You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8065
Сұхбат: есіңізде болсын, сіз жәннәтта емес, жерде жүрсіз (2) (2025.02.06 / Хижра 1446-жыл 07-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(United Kingdom, Bury, Noor Ul Islam Mosque-да айтылған сұхбат) Жолымыз осылай, әлхамдулилла, Алла ﷻ бізді бұнда Алла ﷻ махаббаты, пайғамбарымыз ﷺ махаббаты үшін жинауда, бұл адам адам баласы үшін аса маңызды, адамдар «не үшін?» дер, көптеген адамдар Алла ﷻ не үшін оларды жаратқанын білмейді, тіпті көбі Жаратушыға да сенбейді. Олар «біз ақылдымыз, біз оны көптеп жоққа шығарған сайын ақылды бола түсеміз, адамдар арасында атағымыз шығып, белгілі бола бастаймыз» деп ойлайды, ал оларды бұған желеп-жебеп тұрған шайтан еді, көп кездерде, біз немесе мүминдер өздерінен «адам қалайша бұлай болады, неге Алла ﷻ дан қорықпайды, бұндай нәрселерді істеуге келгенде, олар неге адам пендесінен арланбайды?» деп сұраймыз. Алла ﷻ ақыл берген адам ақиқатты білігісі келер, Сәйдина Ибырахим әлейхис-саламға Алла ﷻ алғаш жол көрсеткенде, ол жұлдызды көріп, «жұлдыз менің раббым, мен оған құлшылық етемін» дейді, бірақ ол жоғалып кетеді, одан соң ай шығады, ай толғанда әдемі болады, сонда ол, «мен осы айға құлшылық етуім керек» дейді, бірақ айда жоғалып кетеді, одан соң күн шығады, ал күн өте жарық және өте үлкен болып көрінеді, барлық жерді нұрландырып жібереді, сонда ол, «раббым осы күн» дейді, бірақ кеш болғанда, күнде жоғалып кетеді, сол кезде ол «бұның Жаратушы болуы мүмкін емес, ол маған Тәңір бола алмайды, Раб бола алмайды» дейді, тіпті ештеңесі болмаса да, ол осыларды ойлана білді.

Қазір адамдарда барлығы бар, сондықтан олар жақсы ойлана білсе, олар хақты қабылдап, оған ілесер еді, бірақ олар неге алданып қалды? біз білмедік, олар хақты қабыл етпейді, Алла Әззә Уә-Жәлләға, мүминдерге, адамзатқа және адамдыққа қарсы соғысуда, олар ешқандай ақылды я зерек жандар емес. Бірақ қазір сондай бір сұмдық заман, пайғамбарымыз ﷺ ол жәйлы, «يَجْعَلُ الحَلِيمَ حَيْرَاْنًا» (шыдамдының өзін алжастырады) дейді, демек бұл заман жақсы адамдарды, бейбіт жүрген адамның өзін таңғалдырады. Олар «адамдар неге бұлай болып кеткен! олар өте төмен болды, малдан да, тіпті барлығынан да төмен болып кетті, бұл қалай болғаны» дейді, жұртта «өзгені қалай білесің? оны өзіңнен білесің» деген сөз бар, себебі сіз бұндай сұмдықты істей алмасаңыз, сіз «өзгелер де оны істей алмайды» деп ойлайсыз, ал біреулердің оны істеп жүргенін көрсеңіз, таңғалатын боласыз. Сондықтан, адамдардың жаман ісін көргенде оған сабыр етпеуге, кешірім қылмауға, оны қабыл етпеуге шақырамыз, тіпті сіз оны өзгерте алмасаңыз да, бірақ «ол болады» деп айтпаңыз, алайда 40 жылдан бері осылай болып келеді, бұны танып жеттік, ол осыдан 40 жыл бұрын басталды, әрине, көріп отырған келеңсіз істер осыдан 100 бұрын-ақ басталып кеткен бірақ оның көбі бертінгі 40 жылда шықты, олар кішкене-кішкенеден басталды, ал қазір олар барлығын меңгеруге алды да, адамдарды жамандық істеуге мәжбүрлеуде, бұрын бұлай мәжбүрлемейтін, бірақ қазір олар адамдарды өздері сияқты бұзық болуға мәжбүрлеуде, зорлықты күш қолдануда.

Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺ «егер жаман іс көрсең, қолыңымен өзгертіп көр, ал олай ете алмасаң, "бұл жақсы іс емес" де, ал оған да шамаң келмесе, оны жүрегіңнің ішінде "бұл жақсы іс емес" деп айт» дейді, бұл да оның бір мұғжизасынан, себебі ерте кездерде бір жаман іс көрсеңіз, адамдар оны өзгерте алатын, ешкім бұл кесірлі істі жәй қалдырып қоймайтын, демек адамдар оған ашуланып, оны өзгертіп жіберетін. Ал осы кездегі адамдар олардың істегеніндей істеуге батылдық ете алмайды, істеуді былай қоя тұралық, тіпті сөйлеуге де батылдық жоқ, егер оларға бірдеме дей қалсаңыз, олар сіздің артыңыздан арыз жібереді, тіпті сізге мәселе тудырады, сондықтан пайғамбарымыз ﷺ «оны қабыл етпе, жүрегіңде оны қабыл етпе» дейді. Біз мәлім бір кесірлі істі көре қалсақ, «мен бұны қабыл етпеймін, бұл барлығына жақсы емес, барлығына жаман» деп айтыңыз, оған етіміз үйреніп қалмауы үшін біз осылай айтуымыз керек, оларға «болады, жә, жақсы» демеңіз, әйтпесе онан да сорақысы келетін болады, жағдай онан арман мүшкіл болады.

Сол үшін біз пайғамбарымыз ﷺ ға, оның осындай жағдайларға байланысты айтқан сөздеріне бойұсыналық, манағылар адамдықты құртқысы келеді, жақсы адамдарды жоғалытқысы келеді, олар жақсы адамдардың пайғамбарымыз ﷺ жолында болғанын еш қаламайды, олардың ең үлкен дұшпаны пайғамбарымыз ﷺ, себебі пайғамбарымыз ﷺ адамгершіліктің қорғаушысы, соның жаршысы, адам баласы үшін ең жақсы үлгі. Манағы адамдар кейде анаған, кейде мынаған еріп жүр, олар «бұған 2000 жыл болған, оған 5000 жыл болған, бұл адамдарда хикімет бар екен» деп жатады, бірақ оларда дәнеңе де жоқ, олар ондағы ұнататынын алып, ал ұнатпайтынын тастап, жасырып қойған. Біздің заманымызда адамзатты өзгерту тек пайғамбарымыз ﷺ ға еру арқылы ғана іске асады, ол арқылы ғана адамзат құтылысқа жетеді, бірақ, әрине біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, ал пайғамбарымыз ﷺ осы заманда болатын мұғжиза жәйлы да айтып кеткен, себебі мына заманда барлық адамға бірдей пайғамбарымыз ﷺ ға еру мүмкін емес, сондықтан ол тек мұғжизамен ғана іске асады, ал бұл мұғжиза Сәйдина Әл-Мәхди алейхис-салам келген кезде болады, ол адамзатты бақытпен қуанышқа, әділдікке және барша жақсылық атаулыға бастайтын болады, ол адамзатқа, адамдыққа және жақсы адамдарға қарсы болған бүкіл нәрселерді жоғалтады.

