https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8178
Сұхбат: алаяқтарға алданып, оларды бақпа, семіртпе, сақ бол (2025.04.15 / Хижра 1446-жыл 17-Шауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бұндағы адамдардың хәлдерінен білуге болады, көптеген адамдар өздерін «ақылды» санайды, бірақ олар өздерін зияндап жатады, осы заманның, осы ақырзаманның адамдарындай өздерін зияндаған адам жоқ, олар өзгелерге де, өздеріне де сан түрлі залалдар әкеледі, ал Алла Әззә Уә-Жәллә бұл адамдарды жақсы көрмейді, қазір біз сақ болуымыз керек, суайыттар көбейді, алдамшылар артты, ұрылар еселеді, халалмен харамды айырмайтындар көбейді, сондықтан адамдар аса сақ болуы керек. Егер сіз бірдеңе істемекші болсаңыз, бір жерге бармақшы болсаңыз, кеңесіңіздер, кеңесу сүннеттен, кеңесу дегеніміз кеңес сұрау, біреуден ақыл сұрау, кеңес алу, «бұл не? бұл мүмкін бе, жоқ па? бұл жақсы, әлде жаман?» деп сұрау болмақ, біз сөзсіз сұрауымыз керек, онсыз да алдамшылар немесе алаяқтар адамдарды, «оны дәл қазір істей сал!» деп, құныперен асықтырады, ал сіз бірдеңе істемекші болсаңыз, онда асықпаңыз, әсіресе ақша бермекші болсаңыз, мүлдем асықпаңыз. Ақшаңызды бірдеңе істемекші болып біреуге бере салмаңыз, біз бұны жүз қайталап, мың қайталап айттық, одан соң олар, «мен не істесем болады?» дер, ал, «арада қағаз бар ма, келісім бар ма?» десеңіз, «жоқ» дер, «оны білесің бе?» десек, ол, «мен оны білемін, оны көрген соң, оған сендім, ол мұсылман, оның хәлі жақсы» дейді, егер ол мұсылман болған болса, Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірлерін өтеуі керек, демек сіз барлығын жазуыңыз керек, өзіңіз кепіл болуыңыз керек, әйтпесе, әсіресе сіз біреуден ақша қарызға алмақшы болсаңыз және бір шаруаны бітірмек болсаңыз, жағдай онан арман ұшығатын болады, бұндайда сіз тоналасыз.
Сондықтан сақ болыңыз, бұл ақшаңыз Алла ﷻ дың сізге берген нығыметі, оны басқаларға, алдамшы, суайыт сияқтыларға алдыртып қоймаңыз, сіз қырағы болуыңыз керек, себебі сіз мұсылмансыз, бизністе шамаңыз келгенінше істеңіз, ешкімге сенбеңіз, алданып болған соң, «мен құйға баттым, енді одан шығамын» деп ойламаңыз, егер біреу сізге келіп, «онда бәлен жұмыс бар, түгілен шаруа бар, біз тезден оны ұтып алайық, бүйтіп ала қояйық» десе, «күтелік бауыр, мен барып, кеңес сұрайтын жерлер бар» деңіз, осы кезде ол ,«жоқ, ол ондай емес, сен асық, тез бол, егер қазір жауап бермесең, біз оны өткізіп алатын боламыз» десе, оны өткізіп жіберіңіз! иә, өтпекші болса, ол өте берсін. Оларға, «мен көшеден ақша тауып алған жоқпын» деңіз, осылай келген адамды ұрсыңыз, оның сыртқы келбетіне қарамаңыз, басындағы сәлде тұрбанына, иегіндегі сақалына, киген жұббасына қарамаңыз, қатып киіп алған киіміне, әдемі жасанғанына ешқашан қарамаңыз, бұлар адамдарды алдау үшін істететін олардың бір қулығы ғана. «Мен мына әулиенің мүритімін, бәленнің уәкілімін» дегеніне қарамаңыз, олар жағынан ақымақ болып қалмаңыз, ешкім жағынан ақымақ болмаңыз, сонда күнә істемеген боласыз, және өзгелерге де күнә істеттірмеген боласыз, егер сіз оларға ақшаңызды бермесеңіз, сіз ақшаңызды үнемдеп қаласыз, сонымен бірге басқалардың сіздің ақшамен күнә істеуіне тосқауыл қойған боласыз.
