You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8844
Сұхбат: кейбір дүниелік және ақиреттік пайдалы ақыл-кеңестер (2026.06.03 / Хижри 1447-жыл 17-Зұл-Хижа)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Weeping Dervish Dergah – Famagusta, Cyprus, Turkiye, 2026) Шүкір-Алла, біз тағы қосылдық, екі жыл болып кетіпті, күндер зымырап өтуде, иншалла, жиналысымыз тіпті де көп бола бергей, ол - әдемі, Алла ﷻ сіздерге риза болғай. Адамдар мұхтаж-дүр, демек, кезкелген адамда мұхтаждық болады, себебі, бұл дүние жеке пайдаға қатысты келер, яғни, мына дүние пайдалар дүниесі. Қазір әркім өз пайдасы үшін тіпті көп істерді істейтін болды, бұнда жеке пайда дегеніміз сол, олар көптеп пайда алғысы келеді. Ал пайда бар нәрсе, және бұнда Алла үшін болған пайда да бар. Демек, Аллаға бұрылудан, Одан жақсылық сұраудан, шыншыл болудан келетін пайда бар, шын пайдалы пайда деген міне осы, табыс деген міне осы.

Адамдар, «тағы бір адамды пайдаланып кетуді табыс» деп ойлайды, бірақ бұл оларға пайда бермейді, және өзгелерге де пайда бермейді, ал пайда Алланы риза ететін нәрселерде жатыр. Алла Әззә уә-Жәллә барлық пайғамбарларды адамдардың пайдасы үшін жіберді, оларға пайдалы әрбір нәрсені көрсету үшін жіберді. Адам әлейхис-саламнан бастап, біз пайғамбарымыз ﷺға дейін 124000 пайғамбар келіп, адамзатқа барлығын үйретіп кетті. Олар адамдарға қалай өмір сүруді, өзгелерге қалай мәміле жасауды, және Алла Әззә уә-Жәлләның жолына қалай ілесуді үйретті. Олар барша жамандық атаулыны харам етті, және адамдарға, «бұлар жақсы емес, оны істемеңдер» деп, жол көрсетті. Ал оларға құлақ асқандар жеңіске жетті де, құлақ аспағандар өз өмірлерін құртып тынды.

Сондықтан, шүкір-Алла, бұл жиналыстар маңызды, бұл заманда көптеген адамдарды көрдік, иншалла, көптеген адамдар бұндай жиындарға жақындайтын болады, Алла бізді қорғағай. Барлық бауырларымыз ықыласты, шыншыл адамдар, олар бар жүректерімен өзгелерге жақсыны көрсетіп, жақсылықты үйретуде. Олардың көрсеткендері тек Алла Әззә уә-Жәллә үшін еді, онда дүниелік пайдалары жоқ, шүкір-Алла, біз Алла Әззә уә-Жәлләның әр адамға риздығын беретінін білеміз. Бірақ, бақытсыздыққа орай, кейде дінни адамдар өз пайдалары үшін, жұртты әртүрлі сұмдық нәрселерге шақырып жүр. Содан соң, адамдар діннен кетеді, және олар, «не үшін былай болды» деп ренжиді, ал бұнда ренжудің еш қажеті жоқ, өз ісіңізді шын ықыласпен істеңіз, тура жол көрсетіңіз, және адал болыңыз.

Білетіңізді және үйренгеніңізді өзгелерге үйретіңіз, сіз үшін аса зор пайда және табыс міне осы болмақ, ал жақсы адамдар бір-бірін қолдауы, бір-біріне тура жол көрсетуі керек. Және жол көрсеткенде, ол мейірімділікпен көрсетілуі керек, онда мәжбүрлеу болмасын, әр адам оны істей алғанынша істесін, және Алла ﷻ олардың істей алмаған бөлігін кешіретін болады. Бұндағы маңызды іс - ниет, егер ниет болса, Алла сол ниет бойынша оның істей алмағанына да зор сауаптар беретін болады. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадис-шәрифінде, «адамның ниеті оның амалынан жақсы» дейді. Мәселен, сіз жақсы іс істеуге ниет еттіңіз делік, бірақ сізге оны істеуге орай болмады, немесе, оны істей алмадыңыз, ал Алла Әззә уә-Жәллә осыны да сөзсіз естелікке алады.