Себебі бұзық адамдар әділдік ете алмайды, әділдікті жақсы көрмейді, олар тек өздері қалағанды ғана ұнатады және өзгелерді де өзіне еруге күштейді, олар ақырын-ақырын меңгеріп алады, бірақ олардың бұл ісі шайтанмен еді, ал «إِنَّ كَيْدَ ٱلشَّيْطَـٰنِ كَانَ ضَعِيفًا» (расында, шайтанның қулығы әлсіз) (құран 04:76), демек шәйтан әлсіз, Алла Әззә Уә-Жәллә күшті, өз уақыты келгенде Алла ﷻ өзгеріс жасайтын болады, иншалла. Бізге Мәуләнә Шайық Назымнан жақсы шүйінші бар, ол «ол уақыт алыс емес, жаман заманнан соң жақсы заман келеді, қараңғы түннен соң таң атып, нұр келеді, күн шығады, бүкіл жер ашық болады» дейді, иншалла, біз осы кезге келіп қалдық, біз бұл жақсы шүйіншіге қуанамыз, біз башширу етуіміз яғни жақсы хабар, шүйіншілі хабар берелік, Алла Әззә Уә-Жәллә, пайғамбарымыз ﷺ осылай айтуда, әулиелер осындай башширу айтады. Оларда адамдарға, исламға қатысыты жақсы хабарлар бар, иншалла, көңілсіз болмаңыз, мұңаймаңыз, еш қорықпаңыз, көптеген адамдар «іш жағымызда қараңығылық бар, біз үмітсізбіз, қысым бар, әйтеу бізде осындай бірдеңелер бар» дейді, тіпті мұсылмандар арасында да осындай надандықтар бар, бірақ мұсылмандар үшін бұлай сөйлеу харам-дүр. Себебі Алла Әззә Уә-Жәллә «لَا تَقْنَطُوا۟ مِن رَّحْمَةِ ٱللَّهِ ۚ» (Алла рахметінен үміт үзбеңдер) (құран 39:53) дейді, демек Алла Әззә Уә-Жәлләның рахымынан үмітсіз болмаңыз, міне бұл бір әмір, Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірі, сіз жәннәтта өмір сүріп жатқан жоқсыз, біз осы дүниеде өмір сүріп жатырмыз, ал бұл дүние сынақтар алаңы, бұл жер адамдарды сынауға арналған, сіз демалып тынығатын тау баурайындағы жәйлы ауылда жүрген жоқсыз, онда барлығы табыла беретін жерде жүрген жоқсыз, сіз сынақта жүрсіз, мұсылман халифаты аударылған 100 жылдан бері бұзықтар барлық жерді меңгеруде алды да, олар адамдарды тек өздерін ғана ойлайтын, ал өзгелерді мүлдем ойламайтын етіп қойды.

Бұған қатысыты бір мысал бар, осыдан бір я екі ай бұрын сирияда түрмеден шыққан адамдарды көрдіңіздер, демек олардың кейбірін Алла ﷻ құтқарды, олардың ішінде біреуі құтылдырдан бұрын өлуді қалаған болуы мүмкін, бірақ ол түрмеде 40 жыл жатып, тірі шықты, осыны ойлап жете аласыз ба? ондағы түрме британиядағы түрмелер сияқты емес, британия түрмелерінде бәрі бар, кітапхана бар, теледидар бар, ал олардың түрмесінде дәретхана да жоқ, оларды күнде ұрады, қинайды, біз сирияда түрмеге түсіп кеткен жүздеген адамдарды білеміз, бірақ олардың бірнешеуі ғана тірі шықты, Алла ﷻ оларға өмір беріпті, себебі әр адамда өмір бар болып, ол өмірі таусылмай, ол өлмейді. Олардың кейбірі бірінші күні-ақ түрмеде өлген, жүз адам түссе, оның біреуі ғана тірі қалған, тағы жүз адам түсті, оларды ондағылар тағы қинап өлтірді, тағы бір тобы кіреді, оларды да осылай өлтірген. Сіз осы адамдарды ойлап көріңіз, олар қалай өмір сүрген? олар соншама қиндықтарға дөп келді десеңізші, тек өзіңізді ойламаңыз, Алла ﷻ ға алғыс айтыңыз, сіз жақсы жерде өмір сүрудесіз, шығып, барып, келіп жүрсіз, барлығы бар, сонда да сіз «менде қысым, жабығу бар, мен қуана алмай жүрмін» дейсіз, бұл жақсы емес. Сіз алған әрбір дем тынысыңыз үшін алғыс айтыңыз, міне бұл олардың адамдарға жүз жылдан бері істеп келе жатқандары, олар адамдарды осылай ойлайтын етіп қойды, себебі одан бері мұсылман халифаты жойылды, Алла ﷻ мұсылмандарға риза болған жоқ, себебі олар халифа қоймады, оны қаламады, сондықтан мұсылмандарға осындай бәле-қалалармен сұмдықтар келді.

