You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8086
Сұхбат: саны көп, сапасы жоқ мұсылман көбейген заман (2) (2025.02.18 / Хижра 1446-жыл 19-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(United Kingdom, Maidenhead, Maidenhead Mosque-да айтылған сұхбат) Иншалла, бұнда мұсылман бауырларымызбен біраз сұхбат айталық, біз, иншалла, Алла Әззә Уә-Жәлләдан сіздерді берекелеуін сұраймыз, Әбубәкір хазірет айтып кеткендей, Алла ﷻ олардың айтқанындай еткей, иншалла, біз бәлен бірдеңе айтып, жар салмаймыз, айғайламаймыз, бірақ иншалла, Алла ﷻ бізді сіздер ойлағандай игілерден еткей, иншалла. Біздің жолымыз пайғамбарымыз ﷺ ның жолы болып, барша игілік атаулының жолы, әрбір жақсы, әрбір әдемі нәрсе осы жолда, ол адамдарға адам болуды үйретеді, тек ислам ғана осы жолды үйретеді, осы жол пайғамбарымыз ﷺ ды жұртқа үйретуде, нағыз ислам пайғамбарымыз ﷺ ның жолы, ал осыған қатысыты ең бірінші мысал, ең мүлтіксіз кемел мысал мынау, «أَدَّبَنِي رَبِّي فَأَحْسَنَ تَأدِيبِي» (Алла ﷻ маған жақсы әдепті берді және оны менде мүлтіксіз етті) дейді пайғамбарымыз ﷺ. Яғни пайғамбарымыз ﷺ «Алла ﷻ маған ең жақсы әдеп, ең жақсы ибаны үйретті, және Ол ең жақсы нәрселерді менде мүлтіксіз етіп қойды» дейді, сондықтан, құрмет және әдеп жаман нәрсе емес, әдеп өте маңызды нәрсе, бірақ қазіргі кезде, «біз адамгершілікті күзетеміз, соны күтеміз, адамдық үйретеміз» деп, жар салып жүргендер үшін әдеп-иба ең жаман нәрсе болып қалған. Демек әдеп-иба олар жағынан қабыл етілмейтін қасиетке айналды, ол оларға жақпайды, ал оларға жағуың үшін сіз әдепсіз, қылығы жаман, дойыр, зомегер, басқыншы яғни барша жаман қасиетке ие біреу болуың керек, егер осылай істесеңіз, сізге ешкім тиіспейді, бірақ сіз жақсы әдепте болсаңыз, тыныш болсаңыз, адамдар сізді мініп алады және сізге бар жамандықты істегісі келеді.

Ал ислам бұның керісі-дүр, ислам, әлхамдулилла, адамдарға биіктік сыйлайды, оларды биіктетеді, адамдарды жоғарыға көтереді, олардың мәртебесін асырып, құнын жоғарлатады, бірақ басқалары адамдарды төмен еткісі келеді және төменге түсіреді, олар адамды төмендеткен сайын төмендетеді. Пайғамбарымыз ﷺ құрметті түсінбейтін, әдебі жоқ, түк білмейтін адамдардың ортасында болды, бұл адамдарға тек тәкәппарлық қана болды, олар үшін ең маңызды нәрсе осы тәкәппар болу еді, олардың ең маңызды ісі осы, олардың әрбірі «мен сенен жақсымын, мен сенен биікпін» дейтін және олар орны төмен адамдармен сөйлеспейтін, олардың осы тектес істеп жүрген істер көп еді. Бірақ ислам осылардың барлығын алып тастады, онда ешкім ешкімнен артық емес, олар тек жақсы амал, жақсы әдепте ғана бір-бірінен артық, сондықтан пайғамбарымыз ﷺ сахабалардың барлығын біз үшін ең жақсы үлгі боларлық үздік жандар етіп тәрбиелеп шықты, әдетте олар мұсылман болмай тұрғанда ешкімге құлақ аспайтын, олар айғайлап, шулап, соғысып жүретін я оны-бұны істейтін, ал ең жақсы мысал мынау, бірақ олар мұсылман болған соң пайғамбарымыз оларға жақсы әдеп, көркем мінез үйретті, олар өте әдепті жандарға өзгерді, пайғамбарымыз ﷺ сөйлеген кезде, олардың басына құс қонатындай тыныш жандар болып кетті, егер олар бірдеңе етсе я сәл қозғалса құс ұшып кетер, сондықтан олар ешбір қозғалыс та жасамайтын, міне бұл пайғамбарымыз ﷺ ның сахабаларға және сахабалармен әулие-машайықтардың бізге үйреткендері, олар бізге осыны істеу керектігін үйретті, бірақ әрине қазіргі кездерде де, сонау өткен замандарда да әдеп-иба үйренбейтін адамдар болған, сол заманда да ондайлар болған.