Егер сіз бір жақсы амал, бір әдемі іс істесеңіз, Алла оған он есе сауап беріп, естелікке алады, ал сіз оны істеуге ниет еткенмен, бірақ оны істей алмасаңыз, сонда да сіз сол ниетіңіз үшін сауап табатын боласыз. Егер сіз жаман бірдеңе істемекші болсаңыз, бірақ кейін ойыңызды өзгертсеңіз де, я оны істей алмасаңыз да, оған күнә жазылмайды. Егер оны істесеңіз, ол тек бір күнә ретінде естелікке алынады, ал егер сіз өкіне тәубе етсеңіз, сол күнә үшін кешірім сұрасаңыз, Алла сізді кешіретін болады, және оған күнә жазбайды. Міне бұл исламның жолы, пайғамбарымыз ﷺның жолы, ол - әдемі жол, бірақ адамдар өз нәпсілеріне еріп, бұл жолдан аулақ жүреді, одан қорқады, олар оны «жаман нәрсе» деп ойлайды. Немесе, олар барлығын тастап кетеді, себебі олар, «ол бізге қиын» деп ойлайды.

Кейбіреулер, «мен оны кейін істеймін, кейін істеймін» деумен өмірін өткізеді, және олар ештеңе істемейді, ал кейбірі сонау бастан ештеңе істемейді, олардың жағдайы тіпті қиын болар. Себебі олар жақсы амал істеуге ниет еткен де жоқ, ал бұнда, «мен оны кейін істеймін» деп айтқандар, ең кемінде оған ниет жасады. Алла оларды олардың ниетіне қарай кешіретін болады, иншалла, Аллаға алғыстар болсын, қажылықпен құрбан айттың күндері де өтіп кетті. Осыбір құтты ай - қасиетті айлардың соңы, олар, зұл-қада, зұл-хижа, және мұхаррам. Осы құтты айлар - Алла қасында өте берекелі айлар, сонымен бірге олар біз үшін бір сауға, демек, олар Алла Әззә уә-Жәлләдан бізге берілген сауға, ал біз осы айларды құлшылықпен өткізуге ниет еткен едік.

Иншалла, Алла біздің ниетімізге қарай нәсіп еткей, біз шамамыз келгенше құлшылық еттік, ал намаз маңызды, Мәуләнә Шайық Назым хазірет намаз өтемейтіндерге бір әдемі кеңес айтқан. Ол былай дер, намаз оқымайтын адам ең кемінде күніне екі ракат намаз оқысын, олар осы ракатты бір апта, екі апта, бір ай, екі ай өтесін. Ал олар оған үйренісіп қалған соң, оны төрт ракатқа арттырсын, содан олар оны тағы да үш я бес ай жалғастырсын. Ал біраз уақыт өткен соң, тәнмен жанның осыбір әдемілікке деген қажеті арта түседі, содан, шүкір-Алла, олар күнделікті бес уақ намазды өтей бастайтын болады.

Ораза да өте маңызды, ол да біртіндеп істелінуі керек, ақиқатында, көптеген адамдар намаз оқымастан ораза ұстай береді, бұл сонау ерте заманнан солай болып келген, демек, олар оразаны ешқашан тастамаған. Тіпті намаз оқымаса да, әркім 30 күн ораза ұстаған, олар намаз оқымады, ал кейбірі тек жұмадан жұмаға барып, жұма намаз ғана өтеген, кейбірі айттан айтқа ғана намаз оқыған, бірақ олар ұдайы ораза ұстайтын еді. Бірақ қазіргі кездегі адамдар бұны да тастады, қазір Алла хикіметінде, кейбір дохтырлар шықты, шындығында олар дохтыр емес, ал осылар, «сақтан, ораза ұстама, ауырасың, өлесің» дейді. Ал ақиқатында сырттағы білімді дохтырлар ораза ұстауға кеңес береді, себебі ораза ауру-кеселді емдеп жазуға өте пайдалы. Олар адамдарға біз сияқты 11, 12, я 13 сағат емес, тіпті 18, я 20 сағат ораза ұстатып қояды.

Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺның жолы бізге адамға нақты не қажет болса, соны қамдайды, не талап етілсе, соны қамдайды, адамды қажеті бойынша қамтамасыз ететін жол және нұсқау осы еді. Егер адамдар өз өмірлерін осы бойынша орналастырса, олар бұнда да, ақиретте де жәйлы, қуанышты, бақытты және табысты болады, ең маңызды, ең басты іс міне осы. Тағы бір аса маңызды іс пайғамбарымызды құрметтеу, оған еш адамды салыстыруға келмейді. Бірақ бақытсыздыққа орай, кейбір адамдар оны түкке жарамайтын біреулерге салыстырып жүр, бұл мүлдем қате. Біздің ақиретте ең қажет ететін нәрсеміз де сол пайғамбарымыздың шапағаты, ал оның шапағатынсыз, біздің жағдайымыз тым мүшкіл хәлге түсіп қалатын болады.