Сонымен бірге мұсылмандар «бұл Алла ﷻ қалауынан» деп, ойламайтын болған, егер сіз бұл «Алла ﷻ қалауынан» деп ойласаңыз, сіз көрген әрбір қиындығыңыз үшін сауапқа бөленесіз, осылай сыйланасыз, сауапсыз қалу болмайды, бірақ сіз оларды қабыл етпесеңіз, сауапсыз қаласыз және жабығу-дипретсияда жүресіз, Алла ﷻ бізді шайтан салатын осындай ойлардан сақтағай. Олар мұсылмандарға осындай кеселдерді тынбай құйып келеді, салып келеді, әсіресе мұсылмандарға солай етуде, оларға мәселе тудыруда, османлы империясының соңғы кездеріне не болды? олар түркиядан (османлыдан) адамдарды алып, европаға техника, машина инженер немесе осмалы империясына пайдалы нәрселерді үйретпек болып апарды, олар осы мақсатпен оларды европаға жіберілді, бірақ барған соң европалықтар оларға ештеңе үйретпеді, машалла, европалықтар оларға әйел берді, улы шегімдік шектірді, арақ ішіп, шылым шегуді үйретті, тек осыларды үйретті. Онан соң олар түркияға қайтып келді де, хабар-ошарларында османлыны жамандап мақалалар жаза бастады, жаман іс, жаман үйретінділерді жазып, жұртқа оларды істеуге ынталандырды, олар «европаға қараңдаршы, олар қандай бақытты, олар сондай керемет ...» деді, міне осылай олар біртіндеп елді құртты, осы ой-идеялармен адамдардың бақытын бұзды, ал Алла ﷻ бұларды жоятын болады, бірақ әр істің өз уақыты бар, иншалла, олардың шаруасы бітер уақыт тым жақын, Алла ﷻ сіздерді берекелегей.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ەسىڭىزدە بولسىن، ءسىز ءجانناتتا ەمەس، جەردە ءجۇرسىز (2) (2025.02.06 / حيجرا 1446-جىل 07-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(United Kingdom، Bury، Noor Ul Islam Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) جولىمىز وسىلاي، ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ ءبىزدى بۇندا اللا ﷻ ماحابباتى، پايعامبارىمىز ﷺ ماحابباتى ءۇشىن جيناۋدا، بۇل ادام ادام بالاسى ءۇشىن اسا ماڭىزدى، ادامدار «نە ءۇشىن؟» دەر، كوپتەگەن ادامدار اللا ﷻ نە ءۇشىن ولاردى جاراتقانىن بىلمەيدى، ءتىپتى كوبى جاراتۋشىعا دا سەنبەيدى. ولار «ءبىز اقىلدىمىز، ءبىز ونى كوپتەپ جوققا شىعارعان سايىن اقىلدى بولا تۇسەمىز، ادامدار اراسىندا اتاعىمىز شىعىپ، بەلگىلى بولا باستايمىز» دەپ ويلايدى، ال ولاردى بۇعان جەلەپ-جەبەپ تۇرعان شايتان ەدى، كوپ كەزدەردە، ءبىز نەمەسە مۇميندەر وزدەرىنەن «ادام قالايشا بۇلاي بولادى، نەگە اللا ﷻ دان قورىقپايدى، بۇنداي نارسەلەردى ىستەۋگە كەلگەندە، ولار نەگە ادام پەندەسىنەن ارلانبايدى؟» دەپ سۇرايمىز. اللا ﷻ اقىل بەرگەن ادام اقيقاتتى بىلىگىسى كەلەر، ءسايدينا يبىراحيم الەيحيس-سالامعا اللا ﷻ العاش جول كورسەتكەندە، ول جۇلدىزدى كورىپ، «جۇلدىز مەنىڭ راببىم، مەن وعان قۇلشىلىق ەتەمىن» دەيدى، ءبىراق ول جوعالىپ كەتەدى، ودان سوڭ اي شىعادى، اي تولعاندا ادەمى بولادى، سوندا ول، «مەن وسى ايعا قۇلشىلىق ەتۋىم كەرەك» دەيدى، ءبىراق ايدا جوعالىپ كەتەدى، ودان سوڭ كۇن شىعادى، ال كۇن وتە جارىق جانە وتە ۇلكەن بولىپ كورىنەدى، بارلىق جەردى نۇرلاندىرىپ جىبەرەدى، سوندا ول، «راببىم وسى كۇن» دەيدى، ءبىراق كەش بولعاندا، كۇندە جوعالىپ كەتەدى، سول كەزدە ول «بۇنىڭ جاراتۋشى بولۋى مۇمكىن ەمەس، ول ماعان ءتاڭىر بولا المايدى، راب بولا المايدى» دەيدى، ءتىپتى ەشتەڭەسى بولماسا دا، ول وسىلاردى ويلانا ءبىلدى.

