You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8805
Сұхбат: өзгенің өзіңе істеген жақсылығын ұмытпа, ал өзіңнің өзгеге істеген жақсылығыңды ұмытып кет (2026.05.08 / Хижри 1447-жыл 21-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Lefke, Cyprus, Turkiye, 2026) Шүкір-Алла, бұл Мәуләнә Шайық Назым әулиенің берекесінен-дүр, яғни, бұл дерга барлық адамды бірдей сыйдыра алмайды, адамдар оған сыймағандықтан, ол кеңейуі керек. Алла оны тіпті де үлкен еткей, және одан көптеген жамағатпен ел-жұрт игіліктенгей, иншалла. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «менің ниетім, яғни, ең бірінші ниетім күпірлікті жою» деп, ұдайы айтып отыратын, ал Алла Әззә уә-Жәллә ниетке қарай берер, күпірлік жойылатын болады. Иншалла, ол бір күні жойылады, ал қазіргі жағдайда, Алла Әззә уә-Жәллә Мәуләнә Шайық Назым хазіретті оның ниетіне қарай сауапқа бөлер. Және барлық мүриттер де осы сауаптан пайда алар, демек, шайық оны өзіне ғана алмайды, ол оны барлығына бөледі, және ол таусылмайды.

Ол таусылып қалатын ақшаға ұқсамайды, егер сіз бірдеңе берсеңіз, мәселен, біреуге ақша бере берсеңіз, ол таусылады, тағы басқаларға да берсеңіз, ол тіпті де азя беретін болады. Ал Алла Әззә уә-Жәлләның сауабымен сыйлығы бұған ұқсамайды, демек, бұнда кім кімге берсе, әр жақ бірдей ұқсас сауаптарды табады. Біз құптада, «وَلَا تَنسَوُا۟ ٱلْفَضْلَ بَيْنَكُمْ», яғни, «және араларыңдағы фазилетті ұмытып кетпе» деген аят кәриманы оқыдық, құран 2інші сүре 237інші аят. Демек, қайырым-жақсылықты ұмытып кетпеңіз, игілікті ұмытпаңыз, яғни, араларыңызда біреу сізге мәлім жақсылық істесе, оны ұмытып кетпеңіз. Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметінде адам баласында бір жабайы қасиет бар, ал осы жабайы тәбиғат тазаланып, оталуы керек, сонда ол әдемі нәрсеге өзгеретін болады.

Адам баласының тағы бір жаман тәбиғаты сол, рахмет айтуды білмейтіндігі болмақ, адамдарда осы қасиет көп ұшырайды, ал бұнда осы жабайы қасиетті тәртіппен, жуасытумен, және отап түзеумен жөндеген кезде ғана, әдемі адам жарыққа шығатын болады. Және ол әулие-машайықтардың жолына ілесу арқылы ғана іске асар, демек, кім сізге жақсылық істесе, оны ұмытпаңыз, есіңізде сақтаңыз. Ал бұнда ең ұлық нығымет дегеніміз Алла ﷻмен пайғамбарымыз ﷺның жолына ілесу-дүр, және ол мүршид пір арқылы іске асады, біздің пір-мүршидіміз біздің басымызда тұрар. Оның іззетін ұмытып қалмаңыз, кейде адамдар оны ұмытып кетеді, тіпті дос біреу, я басқа біреу сізді жақсы мәжіліске шақырып, сіз дұрыс жолға ол арқылы кірсеңіз, оны да есте сақтаңыз, ұмытпаңыз.

«Осы адамның себебімен, осы жолға кірдім» дерсіз, ал кейде, «бірақ мені осы дұрыс жолға әкелген адам, кейін өзі адасып кетіпті» дерсіз. Бірақ бұндайда, «ол адасып кетсе де, Алланың оны хидаятқа әкелуіне дұға етемін, себебі ол осы жолды көрсетті, бірақ Алла әмірінде бұл жол оған нәсіп болмады. Ол маған себепші болды, мен ол арқылы келдім, ол мені осы тура жолға бастады, осы тура жолды ол көрсетті, мені тура жолға салып кетті, мен ол үшін тынбай дұға жасаймын, Алла оны тағы да осы жолға бастағай» деп айтыңыз. Ал кейбіреулер, «ол ондай, ол бұндай» дер, әрине, адамдардың сөзі көп, сондықтан, олардың хәліне қарамау керек, әрбір игі іске әмір етуші Алла Әззә уә-Жәлләның өзі-дүр.