Бұны дін білместер білмейді, бірақ қазір өзін діндар санайтын бір топ адамдар шықты, және олар, «пайғамбар деп айт, бірақ оған салауат айтпа» дейді, олар тағы, «ол біз сияқты жәй адам, саған тек өз амалың ғана керек, оны шапағаты керек емес» дейді. Тіпті олар, «егер сен оның шапағатын сұрасаң, Аллаға шірік жасаған боласың» дейді. Ал олардың бұл айтып жүргендері ақылдың ісі емес, демек, бұл тек олардың өздерін зияндайды, және оларға сенген өзгелерді де зияндайды. Себебі, олар адамдарға күмән салады, оларға, «біз салауат айтсақ исламнан шығып кетемізбе», немесе, «мәулит айтсақ, исламнан шыққан боламызба» деп, ойлаттырып қояды. Олар міне осылай адамдардың санасына күмән салады, тіпті сонымен, кейбір адамдар діннен қашатын болады.

Сондықтан, сақтан, бұндай адамға қарамаңдар, немесе құлақ салмаңдар, естімеңдер, себебі, қазір әр адамда телефон бар болып, олар интернетті ашады да, ойы түзу болмаған манағындай адамдардың мағынасыз, бос, қыңыр бірдеңелерін естіді, және көреді. Тіпті оларды естудің өзі іш жағыңызда ауру тудырады, демек, іш жағыңызға бір микроп кіреді. Кәдімгі ауру-кесел бар жердегі микроптан сақтану үшін маска тағатыныңыз сияқты, ондай адамдардың бейне-жазбаларын ашпаңыз, көрмеңіз, оларды ешқашан естімеңіз, тыңдамаңыз. Алла ﷻ бізді олардың кесір-кесапатынан сақтағай. Алла ﷻ барлығыңызға риза болғай, машалла, Алла бұндағы Яқуп Әфендиге және осында жиналған барлығыңызға риза болғай. Бұл жиналыс Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің және пайғамбарымыздың жолына ілеседі.

Бұл - бір әдемі жол, және Алладан бір сауға, ол көне заманнан қалған ата-бабалардың осыбір байырғы орындарды ықыласпен қайта тірілдіруде, қайта жандандыруда, ал осы арқылы сауаптар біздің ата-бабаларымызға да барады, және олар ақиретте сіздер үшін дұға жасаййды. Алла барлығыңызға риза болғай, иншалла, Алла ﷻ осындай жерлерді көбейте бергей, және осындай жиналыстағы жамағаттар арта бергей, үлкейе бергей. Алла ﷻ сіздерге салихалы балалар бергей, иншалла. Және балаларыңызға көп көңіл бөліңіздер, бұнда отырғандарыңыз, барлығыңыз анасыздар. Қазір әр адам, «сен балаңды қайсы университетке жібердің, мен жеке мектепке жібердім, менің балам өте зерек, өте қағылез» деп, бөсіп, мақтанып жатады. Бірақ ең үлкен мектеп, ең үлкен университет кім? ол - ана, ал басқа мектеп, я университет анадай ықпалды бола алмайды, балаға көңіл бөліп, оны жақсы адам етіп өсіруші, міне осы ана.

Қазір ел-жұрт, «жалақымыз 100 мың, 200 мың лира» деп жатады, ал әрбір анаға 200 мың лира жалақы берілуі керек, себебі, жақсы, сәлихалы ұрпақ өсіру ұлтпен мемлекетке бірдей пайдалы, ол барлығына татиды. Ол олардың манағы мән-мағынасыз мектептерімен университеттерінен әлдеқайда жақсы, әлдеқайда көп құнға татиды. Сол үшін балаңызға көңіл бөліңіз. Ал балаға көңіл бөлу дегеніміз, балаңа ишәра етіп айғайлағанда, оның алдыңа жүгіріп келе қалуы емес. Оларға тәртіп, және әдеп үйретіңіз, олардың сұрағандарын түгел бере салмаңыз. Ал бала анасының жүрегі жұмсақ екенін біледі, сондықтан, олар жылайды, сұрағанына жеткенше, жылай береді, қыңсылап тұрып алады.