ءقازىر ادامداردا بارلىعى بار، سوندىقتان ولار جاقسى ويلانا بىلسە، ولار حاقتى قابىلداپ، وعان ىلەسەر ەدى، ءبىراق ولار نەگە الدانىپ قالدى؟ ءبىز بىلمەدىك، ولار حاقتى قابىل ەتپەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، مۇميندەرگە، ادامزاتقا جانە ادامدىققا قارسى سوعىسۋدا، ولار ەشقانداي اقىلدى يا زەرەك جاندار ەمەس. ءبىراق ءقازىر سونداي ءبىر سۇمدىق زامان، پايعامبارىمىز ﷺ ول ءجايلى، «يَجْعَلُ الحَلِيمَ حَيْرَاْنًا» (شىدامدىنىڭ ءوزىن الجاستىرادى) دەيدى، دەمەك بۇل زامان جاقسى ادامداردى، بەيبىت جۇرگەن ادامنىڭ ءوزىن تاڭعالدىرادى. ولار «ادامدار نەگە بۇلاي بولىپ كەتكەن! ولار وتە تومەن بولدى، مالدان دا، ءتىپتى بارلىعىنان دا تومەن بولىپ كەتتى، بۇل قالاي بولعانى» دەيدى، جۇرتتا «وزگەنى قالاي بىلەسىڭ؟ ونى وزىڭنەن بىلەسىڭ» دەگەن ءسوز بار، سەبەبى ءسىز بۇنداي سۇمدىقتى ىستەي الماساڭىز، ءسىز «وزگەلەر دە ونى ىستەي المايدى» دەپ ويلايسىز، ال بىرەۋلەردىڭ ونى ىستەپ جۇرگەنىن كورسەڭىز، تاڭعالاتىن بولاسىز. سوندىقتان، ادامداردىڭ جامان ءىسىن كورگەندە وعان سابىر ەتپەۋگە، كەشىرىم قىلماۋعا، ونى قابىل ەتپەۋگە شاقىرامىز، ءتىپتى ءسىز ونى وزگەرتە الماساڭىز دا، ءبىراق «ول بولادى» دەپ ايتپاڭىز، الايدا 40 جىلدان بەرى وسىلاي بولىپ كەلەدى، بۇنى تانىپ جەتتىك، ول وسىدان 40 جىل بۇرىن باستالدى، ارينە، كورىپ وتىرعان كەلەڭسىز ىستەر وسىدان 100 بۇرىن-اق باستالىپ كەتكەن ءبىراق ونىڭ كوبى بەرتىنگى 40 جىلدا شىقتى، ولار كىشكەنە-كىشكەنەدەن باستالدى، ال ءقازىر ولار بارلىعىن مەڭگەرۋگە الدى دا، ادامداردى جاماندىق ىستەۋگە ماجبۇرلەۋدە، بۇرىن بۇلاي ماجبۇرلەمەيتىن، ءبىراق ءقازىر ولار ادامداردى وزدەرى سياقتى بۇزىق بولۋعا ماجبۇرلەۋدە، زورلىقتى كۇش قولدانۋدا.

سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺ «ەگەر جامان ءىس كورسەڭ، قولىڭىمەن وزگەرتىپ كور، ال ولاي ەتە الماساڭ، "بۇل جاقسى ءىس ەمەس" دە، ال وعان دا شاماڭ كەلمەسە، ونى جۇرەگىڭنىڭ ىشىندە "بۇل جاقسى ءىس ەمەس" دەپ ايت» دەيدى، بۇل دا ونىڭ ءبىر مۇعجيزاسىنان، سەبەبى ەرتە كەزدەردە ءبىر جامان ءىس كورسەڭىز، ادامدار ونى وزگەرتە الاتىن، ەشكىم بۇل كەسىرلى ءىستى ءجاي قالدىرىپ قويمايتىن، دەمەك ادامدار وعان اشۋلانىپ، ونى وزگەرتىپ جىبەرەتىن. ال وسى كەزدەگى ادامدار ولاردىڭ ىستەگەنىندەي ىستەۋگە باتىلدىق ەتە المايدى، ىستەۋدى بىلاي قويا تۇرالىق، ءتىپتى سويلەۋگە دە باتىلدىق جوق، ەگەر ولارعا بىردەمە دەي قالساڭىز، ولار ءسىزدىڭ ارتىڭىزدان ارىز جىبەرەدى، ءتىپتى سىزگە ماسەلە تۋدىرادى، سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ «ونى قابىل ەتپە، جۇرەگىڭدە ونى قابىل ەتپە» دەيدى. ءبىز ءمالىم ءبىر كەسىرلى ءىستى كورە قالساق، «مەن بۇنى قابىل ەتپەيمىن، بۇل بارلىعىنا جاقسى ەمەس، بارلىعىنا جامان» دەپ ايتىڭىز، وعان ەتىمىز ۇيرەنىپ قالماۋى ءۇشىن ءبىز وسىلاي ايتۋىمىز كەرەك، ولارعا «بولادى، ءجا، جاقسى» دەمەڭىز، ايتپەسە ونان دا سوراقىسى كەلەتىن بولادى، جاعداي ونان ارمان مۇشكىل بولادى.