Медина Мунауарадан соң, олар Меккеге келді, Меккені ашып, мұсылман етпекші болды, ал Меккеден соң, хунаян шайқашы болды, ол бір үлкен шайқас еді, сол араны төңіректеп өмір сүріп жүрген тайпалар оларға жәрдемдесіп, пайғамбарымыз ﷺ мен бірге соғысады, ол бір қиын соғыс, бірақ пайғамбарымыз ﷺ мұғжизасымен оларды жеңеді, ол бір аса қуатты шайқас. Ал соғыс біткен соң, олжаның уақыты келеді, демек олар жаудан тартып алғандарын армияның, соғысқа қатысқандардың және шахид болғандардың, барлығының арасында бөліске салады, пайғамбарымыз ﷺ олардың әрбіріне алуға тиісті лайықты нәрселерін береді, ал олжаның 1/5 бөлімі пайғамбарымыз ﷺ ға тиеселі болады, ол оларды өз қалауынша қалай берсе де бола береді, одан қалғаны армияға немесе сонда соғысқа қатысқандарға тиеселі. Ол оны оларға бөледі, сондағы тайпалардың бірі бәни тамим еді, ал осы тайпадағы бір кісі, оның есімі мүмкін Хуауисира я басқа болар, ол пайғамбарымыз ﷺ тұрған жерге кіреді. Сахабалар болса, пайғамбарымыз ﷺ ға, оның жүзіне қарап қуанып отыратын еді, олар оның істегеніне, бергеніне, адамдарға сөйлегеніне қарап, қатты риза болатын, олардың біреуі «мен пайғамбарымыз ﷺ ға қарап, қатты қуанып отырамын» дейді. Сонымен манағы кісі келіп, «о, пайғамбар ﷺ, сіз олжаны әділдікпен бөліңіз» дейді, міне ол осылай дер, ал пайғамбарымыз ﷺ оған, «егер мен әділдікпен бөлмесем, кім әділдікпен бөлер?» дейді, әділдік болмаса, ештеңе де болмас, сонда Сәйдина Омар хазірет қатты ашуланады, әрине адам бұған яғни оның айтқанына ашулану керек, ол пайғамбарымыз ﷺ ға, «мен оны жазалайын» дейді, ал пайғамбарымыз ﷺ хикіметке толы еді, бүкіл хикімет-даналық атаулы онымен бірге, хикімет одан келеді, ол «я Омар, бұлай істеме, оның отбасы бар, тайпасы бар, бұл бір үлкен фитна болады, оны қоя бере сал» дейді, бірақ манағы адамдар құран оқып жүрген адамдар еді, бірақ құран олардың аузынан ары аспайтын, жүрегіне бармаған болатын, құран олардың тек кеңірдектеріне дейін ғана барады, басқа дәнеңе де жоқ, ал осындай адамдар исламнан садақтан атылған жебеше тез шығып кететін болады.

Міне бұл жаман әдептің адамдарға істейтіні, бұндай адамдар айналамызда көп, бірақ көптеген ел оларға риза, жұрт «неге сонша көп адамдар оларға ереді, жастар я басқалар болсын, барлығы оларға еріп жүр» деп, жәй сұрайды, мен сіздерге айтайын, себебі сіз қазір тура жолда жүрсіз, ойлап көріңіз, кішкене хикіметі бар адамнан, «не үшін жұртқа осы арамызға (сопылық жолға) келу қиын, бірақ олар неге манағы жерлерге барғыш?» деп сұраңыз, бұл өте оңай сұрақ, себебі егер сіз осы біздің араға келмекші болсаңыз, мыңдаған шайтан сізге жабыла тисіп, сізді осы араға келдірмеуге тырысады. Олар «сен шаршадың, хәлің жақсы емес, барма, онда адам аз ғой, басты топ басқалар емеспе» дейді, ал басқа адамдар бара қалса, шайтан оларды ол жерге тағы да итереді, «иә, осында кел, ана жаққа барма, сен дұрыссың, барлығың туралық үстіндесіңдер, ал аналар мүшірік, олар кәпір, бүкіл жаман нәрсе соларда» дейді, сондықтан міне осылай, адамдар шайтанға алданып қалады. Сол үшін адамдар манағы жерлерге оңай барады, себебі жаман іс істелген кезде шайтан сізді одан тоспайды, қайта сіздің онда баруыңызға жәрдем береді, міне бұл адамдарға айтылған ондағы хикімет, көптеген адамдар, тіпті біздің кейбір адамдар да осыны айтып жүр, олар «мүмкін сіз қате шығарсыз, себебі көп адам келмей жатыр, егер сізге 100 адам келсе, оларға 2000 адам келеді, егер сізге 500 адам келсе, оларға 50000 адам келеді» дер. Ал бұның себебі бағана айтылды, пайғамбарымыз ﷺ «ақырзаманда сендер (мұсылмандар) өте көп боласыңдар, бірақ сендерде ешбір құн болмайды, нашар боласыңдар» дейді, себебі сіздер ермей жатсыздар, бағалы нәрсені, асыл нәрсені алмай жатсыздар, сондықтан сіздерде еш құн, еш әтуер қалмады, сіздер тек тас теріп, қоқсық жинап жүрсіздер, олардың түк пайдасы жоқ, сондықтан сіз не істей аласыз? ешкім де сізді керек етпейді, қоқсық, тас, ластық жинап алдыңыз ба? ал сіздің бұныңызды ешкім керек етпейді, алайда сіз асыл маржан, құнды зергер бұйым жинап жүрген болсаңыз, адамдар сізге қарсы болады, олар сізден оны тартып алғысы келеді.