«Менің тура жолға келуіме сол адам себепші, мен оны ұмытып қалмауым керек» деңіз, демек, бұл бейшара адам шайтанмен нәпсісіне еріп, адасса да, жолға қарсы келсе де, біз ол адам үшін дұға жасауымыз керек. Яғни, біз өзімізді тура жолға бастаған адамды ешқашан ұмытпауымыз керек. Және сонымен бірге, егер сіз біреулерді тура жолға әкелсеңіз, ол адамдар сіздік жеке меншік мүлкіңіз болмайды, оларға залал әкелмеңіз. Оларды еркін қоя беріңіз, қамап алмаңыз, олар сол тура жолға ілесіп келе жатыр, одан адасқан жоқ, сіз оны бұнда әкелдіңіз, бірақ оны сатып алған жоқсыз! ол сенің құлың емес! сіз оны тура жолға әкелгеніңіз үшін, онымен ұқсас сауапқа ие боласыз. Бірақ жағдай басқаша болса, яғни дұрыс болмаса, сонда да сауапты аларсыз, бірақ бір жағынан күнә істеген боласыз.

Себебі, сіз ол адамды өсектеп жатырсыз, ол жәйлы жақсы ойлаған жоқсыз, сіз жақсы бірдеңе ойлап жүрген жоқсыз, сондықтан, бұл жәйлы да сақ болыңыз. Демек, өзің әкелген, және өзіңді туралыққа әкелген адамдар жәйлы сақ болыңыз. Егер сіз тура жолға әкелген адамдар сізбен бірге жолды жалғастырмаса да, ол үлкен шаруа емес, олар Алла жолында болса болғаны, мейлі олар кім болса, сол болсын, олардың шайтан жолын тастағаны, сіз үшін аса зор сауапты іс болмақ. Олар басқа жаман жолдарға түсіп кетпесе болғаны, сіздің сый-сауаптарыңыз зор бола бермек. Демек, Алла Әззә уә-Жәллә сіз ұқсас сауаппен сауғаны беретін болады.

Пайғамбарымыз ﷺ хадис шәрифінде, «кім біреуді тура жолға бастаса, ол да сол ұқсас сауапқа жетер» дейді, демек, егер сіз екі адамды тура жолға бастасаңыз, осы екі адам үшін сауап аласыз. Он адам болса, он адамның, мың адам болса, мың адамның, яғни, олардың барлығы үшін сауап аласыз. Алайда, егер сіз біреулерді адастырсаңыз, оларға жаман жол көрсетсеңіз, олардың әрбірінің күнәсі сіздің мойныңызда кететін болады. Сондықтан, сақ болыңыз, егер біреу тура жолға кіріп, Алла жолын жалғастырса, Аллаға алғыс айтыңыз, Алланы мадақтаңыз. Бұл бір жаман іс емес, олар баяғы сол дұрыс жолда келе жатыр, шүкір-Алла, сіздер міне осыған көңіл бөліңіздер.