Тіпті, олар солай тұрып алса да, оларға ештеңені дереу бере салмаңыз, біраз күттіріңіз, бір сағат, бес сағат күттіресіз, сонда олар оның құнын, қадір-қымбатын білетін болады. Бақытсыздыққа орай, кейбір ата-аналар тіпті балалары бірдеңе сұраудан бұрын, «саған мынау керекпе, анау керекпе» дейді, демек, олар осылай балаларының әмірі астында жүреді. Өкініштісі, қазір адамдар балалары бірдеңе сұраудан бұрын, дереу олардың қызыметінде бола қалады. Әйелдер, ханымдар, сіздер осыған көңіл бөлулеріңіз керек, сіздер оларды жаман іс істеуден тосуларыңыз керек, осы жәйлы сақ болыңыздар. Алла ﷻ баршаңызға риза болғай, машалла, біздің жиналыстарымыз баянды болғай. Біз барлығымыз осы дүниеде де, ақиретте де бақытты болайық, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: كەيبىر دۇنيەلىك جانە اقيرەتتىك پايدالى اقىل-كەڭەستەر (2026.06.03 / حيجري 1447-جىل 17-زۇل-حيجا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Weeping Dervish Dergah – Famagusta، Cyprus، Turkiye، 2026) شۇكىر-اللا، ءبىز تاعى قوسىلدىق، ەكى جىل بولىپ كەتىپتى، كۇندەر زىمىراپ وتۋدە، ينشاللا، جينالىسىمىز ءتىپتى دە كوپ بولا بەرگەي، ول - ادەمى، اللا ﷻ سىزدەرگە ريزا بولعاي. ادامدار مۇحتاج-ءدۇر، دەمەك، كەزكەلگەن ادامدا مۇحتاجدىق بولادى، سەبەبى، بۇل دۇنيە جەكە پايداعا قاتىستى كەلەر، ياعني، مىنا دۇنيە پايدالار دۇنيەسى. ءقازىر اركىم ءوز پايداسى ءۇشىن ءتىپتى كوپ ىستەردى ىستەيتىن بولدى، بۇندا جەكە پايدا دەگەنىمىز سول، ولار كوپتەپ پايدا العىسى كەلەدى. ال پايدا بار نارسە، جانە بۇندا اللا ءۇشىن بولعان پايدا دا بار. دەمەك، اللاعا بۇرىلۋدان، ودان جاقسىلىق سۇراۋدان، شىنشىل بولۋدان كەلەتىن پايدا بار، شىن پايدالى پايدا دەگەن مىنە وسى، تابىس دەگەن مىنە وسى.

ادامدار، «تاعى ءبىر ادامدى پايدالانىپ كەتۋدى تابىس» دەپ ويلايدى، ءبىراق بۇل ولارعا پايدا بەرمەيدى، جانە وزگەلەرگە دە پايدا بەرمەيدى، ال پايدا اللانى ريزا ەتەتىن نارسەلەردە جاتىر. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارلىق پايعامبارلاردى ادامداردىڭ پايداسى ءۇشىن جىبەردى، ولارعا پايدالى ءاربىر نارسەنى كورسەتۋ ءۇشىن جىبەردى. ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺعا دەيىن 124000 پايعامبار كەلىپ، ادامزاتقا بارلىعىن ۇيرەتىپ كەتتى. ولار ادامدارعا قالاي ءومىر ءسۇرۋدى، وزگەلەرگە قالاي مامىلە جاساۋدى، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىنا قالاي ىلەسۋدى ۇيرەتتى. ولار بارشا جاماندىق اتاۋلىنى حارام ەتتى، جانە ادامدارعا، «بۇلار جاقسى ەمەس، ونى ىستەمەڭدەر» دەپ، جول كورسەتتى. ال ولارعا قۇلاق اسقاندار جەڭىسكە جەتتى دە، قۇلاق اسپاعاندار ءوز ومىرلەرىن قۇرتىپ تىندى.