Осы кездегі адамдарда ар-ұждан деген нәрсе қалмады, олар адамдарды ақымақ етеді, ел-жұртты алдай береді, көптеген адамдар өзгелерді алдап, ақымақ ету үшін, «мен сопымын, мен мұсылманмын» дейді, адамдарды әрқандай жолмен алдайтындар бар, жұртты алдайтындардың көбі өздерін, «жақсы мұсылманбыз» деген адамдар болып келеді, сондықтан сақ болыңыз, бұнда ғана емес, бүкіл дүниенің әр жерінде алаяқтар, сенімсіз және мөралсыз адамдар өріп жүр, ал сіздер ақша я басқа нәрсе беріп оларды бақпаңыздар, семіртпеңіздер, оларға ештеңе бермеңіздер. Ең маңызды іс кеңесу, «мына адам бәлен жұмыс істемекші, ол маған жақсы ұсыныс берді, біз былай істемекшіміз я олай істемекшіміз, бұл қалай?» делінсе, сақтаныңыз, олардың 99 пайызы өтірік, ал өтірік болмаса, ол бір ақымақтық, басқа дәнеңе емес, кейде адамдар «бәлен бизніс істейміз» деп, ойынан бірдеңелерді шығарып әкеледі, өзгелерден ақша алады, ол осылай «ақша табамын» деп, ойлап жүргенде күйрейді (банкорт болады) және өзгелерді де күйретеді, онда алдамшылық болмаған күннің өзінде де, олар абыройын төгіп алады. Алла ﷻ бізді ондай адамдардан қорғағай, айтып өткеніміздей, істі бүлдіріп болып келмеңіз, сұрамаңыз, бізге, «біз енді не істейміз?» демеңіз, ештеңе жоқ, оның үстіне бір ыстакан су қойыңыз, демек сіз әсілі одан бұрын кеңесуіңіз керек еді, сіз асықтыңыз, одан соң өкіндіңіз. Енді сізге ешбір дұға жәрдем ете алмайды, ол адам күнә істеді, ол адамның ол ақшамен не у ішіп, не істейтінін Алла ﷻ өзі біледі, олар жалғаншы, алдамшы, суайыт, сенімсіз, абыройсыз, мөралсыз адамдар, Алла ﷻ бізді олардың кесір-кесапатымен жамандығынан сақтағай, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: الاياقتارعا الدانىپ، ولاردى باقپا، سەمىرتپە، ساق بول (2025.04.15 / حيجرا 1446-جىل 17-شاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye-Cyprus، Lefka، Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بۇنداعى ادامداردىڭ حالدەرىنەن بىلۋگە بولادى، كوپتەگەن ادامدار وزدەرىن «اقىلدى» سانايدى، ءبىراق ولار وزدەرىن زيانداپ جاتادى، وسى زاماننىڭ، وسى اقىرزاماننىڭ ادامدارىنداي وزدەرىن زيانداعان ادام جوق، ولار وزگەلەرگە دە، وزدەرىنە دە سان ءتۇرلى زالالدار اكەلەدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل ادامداردى جاقسى كورمەيدى، ءقازىر ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، سۋايىتتار كوبەيدى، الدامشىلار ارتتى، ۇرىلار ەسەلەدى، حالالمەن حارامدى ايىرمايتىندار كوبەيدى، سوندىقتان ادامدار اسا ساق بولۋى كەرەك. ەگەر ءسىز بىردەڭە ىستەمەكشى بولساڭىز، ءبىر جەرگە بارماقشى بولساڭىز، كەڭەسىڭىزدەر، كەڭەسۋ سۇننەتتەن، كەڭەسۋ دەگەنىمىز كەڭەس سۇراۋ، بىرەۋدەن اقىل سۇراۋ، كەڭەس الۋ، «بۇل نە؟ بۇل مۇمكىن بە، جوق پا؟ بۇل جاقسى، الدە جامان؟» دەپ سۇراۋ بولماق، ءبىز ءسوزسىز سۇراۋىمىز كەرەك، ونسىز دا الدامشىلار نەمەسە الاياقتار ادامداردى، «ونى ءدال ءقازىر ىستەي سال!» دەپ، قۇنىپەرەن اسىقتىرادى، ال ءسىز بىردەڭە ىستەمەكشى بولساڭىز، وندا اسىقپاڭىز، اسىرەسە اقشا بەرمەكشى بولساڭىز، مۇلدەم اسىقپاڭىز. اقشاڭىزدى بىردەڭە ىستەمەكشى بولىپ بىرەۋگە بەرە سالماڭىز، ءبىز بۇنى ءجۇز قايتالاپ، مىڭ قايتالاپ ايتتىق، ودان سوڭ ولار، «مەن نە ىستەسەم بولادى؟» دەر، ال، «ارادا قاعاز بار ما، كەلىسىم بار ما؟» دەسەڭىز، «جوق» دەر، «ونى بىلەسىڭ بە؟» دەسەك، ول، «مەن ونى بىلەمىن، ونى كورگەن سوڭ، وعان سەندىم، ول مۇسىلمان، ونىڭ ءحالى جاقسى» دەيدى، ەگەر ول مۇسىلمان بولعان بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرلەرىن وتەۋى كەرەك، دەمەك ءسىز بارلىعىن جازۋىڭىز كەرەك، ءوزىڭىز كەپىل بولۋىڭىز كەرەك، ايتپەسە، اسىرەسە ءسىز بىرەۋدەن اقشا قارىزعا الماقشى بولساڭىز جانە ءبىر شارۋانى بىتىرمەك بولساڭىز، جاعداي ونان ارمان ۇشىعاتىن بولادى، بۇندايدا ءسىز تونالاسىز.
سوندىقتان ساق بولىڭىز، بۇل اقشاڭىز اللا ﷻ دىڭ سىزگە بەرگەن نىعىمەتى، ونى باسقالارعا، الدامشى، سۋايىت سياقتىلارعا الدىرتىپ قويماڭىز، ءسىز قىراعى بولۋىڭىز كەرەك، سەبەبى ءسىز مۇسىلمانسىز، بيزنىستە شاماڭىز كەلگەنىنشە ىستەڭىز، ەشكىمگە سەنبەڭىز، الدانىپ بولعان سوڭ، «مەن قۇيعا باتتىم، ەندى ودان شىعامىن» دەپ ويلاماڭىز، ەگەر بىرەۋ سىزگە كەلىپ، «وندا بالەن جۇمىس بار، تۇگىلەن شارۋا بار، ءبىز تەزدەن ونى ۇتىپ الايىق، ءبۇيتىپ الا قويايىق» دەسە، «كۇتەلىك باۋىر، مەن بارىپ، كەڭەس سۇرايتىن جەرلەر بار» دەڭىز، وسى كەزدە ول ،«جوق، ول ونداي ەمەس، سەن اسىق، تەز بول، ەگەر ءقازىر جاۋاپ بەرمەسەڭ، ءبىز ونى وتكىزىپ الاتىن بولامىز» دەسە، ونى وتكىزىپ جىبەرىڭىز! ءيا، وتپەكشى بولسا، ول وتە بەرسىن. ولارعا، «مەن كوشەدەن اقشا تاۋىپ العان جوقپىن» دەڭىز، وسىلاي كەلگەن ادامدى ۇرسىڭىز، ونىڭ سىرتقى كەلبەتىنە قاراماڭىز، باسىنداعى سالدە تۇربانىنا، يەگىندەگى ساقالىنا، كيگەن جۇبباسىنا قاراماڭىز، قاتىپ كيىپ العان كيىمىنە، ادەمى جاسانعانىنا ەشقاشان قاراماڭىز، بۇلار ادامداردى الداۋ ءۇشىن ىستەتەتىن ولاردىڭ ءبىر قۋلىعى عانا. «مەن مىنا اۋليەنىڭ ءمۇريتىمىن، بالەننىڭ ۋاكىلىمىن» دەگەنىنە قاراماڭىز، ولار جاعىنان اقىماق بولىپ قالماڭىز، ەشكىم جاعىنان اقىماق بولماڭىز، سوندا كۇنا ىستەمەگەن بولاسىز، جانە وزگەلەرگە دە كۇنا ىستەتتىرمەگەن بولاسىز، ەگەر ءسىز ولارعا اقشاڭىزدى بەرمەسەڭىز، ءسىز اقشاڭىزدى ۇنەمدەپ قالاسىز، سونىمەن بىرگە باسقالاردىڭ ءسىزدىڭ اقشامەن كۇنا ىستەۋىنە توسقاۋىل قويعان بولاسىز.
