https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8829
Сұхбат: мүмин сәлем береді, сәлем алады, күлімсіреп жүреді (2026.05.31 / Хижри 1447-жыл 14-Зұл-Хижа)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Lefke, Cyprus, Turkiye, 2026) Пайғамбарымыз ﷺ, «Алланың қасындағы ең жақсы амал, мүминнің жүрегіне қуаныш беру, оны қуандыру, оны тыныштандыру» дейді. Бір мүмин тағы бір мүминді көргенде, ол күлімсірейді, және оның жүрегі тыныштық табады, ол оған кездесіп, хәл сұрасса, бір қуанып қалады. Ол осылай Алла ﷻдың ризалығына жетеді, Оның ризалығын табады, ал шындығында бұл ешқандай қиын іс емес. Алайда, адамдардың жағдайына, іс-әрекетіне байланысты, олар ондай істей алмайды. Олар, «ол менімен шығыспайды, ол менің дәрежемде емес» деген сияқты сөздерді айтады, тіпті кейде адамдар берген саламға жауап та қайтармайды, осындай түрдегі адамдар да бар, жұрт осындай мәселелерге де ұшырап тұрады.
Ал осыбір оңай болған кішкене амал істелінсе де, адам Алла ризалығына жетеді, және Ол оған зор сауап береді, Ол мына дүниеде тыныштық және қуаныш береді, іштегі мәселелер кетеді. Ал егер сіз мәселе жасасаңыз, мәселеге ұшырайтын боласыз, әрине, барлық адамды бірдей қуандыру оңай емес, ол басқа шаруа. Бірақ кейде адамдарда әдеп жоқ, бұрынғы кезге ұқсамай кеткен, және сонымен бірге, қазіргі кезде жылы достық танытқан адамдарды пайдаланғысы келетін адамдар да көбейіп кеткен. Мейлі қалай болмасын, тым алысқа кетпей, сәлемге сәлем қайтарыңыз, пайғамбарымыз, «إفشاء السلام», «ифшас-салам» дейді, демек, сәлем беру және сәлем қайтару мұсылмандардың әдеті болуы керек.
Сәлем беру сүннет, ал оны қабыл етіп, жауап қайтару парыз, біреу сізге, «сәләму әлейкум» десе, ол сүннет орындаған болады, ал сіз оған жауап қайтармасаңыз, парызды тастаған боласыз, және оған Алла қасында сұрақ бар. Ал сұраққа алынғанда, қорқасыз, сіз оған, «уағаликум салам» деп жауап беріп, кете беруіңіз керек. Отырып алып, әңгіме соғу қажетсіз, сәлемдесу адамдар арасында жақсы байланыс орнатады, ол адамдардың қуанып жүруі үшін, және Алла ризалығына жетулері үшін бір жақсы жол. Алла ﷻ мүминдерді, мұсылмандарды сүйеді, әрине, сопылық тәриқаттағылар үшін де солай, ол бүкіл мұсылмандар үшін ұқсас. Біз кейде шет елдерге барамыз, ондағы адамдар кетіп бара жатып сәлем беріседі. Және олар сәлемге жауап қайтарады, немесе, бізге сәлем береді, және махаббатпен сәлемді қабыл етеді, олар бір-біріне күлімсірейді.
Бірақ, бақытсыздыққа орай, мұсылман болып өмір сүргенімен, әхлул сүннә уәл-жамағаны сүймейтін, сопылық тәриқат адамдарын сүймейтін адамдар бар, олардың беті ұдайы түнеріп, қабағы түйіліп жүреді. Ал олар жақсы адамдар емес, олар пайғамбарымыз жағынан сүйілмеген адамдар, олар сәлемге жауап қайтармайтын адамдар. Олар ел-жұртты өздерінен қашырады, олар сәлем бермейді, я өзгелерге сәлем қайтармайды. Алла ﷻ бізді сондай адамдардан сақтағай, мұсылмандар арасында осындай адамдар бар, иншалла, олар көп емес. Тіпті олар көп болмаса да, олар ашушаң болғандықтан, көрер көзге дөрекі, мазасыз көрінеді. Мүмкін оларды көп көрген боларсыз, біз көрдік.
