You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8155
УА ЖАППАР АЛЛА! БІЗДІ КЕШІРІҢІЗ!

біз сұлу қыздарға, мейірімді ата-анамызға, жарымызға, әсем тәбиғатқа, көркем туған жерімізге, жүйрік тұлпарға, ұшқан құсқа да арнап, қаншама осындай тартымды ән-жырларды жаздық десеңізші! оның санында шек жоқ! Тіпті дұшпаныңызға арнап, 'күн көсем' деп, ән-жыр да жазыптық, ой, сұмдық-ай! Рас кешіріңізші! Бірақ олардың барлығын Сіз жараттыңыз, олардың иесі Сіз Өзіңіз, және оларды нәсіп еткен де Сізсіз. Сұлудың сұлулығына ғашық етіп, жанын сезе білетін жүректі де Сіз бердіңіз, мейірімді ата-ананы нәсіп еткен де Өзіңіз. Жарды да Сіз қостыңыз, сұлу тәбиғаттан ләззат алар көзді де, жарқыратып Сіз бердіңіз. Тіл жеткісіз әдемі туған жерді де Сіз нәсіп еттіңіз, бергеніңіз еш таусылмайды. Уа Алла, бірақ сүйте тұра, біз Сізді елеп-ескермептік, олардың иесі Сіз екендігіңізді ұмытып кетіптік! Бізді кешіріңіз! Оларға шүкірлік етіп, Сізді зікірлемептік! Ол түгілі намаз өтеп, Сізге құлшылық та етпептік! Бізді кешіріңіз! Олардың барлығын пайғамбарымызға махаббат қойып, оның нұрынан жаратыпсыз, оны да білмептік! Сол сүйіктіңіз пайғамбарымызды да жөнді сүйе алмаптық, оған жөнді салауат айтып, сәлем де жібере алмаптық! Кешіріңіз! Сіз махаббат етпесеңіз, олар да, біз де, бәріміз де жоқ едік! Бізді кешіріңізші!

ۋا جاپپار اللا! ءبىزدى كەشىرىڭىز!

ءبىز سۇلۋ قىزدارعا، مەيىرىمدى اتا-انامىزعا، جارىمىزعا، اسەم ءتابيعاتقا، كوركەم تۋعان جەرىمىزگە، جۇيرىك تۇلپارعا، ۇشقان قۇسقا دا ارناپ، قانشاما وسىنداي تارتىمدى ءان-جىرلاردى جازدىق دەسەڭىزشى! ونىڭ سانىندا شەك جوق! ءتىپتى دۇشپانىڭىزعا ارناپ، 'كۇن كوسەم' دەپ، ءان-جىر دا جازىپتىق، وي، سۇمدىق-اي! راس كەشىرىڭىزشى! ءبىراق ولاردىڭ بارلىعىن ءسىز جاراتتىڭىز، ولاردىڭ يەسى ءسىز ءوزىڭىز، جانە ولاردى ءناسىپ ەتكەن دە ءسىزسىز. سۇلۋدىڭ سۇلۋلىعىنا عاشىق ەتىپ، جانىن سەزە بىلەتىن جۇرەكتى دە ءسىز بەردىڭىز، مەيىرىمدى اتا-انانى ءناسىپ ەتكەن دە ءوزىڭىز. جاردى دا ءسىز قوستىڭىز، سۇلۋ ءتابيعاتتان ءلاززات الار كوزدى دە، جارقىراتىپ ءسىز بەردىڭىز. ءتىل جەتكىسىز ادەمى تۋعان جەردى دە ءسىز ءناسىپ ەتتىڭىز، بەرگەنىڭىز ەش تاۋسىلمايدى. ۋا اللا، ءبىراق سۇيتە تۇرا، ءبىز ءسىزدى ەلەپ-ەسكەرمەپتىك، ولاردىڭ يەسى ءسىز ەكەندىگىڭىزدى ۇمىتىپ كەتىپتىك! ءبىزدى كەشىرىڭىز! ولارعا شۇكىرلىك ەتىپ، ءسىزدى زىكىرلەمەپتىك! ول تۇگىلى ناماز وتەپ، سىزگە قۇلشىلىق تا ەتپەپتىك! ءبىزدى كەشىرىڭىز! ولاردىڭ بارلىعىن پايعامبارىمىزعا ماحاببات قويىپ، ونىڭ نۇرىنان جاراتىپسىز، ونى دا بىلمەپتىك! سول سۇيىكتىڭىز پايعامبارىمىزدى دا ءجوندى سۇيە الماپتىق، وعان ءجوندى سالاۋات ايتىپ، سالەم دە جىبەرە الماپتىق! كەشىرىڭىز! ءسىز ماحاببات ەتپەسەڭىز، ولار دا، ءبىز دە، ءبارىمىز دە جوق ەدىك! ءبىزدى كەشىرىڭىزشى!

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8155