You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8169
АЛЫП АДАМДЫ ҚАЙТА ТІРІЛДІРМЕК БОЛҒАН ҮШ ДӘРУІШ

нағыз дәруіш әулие сияқты Алланың сүйіктісі, сондықтан олар тілек тілесе, Алла беретұғын. Олар ертеде ел арасында көп болған, жұрттағы ауру-кеселді бір дұғамен жазатын, көңілі түскен адамға Алладан құт-береке әкеліп марқайтатын, олардан небір сырлы білімдермен кереметтер кейінгіге аңыз болып қалған. Ертеде осындай үш дәруіш иен далада келе жатып, алдарынан адам бойындай ұзын қураған ақ сүйекті көреді, олар таңғалып, ол ненің сүйегі екенін білгісі келеді. Сонымен бірінші дәруіш Аллаға дұға жасап, 'о құдіретті Алла, мына жаратылысыңыздың қалған сүйектерін жинап құрастырыңызшы' дейді. Айтысымен, әр жерден сүйектер ұшып келіп, бір алып адамның қаңқасы шығады, олар оған таңғалады. Ал екінші дәруіш, 'о құдіретті Алла, енді оған ет бітіріп беріңіз' дейді, лезде оған ет бітіп, өте алып, сұлу адамның бейнесі шығады, олар оны айналып, ары-бері қарайды, Алланың осындай алып адам жаратылысына тамсана таңғалады, Аллаға сүбіхандар айтады. Бұл екі дәруіш үшінші дәруішке, 'енді оны тірілдіретін дұғаны Аллаға сен жаса' дейді. Үшінші дәруіш, 'о құдіретті Алла, бұл жаратылысыңыздың Сізге сүйікті құлма, әлде емеспе, оны біз білмейміз, сондықтан, ол Сіздің сүйікті құлыңыз болса, оған жан беріп тірілдіріңіз, ал кәпір болса, оны жоқ қылып, біз алғаш көрген ақ жаңқа сүйек қалпына апарып тастаңыз' деп, дұға жасайды. Дұғаны айтысы сол екен, әдемі дене лезде ғайып болып, олардың алдарында әуелгі қураған бір тал ақ сүйек қана қалады. Ал үш дәруіш Алладан кешірім сұрап, сүбіхандар айтып, жолдарына түседі.

الىپ ادامدى قايتا تىرىلدىرمەك بولعان ءۇش ءدارۋىش

ناعىز ءدارۋىش اۋليە سياقتى اللانىڭ سۇيىكتىسى، سوندىقتان ولار تىلەك تىلەسە، اللا بەرەتۇعىن. ولار ەرتەدە ەل اراسىندا كوپ بولعان، جۇرتتاعى اۋرۋ-كەسەلدى ءبىر دۇعامەن جازاتىن، كوڭىلى تۇسكەن ادامعا اللادان قۇت-بەرەكە اكەلىپ مارقايتاتىن، ولاردان نەبىر سىرلى بىلىمدەرمەن كەرەمەتتەر كەيىنگىگە اڭىز بولىپ قالعان. ەرتەدە وسىنداي ءۇش ءدارۋىش يەن دالادا كەلە جاتىپ، الدارىنان ادام بويىنداي ۇزىن قۋراعان اق سۇيەكتى كورەدى، ولار تاڭعالىپ، ول نەنىڭ سۇيەگى ەكەنىن بىلگىسى كەلەدى. سونىمەن ءبىرىنشى ءدارۋىش اللاعا دۇعا جاساپ، 'و قۇدىرەتتى اللا، مىنا جاراتىلىسىڭىزدىڭ قالعان سۇيەكتەرىن جيناپ قۇراستىرىڭىزشى' دەيدى. ايتىسىمەن، ءار جەردەن سۇيەكتەر ۇشىپ كەلىپ، ءبىر الىپ ادامنىڭ قاڭقاسى شىعادى، ولار وعان تاڭعالادى. ال ەكىنشى ءدارۋىش، 'و قۇدىرەتتى اللا، ەندى وعان ەت ءبىتىرىپ بەرىڭىز' دەيدى، لەزدە وعان ەت ءبىتىپ، وتە الىپ، سۇلۋ ادامنىڭ بەينەسى شىعادى، ولار ونى اينالىپ، ارى-بەرى قارايدى، اللانىڭ وسىنداي الىپ ادام جاراتىلىسىنا تامسانا تاڭعالادى، اللاعا ءسۇبىحاندار ايتادى. بۇل ەكى ءدارۋىش ءۇشىنشى دارۋىشكە، 'ەندى ونى تىرىلدىرەتىن دۇعانى اللاعا سەن جاسا' دەيدى. ءۇشىنشى ءدارۋىش، 'و قۇدىرەتتى اللا، بۇل جاراتىلىسىڭىزدىڭ سىزگە سۇيىكتى قۇلما، الدە ەمەسپە، ونى ءبىز بىلمەيمىز، سوندىقتان، ول ءسىزدىڭ سۇيىكتى قۇلىڭىز بولسا، وعان جان بەرىپ ءتىرىلدىرىڭىز، ال كاپىر بولسا، ونى جوق قىلىپ، ءبىز العاش كورگەن اق جاڭقا سۇيەك قالپىنا اپارىپ تاستاڭىز' دەپ، دۇعا جاسايدى. دۇعانى ايتىسى سول ەكەن، ادەمى دەنە لەزدە عايىپ بولىپ، ولاردىڭ الدارىندا اۋەلگى قۋراعان ءبىر تال اق سۇيەك قانا قالادى. ال ءۇش ءدارۋىش اللادان كەشىرىم سۇراپ، ءسۇبىحاندار ايتىپ، جولدارىنا تۇسەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8169