وسى كەزدەگى ادامداردا ار-ۇجدان دەگەن نارسە قالمادى، ولار ادامداردى اقىماق ەتەدى، ەل-جۇرتتى الداي بەرەدى، كوپتەگەن ادامدار وزگەلەردى الداپ، اقىماق ەتۋ ءۇشىن، «مەن سوپىمىن، مەن مۇسىلمانمىن» دەيدى، ادامداردى ءارقانداي جولمەن الدايتىندار بار، جۇرتتى الدايتىنداردىڭ كوبى وزدەرىن، «جاقسى مۇسىلمانبىز» دەگەن ادامدار بولىپ كەلەدى، سوندىقتان ساق بولىڭىز، بۇندا عانا ەمەس، بۇكىل دۇنيەنىڭ ءار جەرىندە الاياقتار، سەنىمسىز جانە ءمورالسىز ادامدار ءورىپ ءجۇر، ال سىزدەر اقشا يا باسقا نارسە بەرىپ ولاردى باقپاڭىزدار، سەمىرتپەڭىزدەر، ولارعا ەشتەڭە بەرمەڭىزدەر. ەڭ ماڭىزدى ءىس كەڭەسۋ، «مىنا ادام بالەن جۇمىس ىستەمەكشى، ول ماعان جاقسى ۇسىنىس بەردى، ءبىز بىلاي ىستەمەكشىمىز يا ولاي ىستەمەكشىمىز، بۇل قالاي؟» دەلىنسە، ساقتانىڭىز، ولاردىڭ 99 پايىزى وتىرىك، ال وتىرىك بولماسا، ول ءبىر اقىماقتىق، باسقا دانەڭە ەمەس، كەيدە ادامدار «بالەن ءبيزنىس ىستەيمىز» دەپ، ويىنان بىردەڭەلەردى شىعارىپ اكەلەدى، وزگەلەردەن اقشا الادى، ول وسىلاي «اقشا تابامىن» دەپ، ويلاپ جۇرگەندە كۇيرەيدى (بانكورت بولادى) جانە وزگەلەردى دە كۇيرەتەدى، وندا الدامشىلىق بولماعان كۇننىڭ وزىندە دە، ولار ابىرويىن توگىپ الادى. اللا ﷻ ءبىزدى ونداي ادامداردان قورعاعاي، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءىستى ءبۇلدىرىپ بولىپ كەلمەڭىز، سۇراماڭىز، بىزگە، «ءبىز ەندى نە ىستەيمىز؟» دەمەڭىز، ەشتەڭە جوق، ونىڭ ۇستىنە ءبىر ىستاكان سۋ قويىڭىز، دەمەك ءسىز ءاسىلى ودان بۇرىن كەڭەسۋىڭىز كەرەك ەدى، ءسىز اسىقتىڭىز، ودان سوڭ وكىندىڭىز. ەندى سىزگە ەشبىر دۇعا جاردەم ەتە المايدى، ول ادام كۇنا ىستەدى، ول ادامنىڭ ول اقشامەن نە ۋ ءىشىپ، نە ىستەيتىنىن اللا ﷻ ءوزى بىلەدى، ولار جالعانشى، الدامشى، سۋايىت، سەنىمسىز، ابىرويسىز، ءمورالسىز ادامدار، اللا ﷻ ءبىزدى ولاردىڭ كەسىر-كەساپاتىمەن جاماندىعىنان ساقتاعاي، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8178