Себебі, шайтан, «мен оларды жолдан шығара алмадым, бірақ кемінде олардың сауабын азайтайын, оларды бір-біріне дұшпан етіп қояйын, бір-бірін сүймейтін етейін, егер олар бір-бірін жақсы көрмесе, Алла оларға риза болмас, пайғамбар риза болмас» деген оймен қатты құлшынады. Сондықтан, ондай іспен әуре болмаңыз, олар Алла жолында болса болғаны, солай Алла жолында жүре берсін, оларға қарамаңыз. Ал сізге басқа адамдар келетін болады, демек, Алла сізге осылай тіпті де көп сый-сауаптар береді, иншалла. Олар сізден кеткені үшін сіздің сый-сауаптарыңыз жоғалып кетпейді, ол жалғаса берер. Алла ﷻ баршамызға игілік нәсіп еткей, ал біз ненің игілік екенін түсінетіндерден болайық. Және біз нәпсіміге ұсталып қалғандардан болмайық, нәпсіміздің қалауына тұсалып қалмайық. Алла ﷻ бізді тура жолдан айырмағай, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: وزگەنىڭ وزىڭە ىستەگەن جاقسىلىعىن ۇمىتپا، ال ءوزىڭنىڭ وزگەگە ىستەگەن جاقسىلىعىڭدى ۇمىتىپ كەت (2026.05.08 / حيجري 1447-جىل 21-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Lefke، Cyprus، Turkiye، 2026) شۇكىر-اللا، بۇل ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليەنىڭ بەرەكەسىنەن-ءدۇر، ياعني، بۇل دەرگا بارلىق ادامدى بىردەي سىيدىرا المايدى، ادامدار وعان سىيماعاندىقتان، ول كەڭەيۋى كەرەك. اللا ونى ءتىپتى دە ۇلكەن ەتكەي، جانە ودان كوپتەگەن جاماعاتپەن ەل-جۇرت يگىلىكتەنگەي، ينشاللا. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «مەنىڭ نيەتىم، ياعني، ەڭ ءبىرىنشى نيەتىم كۇپىرلىكتى جويۋ» دەپ، ۇدايى ايتىپ وتىراتىن، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا نيەتكە قاراي بەرەر، كۇپىرلىك جويىلاتىن بولادى. ينشاللا، ول ءبىر كۇنى جويىلادى، ال قازىرگى جاعدايدا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتى ونىڭ نيەتىنە قاراي ساۋاپقا بولەر. جانە بارلىق مۇريتتەر دە وسى ساۋاپتان پايدا الار، دەمەك، شايىق ونى وزىنە عانا المايدى، ول ونى بارلىعىنا بولەدى، جانە ول تاۋسىلمايدى.

ول تاۋسىلىپ قالاتىن اقشاعا ۇقسامايدى، ەگەر ءسىز بىردەڭە بەرسەڭىز، ماسەلەن، بىرەۋگە اقشا بەرە بەرسەڭىز، ول تاۋسىلادى، تاعى باسقالارعا دا بەرسەڭىز، ول ءتىپتى دە ازيا بەرەتىن بولادى. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ساۋابىمەن سىيلىعى بۇعان ۇقسامايدى، دەمەك، بۇندا كىم كىمگە بەرسە، ءار جاق بىردەي ۇقساس ساۋاپتاردى تابادى. ءبىز قۇپتادا، «وَلَا تَنسَوُا۟ ٱلْفَضْلَ بَيْنَكُمْ»، ياعني، «جانە ارالارىڭداعى فازيلەتتى ۇمىتىپ كەتپە» دەگەن ايات كاريمانى وقىدىق، قۇران 2ءىنشى سۇرە 237ءىنشى ايات. دەمەك، قايىرىم-جاقسىلىقتى ۇمىتىپ كەتپەڭىز، يگىلىكتى ۇمىتپاڭىز، ياعني، ارالارىڭىزدا بىرەۋ سىزگە ءمالىم جاقسىلىق ىستەسە، ونى ۇمىتىپ كەتپەڭىز. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىندە ادام بالاسىندا ءبىر جابايى قاسيەت بار، ال وسى جابايى ءتابيعات تازالانىپ، وتالۋى كەرەك، سوندا ول ادەمى نارسەگە وزگەرەتىن بولادى.

