https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8919
Сұхбат: құлшылық пайғамбарымыз арқылы Аллаға ұсынылғанда, қабыл болады (2026.08.21 / Хижри 1448-жыл 08-Рабиул-Аууал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Shaykh Nazim Dergah, Lefka, Cyprus, Turkiye, 2026) Алла Әззә уә-Жәллә, «وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ», яғни, «және намаз өтеңдер, зекет беріңдер, расулға бойұсыныңдар, сонда мейірімге жетерсіңдер» дейді, құран 24інші сүре 56інші аят, садақаллахулғазим. Демек, Алла Әззә уә-Жәллә, «Аллаға бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар, сонда Ол сендерге рахым және мейіріммен мәміле жасар» дейді. Ал құптаның екінші бөлегінде, «жүрек те тат басар» деп айтылған, ол кәдімгі темірдің тат басатыны сияқты болар. Темірді тат басқанда, оны тазалау керек, оның таты кеткенде оны істетуге келер, темірді тат басса, ол біртіндеп шіриді. Ал жүрек тат баспауы керек, бұндағы тат қараңғылықты, күпірлікті, имансыздықты, және сан түрлі жаман нәрселерді білдіреді. Міне осы нәрселер жүректі қарайтады, қараңғы етеді, содан ол оны істетуге келмейтін нәрсе етіп жібереді.
Ал оны құран әзиму-шән тазартады, жалтыратады, және иманды арттырады, құран әзиму-шән пайғамбарымыз ﷺға оның қасиетті тілі арқылы жіберілді, солай, Алла Әззә уә-Жәлләның сөздері ол арқылы бізге жетті. Қазір кейбір адамдар, «бізге құран керек емес, пайғамбардың хадисі керек емес» дейді, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә арнайы түрде құранда, «أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ», яғни, «Аллаға бағын, расулға» бағын деп айтып кетті емеспе. Демек, Алла ﷻға, және пайғамбарымыз ﷺға бағын. Ал оның білдіретіні сол, пайғамбарымыз ﷺның әдемі сөздері исламның маңызымен қаймағы-дүр, барлығы сонда жатыр, ал хадис болмаса, ештеңені түсінуге келмейді.
Алла ﷻ онсызда қалағанын істейді емеспе, яғни, Алла ﷻ осыны әмір етті, ал кімдер, «маған пайғамбар керек емес, мені оны өзім түсініп аламын» десе, олар сонау бастанақ өздерін ұрып талдырған болады. Демек, олар өздерін тура жолдан шығарып жіберді, бұл - бір апат, себебі, құран әзиму-шән пайғамбарымыз ﷺ арқылы түсіндірілді, оқылды және жазылды. Барлығы пайғамбарымыз ﷺ арқылы келді, ал оны сен қалай жоққа шығарасың? Діннің негізі, Алла жолының негізі - пайғамбарымыз ﷺ. Ал кімде пайғамбарымыз ﷺды құрметтеу кемшіл болса, онда еш иман жоқ, олар - тек тілімен мұсылманмын деп жүрге біреулер ғана. Алла ﷻ бізді бұдан сақтағай. Олар осы себепті имансыз кетуі мүмкін.
Ал осы ай мәулит айы, пайғамбарымыз ﷺның туылған айы, біз оған салауат жолдаймыз, тәкбір және тәхлил бағыштаймыз, Алладан ол арқылы біздің жақсы амалдарымызбен құлшылықтарымызды қабыл етуін сұраймыз. Біз оны өзімізге шапағатшы етеміз, біз, «біздің өтеген құлшылығымызда еш қайыр жоқ, істеген ісімізде еш қайыр жоқ, біз оларды тек пайғамбарымыздың құрметімен ғана Аллаға ұсына аламыз» деп айтамыз. Ал біз осылай еткенде ғана, Алла Әззә уә-Жәллә оларды кері қайтармайтын болады, әйтпесе, біз не істесек те, не оқысақ та, олардан еш қайыр жоқ, біздің нәпсімізбен болған нәрсенің барлығы жақсы емес, біз оны күнәға толы етіп жібереміз.
Кейбір адамдар өздерін маңызды біреулер санап, «пайғамбардың шапағаты қажетсіз, мен өзім істеп кетемін» деп айтар, бірақ сіздің істегеніңіз бір жапырақ шүпірек қана болар, ол ештеңеге татымайды. Себебі, сіз жақсы амалмен жаман амалды араластырып аласыз, оны ластайсыз, кемітесіз, таза нәрсені кірлетесіз. Сіз осылай ете тұра, Алла Әззә уә-Жәлләның алдында тұрмақ боласыз, ал олар оны бетіңізге лақтырып жіберетін болады. Демек, сіз құлшылығыңызды сондай әдепсіз жолмен, құрметсіз мәнермен ұсынасыз, сол кезде олар сізге, «оныңды өзің ал, және бұл арадан кет» дер. Яғни, сен іс-амалыңды алып келесің, және Алла құзіретінде пайғамбарымызға құрметсіздік көрсетесің, сүйте тұра оны маңызды нәрсе ойлайсың, ал бұндайда оларың мүлдем қабыл етілмейтін болады.