سوندىقتان، شۇكىر-اللا، بۇل جينالىستار ماڭىزدى، بۇل زاماندا كوپتەگەن ادامداردى كوردىك، ينشاللا، كوپتەگەن ادامدار بۇنداي جيىندارعا جاقىندايتىن بولادى، اللا ءبىزدى قورعاعاي. بارلىق باۋىرلارىمىز ىقىلاستى، شىنشىل ادامدار، ولار بار جۇرەكتەرىمەن وزگەلەرگە جاقسىنى كورسەتىپ، جاقسىلىقتى ۇيرەتۋدە. ولاردىڭ كورسەتكەندەرى تەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ەدى، وندا دۇنيەلىك پايدالارى جوق، شۇكىر-اللا، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءار ادامعا ريزدىعىن بەرەتىنىن بىلەمىز. ءبىراق، باقىتسىزدىققا وراي، كەيدە ءدىنني ادامدار ءوز پايدالارى ءۇشىن، جۇرتتى ءارتۇرلى سۇمدىق نارسەلەرگە شاقىرىپ ءجۇر. سودان سوڭ، ادامدار دىننەن كەتەدى، جانە ولار، «نە ءۇشىن بىلاي بولدى» دەپ رەنجيدى، ال بۇندا رەنجۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، ءوز ءىسىڭىزدى شىن ىقىلاسپەن ىستەڭىز، تۋرا جول كورسەتىڭىز، جانە ادال بولىڭىز.

بىلەتىڭىزدى جانە ۇيرەنگەنىڭىزدى وزگەلەرگە ۇيرەتىڭىز، ءسىز ءۇشىن اسا زور پايدا جانە تابىس مىنە وسى بولماق، ال جاقسى ادامدار ءبىر-ءبىرىن قولداۋى، ءبىر-بىرىنە تۋرا جول كورسەتۋى كەرەك. جانە جول كورسەتكەندە، ول مەيىرىمدىلىكپەن كورسەتىلۋى كەرەك، وندا ماجبۇرلەۋ بولماسىن، ءار ادام ونى ىستەي العانىنشا ىستەسىن، جانە اللا ﷻ ولاردىڭ ىستەي الماعان بولىگىن كەشىرەتىن بولادى. بۇنداعى ماڭىزدى ءىس - نيەت، ەگەر نيەت بولسا، اللا سول نيەت بويىنشا ونىڭ ىستەي الماعانىنا دا زور ساۋاپتار بەرەتىن بولادى. پايعامبارىمىز ﷺ ءبىر حاديس-شاريفىندە، «ادامنىڭ نيەتى ونىڭ امالىنان جاقسى» دەيدى. ماسەلەن، ءسىز جاقسى ءىس ىستەۋگە نيەت ەتتىڭىز دەلىك، ءبىراق سىزگە ونى ىستەۋگە وراي بولمادى، نەمەسە، ونى ىستەي المادىڭىز، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىنى دا ءسوزسىز ەستەلىككە الادى.

ەگەر ءسىز ءبىر جاقسى امال، ءبىر ادەمى ءىس ىستەسەڭىز، اللا وعان ون ەسە ساۋاپ بەرىپ، ەستەلىككە الادى، ال ءسىز ونى ىستەۋگە نيەت ەتكەنمەن، ءبىراق ونى ىستەي الماساڭىز، سوندا دا ءسىز سول نيەتىڭىز ءۇشىن ساۋاپ تاباتىن بولاسىز. ەگەر ءسىز جامان بىردەڭە ىستەمەكشى بولساڭىز، ءبىراق كەيىن ويىڭىزدى وزگەرتسەڭىز دە، يا ونى ىستەي الماساڭىز دا، وعان كۇنا جازىلمايدى. ەگەر ونى ىستەسەڭىز، ول تەك ءبىر كۇنا رەتىندە ەستەلىككە الىنادى، ال ەگەر ءسىز وكىنە تاۋبە ەتسەڭىز، سول كۇنا ءۇشىن كەشىرىم سۇراساڭىز، اللا ءسىزدى كەشىرەتىن بولادى، جانە وعان كۇنا جازبايدى. مىنە بۇل يسلامنىڭ جولى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ول - ادەمى جول، ءبىراق ادامدار ءوز ناپسىلەرىنە ەرىپ، بۇل جولدان اۋلاق جۇرەدى، ودان قورقادى، ولار ونى «جامان نارسە» دەپ ويلايدى. نەمەسە، ولار بارلىعىن تاستاپ كەتەدى، سەبەبى ولار، «ول بىزگە قيىن» دەپ ويلايدى.