سول ءۇشىن ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ عا، ونىڭ وسىنداي جاعدايلارعا بايلانىستى ايتقان سوزدەرىنە بويۇسىنالىق، ماناعىلار ادامدىقتى قۇرتقىسى كەلەدى، جاقسى ادامداردى جوعالىتقىسى كەلەدى، ولار جاقسى ادامداردىڭ پايعامبارىمىز ﷺ جولىندا بولعانىن ەش قالامايدى، ولاردىڭ ەڭ ۇلكەن دۇشپانى پايعامبارىمىز ﷺ، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ ادامگەرشىلىكتىڭ قورعاۋشىسى، سونىڭ جارشىسى، ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ جاقسى ۇلگى. ماناعى ادامدار كەيدە اناعان، كەيدە مىناعان ەرىپ ءجۇر، ولار «بۇعان 2000 جىل بولعان، وعان 5000 جىل بولعان، بۇل ادامداردا حيكىمەت بار ەكەن» دەپ جاتادى، ءبىراق ولاردا دانەڭە دە جوق، ولار ونداعى ۇناتاتىنىن الىپ، ال ۇناتپايتىنىن تاستاپ، جاسىرىپ قويعان. ءبىزدىڭ زامانىمىزدا ادامزاتتى وزگەرتۋ تەك پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرۋ ارقىلى عانا ىسكە اسادى، ول ارقىلى عانا ادامزات قۇتىلىسقا جەتەدى، ءبىراق، ارينە ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ال پايعامبارىمىز ﷺ وسى زاماندا بولاتىن مۇعجيزا ءجايلى دا ايتىپ كەتكەن، سەبەبى مىنا زاماندا بارلىق ادامعا بىردەي پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرۋ مۇمكىن ەمەس، سوندىقتان ول تەك مۇعجيزامەن عانا ىسكە اسادى، ال بۇل مۇعجيزا ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەن كەزدە بولادى، ول ادامزاتتى باقىتپەن قۋانىشقا، ادىلدىككە جانە بارشا جاقسىلىق اتاۋلىعا باستايتىن بولادى، ول ادامزاتقا، ادامدىققا جانە جاقسى ادامدارعا قارسى بولعان بۇكىل نارسەلەردى جوعالتادى.