Сондықтан, біз істеген амалымызды пайғамбарымыз ﷺның берекесімен және шапағаты астында істеп, ұсына аламыз. Алла ﷻ адамдарды хидаятқа бастағай, ал шайтан болса, адамдармен ойнауда, әсіресе қазір мәулит шәриф айы кезінде, шайтан және шайтанмен бірге болғандар онан арман ашулануда. Сонда шайтанмен бірге болған бұлар кімдер? олар - пайғамбарымызды құрметтемейтіндер, оның құнымен нарқын білмейтіндер. Олар шайтанның ойыншығы болып кетті. Алла ﷻ оларды есін жинатқай, олар хидаятқа келгей, тура жолға келгей, иншалла. Ал біздің ниетіміз пайғамбарымыз ﷺның үйреткендері-дүр, яғни, ол рахым-дүр. Біз рахымды, мейірімді боламыз, және біз олардың тура жолға келуін үміт етеміз, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قۇلشىلىق پايعامبارىمىز ارقىلى اللاعا ۇسىنىلعاندا، قابىل بولادى (2026.08.21 / حيجري 1448-جىل 08-رابيۋل-اۋۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Shaykh Nazim Dergah، Lefka، Cyprus، Turkiye، 2026) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ»، ياعني، «جانە ناماز وتەڭدەر، زەكەت بەرىڭدەر، راسۋلعا بويۇسىنىڭدار، سوندا مەيىرىمگە جەتەرسىڭدەر» دەيدى، قۇران 24ءىنشى سۇرە 56ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «اللاعا بويۇسىنىڭدار، پايعامبارعا بويۇسىنىڭدار، سوندا ول سەندەرگە راحىم جانە مەيىرىممەن مامىلە جاسار» دەيدى. ال قۇپتانىڭ ەكىنشى بولەگىندە، «جۇرەك تە تات باسار» دەپ ايتىلعان، ول كادىمگى تەمىردىڭ تات باساتىنى سياقتى بولار. تەمىردى تات باسقاندا، ونى تازالاۋ كەرەك، ونىڭ تاتى كەتكەندە ونى ىستەتۋگە كەلەر، تەمىردى تات باسسا، ول بىرتىندەپ ءشىريدى. ال جۇرەك تات باسپاۋى كەرەك، بۇنداعى تات قاراڭعىلىقتى، كۇپىرلىكتى، يمانسىزدىقتى، جانە سان ءتۇرلى جامان نارسەلەردى بىلدىرەدى. مىنە وسى نارسەلەر جۇرەكتى قارايتادى، قاراڭعى ەتەدى، سودان ول ونى ىستەتۋگە كەلمەيتىن نارسە ەتىپ جىبەرەدى.
ال ونى قۇران ءازيمۋ-ءشان تازارتادى، جالتىراتادى، جانە يماندى ارتتىرادى، قۇران ءازيمۋ-ءشان پايعامبارىمىز ﷺعا ونىڭ قاسيەتتى ءتىلى ارقىلى جىبەرىلدى، سولاي، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ سوزدەرى ول ارقىلى بىزگە جەتتى. ءقازىر كەيبىر ادامدار، «بىزگە قۇران كەرەك ەمەس، پايعامباردىڭ ءحاديسى كەرەك ەمەس» دەيدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ارنايى تۇردە قۇراندا، «أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ»، ياعني، «اللاعا باعىن، راسۋلعا» باعىن دەپ ايتىپ كەتتى ەمەسپە. دەمەك، اللا ﷻعا، جانە پايعامبارىمىز ﷺعا باعىن. ال ونىڭ بىلدىرەتىنى سول، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ادەمى سوزدەرى يسلامنىڭ ماڭىزىمەن قايماعى-ءدۇر، بارلىعى سوندا جاتىر، ال حاديس بولماسا، ەشتەڭەنى تۇسىنۋگە كەلمەيدى.