كەيبىرەۋلەر، «مەن ونى كەيىن ىستەيمىن، كەيىن ىستەيمىن» دەۋمەن ءومىرىن وتكىزەدى، جانە ولار ەشتەڭە ىستەمەيدى، ال كەيبىرى سوناۋ باستان ەشتەڭە ىستەمەيدى، ولاردىڭ جاعدايى ءتىپتى قيىن بولار. سەبەبى ولار جاقسى امال ىستەۋگە نيەت ەتكەن دە جوق، ال بۇندا، «مەن ونى كەيىن ىستەيمىن» دەپ ايتقاندار، ەڭ كەمىندە وعان نيەت جاسادى. اللا ولاردى ولاردىڭ نيەتىنە قاراي كەشىرەتىن بولادى، ينشاللا، اللاعا العىستار بولسىن، قاجىلىقپەن قۇربان ايتتىڭ كۇندەرى دە ءوتىپ كەتتى. ءوسىبىر قۇتتى اي - قاسيەتتى ايلاردىڭ سوڭى، ولار، زۇل-قادا، زۇل-حيجا، جانە مۇحاررام. وسى قۇتتى ايلار - اللا قاسىندا وتە بەرەكەلى ايلار، سونىمەن بىرگە ولار ءبىز ءۇشىن ءبىر ساۋعا، دەمەك، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بىزگە بەرىلگەن ساۋعا، ال ءبىز وسى ايلاردى قۇلشىلىقپەن وتكىزۋگە نيەت ەتكەن ەدىك.

ينشاللا، اللا ءبىزدىڭ نيەتىمىزگە قاراي ءناسىپ ەتكەي، ءبىز شامامىز كەلگەنشە قۇلشىلىق ەتتىك، ال ناماز ماڭىزدى، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ناماز وتەمەيتىندەرگە ءبىر ادەمى كەڭەس ايتقان. ول بىلاي دەر، ناماز وقىمايتىن ادام ەڭ كەمىندە كۇنىنە ەكى راكات ناماز وقىسىن، ولار وسى راكاتتى ءبىر اپتا، ەكى اپتا، ءبىر اي، ەكى اي وتەسىن. ال ولار وعان ۇيرەنىسىپ قالعان سوڭ، ونى ءتورت راكاتقا ارتتىرسىن، سودان ولار ونى تاعى دا ءۇش يا بەس اي جالعاستىرسىن. ال ءبىراز ۋاقىت وتكەن سوڭ، تانمەن جاننىڭ ءوسىبىر ادەمىلىككە دەگەن قاجەتى ارتا تۇسەدى، سودان، شۇكىر-اللا، ولار كۇندەلىكتى بەس ۋاق نامازدى وتەي باستايتىن بولادى.

ورازا دا وتە ماڭىزدى، ول دا بىرتىندەپ ىستەلىنۋى كەرەك، اقيقاتىندا، كوپتەگەن ادامدار ناماز وقىماستان ورازا ۇستاي بەرەدى، بۇل سوناۋ ەرتە زاماننان سولاي بولىپ كەلگەن، دەمەك، ولار ورازانى ەشقاشان تاستاماعان. ءتىپتى ناماز وقىماسا دا، اركىم 30 كۇن ورازا ۇستاعان، ولار ناماز وقىمادى، ال كەيبىرى تەك جۇمادان جۇماعا بارىپ، جۇما ناماز عانا وتەگەن، كەيبىرى ايتتان ايتقا عانا ناماز وقىعان، ءبىراق ولار ۇدايى ورازا ۇستايتىن ەدى. ءبىراق قازىرگى كەزدەگى ادامدار بۇنى دا تاستادى، ءقازىر اللا حيكىمەتىندە، كەيبىر دوحتىرلار شىقتى، شىندىعىندا ولار دوحتىر ەمەس، ال وسىلار، «ساقتان، ورازا ۇستاما، اۋىراسىڭ، ولەسىڭ» دەيدى. ال اقيقاتىندا سىرتتاعى ءبىلىمدى دوحتىرلار ورازا ۇستاۋعا كەڭەس بەرەدى، سەبەبى ورازا اۋرۋ-كەسەلدى ەمدەپ جازۋعا وتە پايدالى. ولار ادامدارعا ءبىز سياقتى 11، 12، يا 13 ساعات ەمەس، ءتىپتى 18، يا 20 ساعات ورازا ۇستاتىپ قويادى.

اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى بىزگە ادامعا ناقتى نە قاجەت بولسا، سونى قامدايدى، نە تالاپ ەتىلسە، سونى قامدايدى، ادامدى قاجەتى بويىنشا قامتاماسىز ەتەتىن جول جانە نۇسقاۋ وسى ەدى. ەگەر ادامدار ءوز ومىرلەرىن وسى بويىنشا ورنالاستىرسا، ولار بۇندا دا، اقيرەتتە دە ءجايلى، قۋانىشتى، باقىتتى جانە تابىستى بولادى، ەڭ ماڭىزدى، ەڭ باستى ءىس مىنە وسى. تاعى ءبىر اسا ماڭىزدى ءىس پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەۋ، وعان ەش ادامدى سالىستىرۋعا كەلمەيدى. ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي، كەيبىر ادامدار ونى تۇككە جارامايتىن بىرەۋلەرگە سالىستىرىپ ءجۇر، بۇل مۇلدەم قاتە. ءبىزدىڭ اقيرەتتە ەڭ قاجەت ەتەتىن نارسەمىز دە سول پايعامبارىمىزدىڭ شاپاعاتى، ال ونىڭ شاپاعاتىنسىز، ءبىزدىڭ جاعدايىمىز تىم مۇشكىل حالگە ءتۇسىپ قالاتىن بولادى.

بۇنى ءدىن بىلمەستەر بىلمەيدى، ءبىراق ءقازىر ءوزىن ءدىندار سانايتىن ءبىر توپ ادامدار شىقتى، جانە ولار، «پايعامبار دەپ ايت، ءبىراق وعان سالاۋات ايتپا» دەيدى، ولار تاعى، «ول ءبىز سياقتى ءجاي ادام، ساعان تەك ءوز امالىڭ عانا كەرەك، ونى شاپاعاتى كەرەك ەمەس» دەيدى. ءتىپتى ولار، «ەگەر سەن ونىڭ شاپاعاتىن سۇراساڭ، اللاعا شىرىك جاساعان بولاسىڭ» دەيدى. ال ولاردىڭ بۇل ايتىپ جۇرگەندەرى اقىلدىڭ ءىسى ەمەس، دەمەك، بۇل تەك ولاردىڭ وزدەرىن زياندايدى، جانە ولارعا سەنگەن وزگەلەردى دە زياندايدى. سەبەبى، ولار ادامدارعا كۇمان سالادى، ولارعا، «ءبىز سالاۋات ايتساق يسلامنان شىعىپ كەتەمىزبە»، نەمەسە، «ءماۋليت ايتساق، يسلامنان شىققان بولامىزبا» دەپ، ويلاتتىرىپ قويادى. ولار مىنە وسىلاي ادامداردىڭ ساناسىنا كۇمان سالادى، ءتىپتى سونىمەن، كەيبىر ادامدار دىننەن قاشاتىن بولادى.

سوندىقتان، ساقتان، بۇنداي ادامعا قاراماڭدار، نەمەسە قۇلاق سالماڭدار، ەستىمەڭدەر، سەبەبى، ءقازىر ءار ادامدا تەلەفون بار بولىپ، ولار ينتەرنەتتى اشادى دا، ويى ءتۇزۋ بولماعان ماناعىنداي ادامداردىڭ ماعىناسىز، بوس، قىڭىر بىردەڭەلەرىن ەستىدى، جانە كورەدى. ءتىپتى ولاردى ەستۋدىڭ ءوزى ءىش جاعىڭىزدا اۋرۋ تۋدىرادى، دەمەك، ءىش جاعىڭىزعا ءبىر ميكروپ كىرەدى. كادىمگى اۋرۋ-كەسەل بار جەردەگى ميكروپتان ساقتانۋ ءۇشىن ماسكا تاعاتىنىڭىز سياقتى، ونداي ادامداردىڭ بەينە-جازبالارىن اشپاڭىز، كورمەڭىز، ولاردى ەشقاشان ەستىمەڭىز، تىڭداماڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى ولاردىڭ كەسىر-كەساپاتىنان ساقتاعاي. اللا ﷻ بارلىعىڭىزعا ريزا بولعاي، ماشاللا، اللا بۇنداعى ياقۋپ افەنديگە جانە وسىندا جينالعان بارلىعىڭىزعا ريزا بولعاي. بۇل جينالىس ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ جانە پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ىلەسەدى.