سەبەبى بۇزىق ادامدار ادىلدىك ەتە المايدى، ادىلدىكتى جاقسى كورمەيدى، ولار تەك وزدەرى قالاعاندى عانا ۇناتادى جانە وزگەلەردى دە وزىنە ەرۋگە كۇشتەيدى، ولار اقىرىن-اقىرىن مەڭگەرىپ الادى، ءبىراق ولاردىڭ بۇل ءىسى شايتانمەن ەدى، ال «إِنَّ كَيْدَ ٱلشَّيْطَـٰنِ كَانَ ضَعِيفًا» (راسىندا، شايتاننىڭ قۋلىعى ءالسىز) (قۇران 04:76)، دەمەك ءشايتان ءالسىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كۇشتى، ءوز ۋاقىتى كەلگەندە اللا ﷻ وزگەرىس جاسايتىن بولادى، ينشاللا. بىزگە ءماۋلانا شايىق نازىمنان جاقسى ءشۇيىنشى بار، ول «ول ۋاقىت الىس ەمەس، جامان زاماننان سوڭ جاقسى زامان كەلەدى، قاراڭعى تۇننەن سوڭ تاڭ اتىپ، نۇر كەلەدى، كۇن شىعادى، بۇكىل جەر اشىق بولادى» دەيدى، ينشاللا، ءبىز وسى كەزگە كەلىپ قالدىق، ءبىز بۇل جاقسى شۇيىنشىگە قۋانامىز، ءبىز باششيرۋ ەتۋىمىز ياعني جاقسى حابار، ءشۇيىنشىلى حابار بەرەلىك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي ايتۋدا، اۋليەلەر وسىنداي باششيرۋ ايتادى. ولاردا ادامدارعا، يسلامعا قاتىسىتى جاقسى حابارلار بار، ينشاللا، كوڭىلسىز بولماڭىز، مۇڭايماڭىز، ەش قورىقپاڭىز، كوپتەگەن ادامدار «ءىش جاعىمىزدا قاراڭىعىلىق بار، ءبىز ءۇمىتسىزبىز، قىسىم بار، ايتەۋ بىزدە وسىنداي بىردەڭەلەر بار» دەيدى، ءتىپتى مۇسىلماندار اراسىندا دا وسىنداي ناداندىقتار بار، ءبىراق مۇسىلماندار ءۇشىن بۇلاي سويلەۋ حارام-ءدۇر. سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «لَا تَقْنَطُوا۟ مِن رَّحْمَةِ ٱللَّهِ ۚ» (اللا راحمەتىنەن ءۇمىت ۇزبەڭدەر) (قۇران 39:53) دەيدى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ راحىمىنان ءۇمىتسىز بولماڭىز، مىنە بۇل ءبىر ءامىر، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرى، ءسىز ءجانناتتا ءومىر ءسۇرىپ جاتقان جوقسىز، ءبىز وسى دۇنيەدە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ال بۇل دۇنيە سىناقتار الاڭى، بۇل جەر ادامداردى سىناۋعا ارنالعان، ءسىز دەمالىپ تىنىعاتىن تاۋ باۋرايىنداعى ءجايلى اۋىلدا جۇرگەن جوقسىز، وندا بارلىعى تابىلا بەرەتىن جەردە جۇرگەن جوقسىز، ءسىز سىناقتا ءجۇرسىز، مۇسىلمان حاليفاتى اۋدارىلعان 100 جىلدان بەرى بۇزىقتار بارلىق جەردى مەڭگەرۋدە الدى دا، ولار ادامداردى تەك وزدەرىن عانا ويلايتىن، ال وزگەلەردى مۇلدەم ويلامايتىن ەتىپ قويدى.

بۇعان قاتىسىتى ءبىر مىسال بار، وسىدان ءبىر يا ەكى اي بۇرىن سيريادا تۇرمەدەن شىققان ادامداردى كوردىڭىزدەر، دەمەك ولاردىڭ كەيبىرىن اللا ﷻ قۇتقاردى، ولاردىڭ ىشىندە بىرەۋى قۇتىلدىردان بۇرىن ءولۋدى قالاعان بولۋى مۇمكىن، ءبىراق ول تۇرمەدە 40 جىل جاتىپ، ءتىرى شىقتى، وسىنى ويلاپ جەتە الاسىز با؟ ونداعى تۇرمە بريتانياداعى تۇرمەلەر سياقتى ەمەس، بريتانيا تۇرمەلەرىندە ءبارى بار، كىتاپحانا بار، تەلەديدار بار، ال ولاردىڭ تۇرمەسىندە دارەتحانا دا جوق، ولاردى كۇندە ۇرادى، قينايدى، ءبىز سيريادا تۇرمەگە ءتۇسىپ كەتكەن جۇزدەگەن ادامداردى بىلەمىز، ءبىراق ولاردىڭ بىرنەشەۋى عانا ءتىرى شىقتى، اللا ﷻ ولارعا ءومىر بەرىپتى، سەبەبى ءار ادامدا ءومىر بار بولىپ، ول ءومىرى تاۋسىلماي، ول ولمەيدى. ولاردىڭ كەيبىرى ءبىرىنشى كۇنى-اق تۇرمەدە ولگەن، ءجۇز ادام تۇسسە، ونىڭ بىرەۋى عانا ءتىرى قالعان، تاعى ءجۇز ادام ءتۇستى، ولاردى ونداعىلار تاعى قيناپ ءولتىردى، تاعى ءبىر توبى كىرەدى، ولاردى دا وسىلاي ولتىرگەن. ءسىز وسى ادامداردى ويلاپ كورىڭىز، ولار قالاي ءومىر سۇرگەن؟ ولار سونشاما قيندىقتارعا ءدوپ كەلدى دەسەڭىزشى، تەك ءوزىڭىزدى ويلاماڭىز، اللا ﷻ عا العىس ايتىڭىز، ءسىز جاقسى جەردە ءومىر سۇرۋدەسىز، شىعىپ، بارىپ، كەلىپ ءجۇرسىز، بارلىعى بار، سوندا دا ءسىز «مەندە قىسىم، جابىعۋ بار، مەن قۋانا الماي ءجۇرمىن» دەيسىز، بۇل جاقسى ەمەس. ءسىز العان ءاربىر دەم تىنىسىڭىز ءۇشىن العىس ايتىڭىز، مىنە بۇل ولاردىڭ ادامدارعا ءجۇز جىلدان بەرى ىستەپ كەلە جاتقاندارى، ولار ادامداردى وسىلاي ويلايتىن ەتىپ قويدى، سەبەبى ودان بەرى مۇسىلمان حاليفاتى جويىلدى، اللا ﷻ مۇسىلماندارعا ريزا بولعان جوق، سەبەبى ولار حاليفا قويمادى، ونى قالامادى، سوندىقتان مۇسىلماندارعا وسىنداي بالە-قالالارمەن سۇمدىقتار كەلدى.

سونىمەن بىرگە مۇسىلماندار «بۇل اللا ﷻ قالاۋىنان» دەپ، ويلامايتىن بولعان، ەگەر ءسىز بۇل «اللا ﷻ قالاۋىنان» دەپ ويلاساڭىز، ءسىز كورگەن ءاربىر قيىندىعىڭىز ءۇشىن ساۋاپقا بولەنەسىز، وسىلاي سىيلاناسىز، ساۋاپسىز قالۋ بولمايدى، ءبىراق ءسىز ولاردى قابىل ەتپەسەڭىز، ساۋاپسىز قالاسىز جانە جابىعۋ-ديپرەتسيادا جۇرەسىز، اللا ﷻ ءبىزدى شايتان سالاتىن وسىنداي ويلاردان ساقتاعاي. ولار مۇسىلماندارعا وسىنداي كەسەلدەردى تىنباي قۇيىپ كەلەدى، سالىپ كەلەدى، اسىرەسە مۇسىلماندارعا سولاي ەتۋدە، ولارعا ماسەلە تۋدىرۋدا، وسمانلى يمپەرياسىنىڭ سوڭعى كەزدەرىنە نە بولدى؟ ولار تۇركيادان (وسمانلىدان) ادامداردى الىپ، ەۆروپاعا تەحنيكا، ماشينا ينجەنەر نەمەسە وسمالى يمپەرياسىنا پايدالى نارسەلەردى ۇيرەتپەك بولىپ اپاردى، ولار وسى ماقساتپەن ولاردى ەۆروپاعا جىبەرىلدى، ءبىراق بارعان سوڭ ەۆروپالىقتار ولارعا ەشتەڭە ۇيرەتپەدى، ماشاللا، ەۆروپالىقتار ولارعا ايەل بەردى، ۋلى شەگىمدىك شەكتىردى، اراق ءىشىپ، شىلىم شەگۋدى ۇيرەتتى، تەك وسىلاردى ۇيرەتتى. ونان سوڭ ولار تۇركياعا قايتىپ كەلدى دە، حابار-وشارلارىندا وسمانلىنى جامانداپ ماقالالار جازا باستادى، جامان ءىس، جامان ۇيرەتىندىلەردى جازىپ، جۇرتقا ولاردى ىستەۋگە ىنتالاندىردى، ولار «ەۆروپاعا قاراڭدارشى، ولار قانداي باقىتتى، ولار سونداي كەرەمەت ...» دەدى، مىنە وسىلاي ولار بىرتىندەپ ەلدى قۇرتتى، وسى وي-يدەيالارمەن ادامداردىڭ باقىتىن بۇزدى، ال اللا ﷻ بۇلاردى جوياتىن بولادى، ءبىراق ءار ءىستىڭ ءوز ۋاقىتى بار، ينشاللا، ولاردىڭ شارۋاسى بىتەر ۋاقىت تىم جاقىن، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8065