Оларға сәлем берсеңіз, олар сіздің әхлул сүннә уәл-жамаға екендігіңізді, пайғамбарымыздың жолында екендігіңізді біле қалса, олар сәлем қайтармайды, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «عبوس الوجه، كريه المنظر», «ғамусул уәжих карихул мәнзар» деп отыратын, оның мағынасы сол, қабағы түйілген, жүзі ашулы кісі, көзге ұсқынсыз көрінер. Мәуләнә Шайық олар жәйлы осылай дейтін. Біз олар сияқты болмайық, иншалла, мұсылмандарға күлімсіреп жүрейік, оларды қорқытып жібермейік. Егер оларға жәрдем ете алсаң, жәрдем ет, ал үйте алмасаң, күлімсірегенің де жетеді, демек, күлімсіреу оларға жеткілікті. Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, әрине, бұл оңай емес, бірақ иншалла, Алла ﷻ барлығымызға көмектеседі.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءمۇمين سالەم بەرەدى، سالەم الادى، كۇلىمسىرەپ جۇرەدى (2026.05.31 / حيجري 1447-جىل 14-زۇل-حيجا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Lefke، Cyprus، Turkiye، 2026) پايعامبارىمىز ﷺ، «اللانىڭ قاسىنداعى ەڭ جاقسى امال، ءمۇميننىڭ جۇرەگىنە قۋانىش بەرۋ، ونى قۋاندىرۋ، ونى تىنىشتاندىرۋ» دەيدى. ءبىر ءمۇمين تاعى ءبىر ءمۇميندى كورگەندە، ول كۇلىمسىرەيدى، جانە ونىڭ جۇرەگى تىنىشتىق تابادى، ول وعان كەزدەسىپ، ءحال سۇراسسا، ءبىر قۋانىپ قالادى. ول وسىلاي اللا ﷻدىڭ ريزالىعىنا جەتەدى، ونىڭ ريزالىعىن تابادى، ال شىندىعىندا بۇل ەشقانداي قيىن ءىس ەمەس. الايدا، ادامداردىڭ جاعدايىنا، ءىس-ارەكەتىنە بايلانىستى، ولار ونداي ىستەي المايدى. ولار، «ول مەنىمەن شىعىسپايدى، ول مەنىڭ دارەجەمدە ەمەس» دەگەن سياقتى سوزدەردى ايتادى، ءتىپتى كەيدە ادامدار بەرگەن سالامعا جاۋاپ تا قايتارمايدى، وسىنداي تۇردەگى ادامدار دا بار، جۇرت وسىنداي ماسەلەلەرگە دە ۇشىراپ تۇرادى.
ال ءوسىبىر وڭاي بولعان كىشكەنە امال ىستەلىنسە دە، ادام اللا ريزالىعىنا جەتەدى، جانە ول وعان زور ساۋاپ بەرەدى، ول مىنا دۇنيەدە تىنىشتىق جانە قۋانىش بەرەدى، ىشتەگى ماسەلەلەر كەتەدى. ال ەگەر ءسىز ماسەلە جاساساڭىز، ماسەلەگە ۇشىرايتىن بولاسىز، ارينە، بارلىق ادامدى بىردەي قۋاندىرۋ وڭاي ەمەس، ول باسقا شارۋا. ءبىراق كەيدە ادامداردا ادەپ جوق، بۇرىنعى كەزگە ۇقساماي كەتكەن، جانە سونىمەن بىرگە، قازىرگى كەزدە جىلى دوستىق تانىتقان ادامداردى پايدالانعىسى كەلەتىن ادامدار دا كوبەيىپ كەتكەن. مەيلى قالاي بولماسىن، تىم الىسقا كەتپەي، سالەمگە سالەم قايتارىڭىز، پايعامبارىمىز، «إءفشا السلام»، «يفشاس-سالام» دەيدى، دەمەك، سالەم بەرۋ جانە سالەم قايتارۋ مۇسىلمانداردىڭ ادەتى بولۋى كەرەك.