Сондықтан пайғамбарымыз ﷺ «менің жолымда бол, құрметпен әдеп сақта, жақсы адамдармен бірге бол» дейді, себебі мұсылмандар жағымды, оңай жарасатын адамдар болуы керек, пайғамбарымыз ﷺ мұсылманның оңай жарасқыш, күлімсіреп жүретін көмектескіш болатындығын айтады, міне бұл оның айтқандары еді, қатты болмаңыз, күлімсіремейтін жан болмаңыз. Пайғамбарымыз ﷺ ның шөбересі болып келетін Сәйдина Жафар Садық хазірет, «жақсы мұсылманның, мүминнің белгісі күлімсіреу, адамдарға жұмсақ болу» дейді, ал мұнафиықтың немесе пайғамбарымыз ﷺ ды қабыл етпейтін, оған риза емес адамның белгісі сол, оның жүзі қара болады және ол күлімсіремейді, адамдармен жаман болады, міне бұл мұнақиқтың немесе пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтемейтін адамдардың белгісі. Әлхамдулилла, біз, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ ға ерудеміз, сіз әрдайым қуанышты жүріңіз, сізді ештеңе де, адамдардың айтқандары да, олардың көрсеткен шайтани жолдары да қорқыта алмайды, одан қорықпаңыз және оған ермеңіз, сіз жақсы жолда жүрсіз, әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺ ның жолындасыз, сопылық тәриқат жолы пайғамбарымыз ﷺ ға сізді жалғайтын пайғамбарымыз ﷺ ның жолы, сопылық тәриқат болмаса, оған жалғана алмайсыз, біз жұрт айтып жүрген мына жиын, ана мәжілісті көріп жүрміз, ал онда кей нәрселердің аты аталар, бірақ сопылық тәриқат болмаса, олар бәрібір ең ақырында қате жолдарға түсіп кететін болады. Тура жол тек сопылық тәриқатпен болады, себебі пайғамбарымыз ﷺ өзіне еруші кісіні байланысы оған жеткенге дейін сақтап, көз-қарақ болады, себебі пайғамбарымыз ﷺ ды көрген адамға қарау, демек соларды үлгі ету жәйлы көптеген хадистер бар, міне бұл келе жатқан салт-дәстүр, кейбір адамдар «бұл адам пайғамбарымыз ﷺ ды көрген, ал пайғамбарымыз ﷺ ды көрген осы адамды мына адам көрген, одан соң оны мына кісі көрген» деп айтады, осылайша «осы көргендердің» шежірелік тізімі пайғамбарымыз ﷺ ға дейін жетеді.

Сондықтан, біздің тәриқат, әлхамдулилла, барлық сопылық тәриқат пайғамбарымыз ﷺ ға жалғанған, шыны солай, әрине, «мен шайықпын, мен анаумын, мен мынаумын» деп, жар салған кейбір адамдар бар, бірақ ол шәриғатқа ермесе, ол шын тәриқат, шын шайық емес, сіз осыған сөзсіз қарауыңыз керек, біз көптеген «шайықпын» деген адамдарды көрдік, бірақ олар шәриғатқа ілеспейді, тіпті кейбірі намаз оқымайды, сондықтан оларға ілесу дұрыс емес. Алла ﷻ бізге «қарасын, көрсін, бірдеңенің шын я өтірік екендігін танысын» деп, ми берген, сіз білуіңіз керек, «бұл адам шамнан келген, ол пакистаннан келген, индиядан келген, мысырдан келген, одан я бұдан келген» деген сияқты сөздерге сенбеңіз, мейлі қайдан келсе де солай, ештеңеге қарамай, оның мәзхапқа еру-ермеуін білмей тұрып, оларға алданып қалмаңыз. Мәзхап аса маңызды, қазіргі кезде манағы адамдар мәзхапты мойындамайды, сопылық тәриқатты да мойындамайды, бұл мәзхапқа қарсылар «мәзхап керек емес, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екендігіне өзіміз кесім жасай аламыз» дейді, егер мәлім біреу осылай десе, оған жоламаңыз, оған сөйлемеңіз, себебі бұндай адам жүрегіңізге кесел салады, ауру егеді, рухани дерт кіргізеді, ал ел-жұрт осындай адамдардың әсеріне оңай ұшырайды, сондықтан оларға ермеңіз, осыны айтқан әрқандай адамға ермеңіз, ол бүкіл құранды, хадистерді, тіпті бүкіл барлығын білсе де, бірақ мәзхапқа ермесе және пайғамбарымыз ﷺ ның айтқандарына ермесе, оның манағы білгендерінің барлығынан еш пайда жоқ.

