https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8192
ЖЕРШАРЫ, 'МЕНЕН АДАМ ЖАСАМАҢЫЗ' ДЕП ЖАЛЫНДЫ
Алла адам тәнін жаратпақ болып, Жебірейіл періштені жерден топырақ әкелуге әмір етеді, ол жерге келеді. Бірақ жер, 'менен не жақсы нәрсе шығар дейсіз, ештеңе алмаңыз' деп жылайды, зар заман салып, көп жалынады. Жебірейіл періште жаны ашып, қайтып кетеді, Аллаға болған істі айтады. Алла Исрафил періштені жібереді, жер оған да көп жылайды, ол да кері қайтып кетеді, Микайыл періште жіберіледі, ол да қайтып келеді, соңында Әзірейіл періште жіберілді. Ал Әзірейіл періште жерге, 'Алла әмірі сенің жалынғаныңнан жоғары' деп, жердің жылағанына қарамайды. Ол жердің әр жерінен ақ, қара, сары топырақтарды алып кетеді, ал кімнің топырағы қайдан алынса, ол кейін сонда жерленетін болды. Осы істен соң Алла Әзірейіл періштені адамдардың жанын алатын міндетке қойды, содан бастап Әзірейіл періште сұрланып кетті, ол қияметке дейін еш күлмес болды. Ақ топырақ бұйырғандар ақ, сары топырақ бұйырғандар сары, қара топырақ бұйырғандар қара нәсілді адам болды. Бірақ олардың рух-жандары ұқсамайтын, жан тәннен бұрын пайғамбарымыздың нұрынан жаралған еді, олар әруақтар әлемінде тұрады. Ана құрсағындағы ет мәлім ай болғанда, Алла қалаған мәлім жанды періштелер әруақтар әлемінен ұстап әкеліп, сол етке ұрып кіргізеді, сол кезде оның жүрегі бүлкілдеп, соға бастайды. Ал адамның кім болмағы осы жанға байланысты, бірақ жанның құпиясын Алла ғана біледі, оған адам ақылы жетпес. Тәндегі жан ұдайы шарайна сияқты көзден көкке қарап, тәннен кететін күнін аңсайды, жан үшін адам көзі тұрменің терезесіне ұқсайды.
جەرشارى، 'مەنەن ادام جاساماڭىز' دەپ جالىندى
اللا ادام ءتانىن جاراتپاق بولىپ، جەبىرەيىل پەرىشتەنى جەردەن توپىراق اكەلۋگە ءامىر ەتەدى، ول جەرگە كەلەدى. ءبىراق جەر، 'مەنەن نە جاقسى نارسە شىعار دەيسىز، ەشتەڭە الماڭىز' دەپ جىلايدى، زار زامان سالىپ، كوپ جالىنادى. جەبىرەيىل پەرىشتە جانى اشىپ، قايتىپ كەتەدى، اللاعا بولعان ءىستى ايتادى. اللا يسرافيل پەرىشتەنى جىبەرەدى، جەر وعان دا كوپ جىلايدى، ول دا كەرى قايتىپ كەتەدى، ميكايىل پەرىشتە جىبەرىلەدى، ول دا قايتىپ كەلەدى، سوڭىندا ازىرەيىل پەرىشتە جىبەرىلدى. ال ازىرەيىل پەرىشتە جەرگە، 'اللا ءامىرى سەنىڭ جالىنعانىڭنان جوعارى' دەپ، جەردىڭ جىلاعانىنا قارامايدى. ول جەردىڭ ءار جەرىنەن اق، قارا، سارى توپىراقتاردى الىپ كەتەدى، ال كىمنىڭ توپىراعى قايدان الىنسا، ول كەيىن سوندا جەرلەنەتىن بولدى. وسى ىستەن سوڭ اللا ازىرەيىل پەرىشتەنى ادامداردىڭ جانىن الاتىن مىندەتكە قويدى، سودان باستاپ ازىرەيىل پەرىشتە سۇرلانىپ كەتتى، ول قيامەتكە دەيىن ەش كۇلمەس بولدى. اق توپىراق بۇيىرعاندار اق، سارى توپىراق بۇيىرعاندار سارى، قارا توپىراق بۇيىرعاندار قارا ءناسىلدى ادام بولدى. ءبىراق ولاردىڭ رۋح-جاندارى ۇقسامايتىن، جان تاننەن بۇرىن پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنان جارالعان ەدى، ولار ءارۋاقتار الەمىندە تۇرادى. انا قۇرساعىنداعى ەت ءمالىم اي بولعاندا، اللا قالاعان ءمالىم جاندى پەرىشتەلەر ءارۋاقتار الەمىنەن ۇستاپ اكەلىپ، سول ەتكە ۇرىپ كىرگىزەدى، سول كەزدە ونىڭ جۇرەگى بۇلكىلدەپ، سوعا باستايدى. ال ادامنىڭ كىم بولماعى وسى جانعا بايلانىستى، ءبىراق جاننىڭ قۇپياسىن اللا عانا بىلەدى، وعان ادام اقىلى جەتپەس. تاندەگى جان ۇدايى شاراينا سياقتى كوزدەن كوككە قاراپ، تاننەن كەتەتىن كۇنىن اڭسايدى، جان ءۇشىن ادام كوزى تۇرمەنىڭ تەرەزەسىنە ۇقسايدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8192