You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=99
Оғаштықтарға толы заман ... (2021.08.24)

Біз қазір пайғамбарымыз алдын ала болжап баяндап кеткен уақыттың ішінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл күндері олар жақсылықты тиып, жамандық істеуге бұйыруда, қазіргілер сондай бір сұмдық дәуірде жасап жатыр, харам істеу қалыпты іске айналып кеткен, олар ненің арам, ненің алал екендігін де ұмытқан. Осы кезде жағдай мүлдем бөлекше, қиямет тым жақын тұр, алайда адамдар бұл дүниеден үлесті көп алған сайын, өздерін мәңгілік өмір сүретіндей көреді. Олар тапқан дүниесіне есеп беретінідігінен хабарсыз, әсіресе арамдығын біле тұра арам жолмен тапқаныңа есеп беру өте қиын тимек. Көптеген адамдар ненің арам екенін білмейді, ал біреу біле тұра арам іс істесе, оның ақуеті өте жаман болмақ, бұндайда ол алла тағалаға және ОНЫҢ бұйрығына тіке қарсы шыққан болып саналады. Әдетте, адамдар өзін зияндайтын немесе улайтын нәрсені ешқашан жемейді, ал бұл істелініп жүрген күнәалармен арам істер бұл удан да жаман, онан саған еш пайда келмейді, ол саған зияннан басқа ештеңе әкелмек емес, біз осы нұқталы түйіндерді білуіміз әрі оған аса абай болғанымыз жөн.

Олар басқа қатыссыз істерді күнәмен арамға жатқызады да, ал шындығында күнә және арам болған істерге еш көңіл бөлмейді, қайта оны алал іс ретінде көрсетеді әрі соны өздері істейді. Олар осындай нәрселердің артынан жүгіріп, тек қалай ақша жасау хақында ғана бас қатырады. Харам істі біле тұра істесең, одан өзіңе және балаларыңа еш пайдасы жоқ, онда еш береке-құт болмайды, титтей ғана алалды іс, соншама көп харам істен әлде қайда жақсы болмақ.

Біз күн сайын адамдарды таңдандыратын істерге дөп келудеміз, бұнда европаша өмір салтын қалыпты өмір салты етіп алған көптеген надан адамдар бар, ал адамдар «олардың етіп жүргені тым қалыпты іс қой.» дейді. Шындығында олар кұнә, аса үлкен күнәлар істеуде, бұндай істі қалай істеуге батынып жүрсіңдер? Мұсылман едіңдер ғой? Ата-аналарыңда мұсылман емеспе еді? Тіпті мұсылман емес елдермен европалықтардың өзі сендердің істеп жүрген істердің тыйым салынған жаман істерден екендігін жақсы біледі. Батыстықтар сан түрлі күнәлі бұрыс істерді істеп алып, поптарына барады да, оған ақша береді және сол арқылы өздерінің күнәларының кешірілуін өтінеді, бізде бұндай нәрсе жоқ, күнә істемеуің керек. Бірақ бұнда олар өздерінің күнәсін біліп отыр, сондықтан олар шіркеуге, боптарға барып күнәлаларының кешірілуін өтінуде. Ал біздің адамдарда осылар құрлы таным-түсінікте қалмаған, оны түсінбейді, тіпті біздегілер ненің харам екенінде білмейтін болып қалған, олар харамды жай әңгіме етіп, ол хақында еш қымсынбастан сөйлейді.

Аса ғажап оғаш істер туылуда, бейне пайғамбарымыз айтқандай:
«تَجْعَلُ الحَلِيمَ حَيْرَاْنًا»
яғни «естінің өзін алжастырған.» уақыт болды, олар елді таңғалдырумен келеді, басқа адамдар «бұл дұрыспа? ол туралы тереңірек ойласып көрдіңдер ме екен?» деседі. Біздің ел мұсылмандарды көтеру үшін имам-қатып тәрбиелеитін медіреселерді құрған еді, алайда бұндағылар жақсы адамдарды жетістіріп шығудың орнына, оларды өздері пайдаланып, өз басына патуа шешімдер шығаруда. Ал мұндай істер елімізге де оларға да пайдасыз, оның бұл дүниемен ақиретке де еш пайдасы жоқ. Бұл медіреседегілерге әсілінде машайықтардың тәрбиесімен оқытулары үйретілуі керек, сонда барып оларда өрлеумен өсу болады. Бұнда мыңдаған имам-қатып медіреселері бар болсада, көптеген күнә-жамандықтарға ұрынатын адамдардың саны күн сайын көбейіп келеді, олар бұл күйге шыншылдықтың жоқтығынан түсті. Бұл араға өзі үйреніп таза келген бала, кетерінде санасы шатақ ілімдерге толып, шатасқан түрде қайтады, ал иманы бар болса, оны да жоғалтып алмақ. Онда олар келушілерге екі-ақ сөзді жүрекпен үйретті, бірі, қалай айлық алу керектігін яғни айлығын ала алса болғаны бәріде жақсы болмақ, енді бірі, адамдарды жақсылық істеуге бастаудың орнына күнәлі іс істеуге бастау, алла тағала біздерді панасына алсын.

Алла тағала мұсылмандарды бұл замандағы жамандықтардың кесірінен сақтасын, істелініп жатқан істермен біз өмір сүріп жатқан мына заман ерсіліктерге толы, біз оларға келіспейміз. Алла тағала біздерді кешірсін, біз осыншалық қана сөйлей аламыз, біз оларды қолымызбен өзгерте алмайтын болғандықтан, шама келгенше тілмен өзгертуге тырыстық. Біз бұл күнәлармен әділетсіздіктерді қабыл ете алмаймыз, біз олардан жырақпыз. Алла тағала біздерді кешіргей және біздері өз панасына алып қорғағай.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=99