Ең үлкен ғалым, ең үлкен ғұлама кім? шайтан ібліс еді, ібліс барлық илаһи кітаптарды, бүкіл барлығын білетін, ол оларды түгел білген, бірақ ол қарғысталған, сондықтан оның білгендерінен еш пайда болмады, білу маңызды емес, істеу маңызды, мәселен, егер сіз түнде 2 ракат тәхажұт өтесеңіз, ол күндізгі 100 ракат намаздан жақсы, бірақ сіз түні бойы 1000 ракат оқысаңыз да, парыз намаздың 1 ракатына жетпейді, олар бұған тең емес, міне осылар да маңызды. Сіз сергек болуыңыз керек, адамдар жағынан алданып қалмаңыз, олар «мен намаз оқымаймын, бірақ түні бойы тәсбих тартып, зікір қыламын, хадра жасаймын, құран-хадис оқимын, намаз оқу қажетсіз, себебі мен манағы амалдарды істеп жатырмын, менше "мен ең кемел адаммын" деп ойлаймын» дейді, бұл қарамаққа жәй көрінер, бірақ көптеген жұрт осы адамдарға еріп жүр, көбі оларға сенуде, оларға ілесуде, біздің айтып отырғанымыз бір ғана мысал, мыңын айтпадық, бұндай мыңдаған мысалдар бар. Сіз жолдасыз, сондықтан сақ болыңыз, өте сақ болыңыз, бұл кәдімгі биік орында тұрғанға ұқсайды, ал одан кезкелген кезде құлап кетуіңіз мүмкін, сондықтан біз бұл жолға Алла ﷻ ға жеткенше ілесуіміз керек, біз үшін ең соңғы демімізге дейін тура жолда болу, тұрақты болу, осы жолда бекем болу қатарлы істер ең маңызды, иншалла. Алла ﷻ исламмен мұсылмандарға жәрдем бергей, себебі бұл істерде бізге тек Алла ﷻ ғана жәрдем бере алады, міне бұл пайғамбарымыз ﷺ ның айтқаны, пайғамбар дегеніміз пайғамбарлық, сондықтан ол қияметке дейін, бұл дүниенің соңына дейін болатын барлық істерді айтып кетті, ол осы заман жәйлы да айтқан, айтып өткеніміздей, ол осы ақырзаманда мұсылмандардың көп болатынын, бірақ пайдасыз болатындығын айтқан, алайда содан кейін Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺ ның ұрпағынан болған Сәйдина Мәхди әлейхис-саламды жіберіп, осы дүниені жөндейді, жаман нәрселермен жаман адамдарды жоғалтатын болады, адамдар өзгеруі керек, әйтпесе олар о дүниеге аттандырылады, міне болатын істер осы ғана, демек алда бүкіл жер шарына зор тазалау жүргізіліп, оған таза ислам орнатылатын болады, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami






سۇحبات: سانى كوپ، ساپاسى جوق مۇسىلمان كوبەيگەن زامان (2) (2025.02.18 / حيجرا 1446-جىل 19-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(United Kingdom، Maidenhead، Maidenhead Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) ينشاللا، بۇندا مۇسىلمان باۋىرلارىمىزبەن ءبىراز سۇحبات ايتالىق، ءبىز، ينشاللا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان سىزدەردى بەرەكەلەۋىن سۇرايمىز، ابۋباكىر حازىرەت ايتىپ كەتكەندەي، اللا ﷻ ولاردىڭ ايتقانىنداي ەتكەي، ينشاللا، ءبىز بالەن بىردەڭە ايتىپ، جار سالمايمىز، ايعايلامايمىز، ءبىراق ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى سىزدەر ويلاعانداي يگىلەردەن ەتكەي، ينشاللا. ءبىزدىڭ جولىمىز پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولى بولىپ، بارشا يگىلىك اتاۋلىنىڭ جولى، ءاربىر جاقسى، ءاربىر ادەمى نارسە وسى جولدا، ول ادامدارعا ادام بولۋدى ۇيرەتەدى، تەك يسلام عانا وسى جولدى ۇيرەتەدى، وسى جول پايعامبارىمىز ﷺ دى جۇرتقا ۇيرەتۋدە، ناعىز يسلام پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولى، ال وسىعان قاتىسىتى ەڭ ءبىرىنشى مىسال، ەڭ مۇلتىكسىز كەمەل مىسال مىناۋ، «أَدَّبَنِي رَبِّي فَأَحْسَنَ تَأدِيبِي» (اللا ﷻ ماعان جاقسى ادەپتى بەردى جانە ونى مەندە مۇلتىكسىز ەتتى) دەيدى پايعامبارىمىز ﷺ. ياعني پايعامبارىمىز ﷺ «اللا ﷻ ماعان ەڭ جاقسى ادەپ، ەڭ جاقسى يبانى ۇيرەتتى، جانە ول ەڭ جاقسى نارسەلەردى مەندە مۇلتىكسىز ەتىپ قويدى» دەيدى، سوندىقتان، قۇرمەت جانە ادەپ جامان نارسە ەمەس، ادەپ وتە ماڭىزدى نارسە، ءبىراق قازىرگى كەزدە، «ءبىز ادامگەرشىلىكتى كۇزەتەمىز، سونى كۇتەمىز، ادامدىق ۇيرەتەمىز» دەپ، جار سالىپ جۇرگەندەر ءۇشىن ادەپ-يبا ەڭ جامان نارسە بولىپ قالعان. دەمەك ادەپ-يبا ولار جاعىنان قابىل ەتىلمەيتىن قاسيەتكە اينالدى، ول ولارعا جاقپايدى، ال ولارعا جاعۋىڭ ءۇشىن ءسىز ادەپسىز، قىلىعى جامان، دويىر، زومەگەر، باسقىنشى ياعني بارشا جامان قاسيەتكە يە بىرەۋ بولۋىڭ كەرەك، ەگەر وسىلاي ىستەسەڭىز، سىزگە ەشكىم تيىسپەيدى، ءبىراق ءسىز جاقسى ادەپتە بولساڭىز، تىنىش بولساڭىز، ادامدار ءسىزدى ءمىنىپ الادى جانە سىزگە بار جاماندىقتى ىستەگىسى كەلەدى.