ادام بالاسىنىڭ تاعى ءبىر جامان ءتابيعاتى سول، راحمەت ايتۋدى بىلمەيتىندىگى بولماق، ادامداردا وسى قاسيەت كوپ ۇشىرايدى، ال بۇندا وسى جابايى قاسيەتتى تارتىپپەن، جۋاسىتۋمەن، جانە وتاپ تۇزەۋمەن جوندەگەن كەزدە عانا، ادەمى ادام جارىققا شىعاتىن بولادى. جانە ول اۋليە-ماشايىقتاردىڭ جولىنا ىلەسۋ ارقىلى عانا ىسكە اسار، دەمەك، كىم سىزگە جاقسىلىق ىستەسە، ونى ۇمىتپاڭىز، ەسىڭىزدە ساقتاڭىز. ال بۇندا ەڭ ۇلىق نىعىمەت دەگەنىمىز اللا ﷻمەن پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ىلەسۋ-ءدۇر، جانە ول ءمۇرشيد ءپىر ارقىلى ىسكە اسادى، ءبىزدىڭ ءپىر-ءمۇرشيدىمىز ءبىزدىڭ باسىمىزدا تۇرار. ونىڭ ىززەتىن ۇمىتىپ قالماڭىز، كەيدە ادامدار ونى ۇمىتىپ كەتەدى، ءتىپتى دوس بىرەۋ، يا باسقا بىرەۋ ءسىزدى جاقسى ماجىلىسكە شاقىرىپ، ءسىز دۇرىس جولعا ول ارقىلى كىرسەڭىز، ونى دا ەستە ساقتاڭىز، ۇمىتپاڭىز.

«وسى ادامنىڭ سەبەبىمەن، وسى جولعا كىردىم» دەرسىز، ال كەيدە، «ءبىراق مەنى وسى دۇرىس جولعا اكەلگەن ادام، كەيىن ءوزى اداسىپ كەتىپتى» دەرسىز. ءبىراق بۇندايدا، «ول اداسىپ كەتسە دە، اللانىڭ ونى حيداياتقا اكەلۋىنە دۇعا ەتەمىن، سەبەبى ول وسى جولدى كورسەتتى، ءبىراق اللا امىرىندە بۇل جول وعان ءناسىپ بولمادى. ول ماعان سەبەپشى بولدى، مەن ول ارقىلى كەلدىم، ول مەنى وسى تۋرا جولعا باستادى، وسى تۋرا جولدى ول كورسەتتى، مەنى تۋرا جولعا سالىپ كەتتى، مەن ول ءۇشىن تىنباي دۇعا جاسايمىن، اللا ونى تاعى دا وسى جولعا باستاعاي» دەپ ايتىڭىز. ال كەيبىرەۋلەر، «ول ونداي، ول بۇنداي» دەر، ارينە، ادامداردىڭ ءسوزى كوپ، سوندىقتان، ولاردىڭ حالىنە قاراماۋ كەرەك، ءاربىر يگى ىسكە ءامىر ەتۋشى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءوزى-ءدۇر.

«مەنىڭ تۋرا جولعا كەلۋىمە سول ادام سەبەپشى، مەن ونى ۇمىتىپ قالماۋىم كەرەك» دەڭىز، دەمەك، بۇل بەيشارا ادام شايتانمەن ناپسىسىنە ەرىپ، اداسسا دا، جولعا قارسى كەلسە دە، ءبىز ول ادام ءۇشىن دۇعا جاساۋىمىز كەرەك. ياعني، ءبىز ءوزىمىزدى تۋرا جولعا باستاعان ادامدى ەشقاشان ۇمىتپاۋىمىز كەرەك. جانە سونىمەن بىرگە، ەگەر ءسىز بىرەۋلەردى تۋرا جولعا اكەلسەڭىز، ول ادامدار سىزدىك جەكە مەنشىك مۇلكىڭىز بولمايدى، ولارعا زالال اكەلمەڭىز. ولاردى ەركىن قويا بەرىڭىز، قاماپ الماڭىز، ولار سول تۋرا جولعا ىلەسىپ كەلە جاتىر، ودان اداسقان جوق، ءسىز ونى بۇندا اكەلدىڭىز، ءبىراق ونى ساتىپ العان جوقسىز! ول سەنىڭ قۇلىڭ ەمەس! ءسىز ونى تۋرا جولعا اكەلگەنىڭىز ءۇشىن، ونىمەن ۇقساس ساۋاپقا يە بولاسىز. ءبىراق جاعداي باسقاشا بولسا، ياعني دۇرىس بولماسا، سوندا دا ساۋاپتى الارسىز، ءبىراق ءبىر جاعىنان كۇنا ىستەگەن بولاسىز.