اللا ﷻ ونسىزدا قالاعانىن ىستەيدى ەمەسپە، ياعني، اللا ﷻ وسىنى ءامىر ەتتى، ال كىمدەر، «ماعان پايعامبار كەرەك ەمەس، مەنى ونى ءوزىم ءتۇسىنىپ الامىن» دەسە، ولار سوناۋ باستاناق وزدەرىن ۇرىپ تالدىرعان بولادى. دەمەك، ولار وزدەرىن تۋرا جولدان شىعارىپ جىبەردى، بۇل - ءبىر اپات، سەبەبى، قۇران ءازيمۋ-ءشان پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى ءتۇسىندىرىلدى، وقىلدى جانە جازىلدى. بارلىعى پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى كەلدى، ال ونى سەن قالاي جوققا شىعاراسىڭ؟ ءدىننىڭ نەگىزى، اللا جولىنىڭ نەگىزى - پايعامبارىمىز ﷺ. ال كىمدە پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەۋ كەمشىل بولسا، وندا ەش يمان جوق، ولار - تەك تىلىمەن مۇسىلمانمىن دەپ جۇرگە بىرەۋلەر عانا. اللا ﷻ ءبىزدى بۇدان ساقتاعاي. ولار وسى سەبەپتى يمانسىز كەتۋى مۇمكىن.
ال وسى اي ءماۋليت ايى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ تۋىلعان ايى، ءبىز وعان سالاۋات جولدايمىز، تاكبىر جانە ءتاحليل باعىشتايمىز، اللادان ول ارقىلى ءبىزدىڭ جاقسى امالدارىمىزبەن قۇلشىلىقتارىمىزدى قابىل ەتۋىن سۇرايمىز. ءبىز ونى وزىمىزگە شاپاعاتشى ەتەمىز، ءبىز، «ءبىزدىڭ وتەگەن قۇلشىلىعىمىزدا ەش قايىر جوق، ىستەگەن ىسىمىزدە ەش قايىر جوق، ءبىز ولاردى تەك پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتىمەن عانا اللاعا ۇسىنا الامىز» دەپ ايتامىز. ال ءبىز وسىلاي ەتكەندە عانا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى كەرى قايتارمايتىن بولادى، ايتپەسە، ءبىز نە ىستەسەك تە، نە وقىساق تا، ولاردان ەش قايىر جوق، ءبىزدىڭ ناپسىمىزبەن بولعان نارسەنىڭ بارلىعى جاقسى ەمەس، ءبىز ونى كۇناعا تولى ەتىپ جىبەرەمىز.
كەيبىر ادامدار وزدەرىن ماڭىزدى بىرەۋلەر ساناپ، «پايعامباردىڭ شاپاعاتى قاجەتسىز، مەن ءوزىم ىستەپ كەتەمىن» دەپ ايتار، ءبىراق ءسىزدىڭ ىستەگەنىڭىز ءبىر جاپىراق شۇپىرەك قانا بولار، ول ەشتەڭەگە تاتىمايدى. سەبەبى، ءسىز جاقسى امالمەن جامان امالدى ارالاستىرىپ الاسىز، ونى لاستايسىز، كەمىتەسىز، تازا نارسەنى كىرلەتەسىز. ءسىز وسىلاي ەتە تۇرا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ الدىندا تۇرماق بولاسىز، ال ولار ونى بەتىڭىزگە لاقتىرىپ جىبەرەتىن بولادى. دەمەك، ءسىز قۇلشىلىعىڭىزدى سونداي ادەپسىز جولمەن، قۇرمەتسىز مانەرمەن ۇسىناسىز، سول كەزدە ولار سىزگە، «ونىڭدى ءوزىڭ ال، جانە بۇل ارادان كەت» دەر. ياعني، سەن ءىس-امالىڭدى الىپ كەلەسىڭ، جانە اللا قۇزىرەتىندە پايعامبارىمىزعا قۇرمەتسىزدىك كورسەتەسىڭ، سۇيتە تۇرا ونى ماڭىزدى نارسە ويلايسىڭ، ال بۇندايدا ولارىڭ مۇلدەم قابىل ەتىلمەيتىن بولادى.
سوندىقتان، ءبىز ىستەگەن امالىمىزدى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بەرەكەسىمەن جانە شاپاعاتى استىندا ىستەپ، ۇسىنا الامىز. اللا ﷻ ادامداردى حيداياتقا باستاعاي، ال شايتان بولسا، ادامدارمەن ويناۋدا، اسىرەسە ءقازىر ءماۋليت ءشاريف ايى كەزىندە، شايتان جانە شايتانمەن بىرگە بولعاندار ونان ارمان اشۋلانۋدا. سوندا شايتانمەن بىرگە بولعان بۇلار كىمدەر؟ ولار - پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەمەيتىندەر، ونىڭ قۇنىمەن نارقىن بىلمەيتىندەر. ولار شايتاننىڭ ويىنشىعى بولىپ كەتتى. اللا ﷻ ولاردى ەسىن جيناتقاي، ولار حيداياتقا كەلگەي، تۋرا جولعا كەلگەي، ينشاللا. ال ءبىزدىڭ نيەتىمىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇيرەتكەندەرى-ءدۇر، ياعني، ول راحىم-ءدۇر. ءبىز راحىمدى، مەيىرىمدى بولامىز، جانە ءبىز ولاردىڭ تۋرا جولعا كەلۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8919