ال يسلام بۇنىڭ كەرىسى-ءدۇر، يسلام، ءالحامدۋليللا، ادامدارعا بيىكتىك سىيلايدى، ولاردى بيىكتەتەدى، ادامداردى جوعارىعا كوتەرەدى، ولاردىڭ مارتەبەسىن اسىرىپ، قۇنىن جوعارلاتادى، ءبىراق باسقالارى ادامداردى تومەن ەتكىسى كەلەدى جانە تومەنگە تۇسىرەدى، ولار ادامدى تومەندەتكەن سايىن تومەندەتەدى. پايعامبارىمىز ﷺ قۇرمەتتى تۇسىنبەيتىن، ادەبى جوق، تۇك بىلمەيتىن ادامداردىڭ ورتاسىندا بولدى، بۇل ادامدارعا تەك تاكاپپارلىق قانا بولدى، ولار ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى نارسە وسى تاكاپپار بولۋ ەدى، ولاردىڭ ەڭ ماڭىزدى ءىسى وسى، ولاردىڭ ءاربىرى «مەن سەنەن جاقسىمىن، مەن سەنەن بيىكپىن» دەيتىن جانە ولار ورنى تومەن ادامدارمەن سويلەسپەيتىن، ولاردىڭ وسى تەكتەس ىستەپ جۇرگەن ىستەر كوپ ەدى. ءبىراق يسلام وسىلاردىڭ بارلىعىن الىپ تاستادى، وندا ەشكىم ەشكىمنەن ارتىق ەمەس، ولار تەك جاقسى امال، جاقسى ادەپتە عانا ءبىر-بىرىنەن ارتىق، سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ ساحابالاردىڭ بارلىعىن ءبىز ءۇشىن ەڭ جاقسى ۇلگى بولارلىق ۇزدىك جاندار ەتىپ تاربيەلەپ شىقتى، ادەتتە ولار مۇسىلمان بولماي تۇرعاندا ەشكىمگە قۇلاق اسپايتىن، ولار ايعايلاپ، شۋلاپ، سوعىسىپ جۇرەتىن يا ونى-بۇنى ىستەيتىن، ال ەڭ جاقسى مىسال مىناۋ، ءبىراق ولار مۇسىلمان بولعان سوڭ پايعامبارىمىز ولارعا جاقسى ادەپ، كوركەم مىنەز ۇيرەتتى، ولار وتە ادەپتى جاندارعا وزگەردى، پايعامبارىمىز ﷺ سويلەگەن كەزدە، ولاردىڭ باسىنا قۇس قوناتىنداي تىنىش جاندار بولىپ كەتتى، ەگەر ولار بىردەڭە ەتسە يا ءسال قوزعالسا قۇس ۇشىپ كەتەر، سوندىقتان ولار ەشبىر قوزعالىس تا جاسامايتىن، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ساحابالارعا جانە ساحابالارمەن اۋليە-ماشايىقتاردىڭ بىزگە ۇيرەتكەندەرى، ولار بىزگە وسىنى ىستەۋ كەرەكتىگىن ۇيرەتتى، ءبىراق ارينە قازىرگى كەزدەردە دە، سوناۋ وتكەن زامانداردا دا ادەپ-يبا ۇيرەنبەيتىن ادامدار بولعان، سول زاماندا دا وندايلار بولعان.

مەدينا مۋناۋارادان سوڭ، ولار مەككەگە كەلدى، مەككەنى اشىپ، مۇسىلمان ەتپەكشى بولدى، ال مەككەدەن سوڭ، حۋنايان شايقاشى بولدى، ول ءبىر ۇلكەن شايقاس ەدى، سول ارانى توڭىرەكتەپ ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەن تايپالار ولارعا جاردەمدەسىپ، پايعامبارىمىز ﷺ مەن بىرگە سوعىسادى، ول ءبىر قيىن سوعىس، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ مۇعجيزاسىمەن ولاردى جەڭەدى، ول ءبىر اسا قۋاتتى شايقاس. ال سوعىس بىتكەن سوڭ، ولجانىڭ ۋاقىتى كەلەدى، دەمەك ولار جاۋدان تارتىپ العاندارىن ارميانىڭ، سوعىسقا قاتىسقانداردىڭ جانە شاحيد بولعانداردىڭ، بارلىعىنىڭ اراسىندا بولىسكە سالادى، پايعامبارىمىز ﷺ ولاردىڭ اربىرىنە الۋعا ءتيىستى لايىقتى نارسەلەرىن بەرەدى، ال ولجانىڭ 1/5 ءبولىمى پايعامبارىمىز ﷺ عا تيەسەلى بولادى، ول ولاردى ءوز قالاۋىنشا قالاي بەرسە دە بولا بەرەدى، ودان قالعانى ارمياعا نەمەسە سوندا سوعىسقا قاتىسقاندارعا تيەسەلى. ول ونى ولارعا بولەدى، سونداعى تايپالاردىڭ ءبىرى ءباني تاميم ەدى، ال وسى تايپاداعى ءبىر كىسى، ونىڭ ەسىمى مۇمكىن حۋاۋيسيرا يا باسقا بولار، ول پايعامبارىمىز ﷺ تۇرعان جەرگە كىرەدى. ساحابالار بولسا، پايعامبارىمىز ﷺ عا، ونىڭ جۇزىنە قاراپ قۋانىپ وتىراتىن ەدى، ولار ونىڭ ىستەگەنىنە، بەرگەنىنە، ادامدارعا سويلەگەنىنە قاراپ، قاتتى ريزا بولاتىن، ولاردىڭ بىرەۋى «مەن پايعامبارىمىز ﷺ عا قاراپ، قاتتى قۋانىپ وتىرامىن» دەيدى. سونىمەن ماناعى كىسى كەلىپ، «و، پايعامبار ﷺ، ءسىز ولجانى ادىلدىكپەن ءبولىڭىز» دەيدى، مىنە ول وسىلاي دەر، ال پايعامبارىمىز ﷺ وعان، «ەگەر مەن ادىلدىكپەن بولمەسەم، كىم ادىلدىكپەن بولەر؟» دەيدى، ادىلدىك بولماسا، ەشتەڭە دە بولماس، سوندا ءسايدينا ومار حازىرەت قاتتى اشۋلانادى، ارينە ادام بۇعان ياعني ونىڭ ايتقانىنا اشۋلانۋ كەرەك، ول پايعامبارىمىز ﷺ عا، «مەن ونى جازالايىن» دەيدى، ال پايعامبارىمىز ﷺ حيكىمەتكە تولى ەدى، بۇكىل حيكىمەت-دانالىق اتاۋلى ونىمەن بىرگە، حيكىمەت ودان كەلەدى، ول «يا ومار، بۇلاي ىستەمە، ونىڭ وتباسى بار، تايپاسى بار، بۇل ءبىر ۇلكەن فيتنا بولادى، ونى قويا بەرە سال» دەيدى، ءبىراق ماناعى ادامدار قۇران وقىپ جۇرگەن ادامدار ەدى، ءبىراق قۇران ولاردىڭ اۋزىنان ارى اسپايتىن، جۇرەگىنە بارماعان بولاتىن، قۇران ولاردىڭ تەك كەڭىردەكتەرىنە دەيىن عانا بارادى، باسقا دانەڭە دە جوق، ال وسىنداي ادامدار يسلامنان ساداقتان اتىلعان جەبەشە تەز شىعىپ كەتەتىن بولادى.

