман келтіргендер бұл қайғы-қасіреттермен көңілсіздіктерден ада болады. Болар іс болды, басқа жол жоқ, оған ашуланасың ба әлде қуанасың ба бәрі бір, туылар іс сөзсіз туылмақ. Мәселен, Адам мырза жолда жүріп келе жатып, аяғын сындырып алды, ал адамдар «болса бұл қалай болғаны, ол тек бұнда болмаған болса ...» дейді, бірақ болар іс болды, оған ендігі келетіні симен сауап. Енді не істей аларсың? ештеңе ете алмаймыз, алла тағала баршамызды жаман тағдырдан сақтасын.

Жүректеріңде иман болса болғаны, ол жақсылықтың нышаны болмақ, бұлда адамдардың тағдыры ішінде жазылған, алла тағаланың иман беруі немесе бермеуі де - алла тағаланың бір сыр құпиясы, бұл сыр өзінде бар жан яғни иманы бар адам алла тағалағадан тұрақтылықты, жақсы тағдырды және жақсы ақырды ұдайы дұға етіп тілеуі керек. Бұл ең маңызды іс, әркім бұл жайлы көп ойланғаны жөн, ал басқа істерге көңіл ауыртудың қажеті шамалы. Алла тағала баршамызға иманда тұрақтылық бергей және ақырымызды жақсы еткей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


ءار ادامنىڭ تاعدىرى اللا تاعالانىڭ قۇپيالارىنان (2021.08.25)

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «تاعدىرعا سەنۋ - اللا تاعالانىڭ جالعىزدىعىنا سەنۋ، ادامداردىڭ تاعدىرى اللا تاعالانىڭ جانىندا جازىلعان، ول - اللا تاعالانىڭ ءبىر سىرى.» دەپ ايتقان ەدى. پايعامبارىمىز تاعىدا «كىمدە-كىم تاعدىردىڭ قۇپيا سىر ەكەندىگىن بىلسە جانە وعان يلانا سەنسە، ول جايلىلىق ىشىندە ءومىر سۇرەتىن بولادى.» دەيدى، ءمالىم ءىس تۋىلا قالسا، ادامدار وعان بولا اشۋلانىپ ۇمىتسىزدەنەدى ءارى ءىستىڭ قالاي جانە نە ءۇشىن بولعاندىعىن بىلمەك بولىپ تىرمىسادى. الايدا تاعدىرعا سەنەتىن ادامدار ونىڭ اللا تاعالادان كەلەتىندىگىن بىلەدى دە، وعان كوڭىلسىزدەنۋدىڭ جانە ونى وزگەرىتپەككە تىربىنۋدىڭ قاجەتسىز ەكەندىگىن تۇسىنەدى. بولار ءىس بولدى، ەندى ونى ءبىز وزگەرتە المايمىز، كونەدەن قالعان اتالى سوزدەردە «ءولىم جانە وتكەن ەكەۋىنە ەم جوق.» دەلىنەدى، ولەر ادام ءولدى، وتكەن ءوتىپ كەتتى، ولار ءۇشىن سەن ولە المايسىڭ عوي.

بۇل ماسەلەلەر ماڭىزدى ىستەردەن، ادامدار ۇنەمى قايعى-قاسىرەتتەر جانە كوڭىلسىزدىكتەر ىشىندە جۇرەدى، ال تاعدىرعا سەنىپ، وعان يمان كەلتىرگەندەر بۇل قايعى-قاسىرەتتەرمەن كوڭىلسىزدىكتەردەن ادا بولادى. بولار ءىس بولدى، باسقا جول جوق، وعان اشۋلاناسىڭ با الدە قۋاناسىڭ با ءبارى ءبىر، تۋىلار ءىس ءسوزسىز تۋىلماق. ماسەلەن، ادام مىرزا جولدا ءجۇرىپ كەلە جاتىپ، اياعىن سىندىرىپ الدى، ال ادامدار «بولسا بۇل قالاي بولعانى، ول تەك بۇندا بولماعان بولسا ...» دەيدى، بىراق بولار ءىس بولدى، وعان ەندىگى كەلەتىنى سيمەن ساۋاپ. ەندى نە ىستەي الارسىڭ؟ ەشتەڭە ەتە المايمىز، اللا تاعالا بارشامىزدى جامان تاعدىردان ساقتاسىن.

جۇرەكتەرىڭدە يمان بولسا بولعانى، ول جاقسىلىقتىڭ نىشانى بولماق، بۇلدا ادامداردىڭ تاعدىرى ىشىندە جازىلعان، اللا تاعالانىڭ يمان بەرۋى نەمەسە بەرمەۋى دە - اللا تاعالانىڭ ءبىر سىر قۇپياسى، بۇل سىر وزىندە بار جان ياعني يمانى بار ادام اللا تاعالاعادان تۇراقتىلىقتى، جاقسى تاعدىردى جانە جاقسى اقىردى ۇدايى دۇعا ەتىپ تىلەۋى كەرەك. بۇل ەڭ ماڭىزدى ءىس، اركىم بۇل جايلى كوپ ويلانعانى ءجون، ال باسقا ىستەرگە كوڭىل اۋىرتۋدىڭ قاجەتى شامالى. اللا تاعالا بارشامىزعا يماندا تۇراقتىلىق بەرگەي جانە اقىرىمىزدى جاقسى ەتكەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=100