بۇل - ءبىر ادەمى جول، جانە اللادان ءبىر ساۋعا، ول كونە زاماننان قالعان اتا-بابالاردىڭ ءوسىبىر بايىرعى ورىنداردى ىقىلاسپەن قايتا تىرىلدىرۋدە، قايتا جانداندىرۋدا، ال وسى ارقىلى ساۋاپتار ءبىزدىڭ اتا-بابالارىمىزعا دا بارادى، جانە ولار اقيرەتتە سىزدەر ءۇشىن دۇعا جاسايدى. اللا بارلىعىڭىزعا ريزا بولعاي، ينشاللا، اللا ﷻ وسىنداي جەرلەردى كوبەيتە بەرگەي، جانە وسىنداي جينالىستاعى جاماعاتتار ارتا بەرگەي، ۇلكەيە بەرگەي. اللا ﷻ سىزدەرگە ساليحالى بالالار بەرگەي، ينشاللا. جانە بالالارىڭىزعا كوپ كوڭىل بولىڭىزدەر، بۇندا وتىرعاندارىڭىز، بارلىعىڭىز اناسىزدار. ءقازىر ءار ادام، «سەن بالاڭدى قايسى ۋنيۆەرسيتەتكە جىبەردىڭ، مەن جەكە مەكتەپكە جىبەردىم، مەنىڭ بالام وتە زەرەك، وتە قاعىلەز» دەپ، ءبوسىپ، ماقتانىپ جاتادى. ءبىراق ەڭ ۇلكەن مەكتەپ، ەڭ ۇلكەن ۋنيۆەرسيتەت كىم؟ ول - انا، ال باسقا مەكتەپ، يا ۋنيۆەرسيتەت اناداي ىقپالدى بولا المايدى، بالاعا كوڭىل ءبولىپ، ونى جاقسى ادام ەتىپ ءوسىرۋشى، مىنە وسى انا.

ءقازىر ەل-جۇرت، «جالاقىمىز 100 مىڭ، 200 مىڭ ليرا» دەپ جاتادى، ال ءاربىر اناعا 200 مىڭ ليرا جالاقى بەرىلۋى كەرەك، سەبەبى، جاقسى، ءساليحالى ۇرپاق ءوسىرۋ ۇلتپەن مەملەكەتكە بىردەي پايدالى، ول بارلىعىنا تاتيدى. ول ولاردىڭ ماناعى ءمان-ماعىناسىز مەكتەپتەرىمەن ۋنيۆەرسيتەتتەرىنەن الدەقايدا جاقسى، الدەقايدا كوپ قۇنعا تاتيدى. سول ءۇشىن بالاڭىزعا كوڭىل ءبولىڭىز. ال بالاعا كوڭىل ءبولۋ دەگەنىمىز، بالاڭا ءيشارا ەتىپ ايعايلاعاندا، ونىڭ الدىڭا جۇگىرىپ كەلە قالۋى ەمەس. ولارعا ءتارتىپ، جانە ادەپ ۇيرەتىڭىز، ولاردىڭ سۇراعاندارىن تۇگەل بەرە سالماڭىز. ال بالا اناسىنىڭ جۇرەگى جۇمساق ەكەنىن بىلەدى، سوندىقتان، ولار جىلايدى، سۇراعانىنا جەتكەنشە، جىلاي بەرەدى، قىڭسىلاپ تۇرىپ الادى.

ءتىپتى، ولار سولاي تۇرىپ السا دا، ولارعا ەشتەڭەنى دەرەۋ بەرە سالماڭىز، ءبىراز كۇتتىرىڭىز، ءبىر ساعات، بەس ساعات كۇتتىرەسىز، سوندا ولار ونىڭ قۇنىن، ءقادىر-قىمباتىن بىلەتىن بولادى. باقىتسىزدىققا وراي، كەيبىر اتا-انالار ءتىپتى بالالارى بىردەڭە سۇراۋدان بۇرىن، «ساعان مىناۋ كەرەكپە، اناۋ كەرەكپە» دەيدى، دەمەك، ولار وسىلاي بالالارىنىڭ ءامىرى استىندا جۇرەدى. وكىنىشتىسى، ءقازىر ادامدار بالالارى بىردەڭە سۇراۋدان بۇرىن، دەرەۋ ولاردىڭ قىزىمەتىندە بولا قالادى. ايەلدەر، حانىمدار، سىزدەر وسىعان كوڭىل بولۋلەرىڭىز كەرەك، سىزدەر ولاردى جامان ءىس ىستەۋدەن توسۋلارىڭىز كەرەك، وسى ءجايلى ساق بولىڭىزدار. اللا ﷻ بارشاڭىزعا ريزا بولعاي، ماشاللا، ءبىزدىڭ جينالىستارىمىز باياندى بولعاي. ءبىز بارلىعىمىز وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە باقىتتى بولايىق، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8844