مىنە بۇل جامان ادەپتىڭ ادامدارعا ىستەيتىنى، بۇنداي ادامدار اينالامىزدا كوپ، ءبىراق كوپتەگەن ەل ولارعا ريزا، جۇرت «نەگە سونشا كوپ ادامدار ولارعا ەرەدى، جاستار يا باسقالار بولسىن، بارلىعى ولارعا ەرىپ ءجۇر» دەپ، ءجاي سۇرايدى، مەن سىزدەرگە ايتايىن، سەبەبى ءسىز ءقازىر تۋرا جولدا ءجۇرسىز، ويلاپ كورىڭىز، كىشكەنە حيكىمەتى بار ادامنان، «نە ءۇشىن جۇرتقا وسى ارامىزعا (سوپىلىق جولعا) كەلۋ قيىن، ءبىراق ولار نەگە ماناعى جەرلەرگە بارعىش؟» دەپ سۇراڭىز، بۇل وتە وڭاي سۇراق، سەبەبى ەگەر ءسىز وسى ءبىزدىڭ اراعا كەلمەكشى بولساڭىز، مىڭداعان شايتان سىزگە جابىلا ءتيسىپ، ءسىزدى وسى اراعا كەلدىرمەۋگە تىرىسادى. ولار «سەن شارشادىڭ، ءحالىڭ جاقسى ەمەس، بارما، وندا ادام از عوي، باستى توپ باسقالار ەمەسپە» دەيدى، ال باسقا ادامدار بارا قالسا، شايتان ولاردى ول جەرگە تاعى دا يتەرەدى، «ءيا، وسىندا كەل، انا جاققا بارما، سەن دۇرىسسىڭ، بارلىعىڭ تۋرالىق ۇستىندەسىڭدەر، ال انالار مۇشىرىك، ولار كاپىر، بۇكىل جامان نارسە سولاردا» دەيدى، سوندىقتان مىنە وسىلاي، ادامدار شايتانعا الدانىپ قالادى. سول ءۇشىن ادامدار ماناعى جەرلەرگە وڭاي بارادى، سەبەبى جامان ءىس ىستەلگەن كەزدە شايتان ءسىزدى ودان توسپايدى، قايتا ءسىزدىڭ وندا بارۋىڭىزعا جاردەم بەرەدى، مىنە بۇل ادامدارعا ايتىلعان ونداعى حيكىمەت، كوپتەگەن ادامدار، ءتىپتى ءبىزدىڭ كەيبىر ادامدار دا وسىنى ايتىپ ءجۇر، ولار «مۇمكىن ءسىز قاتە شىعارسىز، سەبەبى كوپ ادام كەلمەي جاتىر، ەگەر سىزگە 100 ادام كەلسە، ولارعا 2000 ادام كەلەدى، ەگەر سىزگە 500 ادام كەلسە، ولارعا 50000 ادام كەلەدى» دەر. ال بۇنىڭ سەبەبى باعانا ايتىلدى، پايعامبارىمىز ﷺ «اقىرزاماندا سەندەر (مۇسىلماندار) وتە كوپ بولاسىڭدار، ءبىراق سەندەردە ەشبىر قۇن بولمايدى، ناشار بولاسىڭدار» دەيدى، سەبەبى سىزدەر ەرمەي جاتسىزدار، باعالى نارسەنى، اسىل نارسەنى الماي جاتسىزدار، سوندىقتان سىزدەردە ەش قۇن، ەش اتۋەر قالمادى، سىزدەر تەك تاس تەرىپ، قوقسىق جيناپ جۇرسىزدەر، ولاردىڭ تۇك پايداسى جوق، سوندىقتان ءسىز نە ىستەي الاسىز؟ ەشكىم دە ءسىزدى كەرەك ەتپەيدى، قوقسىق، تاس، لاستىق جيناپ الدىڭىز با؟ ال ءسىزدىڭ بۇنىڭىزدى ەشكىم كەرەك ەتپەيدى، الايدا ءسىز اسىل مارجان، قۇندى زەرگەر بۇيىم جيناپ جۇرگەن بولساڭىز، ادامدار سىزگە قارسى بولادى، ولار سىزدەن ونى تارتىپ العىسى كەلەدى.

سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ «مەنىڭ جولىمدا بول، قۇرمەتپەن ادەپ ساقتا، جاقسى ادامدارمەن بىرگە بول» دەيدى، سەبەبى مۇسىلماندار جاعىمدى، وڭاي جاراساتىن ادامدار بولۋى كەرەك، پايعامبارىمىز ﷺ مۇسىلماننىڭ وڭاي جاراسقىش، كۇلىمسىرەپ جۇرەتىن كومەكتەسكىش بولاتىندىعىن ايتادى، مىنە بۇل ونىڭ ايتقاندارى ەدى، قاتتى بولماڭىز، كۇلىمسىرەمەيتىن جان بولماڭىز. پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شوبەرەسى بولىپ كەلەتىن ءسايدينا جافار سادىق حازىرەت، «جاقسى مۇسىلماننىڭ، ءمۇميننىڭ بەلگىسى كۇلىمسىرەۋ، ادامدارعا جۇمساق بولۋ» دەيدى، ال مۇنافيىقتىڭ نەمەسە پايعامبارىمىز ﷺ دى قابىل ەتپەيتىن، وعان ريزا ەمەس ادامنىڭ بەلگىسى سول، ونىڭ ءجۇزى قارا بولادى جانە ول كۇلىمسىرەمەيدى، ادامدارمەن جامان بولادى، مىنە بۇل مۇناقيقتىڭ نەمەسە پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەمەيتىن ادامداردىڭ بەلگىسى. ءالحامدۋليللا، ءبىز، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرۋدەمىز، ءسىز ءاردايىم قۋانىشتى ءجۇرىڭىز، ءسىزدى ەشتەڭە دە، ادامداردىڭ ايتقاندارى دا، ولاردىڭ كورسەتكەن شايتاني جولدارى دا قورقىتا المايدى، ودان قورىقپاڭىز جانە وعان ەرمەڭىز، ءسىز جاقسى جولدا ءجۇرسىز، ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىنداسىز، سوپىلىق ءتاريقات جولى پايعامبارىمىز ﷺ عا ءسىزدى جالعايتىن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولى، سوپىلىق ءتاريقات بولماسا، وعان جالعانا المايسىز، ءبىز جۇرت ايتىپ جۇرگەن مىنا جيىن، انا ءماجىلىستى كورىپ ءجۇرمىز، ال وندا كەي نارسەلەردىڭ اتى اتالار، ءبىراق سوپىلىق ءتاريقات بولماسا، ولار ءبارىبىر ەڭ اقىرىندا قاتە جولدارعا ءتۇسىپ كەتەتىن بولادى. تۋرا جول تەك سوپىلىق تاريقاتپەن بولادى، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ وزىنە ەرۋشى كىسىنى بايلانىسى وعان جەتكەنگە دەيىن ساقتاپ، كوز-قاراق بولادى، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ دى كورگەن ادامعا قاراۋ، دەمەك سولاردى ۇلگى ەتۋ ءجايلى كوپتەگەن حاديستەر بار، مىنە بۇل كەلە جاتقان سالت-ءداستۇر، كەيبىر ادامدار «بۇل ادام پايعامبارىمىز ﷺ دى كورگەن، ال پايعامبارىمىز ﷺ دى كورگەن وسى ادامدى مىنا ادام كورگەن، ودان سوڭ ونى مىنا كىسى كورگەن» دەپ ايتادى، وسىلايشا «وسى كورگەندەردىڭ» شەجىرەلىك ءتىزىمى پايعامبارىمىز ﷺ عا دەيىن جەتەدى.

سوندىقتان، ءبىزدىڭ ءتاريقات، ءالحامدۋليللا، بارلىق سوپىلىق ءتاريقات پايعامبارىمىز ﷺ عا جالعانعان، شىنى سولاي، ارينە، «مەن شايىقپىن، مەن اناۋمىن، مەن مىناۋمىن» دەپ، جار سالعان كەيبىر ادامدار بار، ءبىراق ول ءشاريعاتقا ەرمەسە، ول شىن ءتاريقات، شىن شايىق ەمەس، ءسىز وسىعان ءسوزسىز قاراۋىڭىز كەرەك، ءبىز كوپتەگەن «شايىقپىن» دەگەن ادامداردى كوردىك، ءبىراق ولار ءشاريعاتقا ىلەسپەيدى، ءتىپتى كەيبىرى ناماز وقىمايدى، سوندىقتان ولارعا ىلەسۋ دۇرىس ەمەس. اللا ﷻ بىزگە «قاراسىن، كورسىن، بىردەڭەنىڭ شىن يا وتىرىك ەكەندىگىن تانىسىن» دەپ، مي بەرگەن، ءسىز ءبىلۋىڭىز كەرەك، «بۇل ادام شامنان كەلگەن، ول پاكيستاننان كەلگەن، ينديادان كەلگەن، مىسىردان كەلگەن، ودان يا بۇدان كەلگەن» دەگەن سياقتى سوزدەرگە سەنبەڭىز، مەيلى قايدان كەلسە دە سولاي، ەشتەڭەگە قاراماي، ونىڭ ءمازحاپقا ەرۋ-ەرمەۋىن بىلمەي تۇرىپ، ولارعا الدانىپ قالماڭىز. ءمازحاپ اسا ماڭىزدى، قازىرگى كەزدە ماناعى ادامدار ءمازحاپتى مويىندامايدى، سوپىلىق ءتاريقاتتى دا مويىندامايدى، بۇل ءمازحاپقا قارسىلار «ءمازحاپ كەرەك ەمەس، نەنىڭ دۇرىس، نەنىڭ دۇرىس ەمەس ەكەندىگىنە ءوزىمىز كەسىم جاساي الامىز» دەيدى، ەگەر ءمالىم بىرەۋ وسىلاي دەسە، وعان جولاماڭىز، وعان سويلەمەڭىز، سەبەبى بۇنداي ادام جۇرەگىڭىزگە كەسەل سالادى، اۋرۋ ەگەدى، رۋحاني دەرت كىرگىزەدى، ال ەل-جۇرت وسىنداي ادامداردىڭ اسەرىنە وڭاي ۇشىرايدى، سوندىقتان ولارعا ەرمەڭىز، وسىنى ايتقان ءارقانداي ادامعا ەرمەڭىز، ول بۇكىل قۇراندى، حاديستەردى، ءتىپتى بۇكىل بارلىعىن بىلسە دە، ءبىراق ءمازحاپقا ەرمەسە جانە پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقاندارىنا ەرمەسە، ونىڭ ماناعى بىلگەندەرىنىڭ بارلىعىنان ەش پايدا جوق.