سالەم بەرۋ سۇننەت، ال ونى قابىل ەتىپ، جاۋاپ قايتارۋ پارىز، بىرەۋ سىزگە، «ءسالامۋ الەيكۋم» دەسە، ول سۇننەت ورىنداعان بولادى، ال ءسىز وعان جاۋاپ قايتارماساڭىز، پارىزدى تاستاعان بولاسىز، جانە وعان اللا قاسىندا سۇراق بار. ال سۇراققا الىنعاندا، قورقاسىز، ءسىز وعان، «ۋاعاليكۋم سالام» دەپ جاۋاپ بەرىپ، كەتە بەرۋىڭىز كەرەك. وتىرىپ الىپ، اڭگىمە سوعۋ قاجەتسىز، سالەمدەسۋ ادامدار اراسىندا جاقسى بايلانىس ورناتادى، ول ادامداردىڭ قۋانىپ ءجۇرۋى ءۇشىن، جانە اللا ريزالىعىنا جەتۋلەرى ءۇشىن ءبىر جاقسى جول. اللا ﷻ مۇميندەردى، مۇسىلمانداردى سۇيەدى، ارينە، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ءۇشىن دە سولاي، ول بۇكىل مۇسىلماندار ءۇشىن ۇقساس. ءبىز كەيدە شەت ەلدەرگە بارامىز، ونداعى ادامدار كەتىپ بارا جاتىپ سالەم بەرىسەدى. جانە ولار سالەمگە جاۋاپ قايتارادى، نەمەسە، بىزگە سالەم بەرەدى، جانە ماحابباتپەن سالەمدى قابىل ەتەدى، ولار ءبىر-بىرىنە كۇلىمسىرەيدى.
ءبىراق، باقىتسىزدىققا وراي، مۇسىلمان بولىپ ءومىر سۇرگەنىمەن، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعانى سۇيمەيتىن، سوپىلىق ءتاريقات ادامدارىن سۇيمەيتىن ادامدار بار، ولاردىڭ بەتى ۇدايى تۇنەرىپ، قاباعى ءتۇيىلىپ جۇرەدى. ال ولار جاقسى ادامدار ەمەس، ولار پايعامبارىمىز جاعىنان سۇيىلمەگەن ادامدار، ولار سالەمگە جاۋاپ قايتارمايتىن ادامدار. ولار ەل-جۇرتتى وزدەرىنەن قاشىرادى، ولار سالەم بەرمەيدى، يا وزگەلەرگە سالەم قايتارمايدى. اللا ﷻ ءبىزدى سونداي ادامداردان ساقتاعاي، مۇسىلماندار اراسىندا وسىنداي ادامدار بار، ينشاللا، ولار كوپ ەمەس. ءتىپتى ولار كوپ بولماسا دا، ولار اشۋشاڭ بولعاندىقتان، كورەر كوزگە دورەكى، مازاسىز كورىنەدى. مۇمكىن ولاردى كوپ كورگەن بولارسىز، ءبىز كوردىك.
ولارعا سالەم بەرسەڭىز، ولار ءسىزدىڭ ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا ەكەندىگىڭىزدى، پايعامبارىمىزدىڭ جولىندا ەكەندىگىڭىزدى بىلە قالسا، ولار سالەم قايتارمايدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «عبوس الوجه، كريه المنظر»، «عامۋسۋل ءۋاجيح كاريحۋل ءمانزار» دەپ وتىراتىن، ونىڭ ماعىناسى سول، قاباعى تۇيىلگەن، ءجۇزى اشۋلى كىسى، كوزگە ۇسقىنسىز كورىنەر. ءماۋلانا شايىق ولار ءجايلى وسىلاي دەيتىن. ءبىز ولار سياقتى بولمايىق، ينشاللا، مۇسىلماندارعا كۇلىمسىرەپ جۇرەيىك، ولاردى قورقىتىپ جىبەرمەيىك. ەگەر ولارعا جاردەم ەتە الساڭ، جاردەم ەت، ال ۇيتە الماساڭ، كۇلىمسىرەگەنىڭ دە جەتەدى، دەمەك، كۇلىمسىرەۋ ولارعا جەتكىلىكتى. اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، ارينە، بۇل وڭاي ەمەس، ءبىراق ينشاللا، اللا ﷻ بارلىعىمىزعا كومەكتەسەدى.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8829