You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8941
НҰР-МҰХАММЕТ, АЛЛА ҚАЛАУЫ, ЖӘНЕ ДҮНИЕНІ БАСҚАРАТЫН ӘУЛИЕЛЕР

Алла пайғамбарымызды өз нұрынан жаратты, бұл нұрды нұр-мұхаммет дейміз. Ал Алла осы нұр-мұхамметті сүйгендіктен, оған арнап, ол нұрдан қаламды, 18мың ғаламды, және оның ішіндегі жанды-жансызды, адамзатты, уақытты, кеңестікті жаратты. Көктегі сансыз жұлдыздар да пайғамбарымызға арнап жаратылған төменгі әлемдегі жаратылыстар ғана. Олар төменгі әлемді безендіріп, әдемі ету үшін, адамзатқа қызмет өтеу үшін жаратылды. Біз тұрған әлемді дүние деп атайды, ал дүние деген сөз, төмен, бос, арзан деген мағынаны білдіреді. Сол үшін де, дүние басты мақсат емес, дүние қума, ақирет қу, дүниені ақирет үшін істет, дүние - қолдың кірі, дүниені жүрекке емес, сырытқа ұста делінер. Ал Алла осы дүниені басқару ұқығын пайғамбарымызға берген, бірақ ол барыстың қандай болатынына біздің ақылымыз жетпейді. Біз қашан өлетінімізді, тіпті басымызда қанша тал шаш барында білмейміз, әлемді пайғамбарымыздың қалай басқаратынына ақылымыз қалай жетсін. Ал пайғамбарымыз осы дүниені басқаруды 40 сұлтан әулиеге міндеттеген, және олар оны өз ойлары бойынша емес, бірақ дәл Алланың қалағанындай етіп басқарады. Олар Алла нені қаласа, соны істейді, Алланың қалағанына ғана ереді. Жұрт, 'әулиелер неге кереметін істетпейді' дер. Себебі, әулиелер Алла қалауына ғана ереді, өз қалауына ермейді. Мәселен, егер жәй бір әулиеге Алла рұхсат берсе, ол кереметімен бүкіл адамзатты артына ертіп, мұсылман ете алады. Бірақ, бұл Алланың адамдарға берген ерік-қалауын күшпен өзгертуге, олардың жақсы-жаманға еру еркіндігіне қол салуға жатады. Ал мына дүние сынақ алаңы, Алла адамдарды сынау үшін оларға жақсы я жаманға еру ұқығын берген. Ал оны кереметпен, я күшпен өзгертуге рұқсат жоқ, бұнда тек кеңес айтуға ұқық берілген. Демек, кеңес-ақыл айтылады, бірақ кереметпен я зорлықпен өзгертуге жол жоқ. Әулиелер жұртқа тек кеңес айтар, ал еру-ермеу әр адамның өз ісі, бірақ ақиретте адамдар осы еркіндікті қайда істеткенінен сұралатын болады. Пайғамбарымыздың абыройы тым зор, мәселен, қиямет күні Алла адамзатқа өзі кесім жасап болған соң, пайғамбарымызды күрсіге отырғызып, 'ендігі кесім жасау сенің құзырыңда' дейді. Ал Алла күрсіде отыр дегендер адасты, олар - Аллаға мекен берген надандар. Мына дүниеде әр заманда пайғамбарымызға уәкіл 124000 әулие бар, олардың ішінде ірі 40 құтып әулие, 7 аутад, 7 ақяр әулие бар, міне осы әулиелер дүниені Алла қалауындай етіп басқарады. Қазір шайтанмен кәпірлер, еврейлер дүниені біз басқарып тұрмыз деп ойлар. Бірақ олардың үстінен қарап тұрған 40 әулие бар, және олар істің барлығын Алла қалағанындай етіп орналастырады. Ал шайтанмен кәпірлерге берілген еркіндікпен үстемдіктің бітер уақыты таяды. Одан соң Алла қалауымен дереу Мәхди хазірет шығып, оларды КЕТІРЕДІ, дүниені әпсәтте өзгертеді. Бұл өзгеріс тым жақын, оның 101 пердесінің 100 пердесі ашылып болды, тек 1 ғана перде қалды, ол - дүниежүзілік 3інші соғыс.