ەڭ ۇلكەن عالىم، ەڭ ۇلكەن عۇلاما كىم؟ شايتان ءىبلىس ەدى، ءىبلىس بارلىق يلاھي كىتاپتاردى، بۇكىل بارلىعىن بىلەتىن، ول ولاردى تۇگەل بىلگەن، ءبىراق ول قارعىستالعان، سوندىقتان ونىڭ بىلگەندەرىنەن ەش پايدا بولمادى، ءبىلۋ ماڭىزدى ەمەس، ىستەۋ ماڭىزدى، ماسەلەن، ەگەر ءسىز تۇندە 2 راكات ءتاحاجۇت وتەسەڭىز، ول كۇندىزگى 100 راكات نامازدان جاقسى، ءبىراق ءسىز ءتۇنى بويى 1000 راكات وقىساڭىز دا، پارىز نامازدىڭ 1 راكاتىنا جەتپەيدى، ولار بۇعان تەڭ ەمەس، مىنە وسىلار دا ماڭىزدى. ءسىز سەرگەك بولۋىڭىز كەرەك، ادامدار جاعىنان الدانىپ قالماڭىز، ولار «مەن ناماز وقىمايمىن، ءبىراق ءتۇنى بويى ءتاسبيح تارتىپ، زىكىر قىلامىن، حادرا جاسايمىن، قۇران-حاديس وقيمىن، ناماز وقۋ قاجەتسىز، سەبەبى مەن ماناعى امالداردى ىستەپ جاتىرمىن، مەنشە "مەن ەڭ كەمەل اداممىن" دەپ ويلايمىن» دەيدى، بۇل قاراماققا ءجاي كورىنەر، ءبىراق كوپتەگەن جۇرت وسى ادامدارعا ەرىپ ءجۇر، كوبى ولارعا سەنۋدە، ولارعا ىلەسۋدە، ءبىزدىڭ ايتىپ وتىرعانىمىز ءبىر عانا مىسال، مىڭىن ايتپادىق، بۇنداي مىڭداعان مىسالدار بار. ءسىز جولداسىز، سوندىقتان ساق بولىڭىز، وتە ساق بولىڭىز، بۇل كادىمگى بيىك ورىندا تۇرعانعا ۇقسايدى، ال ودان كەزكەلگەن كەزدە قۇلاپ كەتۋىڭىز مۇمكىن، سوندىقتان ءبىز بۇل جولعا اللا ﷻ عا جەتكەنشە ىلەسۋىمىز كەرەك، ءبىز ءۇشىن ەڭ سوڭعى دەمىمىزگە دەيىن تۋرا جولدا بولۋ، تۇراقتى بولۋ، وسى جولدا بەكەم بولۋ قاتارلى ىستەر ەڭ ماڭىزدى، ينشاللا. اللا ﷻ يسلاممەن مۇسىلماندارعا جاردەم بەرگەي، سەبەبى بۇل ىستەردە بىزگە تەك اللا ﷻ عانا جاردەم بەرە الادى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقانى، پايعامبار دەگەنىمىز پايعامبارلىق، سوندىقتان ول قيامەتكە دەيىن، بۇل دۇنيەنىڭ سوڭىنا دەيىن بولاتىن بارلىق ىستەردى ايتىپ كەتتى، ول وسى زامان ءجايلى دا ايتقان، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول وسى اقىرزاماندا مۇسىلمانداردىڭ كوپ بولاتىنىن، ءبىراق پايداسىز بولاتىندىعىن ايتقان، الايدا سودان كەيىن اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ۇرپاعىنان بولعان ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرىپ، وسى دۇنيەنى جوندەيدى، جامان نارسەلەرمەن جامان ادامداردى جوعالتاتىن بولادى، ادامدار وزگەرۋى كەرەك، ايتپەسە ولار و دۇنيەگە اتتاندىرىلادى، مىنە بولاتىن ىستەر وسى عانا، دەمەك الدا بۇكىل جەر شارىنا زور تازالاۋ جۇرگىزىلىپ، وعان تازا يسلام ورناتىلاتىن بولادى، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8086