سەبەبى، ءسىز ول ادامدى وسەكتەپ جاتىرسىز، ول ءجايلى جاقسى ويلاعان جوقسىز، ءسىز جاقسى بىردەڭە ويلاپ جۇرگەن جوقسىز، سوندىقتان، بۇل ءجايلى دا ساق بولىڭىز. دەمەك، ءوزىڭ اكەلگەن، جانە ءوزىڭدى تۋرالىققا اكەلگەن ادامدار ءجايلى ساق بولىڭىز. ەگەر ءسىز تۋرا جولعا اكەلگەن ادامدار سىزبەن بىرگە جولدى جالعاستىرماسا دا، ول ۇلكەن شارۋا ەمەس، ولار اللا جولىندا بولسا بولعانى، مەيلى ولار كىم بولسا، سول بولسىن، ولاردىڭ شايتان جولىن تاستاعانى، ءسىز ءۇشىن اسا زور ساۋاپتى ءىس بولماق. ولار باسقا جامان جولدارعا ءتۇسىپ كەتپەسە بولعانى، ءسىزدىڭ سىي-ساۋاپتارىڭىز زور بولا بەرمەك. دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىز ۇقساس ساۋاپپەن ساۋعانى بەرەتىن بولادى.

پايعامبارىمىز ﷺ حاديس شاريفىندە، «كىم بىرەۋدى تۋرا جولعا باستاسا، ول دا سول ۇقساس ساۋاپقا جەتەر» دەيدى، دەمەك، ەگەر ءسىز ەكى ادامدى تۋرا جولعا باستاساڭىز، وسى ەكى ادام ءۇشىن ساۋاپ الاسىز. ون ادام بولسا، ون ادامنىڭ، مىڭ ادام بولسا، مىڭ ادامنىڭ، ياعني، ولاردىڭ بارلىعى ءۇشىن ساۋاپ الاسىز. الايدا، ەگەر ءسىز بىرەۋلەردى اداستىرساڭىز، ولارعا جامان جول كورسەتسەڭىز، ولاردىڭ ءاربىرىنىڭ كۇناسى ءسىزدىڭ موينىڭىزدا كەتەتىن بولادى. سوندىقتان، ساق بولىڭىز، ەگەر بىرەۋ تۋرا جولعا كىرىپ، اللا جولىن جالعاستىرسا، اللاعا العىس ايتىڭىز، اللانى ماداقتاڭىز. بۇل ءبىر جامان ءىس ەمەس، ولار باياعى سول دۇرىس جولدا كەلە جاتىر، شۇكىر-اللا، سىزدەر مىنە وسىعان كوڭىل بولىڭىزدەر.

سەبەبى، شايتان، «مەن ولاردى جولدان شىعارا المادىم، ءبىراق كەمىندە ولاردىڭ ساۋابىن ازايتايىن، ولاردى ءبىر-بىرىنە دۇشپان ەتىپ قويايىن، ءبىر-ءبىرىن سۇيمەيتىن ەتەيىن، ەگەر ولار ءبىر-ءبىرىن جاقسى كورمەسە، اللا ولارعا ريزا بولماس، پايعامبار ريزا بولماس» دەگەن ويمەن قاتتى قۇلشىنادى. سوندىقتان، ونداي ىسپەن اۋرە بولماڭىز، ولار اللا جولىندا بولسا بولعانى، سولاي اللا جولىندا جۇرە بەرسىن، ولارعا قاراماڭىز. ال سىزگە باسقا ادامدار كەلەتىن بولادى، دەمەك، اللا سىزگە وسىلاي ءتىپتى دە كوپ سىي-ساۋاپتار بەرەدى، ينشاللا. ولار سىزدەن كەتكەنى ءۇشىن ءسىزدىڭ سىي-ساۋاپتارىڭىز جوعالىپ كەتپەيدى، ول جالعاسا بەرەر. اللا ﷻ بارشامىزعا يگىلىك ءناسىپ ەتكەي، ال ءبىز نەنىڭ يگىلىك ەكەنىن تۇسىنەتىندەردەن بولايىق. جانە ءبىز ناپسىمىگە ۇستالىپ قالعانداردان بولمايىق، ءناپسىمىزدىڭ قالاۋىنا تۇسالىپ قالمايىق. اللا ﷻ ءبىزدى تۋرا جولدان ايىرماعاي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8805