نۇر-مۇحاممەت، اللا قالاۋى، جانە دۇنيەنى باسقاراتىن اۋليەلەر

اللا پايعامبارىمىزدى ءوز نۇرىنان جاراتتى، بۇل نۇردى نۇر-مۇحاممەت دەيمىز. ال اللا وسى نۇر-مۇحاممەتتى سۇيگەندىكتەن، وعان ارناپ، ول نۇردان قالامدى، 18مىڭ عالامدى، جانە ونىڭ ىشىندەگى جاندى-جانسىزدى، ادامزاتتى، ۋاقىتتى، كەڭەستىكتى جاراتتى. كوكتەگى سانسىز جۇلدىزدار دا پايعامبارىمىزعا ارناپ جاراتىلعان تومەنگى الەمدەگى جاراتىلىستار عانا. ولار تومەنگى الەمدى بەزەندىرىپ، ادەمى ەتۋ ءۇشىن، ادامزاتقا قىزمەت وتەۋ ءۇشىن جاراتىلدى. ءبىز تۇرعان الەمدى دۇنيە دەپ اتايدى، ال دۇنيە دەگەن ءسوز، تومەن، بوس، ارزان دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى. سول ءۇشىن دە، دۇنيە باستى ماقسات ەمەس، دۇنيە قۋما، اقيرەت قۋ، دۇنيەنى اقيرەت ءۇشىن ىستەت، دۇنيە - قولدىڭ كىرى، دۇنيەنى جۇرەككە ەمەس، سىرىتقا ۇستا دەلىنەر. ال اللا وسى دۇنيەنى باسقارۋ ۇقىعىن پايعامبارىمىزعا بەرگەن، ءبىراق ول بارىستىڭ قانداي بولاتىنىنا ءبىزدىڭ اقىلىمىز جەتپەيدى. ءبىز قاشان ولەتىنىمىزدى، ءتىپتى باسىمىزدا قانشا تال شاش بارىندا بىلمەيمىز، الەمدى پايعامبارىمىزدىڭ قالاي باسقاراتىنىنا اقىلىمىز قالاي جەتسىن. ال پايعامبارىمىز وسى دۇنيەنى باسقارۋدى 40 سۇلتان اۋليەگە مىندەتتەگەن، جانە ولار ونى ءوز ويلارى بويىنشا ەمەس، ءبىراق ءدال اللانىڭ قالاعانىنداي ەتىپ باسقارادى. ولار اللا نەنى قالاسا، سونى ىستەيدى، اللانىڭ قالاعانىنا عانا ەرەدى. جۇرت، 'اۋليەلەر نەگە كەرەمەتىن ىستەتپەيدى' دەر. سەبەبى، اۋليەلەر اللا قالاۋىنا عانا ەرەدى، ءوز قالاۋىنا ەرمەيدى. ماسەلەن، ەگەر ءجاي ءبىر اۋليەگە اللا رۇحسات بەرسە، ول كەرەمەتىمەن بۇكىل ادامزاتتى ارتىنا ەرتىپ، مۇسىلمان ەتە الادى. ءبىراق، بۇل اللانىڭ ادامدارعا بەرگەن ەرىك-قالاۋىن كۇشپەن وزگەرتۋگە، ولاردىڭ جاقسى-جامانعا ەرۋ ەركىندىگىنە قول سالۋعا جاتادى. ال مىنا دۇنيە سىناق الاڭى، اللا ادامداردى سىناۋ ءۇشىن ولارعا جاقسى يا جامانعا ەرۋ ۇقىعىن بەرگەن. ال ونى كەرەمەتپەن، يا كۇشپەن وزگەرتۋگە رۇقسات جوق، بۇندا تەك كەڭەس ايتۋعا ۇقىق بەرىلگەن. دەمەك، كەڭەس-اقىل ايتىلادى، ءبىراق كەرەمەتپەن يا زورلىقپەن وزگەرتۋگە جول جوق. اۋليەلەر جۇرتقا تەك كەڭەس ايتار، ال ەرۋ-ەرمەۋ ءار ادامنىڭ ءوز ءىسى، ءبىراق اقيرەتتە ادامدار وسى ەركىندىكتى قايدا ىستەتكەنىنەن سۇرالاتىن بولادى. پايعامبارىمىزدىڭ ابىرويى تىم زور، ماسەلەن، قيامەت كۇنى اللا ادامزاتقا ءوزى كەسىم جاساپ بولعان سوڭ، پايعامبارىمىزدى كۇرسىگە وتىرعىزىپ، 'ەندىگى كەسىم جاساۋ سەنىڭ قۇزىرىڭدا' دەيدى. ال اللا كۇرسىدە وتىر دەگەندەر اداستى، ولار - اللاعا مەكەن بەرگەن ناداندار. مىنا دۇنيەدە ءار زاماندا پايعامبارىمىزعا ۋاكىل 124000 اۋليە بار، ولاردىڭ ىشىندە ءىرى 40 قۇتىپ اۋليە، 7 اۋتاد، 7 اقيار اۋليە بار، مىنە وسى اۋليەلەر دۇنيەنى اللا قالاۋىنداي ەتىپ باسقارادى. ءقازىر شايتانمەن كاپىرلەر، ەۆرەيلەر دۇنيەنى ءبىز باسقارىپ تۇرمىز دەپ ويلار. ءبىراق ولاردىڭ ۇستىنەن قاراپ تۇرعان 40 اۋليە بار، جانە ولار ءىستىڭ بارلىعىن اللا قالاعانىنداي ەتىپ ورنالاستىرادى. ال شايتانمەن كاپىرلەرگە بەرىلگەن ەركىندىكپەن ۇستەمدىكتىڭ بىتەر ۋاقىتى تايادى. ودان سوڭ اللا قالاۋىمەن دەرەۋ ءماحدي حازىرەت شىعىپ، ولاردى كەتىرەدى، دۇنيەنى اپساتتە وزگەرتەدى. بۇل وزگەرىس تىم جاقىن، ونىڭ 101 پەردەسىنىڭ 100 پەردەسى اشىلىپ بولدى، تەك 1 عانا پەردە قالدى، ول - دۇنيەجۇزىلىك 3ءىنشى سوعىس.

#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8941